Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет203/259
Дата18.05.2022
өлшемі3 Mb.
#457080
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   259
Сүлеймен қарақшы Ересек

Сүлеймен қарақшы
Ақырып тұрып, өзiн екiншi рет ұруға ыңғайланған ананың дәл 
тұмсық түбiнен қойып жiбердi. Ашуланған кезде мұның күрзiдей 
жұдырығының соққысына өзi секiлдi алыптар шыдай алмаса
басқаның төтеп беруi мүмкiн емес. Бiрақ таулық осал адам емес. 
Дегенмен Сүлейменнiң жаңағы соққысынан есiнен танып, бүк 
түстi. Сүлеймен оны қоя салды да, қатар тұрған таулықтарды 
бiр-бiр соққымен баудай түсiрдi. Қашып бара жатқан бiреуiн шап 
ұстап, қап сияқты жоғары көтердi де, төрде манағы басынып 
сөйлеп отырғанға жетiп барды. Өзiнiң сенген дәуiн бiр-ақ 
соққымен талдырып түсiрген Сүлейменнен зәре-құты қалмаған 
ол, өзбектер жаққа қаша бергенде, бұл қолындағы көтерген 
адамымен оны бiр ұрды. Лақтырылған адам көлденең ұшқан күйi 
қашқынның желкесiне барып тидi. Жер құшқан екеуiн қырандай 
бүрген Сүлеймен сiлкiп-сiлкiп орындарынан тұрғызды.
— Әй, нәлетi, — дедi Сүлеймен Шухратқа шүйiлiп. — Осы 
түрменi өзiң тұрғызып, баяғыдан өзiң билеп келе жатыр ма 
едiң? Неге бiрiншi келгендерге адамға ұқсап сөйлеспейсiң? — 
деп оның желкесiнен мытып-мытып жiбердi. Шухрат талып 
қалды ма, әйтеуiр былқ-сылқ. Оған қараған Сүлеймен болмады. 
Жағына шапалақтап-шапалақтап жiбердi. Анау есiн жиғандай
көзiн ашты.
— Бүгiннен бастап маған бағынатын боласыңдар. 
Бағынбайтындарың өлдiм дей берiңдер. Естiдiңдер ме-ей?!
Таулықтар бастарын изедi. Шурхаттың басынан Сүлеймен 
тағы бiр ұрып, етпетiнен жалп еткiздi. 
Қатты ашуланғанда Сүлеймен ентiгiп кетушi едi. Осы жолы 
ентiгiн зорға басты. 
— Құп қираттың-ау, бәрiн. Жаман айғырдай кiсiнеген сұмдарға 
осы керек едi. Жүр, ендi бiз бұлардың төрдегi орындарына барып, 
жайғасып алайық, — дедi Парманқұл.
Екеуi тобын ертiп төрге беттегенде, қастарына бiр жағымпаз 
жүгiрiп келдi. 
— Уа, әкә. Бүгiннен бастап, бұл барактың қожайыны — сiзсiз. 
Ал, қожайын ең төрдегi жұмсақ орынға жату керек. Жүрiңiз, 
сол орныңызды көрсетейiн, — деп ол жағымпаздана иiлiп, алға 
жорғалай жөнелдi. 


428
Сүлеймен қарақшы
Сiбiр түрмесiнде мұндайларды “шестерка” дейтiн. 
“Шестеркалар” кiм мықты болса, соның аяғын жалап күн 
көредi. Түрмеде болған оқиғалардың бәрiн билеушiге жеткiзiп 
тұрады. Сондай-ақ билеушiнiң кiр-қоңын жуып, жататын жерiн 
тазартады. Бiр сөзбен айтқанда — қатынша жұмыс iстейдi. 
Сүлеймен әлгiнiң сондай адам екенiн бiрден бiлдi. Тағы бiр 
бiлетiнi — билеушi “шестеркалардың” аттарын атауға тиiс емес. 
Басқа, қорлау аттармен атай беруге болады. Бiрақ Сүлеймен 
бiреудi мазаққа айналдыруды жек көредi. Дегенмен бұл жер — 
түрме. Қанша мықты болсаң да, түрме заңын ұстау керек.
Жағымпаз төрдегi жаюлы үш-төрт көрпешенi қағып-қағып
қайта салды.
— Бүкiл баракта бар көрпеше осылар-ақ. Бұрын бұларға 
Шурхаттар жатушы едi. Ендi бұлар — сiздердiкi. Жақсылап 
жайғасып алыңыздар. Бұдан былай бiр нәрсе керек болса
қызметтерiңiзге дайынмын. 
— Сен мынаны айт, — дедi Парманқұл оған қарап. — Пияз 
бен Ахмад қай баракта жатыр? 
— Уа, Паяз бен Ахмад әкәмдар екiншi баракта. Ол кiсiлер 
бүкiл түрменiң билеушiлерi ғой. Шурхат солардың адамы. Оның 
сiздерден таяқ жеп қалғанын қазiр-ақ есiтедi. Сосын… Иә, 
ол жағын өздерiңiз шеше бересiздер ғой. Сiз Парманқұл әкәм 
емессiз бе? Сiздi бiлем. Ахмад әкәмен ерегiстерiңiздi де бiлем. 
Бiрақ мен үлкен кiсiлердiң iстерiне араласпаймын ғой. 
Бұл уақытта таяқ жегендер үстi-бастарын қағып, шетiнен 
далаға шығып жатты. Дәуi бұл жаққа бiр қарады да сүйреттiлiп 
барып, таулықтардың ортасына жатты. Сiрә, қатты соққының 
әсерiнен әлi өз-өзiне келе алмаған-ау. 
— Сенiң үлкен кiсiлердiң iсiнде, әлбетте, шаруаң болмайды. 
Бiрақ үлкен кiсiлердiң айтқанын iстеуге мiңдеттiсiң. Қазiр далаға 
шық та, анау таулықтарды аңды. Олар Паяз бен Ахмадқа бара ма, 
барса, не жайлы әңгiмелеседi, нендей iстi ойластырады, соның 
бәрiн бiлiп кел. 
— Менi өз қорғауларыңызға аласыздар ма? Әйтпесе, аналар 
өлтiрiп қояды. 
— Қорықпа. Айтқанымды iстей бер. 


429


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   199   200   201   202   203   204   205   206   ...   259




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет