Дістемелік кешені


Кітапта «Бүгінгі ауыл» атты жон арқаңызды шымырлатып, жүйке тамырларыңызды ширықтырып отырып оқитын бір өлең бар



бет23/73
Дата05.12.2022
өлшемі0.63 Mb.
#466476
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   73
tzha keshen-2022-2023

Кітапта «Бүгінгі ауыл» атты жон арқаңызды шымырлатып, жүйке тамырларыңызды ширықтырып отырып оқитын бір өлең бар. Көп өлеңнен кейде бір өлеңді бөліп алып талдауға, таразылауға айрықша себеп болуға тиіс. Біріншіден, ауыл десе, қолына қалам ұстайтын қазақтың қабырғасы қайыспайтыны кемде-кем. Екіншіден, ауыл – біздің анамыз еді ғой, көзі жасаурап, орамалын бұлғап, қалаға кетіп жоғалған ұлдарын күтіп жүрген сияқты. Үшіншіден, еліміз егемендігін, тәуелсіздігін алса да, он жылдан аса уақыт өткенше ауылға мемлекет көңіл аудармады. Ауыл әл-дәрмені кетіп, қансырап, аузына су тамызатын жанды күтіп, жаралы күйде жан тапсыруға шақ қалған. Ал мына «Бүгінгі ауыл» атты өлеңде сол кезеңнің суреті бар.
Бет бұрдың ба, // шынымен жоғалуға, -
Күшім жоқ па тоқтатып, доғаруға.
Ауыл – менің қазынам асыл жиған,
Неге менің қазынам тоналуда! .
Бұл – қаңыраған, қаусаған, тоналған, басынан базары ұшқан ауылдың бір қырынан қарағандағы көрінісі ғана.
Тұрсаң-дағы жаңылмай сабырыңнан,
Сырқырайды сүйегім шағымыңнан.
Тамыры едің шын Қазақ рухының,
Жатырсың ғой қиылып тамырыңнан .
Бұл – тұтас ұлт зиялыларының атынан, ауыл-ананың ақ сүтін еміп өскен ұрпақтың атынан және де сол ауылдағы ақжарқын, ақкөңіл, адал азаматтардың атынан айтылған сөздің қорытпасы.
Қаңырап тұрған үйлердің есіктер –
Аузындай адамның аңырап тұрған! .
Бұл – тек ақын ғана айта алатын, көркем сөздің, өлең сөздің құдіретімен ғана өрнектелетін, найзағай жарқ ете қалғанда, күллі аспан әлемін, жер әлемін көз қарықтыратын жарығымен орап өткенде, көз алдымызда мәңгі өшпестей әсер қалдыратын сәтіндегідей, қайталанбас қас қағым.
Міне, бір өлеңнің бойына ой, сезім, образ атаулыны түгелдей тоғыстырудың бір мысалы.
«Тағдырлы жылдар жырлары» кітабындағы бір шоғыр өлеңдер тікелей азаттық, бостандық, тәуелсіздік тақырыбын қозғайды. Бұл өлеңдер жеке топтастырылып, арнайы бөлімге бөлінбесе де, қай кезде дүниеге келгені, қандай көңіл-күймен жазылғаны оқи бастағаннан-ақ белгілі.
Тәуелсізбін! –
Танып тұрмын өзімді.
Ұшырамын қанат байлап сөзімді.
Ешкім енді көкірегімнен итеріп,
Ешкім енді шұқымайды көзімді» .-дейді ақын.
Тағдырлы өлеңдердің бірі – «Бостандығым туралы сөз». Бұл өлең тағдырлы болатын себебі – егер еліміз тәуелсіздік алмаса, бодандықтан бостандыққа шықпасақ, ешуақытта жазылмас еді. Ойша орайластырып, қиялмен қиыстыруға көнбейтін өлең. «Бостандығым» деген сөзді айта алмай Махамбет ақын арыстандай арпалысып өткен, «Бостандығым» деген сөздің шын қуатын Мұқағали да сезіне алған жоқ... Арғы-бергі ақындарды түгендеу мақсат емес, осы «Бостандығым» деген сөзді айту бақыты бұйырған ұрпақтың атынан сөз алған Темірхан ақын қатардағы қоңыр өлең емес, образға оранып, өлең сөзбен сомдалған Бостандықтың бейнесін мүсіндеп шыққан:
Қарашы оған кетеді адам аяп.
(Айттым мұны тұрсам да қаламай-ақ!) –
Бостандығым келіп тұр, Бостандығың!
Жалақ ерін
Жалаңбас,
Жалаңаяқ! .
Бостандық бейнесі, біріншіден, адам жанында аяушылық пен мейірімді оята отырып сомдалған. Екіншіден, тағлым мен өнеге тарататын дәстүрлі қазақ поэзиясының көркемдік тәсілдері сәтті қолданылған. Үшіншіден, азаттық, бостандық, тәуелсіздік идеясының жеңісі шағын ғана өлеңнің бойында шымыр-шымыр қаййнап, шыңдалған. Сондықтан да бұл өлең ұзақ уақыт есте сақталады, қайталанбайды, дара, дарынды.
Т. Медетбектің әрбір өлеңінде мұң мен шердің сығымдалған сықпасы жатады. Соған қарамастан, лирикалық кейіпкер жылауық емес, күйреуік емес, ол-күрескер, рухы күшті қаһарман. Ақын оқырманына ой салғанда, көңіл-күйін баурағанда, шарасыздықтың шырмауына шырматылып қалғанды ұнатпайды, бұзып-жарып тұйықтан шығатын жолды, итеріп-еңсеріп қамалдың қабырғасын қақырататын қайрат-күшті табады.
Бұл кітапқа топтастырылған жырлар жылы ұяда мәпелеуден туған сары үрпектер емес, от пен жалынның ортасында, қиындықтар мен қысастықтар құрсауында, сілкіністер мен серпілістер кемерінде дүниеге келген тастүлектер.
Т. Медетбектің өлеңдерінде лирикалық кейіпкердің яки лирикалық қаһарманның тұлғасы күрделі де қиын өткелдердегі ой-сезім шарпысулары, қайшылықты қақтығыстар, сұрапыл ағыстар, болжаусыз уақиғалар үстінде сомдалған. Бұл кітаптағы жырларда азаттық пен бостандықты баянды ету жолындағы мәңгілік майданның, күрестің, тартыстың сарыны, үні, әуені бар. Буырқанған теңіз-тіршіліктің дем-тынысы бар. Өрекпіген өр толқындарын тағдыр-жартасқа ұрғылаған өлеңнің өз мінезі бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   73




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет