Дістемелік кешені


«Өткелдер» поэмасы осы кітаптың үлкен кіріспесі іспетті. Өйткені, ақын бұл поэмасында өткен жылдарға, өткен тарихқа, өткен оқиғаларға



бет21/73
Дата05.12.2022
өлшемі0.63 Mb.
#466476
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   73
tzha keshen-2022-2023

«Өткелдер» поэмасы осы кітаптың үлкен кіріспесі іспетті. Өйткені, ақын бұл поэмасында өткен жылдарға, өткен тарихқа, өткен оқиғаларға баға беріп, өзінің көзқарасын, ұстанған бағытын, темірқазық идеясын айқындайды, сонымен бірге жаңа қоғамға қадам басар алдындағы адамдардың алай-түлей ой-сезім арпалыстары, ширығулары мен шымырқанулары ақындық шеберлікпен көркем өрілген.
Ақын немесе лирикалық қаһарман өз басынан өткен өмір сабақтары арқылы тұтас бір кезеңді, кеңестер одағы деп аталатын қоғамдық жүйенің тыныс-демін, шынай келбетін, дәуір дидарын кең панорама арқылы ашқан. Лирикалық кейіпкер өткен өткелдерде отыз жеті-отыз сегізінші жылдардағы
қызыл қырғын – репрессияның, аштық пен тапшылық-жоқшылықтың, соғыс өрті шалған тылдағы елдің сұрқай тіршілігінің, соғыстан соңғы жылдардығы қалт-құлт еткен қырдағы ауыл мен ойдағы ауылдың тал қармаған тырбануларының, тың игеру жылдарындағы орталықтың жүргізген озбыр саясатының, т.б. Қазақ елі үшін ылғи қайғы мен қасірет әкелген диктатуралық өктемдіктің озбырлығын нәзік астарлаумен, жеке адамның қоғамдағы дәрменсіз, әрі бишара тірлігін мегзеумен, жанкештілік пен төзімділікті ғұмырына серік еткен адамдардың ғажап қайсарлығын дәріптеумен бейнеленген.
Ежелгі «Елім-ай» әнімен сарындас, одан соң араға ғасырлап салып отарлық езгіге түскен елдің мұң-зарымен Дулат, Мұрат, Шортанбай, Әбубәкір т.б. ақындардың жырларымен үндес поэма Қадір Мырза Әлидің қаламынан «Зман-ай» деген атпен дүниеге келді. «Заман-ай»-дың «Өткелдер»-мен сабақтасатын тұстары көп, дегенмен бұл бұрынғы өткен өткелдерден де ауыр кезеңді, елдің социалистік жүйе күйреп, капиталистік жүйеге бейімделе алмай жатқан өтпелі шақтағы әлеуметтік-психологиялық ауыр халін суреттейтін туынды. «Заман-ай»-дың жалғасы іспетті «Бес жыл өткен соң» поэма тәуелсіздік алған Қазақ елінің алғашқыда қандай қиындықтар құрсауында қалғанын, қираған, күйреген дүниелердің бәрін сырып тастап, орнына зәулім сарай орнатпақшы болып жатқан адамдардың жанкешті еңбектерінің қаншалықты қымбатқа түсетінін бағамдап-пайымдатуды мақсат тұтқан.
«Заман-ай» - «Пролог немесе өң мен түстің арасы», «Жоқшылық һәм қымбатшылық», «Табиғат және тасырлық», «Ұрлық-қарлық», «Бұрын-соңды болмаған бұзақылық», «Рухани өмір яки өнер дүниесі», «Эротика және секс», «Пұшайман перзент,жетім ел»,
« Бұқара және партократия», «Жанталас және Желтоқсан», «Жер дауы және жан ашуы», «Одақ және отаулар», «Алаңдар және адамдар», « Эпилог немесе шамырқану» атты бірнеше тараудың – тақырыптың басын қосқан кесек дүние.
Қадыр Мырза Әлидің «Заман-ай!» поэмасы – ақындық көңіл-күй мен азаматтық жауапкершілік астасқан, перзенттік парыз бен ұлттық мүдде тоғысқан, өмір-болмыстағы оқиғалар, құбылыстар мен өнер-тағдырдағы көркемдік ізденістер жымдаса өрілген кесек туынды, келісті шығарма екендігі иланымды дәлелденген.
Қадыр Мырза Әлидің «Заман-ай!» поэмасына негізгі арқау, тін, өзек етіп алған тақырыбы осы бір ел басындағы ерекше тақыметті кезең, өтпелі шақ, ауыспалы заман тудырған мың сан сауалдардан бастау алған. Тарихи зердені оятып, өткенге үңілтіп, ұлттық сананы сілкілеп, бүгінгі күннің сабақтарын таразылап, оқырманмен сырласа отырып, ертеңге, болашаққа барар жолда нені тиянақ тұтуды, нені қасиет тұтуды бағамдатады. Бұл туындының бұрынғы жылдардағы « Зар заман ақындарының» шығармаларына қатты үндесетін тұстары да бар, сонымен қоса олардан ерекше айырмашылығы, өзгешелігі де көп. Анау Асан қайғы мен Бұқар жыраудан бастап Мұрат, Дулат, Шортанбай, Әбубәкір Кердері тіпті Албан Асан шығармашылықтарындағы сарын – жол таппай дағдару, тұйыққа тіреліп торығу, жарқын күндердің қайта туатынына сенбей, күдер үзу сарыны еді. Ал «Заман-ай!» поэмасында үзіліп бара жатқан үмітті жалғау, кешегінің кесапатты кеселдерінен арылу, рухани құндылықтарды аяқасты етпей, асылды танып, аялау, өткендегі жіберген қателіктерімізді түзеу, жаңа қоғамға жаңарып, тазарып, түлеп бару идеясы басым тұр. Поэма бірыңғай өкінші-өксікке құрылғанда «ескі сарынның» көлеңкесінде қалып қояр еді. Ел басына ауыр күндердің туғаны рас; қазақ ауылдан қалаға қарай жөңкіліп, қапшық арқалап, базар кезіп кеткені рас; рухани құндылықтардың қирап-күйреп қалғаны да рас – бірақ, осының бәрінен тек қана қазаққа тән төзім мен шыдамның, қайрат пен жігердің арқасында, сүрінбей өтіп, бірте-бірте ес жиып, еңсе тіктеп, елдігімізді сақтап қалғанымыз тағы да тарихи ақиқат. «Заман-ай!»-дың ту тіккен шоқтықты тұсы – елдік мұрат, ұлттық мүдде. Поэма сонысымен де құнды, қымбат.
«Заман-ай!»-да өтіп кеткен жылдардың жанды куәгерлері бастан кешкен қилы психологиялық иірімдер, қамырықты көңіл, қапалы хал-ахуал, алданған сенімдер, адасқан армандар т.б. әртүрлі сергелдеңдердің, күйзелістердің қалдырған ізі, салған жарасы, түсірген таңбасы суреткерлік шеберлікпен көркем жеткізілген.
Өмірдегі өтіп жатқан оқиғалар тізбегін баяндап шығу бір басқа да, сол өмірде адамдар өткен өткелдерді олардың жан-дүние тебіренісін, тербелісін дөп баса отырып суреттеу әлдеқайда қиын. Әсіресе, бұл поэзиялық көлемді дүние – дастанның көтеретін жүгі болғандықтан тіптен жауапты. Ал «Заман-ай!» поэмасы сол талаптың биік деңгейінен көрінген шығарма.
Кітапта «Заман-ай!»-дың заңды жалғасы іспетті «Бес жыл өткен соң» атты поэма бар. Бұл – еліміз егемендікке, тәуелсіздікке ие болғаннан кейін бес жыл өткен соң жазылған алғашқы поэзиялық кесек туындылардың бірі.
Сарай емес, // қора емес, // қоғам құлап, //
Қалды астында талай ел, // талай халық! //
деп Қадыр ақын бұдан бес жыл бұрынғы тарихи жағдайды ой елегінен өткізеді де, бес жыл аралығындағы тапқанымыз бен жоғалтқанымызды, ұтқанымыз бен ұтылғанымызды, кері кеткеніміз бен ілгерілегенімізді сарапқа салады.
Кітаптағы «Парламент», «Күдік» поэмаларында да жоғарыда қозғалған ой-тұжырымдар әр қырынан келіп ашылған. Тіл, діл, рух дейтін өзекті мәселелерге ақын жиі айналып соғып отыратынын байқаймыз.
Қадыр Мырза Әлидің «Заман-ай!» кітабының соңында тұтас дүниенің қорытындысы, соңғы сөзі іспетті ақынның елбасыға жолдаған хаты – « Ел сәлемі» беріліпті. Кезінде стол тартпасында жатып қалмай, мерзімді баспасөз арқылы жалпақ жұртқа жария болған «Ел сәлемі» - Президентке хат оқырмандарының назарындағы шығарма. «Қадыр ақын ел ішіндегі жағдайды президентке қалай айтып жеткізеді екен?-деп ынтызарлықпен, құштарлықпен оқығанбыз. Бұл – бір тағдырлы шығарма. Өткен ғасырдың отызыншы жылдарындағы ашаршылық қарсаңындағы Ғабит Мүсірепов бастаған бесеудің әйгілі хаты, Тұрар Рысқұловтың Сталинге жолдаған екі хаты, т.б. ойға оралады. Ол хаттар қара сөзбен жазылса, бұл хат өлеңмен жолданған...
«... Биыл мен біраз аралап қайттым. Ел ішін // Шындықты айту шынымен қиын кей кезде, // Өтірік айту одан да қиын мен үшін!» - деген ақын сөзіне иланасыз.
Гүлге де бөлер келешек ұрпақ құмайтты,
Замана бірақ біздерді бұрын мұңайтты.
Президенттің жүгі қашан да ауыр – білеміз,
Перзенттік парыз одан жеңіл деп кім айтты?! - деп ол тамаша философиялық топшылаумен тоқтаған. «Елдің сәлемі» - басы артық бос сөзден, қызылды-жасыл бояудан ада, ел перзентінің ел президентіне ақтарған сыры, жеткізген базынасы, жолдаған тілегі.
Біреулер «Ел сәлемінен» азулы сын, өткір ұсыныс, нақты проблема іздеп басын қатыруы да мүмкін. Біріншіден, бұл хат үлгісінде жазылса да, кәдімгі Елбасыға күнде жолданып жататын жүздеген хаттардың жөні де, табиғаты да бөлек. Екіншіден, бұл публицистикалық шығарма емес. Көсемсөздің көтеретін өз жүгі бар. Кемшіліктер мен қиыншылықтардың түр-түрін санамалап, көзінен тізіп шығуды да мақсат тұтпаған. Үшіншіден, бұл – поэзиялық шығарма. Оны Президент түсінбей қала ма деп тым қарабайыр баяндаудан да қашқақтаған. «Ел сәлемі» - бір күндік сәлем емес, тарихта қалатын көркем туынды болғандықтан, барлық поэтикалық бояуы мен нақышы сақталған. Арада көп жылдар өткеннен кейін де қайталап оқып, қайсар ойдың қайнарына қанып, тұщынуға болады.
Қадыр Мырза Әлидің «Заман-ай!» атты кітабына енген қадау-қадау поэмаларға арнайы тоқталып, талдап-таразыланған. Автор бірді-екілі туындыларға арнайы тоқталмаса да, бұлардың бәрі біртұтас дүние болып бірігетінін, тіпті бірі екіншісіне қатысты, бірін екіншісі толықтырып, байытып отыратынын аңғартқан. «Махаббат» атты поэмада: «Махаббат ол – ішетін іздеп жүріп, // Теңдесі жоқ сусыны тіршіліктің!» - дейтін тармақтар бүкіл туындының идеялық тұтқасы іспетті екенін атап өткен. Негізі, адамның өмір-тіршілігі мейлі қандай қоғамда, мейлі қандай заманда, мейлі қандай өткелдер мен асуларда өтсін, махаббатсыз мәні жоқ екенін ежіктеп түсіндіру артық. Қ. Мырза Әлидің, ендеше, кілең заманауи зар мен дәуірлік дүрбелең оқиғаларды суреттейтін шығармаларының ортасынан ойып тұрып «Махаббат» дастанына орын беруін кітаптың мазмұндық, композициялық арқауы мен көркемдік желілерін шеберлікпен өргендігінің дәлелі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет