259
Сүлеймен қарақшы
жинаңдар. Ажан, сен бұларды қарауылдап жүр. Қит ететiн болса,
екеуiн де атып тастай сал. Ал бiз перме жаққа барайық.
— Сонда не iстеймiз, Сүлеймен? — дедi Төрекелдi.
— Не iстейтiнiмiздi сұрамай-ақ ұқпайсың ба?
— Ә-ә, ендi түсiндiм.
— Түсiнсең, кеттiк. Ажан, белсендiлердi аттан түсiр де, ол атты
жетегiңе ал. Мылтығыңнан жұрт қорқып жүрмесiн. Тақымыңа
ма, қоржын астына ма, тығып ал. Тағы тапсырамын, мыналардан
айырылып қалма.
— Ой, Сүке, қашпаймыз ешқайда. “Елдi жина “дедiңiз бе,
мешiтке? Болды, жинаймыз, — деп Тәңкi жағымпаздана сөйлеп,
аттан түстi.
Ажан
оларды алдына салып, ауылға кеттi. Сүлеймендер
қырға қарай бұрылды. Тәңкiнiң айтуынша, перме қыр үстiндегi
қарауылтөбе маңында. Ол жерде бұрын Дөңбай байдың тас
қорасы болатын. Мал ұстауға ыңғайлы қора. Әрi ықтасын тұста.
Жан-жағының бәрi жота да,
бергi еңiс жағы ғана ашық, тегiс.
Қарауылтөбе маңына жақындағанда, Сүлеймен бүй дедi:
— Алдымыздағы жотаны ассақ, тура перменiң үстiнен түсемiз.
Қарауылдары мен малшыларына қандай хайла қыламыз? Бiздiң
мақсат — олардың бәрiн сiлейтiп салып, малдарды айдап шығу.
— Мiлисалары болмаса, бiзге
малшы сорлылар қарсылық
көрсете қоймас. Мылтықты аспанға бiр атсақ, етпеттей жата
қалатындарына мен кепiл. Тек оған дейiн мiлисаның бiр амалын
табу керек, — дедi Аязбек.
— Сендер жотадан асып келiңдер. Ал өзiм қораға ашық жақтан
кiрейiн. Мiлисасы болса да, малшысы болса да қарсыласқанын
ұрып-соғып, бiрдеңе қылармыз. Мылтық атып, бiреуiн жазатайым
мерт қылып жүрмейiк.
— Жарайды, Сүлеймен. Өзiң де сақ болғайсың.
Үшеуi екi жаққа бөлiнiстi. Сүлеймен еңiске жеткенде, алдынан
бiр отар қой көрiндi. Тас қораның бергi шетiндегi тегiсте екi адам
арбамен оларға шөп шашып жүр.
Қораға кiре берiстегi ашық
алаңқайда ұзын шапан, маңдайында қызыл жолағы бар сүйiр
қалпақ киген бiреу мылтық асынып тұр. Қоқанның мiлисалары да
осындай киiм киюшi едi. Сондықтан да Сүлеймен оның қарауыл
мiлиса екенiн бiрден таныды. Таныды да “алдымен осыны бiр
жақты етейiн” деп ойлады.