Дірістер жинағы дәріс- 1 Тақырыбы: Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау


Өндірістің интеллектуалды меншігінің объектісін тәжірибеге енгізу жєне ѓылыми зерттеулердіњ экономикалыќ факторлары



бет18/20
Дата11.11.2022
өлшемі125.68 Kb.
#464582
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Лекция Ғылыми

Өндірістің интеллектуалды меншігінің объектісін тәжірибеге енгізу жєне ѓылыми зерттеулердіњ экономикалыќ факторлары

1.Интеллектуалды меншіктегі объектілерге патент алу

2.Идеяны материалды түрде көрсету

3.Ѓылыми ж±мысты практикаѓа енгізу

4.Ж±мыстыњ техника экономикалыќ негіздемесі


Жаңа техникалық идеяны жасаудың соңғы мақсаты оны тәжірибеде пайдалану, яғни белгілі бір тиімділікке жеткен соң, оны енгізу және пайдалану, мысалы, экономикада.


Дегенмен, барлық жасалымдар өмірге ене бермейді. Себебі технологияның тиімділігін арттыру мақсатынан басқа, жасаушылардың нақты коммерциялық мүддесі де бар. Интелектуалды меншіктегі объектілерге патент алу - оларды пайдаланғаннан табыс түсіру мақсатын ұмытпау керек. Жаңа идеяны сенімді де сауатты қорғау үшін техникалық міндеттемені шешетін барлық идеялар кәдімгі патент қорғаудан өтеді. Бұл шешімдердің біреуі тиімді, біреуі тиімсіз болғанымен, патент қорғау барлығына бірдей. Тәжірибеге әдетте ең тәуір, тапсырушының талабына сай келетін идея ғана енгізіледі. Басқа идеялардың патенті енгізілмей "патент шатырын" құрайды. Ол бәсекелестердің жұмысын қауіпсіздендіреді, ұқсас өндеуді пайдаланып, тәріздес өнімді шығаруға рұқсат бермейді. Сонымен қатар, бүгінгі күні қайсыбір идея нашар көрінгенімен, болашақта ғылым мен техника дамуымен жақсы боп көрінеді де, тәжірибеге енгізіледі.
Енгізу үрдісі өте күрделі және көлемді еңбекті талап етеді. Ең күрделі, бірақ максималды тиімділігі бар, жасалымдар енгізу үрдісі саналады. Жасалым өзінің негізінде әлемдік жаңалық элементіне ие болып, интеллектуалды меншіктің объектісі ретінде кабылданады. Әрбір жаңа шешім күдік туғызады, оны тәжірибеге енгізу барысында есептеу мен жобалаудан күтілген нәтижелерді ала алмау қауіпі бар.
Өзінің турашылдығын дәлелдеу ушін, өнертапқыш жаңа құрылғының тәжірибелік үлгісін жасау керек немесе тәжірибелік стенд құрастыру керек, сонда ол жаңа технологияны көрсете алады немесе жаңа заттың тәжірибелік партиясын жасайды. Яғни өзінің идеясын материалды түрде тәжірибелік үлгі арқылы сынақ өткізіп, өзінің теориялық қорытындыларының дұрыстығын жаңа идеяның тиімділігін дәлелдейді.
Мұндай іс - шараны өткізудің негізгі мәселесі - осыған қаражат табу. Ол қаражат алудың екі көзі бар;

1) нақты ғылыми жұмысты қолдау үшін бөлінетін мемлекеттік қаражат;

2) осы жұмысқа мүдделі жекеменшік компаниялар мен фирмалардың инвестициясы; »

3) өнертапқыштың жеке басының табысы.

Үшінші түрі өте сирек кездеседі, себебі өнер тапқыш кісілер әдетте байлығы жоқ, кедейлеу бол келеді. Сондықтан 1 және 2 көзді жиі пайдаланады. Қаражат қолдауын табу үшін өз идеясын техникалық енгізу деңгейіне жеткізу керек, яғни жұмыс жобасы мен шығын сметасын жасайды. Инвестор ешқашанда жалаң идеяға, техникалық есептеу, сызу, калькуляция, т.б құжаттармен дәлелденбесе өз ақшасын бермейді. Кейбір аңқау өнер тапқыштар өз жасалымына патент алысымын, оны енгізуге дайын тұрған қаражат иелері табылады деп ойлайды. Ондай өте сирек кездеседі. Патент алу жұмысы жаңа идеяны енігізудің ең алғашқы, маңызды кезеңі ғана.

Идея материалды түрде көріну үшін екі бағытта жұмыс жүргізіледі.

1. Мәселенің техникалық өндеушін жасау. Жаңа құрылғы, технология, затты жобалау қажет. Мысалға, кұрылғы құрастыруын есептеуін, барлық бөлшектердің көлемін олардың орнын, қосақтану сипатын, дайындайтын материалын, өңдеу жазығын анықтауын, құрылғы жетегін таңдауын, т.б өткізуді талап етеді. Бұл ,ақпараттың барлығы жасаушы зауытқа түсетін жұмыс жобасында болу керек.

2.Мәселені экономикалық жағынан қарастыру. Бұл бөлімде жаңа идеяның тиімділігін дәлелдейтін экономикалық есетеу жүргізіледі. Құрылғы үшін бұл тәжірибелік үлгіні жасауға және пайдалануға жіберілетін қаражат, жаңа құрылғыны пайдалану рентабельдігін анықтайдыу жаңа құрылғы мен бар үлгілердің экомомикалық параметрлерін салыстырады. Инвесторды техникалық және экономикалық ақпарат негізінде сауатты да дәлелдемелі үгіттеу ушін жаңа идеяны енгізудің бизнес - жоспары жасалады. Онда қысқаша түрде объективті сенімді ақпарат негізінде мәліметтер беріліп, ұсынылып отырған шешімнің коммерциялық қисындылығы туралы қорытынды жасалады.

Тәжірибелік үлгі жасалғаннан кейін оны сынақтан өткізудің негізделген жоспары құрастырылады. Онда жаңа құрылғының тәуір көрсеткіштерін толығырақ анықтап, жақсы жақтарын көрсетеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет