3-тапсырма. Мәтінді оқыңыз. Мағынасы жақын қарамен жазылған сөздерді тауып, жазыңыз. Отбасы Махаббат – адамбойындағы ең бір жұмбақ, ең бір іңкәр сезім. Ол саған жеткенде өн бойыңды алапат бір күш билеп, тағатсыз күйге түсесің. Кенет бөгде бір жан сенің ең асыл жақыныңа айналады. Онымен жүздесу, оны жаныңда сезіну өміріңнің мәні, тірлігіңнің тірегі болып көрінеді.
Қазіргі кезде әрбір жастың талап-талғамы өсті. Өмірге, жалпы дүниеге көзқарасы өзгерді. Адам өзінде қалыптасқан дүниені өзіне жақын жаннан да іздейді.
Жанұя өзінің өмірін сол өмір сүріп отырған әлеуметтік ортаға байланысты құрады. Қоғам өміріндегі оңды-солды жағдайлар, қиындықтар мен қайшылықтаротауға өз әсерін тигізбей қоймайды. Отау да қоғам өміріне ықпал жасайды. Ол қоғам талабына сай тәрбиеленеді, соның негізінде рухани дамуы қалыптасады.
Жастардың көбісі өмір жоспарында некеге тұруды қарастырады. Қазіргі кезде неке жасарды. Осыдан он жыл бұрын ерлер 25-30 жаста, ал қыздар 22-26 жаста неке құрса, қазір орта есеппен жігіттер 20-28 жаста, ал қыздар 18-20 жаста тұрмыс құруда.
4 1. ................... тұрмыс құру 1.Сәби, жас бала
2. ............................. сүю 2. Отбасы
3. ............................. бөгде 3. Жар
4. ............................. жанұя 4. Жақсы көру
5. .............................. нәресте 5. Басқа
6. .............................. әйел 6. Үйлену
7. ...............................ажырау 7. Туылу
8. ................................көбею 8. Әсер ету
9. ..................... дүниеге келу 9. Некені бұзу
10. ....................ықпал ету 10. Ұлғаю
-тапсырма. Оң жақтағы сөздердің ішінен олардың мағынасын тауып, сол жағына жазыңыз.