Диплом жұмысы Оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастырудағы оқытудың белсенді әдістері



бет13/21
Дата19.05.2022
өлшемі339.2 Kb.
#457214
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21
stud.kz-103114

Таксаномия (грекше taxis – орналасу, құрылыс, тәртіп және nomos – заң) – олардың иерархиясын (белгілі бір құрылымдағы бірізділігін, реттілігін) құрастыру мақсатында берілген нысандарды нақты бір өлшемдер мен қағидалар бойынша жіктеу. Таксаномия барлық оқу мақсаттары мен нәтижелері бірдей маңызға, құндылыққа ие бола алмайтындығына негізделген.
Бенджамин Блум (1913-1999) – америкалық психолог, оқыту әдістерін зерделеген, «Блум таксаномиясы» атауын алған жүйенің негізін салушы. 1942 жылы Чикаго университетінде доктор дәрежесін қорғаған. 1965-66 Ағарту ісін зертеушілер бірлестігінің президенті болған. Ол осы «Блум таксаномиясы» деп аталатын тұжырымдаманың негізін құраған екі манографияның («Адами мінездемелер тұрақтылығы мен өзектілігі» және «Білім мақсаттарын жіктеу») авторы.
ХХ ғасырдың 60-70 жылдары АҚШ-тың көптеген білім беру мекемелері Блум тұжырымдамасын қабылдаған, алйда олжөнінде ғалымдар мен зерттеушілердің тарапынан көптеп сыни пікірлер айтылуына байланысты оларды мектептерде қолдану деңгейі едәуір төмендеді.
Блум таксаномиясы бойынша білімді игеруге бағытталған алты қадам:





Сурет – 4. Блум таксаномиясы
Блум таксаномиясы бойынша категориялар мазмұны, сұрақтар мен тапсырмалар
І. Білу.
Таным мен ойлау деңгейі – төмен деңгей.
Бұл категория мәліметтерді қайталау немесе тану арқылы есте қалай сақталғанын тексеруге бағытталады, мағлұмат пен деректерді еске түсіреді.
Шәкірт:

  • Қолданылған терминдерді біледі (есте сақтайды және қайталадйды);

  • Нақты фактілерді біледі;

  • Жұмыстың орындалу ретін біледі;

  • Негізгі ұғымдарды біледі;

  • Ережелерді, қағидаларды біледі.

Тапсырмалар түрі:
Не? Қашан? Қандай? Қайда? Формуласын жазу, жабық тест тапсырмалары, қалдырып кеткен белгілерді қою, жатқа айту, анықтамалар мен атауларды қайталау, олардың қолдану тәртібін айту.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   21




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет