Дипломдық жұмыс Қазақ тіліндегі омоним, синоним, антоним аффикстерді оқытудың амал-тәсілдер


ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОМОНИМ, СИНОНИМ, АНТОНИМ АФФИКСТЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ



бет15/41
Дата28.05.2022
өлшемі296.95 Kb.
#458746
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41
диплом-Жупар

2 ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ОМОНИМ, СИНОНИМ, АНТОНИМ АФФИКСТЕРІН ОҚЫТУДЫҢ ӘДІСТЕМЕСІ
Қазақстандағы қоғамдық-саяси ахуалдың езгеруі, елдің егемендік алу, тіл туралы заңның қабылданып, қазақ тілінің мемлекеттік статусалуы, сондай-ақ тіл ғылымында тілдің функционалдық-коммуникативтік ерекшеліісгеріне кеңіл бөліне бастауы қазақ тілін оқыту әдістемесіидеяларының да түбегейлі жаңаруын қажет етті. Сонымен қатар бұған шет тілдерді оқыту әдістемелеріндегі ғыл. тұжырымдамалар да әсер тигізді. Сондықтан да соңғы кездердегі қазақ тілін оқыту процесі бір принципке — коммуникативті принципке негізделуде. Осы принципке сәйкес лексикалық, материалды ситуациялық-тақырыптық бағытта топтастыру, грамматикалық материапдарды коммуникативтік маңыздылығына қарай беру турасында жаңа идеялар туды. Әсіресе жеке сөздерді емес, сол сөздік тіркесімдер тізбегінде (қандай сез тіркестерінің құрамындакездесетіндігін) оқытып үйрету, грамматикалық және лексикалық материалдарды диалогтар арқылы үйретуге дағдыландыру әдістемесі қолданылуда.
Қазақ тілін белгілі бір деңгейде меңгеру процесін тиімді түрде жеңілдететін ақпараттың диалог, диалог-талқылау, диалог-нақтылау, сұрақ-жауап тәрізді әдістемелер пайдаланылуда. Мәтін мен диалогтың ара-салмағы да өзгереді. Егер дәстүрлі әдістемеде мәтінге көбірек орын беріліп, диалог мәтін материалдарын қайталау, нақтылау үшін пайдаланып келген болса, қазақ тілін оқытпайтын мектептердегі қазақ тілін оқытуда қазіргі әдістемесінде диалог ақпаратты оқытудың сөйлеуге, сөйлесуге дағдыландырудың негізі ретінде игеріледі, диалогте мәтінге қарағанда көбірек мән беріледі, ал мәтін алдыңғы диалоггарда берілетін мазмүнды қорыту, түйіндеу үшін қолданылады. Қазақ тілін оқытпайтын мектептердегі қазақ тілін оқыту әдістемесінің ғылыми түрде дамуына Ш. Сарыбаев, Ж. Адамбаева, Р. Әміров, Ы. Маманов, Н. Оралбаева т. б. ғалымдардың еңбектері елеулі үлес қосты. Оқытудың "баламалық", "авторлық" әдістемесі пайда болуда (мысалы, Жүнісбековтың, Әл-Фараби атындағы ҚазМҰУ-дың шетелдіктер үшін орыс тілі кафедрасының ұжымы дайындаған компьютерлік оқыту әдістемесі. Е.В. Ершембееваның басқаруымен) т. б. Қазақ тілін оқытпайтын мектептердегі қазақ тілін оқытуда принципті түрдегі жаңа оқулықтарды жасау жөнінде практикалық тәжірибені қорыту, түйіндеу мақсатындағы теориялық зерттеулер де жүргізілуде. Сол себепті зерттеліп отырған тақырыбымыз туралы материал жоқтың қасы.
Омоним, синоним, антоним аффикстерін оқыту әдістемесі туралы айтпас бұрын біз, ең алдымен морфологияны оқыту әдістемесіне тоқталып өтуіміз қажет.
Морфология – грамматиканың үлкен саласы, сондықтан ол қамтитын мәселелердің барлығы омоним, синоним, антоним аффикстерін оқыту әдістемесіне қатысты. Өйткені морфологияның нысандары – олардың тілде қолданылу заңдылықтарының қорытындысы. Омоним, синоним, антонимдерді қолдана сөйлеуде тіл заңдылықтарын дұрыс сақтап, тіліміздің морфологиялық заңдылықтары бойынша сөйлеуді қалыптастыруды көздейді. Сондықтан омоним, синоним, антоним аффикстерін оқыту әдістемесі жұмысы грамматикалық заңдылықтармен байланысты жүргізілуі тиіс. Морфологияны оқытуда оқушылар тілін дамыту жұмыстарында сөз мағыналары, омоним, синоним, антоним, мәтін туралы тіл білімінің дәлелденген тұжырымдары басты рөл атқарады. Осыған орай морфологиялық тұлғаларды оқушы тілін дамыту мақсатына сай сөйлеу тәжірибесінде қолдануға септігі тиер білім мазмұнын нақтылау көзделді. Оқушылар тілін морфологияны оқыту арқылы дамытуда олардың сөз мағыналарын жетік біліп, Омоним, синоним, антонимдерді сөйлеу кезінде дұрыс пайдалануға дағдыландыру, сөздік қорларын байыту – ең басты жұмыс. Сондықтан морфологияны оқыту арқылы тіл дамытуда лексикология ғылымының жетістіктері басшылыққа алынды.
Морфологияны оқыту арқылы тіл дамыту жұмыстарын жүргізгенде жаттығу материалдарында омоним, синоним, антоним, фразалық тіркестер, мақал-мәтелдер, бейнелі сөздер кеңінен қолданылды. Мысалы, сөздің грамматикалық мағынасына қатысты практикалық сабақта мақал-мәтелдерді пайдалану арқылы сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарын тапқызу оқушытің грамматикалық мағынаны түсінуіне әрі сөз байлығын арттыруға мүмкіндік береді. Немесе, берілген сөздерді (мысалы, ерлік, тәрбие, жүрек, ел, батыр т.б.) грамматикалық көрсеткіштер арқылы түрлендіріп, сол сөздер туралы мақалдарды тауып жазғызу да оқушытің морфологиялық тұлғаларды ажырата отырып, сөздік қорының жетілуіне әсер етеді. Шешен билер сөздерінен үзінділер алып, ондағы әр сөздің грамматикалық мағыналары қай сөз табына қатысты екендігін айтқызуда да грамматикалық тапсырманы орындаумен қатар, билер сөзінің мәніне көңіл аудару оқушы тілінің толығуына әсер етеді. Оқушылар мұндай тапсырмаларды қызыға орындап, әрі грамматикалық мағынаның ерекшеліктері туралы білімдерін бекітуге, әрі мақал-мәтел, шешендік сөздер арқылы сөздік қорларын толықтыруға ықпалы болды. Тәжірибеде морфологиялық тақырыптардың әрқайсысына қатысты жаттығу, тапсырмаларда синоним, антоним, омоним сөздерді, ауыспалы мағынадағы сөздерді көбірек қолданып, жаттығу мәтіндеріндегі сөздерге морфологиялық талдау жасата отырып және ретіне қарай ол сөздермен мағыналас, қарсы мағынадағы немесе омоним болып келетін сөздерді тапқыздырту секілді жұмыстар жүргізілді. Осындай бағыттағы тапсырмалар антоним сөздерге де қатысты жүргізілді. Ғалымдар Ә.Болғанбайұлы мен Ғ.Қалиұлы «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы» атты оқулығында «Антонимдер өзара алшақ қарама-қарсы ұғымды білдіретіндіктен, бұлардың әр сөз табына қатысы нақ бірдей емес, ала-құла деген сөз. Бір сөз табы антонимге соншама бай да, енді біреулері соншалықты кедей, не болмаса тіптен кездеспеуі де ғажап емес. Қазақ тілінде антонимдер көбіне–көп сын есімдерден болады, онан соң етістіктер, зат есімдер, үстеулерден азды-көпті кездеседі. Ал қалған сөз таптарынан жасалған антонимдер тым тапшы, жоқтың қасы» [17, 121-б.],-деп көрсеткен. Ал Н.Оралбай сапалық сын есімдердің тағы бір қасиеті олар бір-бірімен антонимдік қатар құрайды, бұл қасиет қатыстық сын есімдерде жоқ екендігін, яғни сын есімнің нақты қай тобында антонимдік қатар болатындығын айтқан. Бұдан сөз таптарының ішінде, негізінен, сын есімдерде антонимдік қатарлар жиі кездесетіндігі, ал қалған сөз таптарында сиректеу болатындығы байқалды. Мұны төмендегі сызбадан көруге болады:

1-кесте – Сөз таптарының антонимдер жасауға қатысы





Антонимдер жасалатын сөз таптары

Сын есім

кең-тар, ыстық-суық, үлкен-кіші, жуан-жіңішке т.б.

Етістік

қону-ұшу, шашу-жинау, ашу-жабу, кіру-шығу т.б.

Зат есім

рақат-бейнет, өң-түс, пайда-зиян, жаз-қыс т.б.

Үстеу

ерте-кеш, ақырын-шапшаң, жоғары-төмен, әрі-бері т.б.

Жалпы тілдің сөздік қоры байлығының бір көрсеткіші – синоним сөздер. Синоним сөздерді көп білу жеке адамның да сөздік қорының бір ұтымды көрсеткіші болып табылады. Сондықтан оқушы тілін дамыту үшін морфологияны оқыту үдерісінде синонимдерді тақырыппен байланыстыра отырып, сөздік қорды жетілдіруге назар аудару керек. Ол үшін синонимдердің ерекшеліктерін морфологиялық тұлғалармен байланыстыра қарастыру қажет. Синонимдердің ең басты ерекшелігі – олар қанша сөзден тұрса да бір ұғымды білдіріп, бір ғана сөз табына қатысты болады.Синонимнің осы ерекшелігіне сәйкес оларды өздері қатысты сөз таптарына қарай пайдалану қажет. Оны төмендегі кестеден анық көруге болады:


2-кесте – Синонимдердің сөз табына қатысы





Сөз таптары

Синонимдер

1. Зат есім
2. Сын есім
3. Етістік

4. Сан есім


5. Есімдік


6. Үстеу

7. Еліктеуіш сөз
8. Одағай
9. Шылау


той, мейрам, мереке, думан, тамаша;
ас, тамақ, дәм, тағам, ауқат, ас-су;
атақ, даңқ, ат, мерей, дәреже, мәртебе, лауазым, мансап;
ажар, әр, дидар, өң, келбет, көрік, шырай, кейіп, рең, рай.

аласа, тапал, тәпелтек, тайпақ, талпақ;


ақылды, есті, милы, ақылман, интеллектуалды.

мерекелеу, тойлау;


абыржу, сасқалақтау, сасу, дағдару;
азайту, алу, кеміту, шегеру, қысқарту.

үш, үшеу; төрт, төртеу; он мың, түмен.


әлдебір, қайсыбір, небір;


әлдекім, әлдебіреу, біреу;
барлық, барша, бар, бәрі, күллі, түгел

әп-сәтте, іле-шала, жалма-жан;


ақырында, аяғында, түбінде, соңында, ақырда;
алға, ілгері, жоғары.

алба-жұлба, алба-далба, жалба-жұлба;


жырым-жырым, жұлым-жұлым, өрім-өрім, далба-дұлба, далба-жұлба, дал-дал, дал-дұл, пәре-пәре, жұлма-жұлма.

апыр-ай, апыр-ау, апырым-ай, апырым-ау, ойпыр-ай, ойпырым-ай, япыр-ай, япыр-ау, япырым-ай, япырым-ау


алайда, бірақ, дегенмен, сонда да, әйткенмен, әйтсе де, сөйткенмен



Бұл кестеден тіліміздегі синоним сөздердің дәрежелері бірдей болмаса да, барлық сөз табына қатысты екенін көруге болады. Сабақта синонимдерді әр сөз табына қатысты пайдаланатындай тапсырмалар арқылы оқушылардің синонимдерді сөйлегенде қолдана білу шеберлігін қалыптастыру мақсат етілді.


Сөзді білгенмен, ойды білдіруде сөздерді бір-бірімен байланыстырып, сөйлем құрай алмаса, ойды басқаға жеткізу қиын. Олай болса, омоним, синоним, антоним аффикстерін оқытуда да морфологиянға көңіл бөлінуі керек. Бұдан морфологиямен байланысы анықталады. Бұл байланыс та тіл дамыту кепілі.
Оқыту жүйесіне өзгерістер оның барлық мәселелерімен байланысты кіргізіледі. Мәселен, оқытудың мақсаты, мазмұны, әдістері, технологиясы, оқытуды ұйымдастыру, басқару жүйесіне, педагогикалық әрекеттің стилі мен оқыту әрекетін ұйымдастыруға, бақылау мен бағалауға, тәрбие жұмысына т.б. мәселелерде де жаңалықтар ене береді. Инновация жеке пәндерді оқыту әдістемесіне де қатысты. Оқыту әдістемесі үнемі дамып, оқыту технологиясы түрленіп отырады. Мәселен, Е.И.Пассов, Ф.Ш.Оразбаева ғылымда қатысымдық әдіс теориясын жасаса, Г.А.Китайгородская интенсивті оқыту әдістемесінің теориясын жазып, тәжірибеге енгізді. Қ.Қадашева жаңаша жаңғыртып оқытуды қазақ тілін басқа ұлтқа үйрету жүйесінің теориясын жасап, тәжірибеге кіргізсе, осымен бірге интерактив технологиясын да іске қосса, Ә.Әбуов мектепте инновациялық технология арқылы білім берудің ұтымдылығын дәлелдеді. Ал В.К.Павленко сауаттылыққа үйретудегі интегративті-дифференциалды жүйе және оның оқыту ісіндегі атқаратын қызметін сипаттаса, О.Е.Сергеева және психологтар қатысымдық әрекет әдісін дамытты.
Еңбекте оқушы тілін дамытудағы ең ұтымды әдістер деп төмендегілер таңдалды. Олар: қатысымдық әдіс, түсіндіру әдісі, қайталау әдісі, жаттықтыру әдісі, көрнекілік әдісі, саяхат (экскурсия) әдісі.
Осы тараудағы қатысымдық әдісті омоним, синоним, антоним аффикстерін оқыту әдістемесі үшін қолдануға арналған тармақшада осы әдістің зерттеу мақсатына сай ерекшелігі зерделенді. омоним, синоним, антоним аффикстерін оқыту әдістемесіне қатысымдық әдіс ерекше қызмет атқарады, қатысымдық әдіссіз омоним, синоним, антоним аффикстерін оқыту мүмкін емес деп санаймыз. Өйткені, омоним, синоним, антоним аффикстерін оқыту әдістерінің, тілді дамытуға байланысты жұмыстардың бәріне қатысымдық әдіс қатысады. Қатысымдық әдіс арқылы оқушы тілдік әрекеттің барлық түріне жаттықтырылады. Мәселен, сұрақ қоя білу, сұраққа жауап беру, көрген, білген жайларды әңгімелеп айтып беру, суреттің мазмұнын әңгімелеу, өз қиялын, арманын айта білу, экскурсияларда көргенін әңгімелеу, оқылған әдеби шығарма мазмұнын баяндау, достарымен, оқытушымен әңгімелесу секілді сөйлеу әрекеттеріне оқушы қатысымдық әдіс арқылы үйретіледі. Қатысымдық әдістің оқушы тілін дамытуда мынадай пайдалы, тиімді жақтары бар:
1. Қатысымдық әдіс екі-үш, одан да көп адамдардың тіл арқылы қатысуын талап етеді. Қатысымдық әдістің осы талабы, белгісі оқушылардің оқу үрдісінде тілдік қатысымға дәл келеді. Соған қарап, қатысымдық әдісті табиғатында оқушы тілін дамытуға арналған деуге де болады.
2. Қатысымдық әдістің негізгі нысаны, негізгі әрекеті – сөйлесім. Ал, сөйлесім, тыңдалым, оқылым, жазылымсыз ешбір оқыту жүйесі іске аспайды. Оқытушы мен оқушы қарым-қатынас жасау үшін сөйлеседі, сөйлесімсіз адам өмірін елестету қиын. Сондықтан қатысымдық әдіс оқытуда, тіл дамытуда негізгі әдіс болып саналады.
3. Оқыту жүйесінде оқытушы жаңа білімді ауызша айтады, түсіндіреді, оқушы оны тыңдайды, қабылдайды, ұғады, есіне сақтайды. Оқытушы оқушытің ұққанын сұрақ арқылы тексереді. Мұның бәрі оқытушы мен оқушы арасындағы тілдік қатысым арқылы іске асады, яғни қатысымдық әдіске жатады.
4. Оқушы тілін дамытуда оқытушы мен оқушытің міндеттері түрліше, бірақ мақсаттары бір болғандықтан, әрқайсысы өз міндетін дұрыс атқаруға да қатысымдық әдіс арқылы бейімделеді.
5. Қатысымдық әдіс тіл дамытудың түрлі әдістерін түйістіріп, тіл дамытудың сапасын арттырады. Қатысымдық әдістің өзі де бірнеше тәсілдерден тұратын күрделі құбылыс. Ол басқа тәсілдердің басын қосып, сапаны арттырады, басқа әдістер қатысымдық әдіссіз іске аса алмайды.
6. Қатысымдық әдіс тек оқыту үрдісінде ғана қолданылатын әдіс емес. Ол адам өмірінде үлкен қызмет атқарады.
7. Оқыту технологиялары өзгеріп, жаңа оқыту технологиялары қосылып жатса, қатысымдық әдіс оның бәрімен қолданыла алатын қабілетімен жүзеге асырылады.
Сөз бен көрнекілік – тіл дамытудың күшті құралы. Көрнекілік сабақты түрлендіреді, оқушытің назарын өзіне тез аударады, ынтасын арттырады, есте сақтауына, сезіміне әсер етеді, сөйлеуге тілдік жағдаят жасайды. Көрнекіліктің маңызын оның атқаратын мына қызметтерінен көруге болады:
1. Оқушы назарын өзіне аударып, көңілін басқаға алаңдатпайды.
2. Оқушытің сезім мүшелеріне әсері, ықпалы өте күшті.
3. Он рет айтқаннан, бір рет көрсеткен тиімді.
4. Көрнекілікте нақтылық жоғары сатыда.
5. Көрнекілік оқушыті қызықтырады.
6. Тез түсінуге көмектеседі.
7. Есте сақтауға әсер етеді.
8. Ойландырады.
9. Тілдік бірліктерді дұрыс қолданудың жолын көрсетеді.
10. Үлгі қызметін атқарады.
Оқушы тілін дамытуда көрнекіліктің мына түрлері қолданылды: 1) графикалық көрнекіліктер: сызба, кесте, карточкалар; 2) иллюстрациялық көрнекіліктер: фотосуреттер, открыткалар, сюжетті суреттер; 3) өлкетануға байланысты көрнекіліктер.
Карточкаларды қолданудың мынадай ұтымды жақтары бар: карточкалардың қолданылу мүмкіндігі мол; карточкалар уақытты үнемдеуге қызмет етеді; оқушыларді түгел қамтуға мүмкіндік жасайды; оқушылардің өтілген материалдарды қалай меңгергендіктерін анықтауға қолайлы; карточкалар әр оқушыпен жеке жұмыс жүргізуге ыңғайлы; карточкалар дайындау техникалық жақтан қиын емес.
Сюжетті суреттер – оқушылар тілін дамытуда үлкен қызмет атқаратын көрнекілік. Сурет мазмұнын ауызша әңгімелеу, оны өңдеп, жазбаша әңгіме жазу – тіл дамытудың ең ұтымды жолы. Жұмыстың бұл түріне мынадай қорытынды жасауға болады: сюжетті суретті тіл дамытуда қолдану – өте пайдалы әдіс; оқушылардің осы жұмыс түрлеріне белсенді қатысуы – жаңаша жаңғыртып оқыту технологиясын қолданудың нәтижесі; сурет туралы оқушылардің өз пікірлерін ашық, дәлелді айта білулері олардың өздерін субъект, жеке тұлға ретінде сезінулеріне байланысты; суретті әр оқушытің дұрыс түсініп, дәл талдауы тіл дамытумен бірге ойды дамыту жұмысының жүргізілуімен байланысты; бұл жұмыста тақырыпқа қызығу, тақырыптың оқушыке таныстығы да үлкен қызмет атқарады. Сурет оқушытің жан дүниесіне, сезіміне әсер етіп, оның көңілінің ауытқуына мүмкіндік бермейді, ал қызығушылық инновация технологиясы бойынша оқушыті интерактив тұлғаға айналдырады. Интерактив тұлға мәселеде үнемі жақсы нәтижеге жетеді; осы жұмыста интеграция-дифференциация технологиясы бойынша тақпақ оқу (әдебиет), сурет (искусство), мақал-мәтел, баяндама, әңгіме жазу (шығармашылық) сияқты әр түрлі жұмыстар үйлесімді қолданылып, жақсы нәтиже берді; сюжетті суретті қолдану–теориялық материалды меңгерудің де, тіл дамытудың ұтымды түрі.
Фотосурет, открыткалар бойынша ойбөліс өткізу тиімді болды. Бұндай жұмыстан мынадай қорытынды жасалды:
1. Ойбөліс интерактив технологиясы бойынша ұйымдастырылып, әр оқушы сабаққа белсенді қатысты; 2. Жаңаша жаңғыртып оқыту технологиясын қолданудың нәтижесінде әр оқушы өзін жеке тұлға ретінде сезініп, өзінің әр сөзіне жауапты қарап, мазмұнды, әдеби тілде әңгімеледі; 3. Әр оқушы сөзінде батыр аға, апаларына деген мақтаныш олардың өздерінің елге, туған жерге деген ыстық сезімдерін қайтадан оятқандай, жандандырғандай леп байқалды; 4. Ойбөліс инновациялық технология бойынша оқытушы ұйымдастырушы, кеңесші рөлін атқарып, оқушылар субъекті ретінде барлық жұмысты өздері атқарды; 5. Ойбөліс басынан аяғына дейін оқушы-оқушы, оқушы-оқытушы арасындағы қатысымдық әдіс бойынша өтті; 6. Бұдан сурет арқылы да үлкен сезімді оятуға болатындығы, оның тіл дамыту қызметін атқаратыны анықталды; Фотосурет, открыткалар арқылы тіл дамытуды түрлі кештерде ойбөліс ретінде өткізу тиімді; 8. Фотосурет, открыткаларды өздік жұмыс ретінде тіл дамыту мақсатында қолдануға болады.
Мұражайларға саяхат – сабақтан тыс өткізілетін жұмыс. Олардың нәтижелерінде де тіл дамыту мақсаты көзделді. Осы мақсатқа оқушылардің қалай жеткені семинар сабақтарында оқушылар баяндамасын талқылау, ойбөліс кештерінде оқушылардің пікірлесімін ұйымдастыру, конференцияларда талқылау, өздік жұмыс ретінде қабылдап, бағалау түрінде жүргізілді.
Қазіргі кезде жоғары оқу орындарында оқу сапасын жетілдіруде белсенді әдістерді пайдалануға ерекше көңіл бөлінуде. Ол әдістерге – іскерлік ойындар, ойбөліс, ойталқы жатқызылып жүр. Бұлар да тәжірибеде кеңінен қолданылды. Оқушыларді әдеби тілде көркем, шебер сөйлеуге дағдыландыруда іскерлік ойынның рөлі үлкен. Сондықтан да ғалымдар (И.В.Драгомирецкий, Л.Г.Вишнякова, Г.А.Китайгородская, Г.А.Зорин, А.А.Вербицкий, А.А.Филиппова т.б.) еңбектерінде оқыту процесінің қызықты да нәтижелі болуы үшін оқушыларді тілге жүйрік, тіл байлығы ұшталған, сөзге ұста етіп мамандар даярлауда іскерлік ойындардың үлкен ықпалы болатындығына назар аударылған. Іскерлік ойын арқылы оқушы болашақ мамандығына бейімделіп, дұрыс сөйлеу нормаларын меңгеріп, тіл байлығы молайып, ой қорытуы қалыптасады, жақсы сөйлеу мүмкіндігі анықталады. Мұнда морфология ережелері қайталанбайды. Бірақ морфология бірліктерін сөйлеуде дұрыс, шебер, орынды қолдануға жаттықтыру үшін іскерлік ойындарды қолдану өте маңызды қызмет атқарды. Іскерлік ойынды жүргізгенде, алдымен, кіріспе сөзден соң оқушылар нақты іс-әрекетке жұмылдырылады, яғни әрқайсысы өздеріне тиісті жұмыстарды орындайды. Сөйтіп, іскерлік ойындар оқушылар арасындағы ынтымақтастықты қалыптастырып, қандай жағдайда да бір-біріне жәрдемдесу секілді қасиеттерге тәрбиелейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   41




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет