Диплом жұмысының өзектілігі. Тіл адамзат қоғамында қатынас құралы, сөйлесім пікір алысудың құралы ретінде қызмет атқаратын құбылыс, біріншіден, тілсіз ешбір қоғам өмір сүре алмайды. «Тілсіз ұлт құрымақ»


Мен қуансам, жас баладай қуанам, Көрген адам талай деген «Есалаң» Мен қарғырсам, орнатамын қиямет, Жас баламын: тағы да тез жұбанам



бет15/29
Дата21.05.2022
өлшемі492.5 Kb.
#458483
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29
Дип. Сөз тіркесі

Мен қуансам, жас баладай қуанам, Көрген адам талай деген «Есалаң» Мен қарғырсам, орнатамын қиямет, Жас баламын: тағы да тез жұбанам.
Күлсем егер, есім шығып күлемін, Жылағанда қап-қара қан төгемін. Қасым болса, қанын ішкім келеді, Досым болса, жолында оның өлемін.
(М.Жұмабаев).
Жаттығудың мақсаты — етістікті сөз теркестерін табу.
Міндеті - поэзиялық шығармалардан сөз тіркесін табу, қай сөз табына
жасалғанын анықтау.
Нәтижесі:

  • поәзиялық шығармалардан сөз тіркесін тауып үйренеді;

  • түсініксіз сөздерге талдау жасап, мағынасын ашуға тырысты;

  • өлеңді мәнерлеп оқуға жаттықты.

3-жаттығу. Мәтінен сөз тіркестерін тауып, онық басыңқы сыңарларын ауызша атаңдар.
Түн шайдай ашық еді. Аспанда бұлт жоқ. Хамит жалғыз, ескілеу жолмен келеді. Ағаштардың жапырақтары салғырт тартып, сарғая бастаған. Кей жерлерде қыстаулар көрінеді. Қыстау маңында жайылып жүрген мал. Құбақан ат басын шұлғып келеді. Аттың пысқырғаны Хамитке жақпай келеді (С.Сейфуллин).
Мақсаты - сөз тіркесінің басыңқы компоненттерінің жасалуына назар аудару, пысықтау.
Міндеті - басыңқы компоненттерінің қай сөз табына жататына байланысты етістік, есімді, ортақ басыңқылы болып бөлінетінін нақтылау, назар аударту.
Нәтижесі:

- кез-келген тіркестік сөз тіркесі бола алмайтынына тағы да көздерін
жеткізді.
4-жаттығу. Өлеңнен матаса байланысқан сөз тіркесін тауып жазыңдар.
Бұл дүниенің қарты едің, Әулиенің арты едің, Батырлардың мәрті едің Айналайын, Қабанбай; Қайда болар тұрағың?
ұхар жырау).
Мақсаты - сөз тіркесінің байланысу формаларын табу.
Міндеті - матаса байланысқан сөз тіркесін тауып, қалай жасалғанын
көңіл аудару.
Нәтижесі:

  • септік жалғауларының байланысу формасын ажыратуда ерекше
    рөл атқаратынын ақытады;

  • мәтінді мәнерлеп оқуға жаттьщты;

  • тирихи тулға есімдерімен танысты (Қабанбай батыр, Бұхар
    жырау);

  • көмекші есімдер арқылы жасалған тіркестердің сөз тіркесі бола
    алмайтынын меңгерді.

5-жаттығу. Сөз тіркестерін анықтап, тірекесу ерекшеліктерінауызша айтыңдар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   29




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет