Дјне тјрбиесініѕ теориясы мен јдістемесі


Қатаң уақыт тәртібімен жаттығу әдістері



бет27/36
Дата07.02.2023
өлшемі396 Kb.
#469228
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36
ДӘНЕ ТӘРБИЕСІНІҢ ТЕОРИЯСЫ МЕН ӘДІСТЕМЕСІ

Қатаң уақыт тәртібімен жаттығу әдістері. Жаттығу кезінде көп қайталанып күш түсіру мен тынығуды алмастыра орындайтын қимыл-әрекетті біз қатаң уақыт тәртібімен жаттығу әдістері деп атаймыз.
Қатаң уақыт тәртібімен жаттығу әдістерін пайдалану: күш түсіру көлемін қатаң мөлшерлеу, әр түрлі дене қуатының қасиетін дамыту және жаттығулармен әрбір дене мүшесіне әсер ету, дене тәрбиесі процесінде жеке үйретуді пайдалану арқылы жүзеге асады.
Кез келген күрделі жаттығуларға үйрету; дене тәрбиесі жаттығуларын әр түрлі топтағы адамдар арасындағы өткізілетін сабақтарда пайдалану.
Қимыл-әрекетке үйрету әдістері. Қимыл-әрекеттердің күрделілігіне қарай тұтас та, бөлшектеп те үйретуге болады. Тұтас үйрету әдісі жаттығуларды бөлшектемей толық үйрету мынадай жағдайларда қолданылады: 1. Қарапайым қимыл-әрекетке үйрету кезіңде. 2. Дене қуаты және тәсілдік дайындығы жоғары оқушылармен жаттықтыру сабақтарында. 3. Қимыл-әрекетті бөлшектеп үйретуге болмайтын, бөлшектесе тәсіл негізінің сапасы болмайтын жағдайда. 4. Бұрын үйренбеген жаттығуларды жетілдіруде. Жаттығуларды бөлшектей үйрету әдісі кезінде қимыл-әрекеті бөлшектеп жеке-жеке меңгеріп, сонан соң бәрін қосып толық қайталайды (мысалы, снарядтардағы гимнастикалық әдістерді жан-жақты үйрену т.б).
Күрделі қозғалыс тәсілін үйренуді жеңілдету үшін жақындататын жаттығулар қолданылады. Жаттығулар тәсілі күрделі жаттығудың бөлшектеріне ұқсас болып келеді. Бұл жаттығулар тұтас орындалғанда оқушыларға түсінікті және қолайлы болуы керек.
Дене қуатының қасиетін дамыту әдістері. Дене қуаты қасиетін дамытуға бағытталған жаттығулардың қатаң уақыт тәртібі әдістері әр түрлі формадағы күш түсіру мен тынығудың түрлерін ұштастыру мүмкіндігіне байланысты қолданылады. Күш түсіру дегеніміз дене тәрбиесі жаттығуларымен адам организміне әр турлі көлемде әсер ету. Күш түсірудің шамасы оның қарқындылығымен көлеміне байланысты. Күш түсіру көлемі — орындалған дене қуаты жұмысының саны.
Күш түсіру қарқыны — белгілі бір уақытта дене тәрбиесі жаттығуларын тездете орындау. Күш түсірудің ішкі және сыртқы қарқыңдық көрсеткіштері болады.
Сыртқы көрсеткіш - қозғалыс жылдамдығы, спорт ойындарындағы ойын қарқыны т.б. қарқын ішкі көрсеткіштеріне жүректің соғу жиілігі, белгілі бір уақытта күш жұмсау өлшемі т.б. жатады. Адам организміне әсер ету көлемі жағынан күш түсіру кіші (жүрекгің минөтіне 130 рет соғуы), орта (жүректің минөтіне 131-155 рет соғуы), үлкен (жүректің минөтіне 156-175 рет соғуы), қатты (176-190 және одан да қаттарақ соғуы) болып бөлінеді.
Бұлшық еттің жұмысына байланысты күш түсіру стандартты және ауыспалы болып келеді. Стандартты күш түсіру — бұлшық еттің белгілі бір уақытта жаттығуды орындаудағы тұрақты қарқынды жұмысы. Ауыспалы күш түсіру — бұлшық еттің жаттығуды орындаудағы қарқынның өзгеруі (ол жоғары немесе төмен болып өзгеруі мүмкін). Күш түсіру әрқашанда тынығумен кезектесіп отыруы керек. Тынығу аралықтарының үш түрі бар. Олар: қарапайым, қатаң және төтенше. Қарапайым немесе толық тынығу деп келесі қайталап күш түсіру алдында организмнің жұмыс қабілетінің толық бастапқы қалпына келуін айтамыз. Қатаң тынығу дегеніміз — келесі қайталанатын күш түсіру жаттықтырушының организмінің жұмыс қабілетінің толық бастапқы қалпына келмеген кезде қайталануы. Төтенше тынығу аралығы дегеніміз — келесі күш түсіру организмінің жұмыс қабілетінің көтерілген кезіне, жаттығушының өзіндік дайындық ниетінің толық көрінген кезіне тап келуі. Мазмұны жағынан тынығу бәсең және белсенді болып екіге бөлінеді. Белсенді тынығу — спортшының алдыңғы жаттығуға қарағанда қарқыны аз түріне көшуі (мысалы, жүгіруден соң ақырын жүру).
Дене қуатының қасиетін дамыту жолында мынадай әдістер қолданылады: біркалыпты орыңдау (стандартты) әдісі. Бұл әдіс жаттығуларды үзбей, ұзақ уақытта, бір қарқында орындауды талап етеді (мысалы, ұзақ уақытта бірқалыпты жүгіру, жүзу, ескек есу және т.б.). Күш түсіру бұл кезде жоғары деңгейдің 70 процентінен аспауы керек (жүрек соғуының жиілігі минөтіне 130-150 рет). Ұзақ уақыт бірқалыпты істелген жұмыс жүрек кан тамыры және тыныс алу жүйелерін нығайтып, организмнің жалпы төзімділігін дамытады.
Өзгермелі орындау әдісі: бұл әдіс жаттығуды орындау кезінде өзгеріп отырады (мысалы, 400 метр "қашықтыққа жүгіруде жылдамдық 100 м 1/2 жартылай күшпен, 100 м қатты қарқында — 100 м еркін, 100 м 3/4 күшпен орындалып отырылады). Өзгермелі орындау әдісінің көмегімен біз жалпы төзімділікті және жылдамдық төзімділігін дамытамыз, жігерлікке тәрбиелейміз.
Қайталап орындау әдісі. Бұл әдіс кезінде жаттығуды орындау көп қайталанылады, аралықтағы тынығуда организм толық бастапқы қалпына келуі қажет (мысалы, қысқа қашықтыққа өте жоғары жылдамдықпен қайталап жүгірген кезде, аралық тынығу толық болуы қажет. Қашалап орындау әдісі күшті, жылдамдықты және күш жылдамдығын, жылдамдық төзімділігін дамытады.
Тәжірибеде қайталап орыңдау әдісінің бірнеше түрі кезігеді. Мысалы, циклді жаттығуларды орындау кезінде мынадай түрлері алдан шығады: а) тұрақты бірдей қашықтықтарға жүгіру (7x100 м); ә) біртіндеп ұзартылып отырылған қашықтыққа жүгіру (200x400x600x800); б) біртіндеп қысқартылған қашықтыққа жүгіру (800x600x400x200); в) біртіндеп ұзартылған, сонан соң қысқартылған қашықтыққа жүгіру (200х400х600хх600х400х2). Интервалды орындау әдісі. Бұл әдістің мәнісі көп рет қайталанған жаттығудың орыңдалу қарқыны жоғары болуында (минөтіне 160-180 рет жүрек соғу жиілігі), Жаттығуларды орындаған соң тынығу кезіндегі жүрек соғуы минөтіне 120-140 ретке жеткенге дейін созылады да, сонан соң жаттығу қайталанады. Тынығу белсенді немесе бәсең болуы мүмкін, жаттығу сериялы орындалады (мысалы 7x200). Бұл әдістің көмегімен жедел мерзімде жалпы және арнайы төзімділік қасиетін дамытуға болады.
Жоғарыда аталған әдістер дене тәрбиесі тәжірибесінде топтастырыла, жіктестіріле қолданылады (мысалы, стандартты интервалдық жаттығулар әдісі, өзгермелі-интервалды жаттығулар әдісі т.б.). Осындай әдістерді топтастыру тәсілдері организмнің функционалды мумкіндіктерінің өсуіне тиімді әсер етеді және кең көлемде дене қуаты қасиеттерін дамытады.
Шеңберлі әдіс. Спорт зал мен спорт алаңдарында шеңбер бойынша орналасып "станцияларда" орыңдалған жаттығуларды, яғни сериялы орындауды шеңберлі жаттығу дейміз.
"Станцияларда" (саны 6-10 болуы мүмкін) қарапайым, үйренген бір жаттығу орындалады (мысалы, штанганы иықта ұстап отырып-тұру, аспа темірде тартылу және т.б.). Жаттығуды орындау саны әрбір ''станцияда" жеке тағайындалады. Бір сабакта "шеңберді" бір реттен үш ретке дейін түгел немесе тынығу аралығымен өтеуге болады. Шеңберді бір айналып жаттығуды орындау уақытын, тынығу аралық уақытын, жаттығуды қайталау санын мөлшерлеп белгілеу қажет. Шеңберлі жаттығудың бірнеше түрі бар: 1-вариант: жаттығуларды ұзақ, үзбей орындау әдісі. Сабақ үзіліссіз, шеңбер бойынша бірден үш ретке дейін қайталана орындалады. Сабақ міндеті — жалпы және арнайы төзімділікті дамыту. 2-вариант: интервалдық әдіс бойынша. Жатттығуларды орындау аралығындағы тынығу қатаң интервалды. Күш және жылдамдық күш төзімділігін тәрбиелеуге қолданылады. 3-вариант: стаңдартгы жаттығулар әдісі бойынша, тынығу аралығы қарапайым немесе толық тәсілмен өтеді. Күшті жане жылдамдықты тәрбиелеуге қоланылады. Шеңберлі жаттығу өткізу алдында жаттығулырды топтап жүйелеп алады, "станциялардың" орны белгіленеді және жаттығуларды орындау мөлшері тағайындалады.
Оның әдісі. Дене тәрбиесі процесінде спорттық және қозғалмалы ойындарды қолдану — ойын әдісі деп аталады, Ойын әдісінің мынадай өзіндік ерекшеліктері мен белгілері бар: 1. Белгілі бір мақсат (жеңіске) жету үшін ойынның жоспары және тәртібі арқылы ойнаушыларды ұйымдастыру. 2. Ойын әрекеттерінде бәсекелестік, жеңіске деген талас пен эмоциялдық сезім. 3. Ойын барысында өз бетімен қимыл-әрекетке шешім қабылдау (ойынға қатысушы жүгірудің, секірудің, лақтырудың жолын өзі таңдайды). 4. Қимыл-әрекеттердің алуан түрлілігі, олардың ойын барысында, әр түрлі жаттығуларда кенеттен пайда болуы. 5. Ойын барысындағы ойынға қатысушылардың әр түрлі қарым-қатынастары. Ойын әдісінің көмегімен дене қуаты қасиетгерін (күш, төзімділік, шапшаңдық, ептілік) комплексті дамытуды бұрын үйренген қимылдарды жетілдіру және оқушылардың өзіндік қасиеттерін тәрбиелеуді (батылдық, тапқырлық, ұйымдастырушылық, өз бетімен шешім қабылдаушылық) және бұдан басқа да көптеген мақсаттарды жүзеге асыруға болады.
Жаттығуларды ойын әдісімен жүргізу оқушыларды қызықтырып, жақсы әсер қалдырады, бірқалыптылықтан құтқарады. Ойын әдісінің бір кемшілігі күш түсірудің мөлшерін дәл біле алмайтынымызда.
Жарыс әдісі. Дене тәрбиесі жаттығуларын жарыс, бәсеке түрінде орындауды жарыс әдісі дейміз. Жарыс әдісінің ең негізгі белгісі – біріншілікті жеңіп алу үшін бәсекелесу. Күрес жағдайында – күш сынасу немесе жоғары көрсеткіштерге жету. Бұл әдіс әр түрлі мақсаттарды орындауға пайдаланылады. Мысалы, адамгершілік, жігерлілік, дене қуаты қасиетін тәрбиелеу, күрделі жағдайда қимылдың ептілігі мен дағдысын жетілдіру. Бұл әдістің міндетті шарты: бәсеке жаттығуларына оқушылар мұқият дайындықпен келуі керек, әйтпесе олардың денсаулығына келуі кәдік.
Сөз қолдану әдісі. Қозғалысқа үйрету процесінде жеке дене қуаты қасиетін тәрбиелеуде сөз қолдану әдісінсінсіз табысқа жету мүмкін емес. Сөз қолдану әдісі үш топқа бөлінеді: 1. Баяндау, әңгімелесу, түсіндіру әдістерінде сөз оқушыларға білім беру мақсатында пайдаланылады. 2. Бұйрық беру, тапсырма, нұсқау беру әдістері жаттығушылардың әрекеттерін басқаруға пайдаланылады. 3. Талқылау, бағалау әдістері жаттығушылардың әрекетін талдауға, баға беруге арналған.
Енді осы әдістердің маңызына және оларды қолдану ерекшеліктеріне тоқталайық. Баяндау – теориялық бір түсінікті айтуға, ойын кезіндегі қозғалыс әрекетін түсіндіруге, спорттық жаңалықтарды хабарлауға пайдаланылады. Оқушыларды жаттығуды орындау техникасымен таныстыруға түсіндіру әдісі қолданылады. Оқушылардың білімін, бір нәрсеге құштарлығын білу, ойлау қабілетін дамыту, белсенділігін көтеру үшін әңгімелесу әдісі қолданылады.
Қысқа да бұйрықты раймен белгілі бір істің, қимылдың бұлжытпай орындалуын талап ете сөйлеу түрін бұйрық дейміз. Бұйрық саптық (әскери) және төрешілдік (старт беру кезіндегі бұйрықтар) төрешілердің бұйрық сөздері болып бөлінеді. Бұйрық ұжымдық (коллективтік) әрекеттерді ұйымдастыруға қолданылады. Мысалы, жаттығуды орындауға берілетін бұйрықтар жаттығушылардың саптағы әр түрлі қозғалыстары т.б.
Қысқаша айтылып, бұлжытпай орындалуды талап ететін сөз әсерін – нұсқау беру деп атаймыз. Бұл әдіс көбінесе қозғалысқа үйретуде қолданылады. «Жылдамдат», «тездет», «асықпа», «еркін жүр» т.с.с. нұсқаулармен мұғалім қимыл-қозғалысты бақылап отырады. Белгілі бір тапсырма орындалған соң (мысалы, ойын) талдау жасалады. Талдаудың көмегімен қателер, оларды түзету жолдары көрсетіледі, келешектегі оқу-дайындық әрекетінің сипаты, бағыты белгіленеді. Қимыл-әрекет орындалып болғаннан соң, оған «жақсы», «жаман», дегендей ауызша баға беріледі.
Көрнекті ықпал ету әдісі. Бұл әдістер жиынтығы көру, есту және үйренетін жаттығудың қимылын қабылдауды қамтамасыз етеді де, үш топқа бөлінеді: а) көру көрнекілігі әдістері; ә) есту көрнекілігі әдістері; б) қимыл көрнекілігі әдістері. Көру көрнекілігі әдістеріне жататындар: үйренетін қозғалысты оқушының (немесе оқытушының тапсырмасымен оқушының) көрсетуі. Көрсету кезінде оқытушы мынадай әдістемелік талаптарды басшылыққа алуы керек:

  1. Көрсетудің мазмұны сөз қолдану әдісімен қатар жүруі тиіс.

  2. Көрсетудің мазмұны, үйретудің мақсатына сәйкес келуі қажет: а) бірінші рет жаттығу тәсілін көрсеткенде ол стандартты түрде, оқушыларға түсінікті деңгейге толық орындалуы керек; ә) үйрету кезінде оқушылар қиын элементтері жақсы игеруі үшін қозғалыс толық немесе бөлшектеліп, жай өз қарқынында немесе баяу қарқында көрсетіледі; б) жетілдіру кезеңінде оқытушы жаттығуды жоғары дәрежедегі спорт шеберлері орындағандай көрсетуі керек, ол оқушыларды ынталандырады, сол деңгейде орындауға ұмтылдырады.

  3. Жаттықтырушы жаттығуды көрсеткенде спорт залының, алаңның ең қолайлы, оқушылардың бәріне көрінетін, өзі де жаттығуды орындалуын бақылай алатын жерді таңдап алуы керек.

  4. Қарапайым, жалпы жетілдіру жаттығуларын көрсеткенде «айна тәсілін» қолданған жөн.

  5. Оқытушы көрсетуді өзі орындай алмайтын жағдайларда: а) денсаулығына байланысты ә) көрсету кезінде дене қалпы жаттығуды түсіндіруге ыңғайсыз болса (мысалы, баспен төмен қарап тұрса); б) жаттығуды орындағанда мүмкін болатын қателіктерді оқушының өзі арқылы көрсету керек болса, көрсетуді жақсы дайындығы бар оқушыға тапсыруына болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   36




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет