Детективті хикаят Алматы, 2021


Сүлеймен терең күрсiндi. Дегенмен, Сүлеймен қандай



Pdf көрінісі
бет217/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен терең күрсiндi. Дегенмен, Сүлеймен қандай 
қиындықтарды көрсе де, басына қаншама iстер түссе де көп 
күрсiнбейтiн. Оның жасуды бiлмейтiн жаны нәзiк ойларға 
да көп берiлмейтiн. Бiрақ сол қарагер есiне түссе болды, 
күрсiнiп сала беретiн. Сүлейменнiң қарагердi айтқанда 
бiртүрлi беймаза күй кеше қалатынын бiлетiн Парманқұл 
бұл жолы үндемедi.
Екеуi үш күндей жүрiп, Түлкiжортқан тауының беткейiне 
iлiктi. Бұл жер Шыршықтың етегi. Ендi тағы екi-үш сағаттай 
жүрсе, Шымғандағы Ақсайдың тура үстiнен түспек.
— Ат шалдырып аламыз ба, Сүлеймен?
— Осыны айтуды мен де ойлап келе жатыр едiм.
Бие сауымдай демалыстан соң аттарына қайта қонып, Ақсайға 
беттедi.
— Ақсай кәлхөзiн бiлетiн бе едiң? — деп сұрады Сүлеймен.
— Е, бiлмегенде ше? Ол жердiң әрбiр жотасы мен тас-құмына 
дейiн маған таныс. Мал базасының да қай сайда екенiн бiлемiн.
— Бұрындары мынау етекте шоғыр-шоғыр боп отыратын ел 
көп болушы едi. Қазiр бәрi бiр жаққа көшiп кеткен бе?
— Елдiң бәрi былтыр Ташкен ауып кеткен жоқ па. Қалғандарын 
өкiмет кәлхөздандырамыз деп, бiр орталыққа жиған. Қазiр сол 
өкiмет бұл жерге Бостандық ауданы деп ат қойыпты. Нәлетi 
белсендiлер өз халқын өздерi қырып алып, жұртты тамұқтан азат 
еткендей, бұл жердi “Бостандық” деп атағандарын қарасайшы. 
Кiм кiмнен бостан? Құдайым бiлсiн.
— Жалаң ұранды белсендiлердiң ығында жүрген осы қазақ 
әлi тойынған да жоқ шығар. Бiр ғана Желтиместi емес, базадағы 
малдарды да айдап кетiп, жұртқа таратып жiберсек қалай болады?


462
Сүлеймен қарақшы
— Ай, Сүлеймен. Ленгiрде осылай iстеймiн деп қармаққа 
iлiнген жоқ па едiң. Жарайды, малдарды жұртқа таратуға 
әрекеттенiп көрейiк. Бiрақ екеумiз бұған үлгере аламыз ба?
— Үлгергенiмiзше тырысып бағайық.
— Мейлi, алдағы iстi жағдайға қарап көремiз.
Кеш бата екеуi Ақсайдың iргесiндегi жыраға келiп, ат 
ауыздығын тартты. Бұл жерде әлi қар жаумапты. Жыра iшi 
жапырақсыз сидам-сидам долана ағаштарға толы. Қарсы беткейде 
қалың арша. Еңiс жақ жазық дала. Жазықтың төр тұсында жүз 
елудей қаралы үй тұр.
— Ақсай кәлхөзi — осы,— дедi Парманқұл сол үйлердi нұсқап. 
— Ал мына беткейдiң астында мал базасы бар. Сен осында қал. 
Менiң Ақсайда жақсы танысым бар. Соны iздегенсiп барып, 
Желтиместiң қай жерде екенiн бiлiп қайтайын. Екеулеп барсақ, 
көзге түсiп қалармыз.
Парманқұл кеттi. Содан түн ауа бiр-ақ оралды. Қасында өзi 
секiлдi төртбақ денелi бiреу бар.
— Неге кешiктiң сонша? Ендi болмағанда ұйықтап қалатын 
едiм. 
— Е, мына досым қой сойып күттi. Бас пiскенше бұған 
сырымды ақтардым. Бас жеп болғанша осынша уақыт болды. 
Мә, жас еттен сен де жеп ал. Желтиместiң амалын содан соң 
айтармыз.
Сүлеймен Парманқұл әкелген еттi асап-асап жiбердi. Оның 
бiрталай еттi екi-үш-ақ асағанына Парманқұлдың досы таңқалып 
тұр.
— Мына жiгiттiң аты — Айдабол. Қазiр Желтиместi ұрлауға 
үшеумiз бiрдей барамыз.
— Ол қайда екен?
— Мал базасында.
— Базада қанша күзетшi бар екенiн бiлдiң бе?
— Онда қанша күзетшi бар екенiн айтшы, Айдабол.
— Базада төрт күзетшi бар. Олардың екеуi мылтықпен 
қаруланған.
— Олай болса, алуымыз тез екен оларды.
Үшеуi беткейден асып, таспен қаланған ұзын дуалға келiп 
тiрелдi. Дуалды жағалай бiраз жүрген соң солға бұрылды. Бұл 
жерде де тағы дуалды қуалап, көп жүрдi.
— Мұнша дуалды қашан тұрғызып үлгерген?


463
Сүлеймен қарақшы
— Дап-дайын тасты қалап шығу қиын деймiсiң. Мұны 
тұрғызуға он емес, жиырма емес, жүздеген адам жабыл-ған.
— Әй, Парманқұл, жай сөйлесеңдершi. Түнгi дауыс алысқа 
кететiнiн өздерiң бiлесiңдер ғой, — дедi Айдабол.
Сол жақтағы дуал бiткенде қорған оңға қарай тағы созылған 
екен.
— Ендi сәл жүрсек, қақпаға тiрелемiз, — деп Айдабол атының 
басын тежедi. – Ары қарай жаяу барайық. Аттарды ана ағаштарға 
байлап кетейiк.
Үшеуi дыбыссыз басып, база қақпасының маңына келдi. 
Осы жерде, Сүлейменнiң есiне Ленгiрдегi базадағы малдарды 
босатып, ауылға қарай айдап жiбергендерi түстi. Сол база мен 
мына база ұқсас тәрiздi. Онда күндiз, ал қазiр түн болса да 
қарайып көрiнген мына дуалдар Ленгiрдiң базасындағы дуалдар 
сияқты.
Айдаболдың қақпа дегенi ұзын шарбақ есiк екен. Шарбақ 
есiктiң ар жағында кiшкене үйшiк тұр. Үйшiк терезесiнен 
жылтыраған жарық көрiнедi.
— Анау үйшiк қарауылдар отыратын жер, — деп сыбырлады 
Айдабол. — Ал Желтимес базаның сонау түкпiрiндегi қамба 
қорада. Оған жету үшiн сиыр қорадан өтiп, қойлар қамалған 
тұсқа жетуiмiз керек. Желтимес тұрған жерде мылтығы бар тағы 
бiр күзетшi отырады.
— Базада қанша жылқы бар?
— Жүзге тарта бар-ау деймiн.
— Бекерге сыбырласа бергенше, мына күзетшiлердi қалай 
байлап тастаймыз? Соны айтсаңдаршы.
Сүлеймен мен Айдабол тым-тырыс қалды.
— Бұларды улатпай-шулатпай байлау керек. Әйтпесе 
Желтиместiң жанында отырған күзетшi есiтiп қоюы мүмкiн. 
Қанша дегенмен оның мылтығы бар ғой.
— Үйшiкке баса-көктеп кiрiп барайық. Айдабол, сен 
сойылыңды, Парманқұл, сен, мылтығыңды оңтайла. Бұлай тұра 
берсек, бекерге таңды атырамыз.
Сүлеймен шарбақ есiктен асып түстi. Артынан аналар iлестi. 
Үйшiк есiгiне келгенде тұра қап, тың тыңдады. Iштегiлер 


464


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   213   214   215   216   217   218   219   220   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет