6) Тақырып. « Хайуанаттар әлемі»
I деңгей
1. « Ит –жеті қазынаның бірі» атты мәтінді оқып,аудар.
“Ит – жеті қазынаның бірі”, “Ел жатпай, ит тынбас”, “Ит иесін қорғайды”, “Ит – үйдің құлағы” деген секілді мақал-мәтелдерде оның малды ұры мен бөріден сақтайтын күзетшілік, аңшылық қызметтері дұрыс бейнеленген. Асыл мал және жабайы жануарлар туралы мақал-мәтелдерде адамға тән жақсылы-жаманды мінез-құлықтар, іс-әрекеттер бейнеленеді, соның ішінде арамдық, пасықтық, залымдық мінез қылықтардың көбісі ит пен есек арқылы берілген десек, әсте асыра айтқандық болмас.
2. Синонимдік қатарды жалғастырыңыз.
1. Сұлу, ажарлы,.................................................................................................... қыз.
2. Батыр, ержүрек,...............................................................................................жігіт.
3. Сабырлы, салмақты,............................................................................................дос.
II деңгей
1.Мәтін бойынша 4-5 сұрақ құрастыр.
2. Тесті орында.
1.Септік жалғау…
а.заттың көптігін білдіру үшін
ә.сөздерді бір-бірімен байланыстыру үшін керек
б.заттың біреуге тән екенін білдіреді
2.Мына сөз қай септікте тұр?
Балапан
а.Атау септік ә.Ілік септік
б.Шығыс септік
III деңгей
1 Мәтінге жоспар құру.
2.Мәтінді мазмұндау.
7) Тақырып. «Табиғат аясында » лексикалық тақырыбын өткенде оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі.
I деңгей
1. мәтінді түсніп оқу.
1. Қоршаған орта – біздің ортақ үйіміз. Оны таза сақтау керек. Кез келген жерге қоқыс тастама. Өзіңді қоршаған ортаны ластама, қағазды жыртып тастама.
Суға түкірме, қоқыс тастап, бүлдірме. Ағаштың бұталарын сындырма, гүлді жұлма.
Жаңбыр жауғаннан кейін ағаш жапырақтары шаңнан тазарады. Өсімдіктер жайқалып жап-жасыл күйге енеді.Жауыннан жиналған шалшықты кешпе.
Өзен-көлдерге қоқыс тастауға болмайды. Себебі ол – балықтардың тұрағы. Балық жаны – суда. Қала маңайының тазалығы мен әдемілігін сақтап қалу - әрбір адамның қолында. Серуенге шыққанда табиғатты ластамау керек.
2. Тәуелдік тұлғасындағы сөз тіркесін көрсетіңіз
а) Мен –қазақпын
ә) Олар жастар
б) Жомарттың әкесі
в) Астанадан келді
II деңгей
1.Көп нүктенің орнына тиісті сөздерді қойыңыз
... 100 жыл бар,...12 ай бар, ...4 апта бар, ...7 күн бар, ...24 сағат бар, ...60
минут бар, ...60 секунд.
2.Сұраққа жауап бер:
1.Қоршаған орта дегеніміз не?
2.Жаңбыр жауғаннан кейінгі табиғаттың көрінісі?
3.Табиғатты қорғау үшін не істеу керек?
4.Адам табиғатты қалай аялайды?
III деңгей
1. III модульдің Қорытынды бөлімінде «Табиғат аясында» тақырыбында оқушылардың білімін тексеруге эссе жазылады.
Достарыңызбен бөлісу: |