ДҮниежүзілік сауда ұйымы


Саудадағы техникалық кедергілер, стандарттар мен сертификаттау



бет26/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   78

Саудадағы техникалық кедергілер, стандарттар мен сертификаттау


(а) Заңнамалық база


  1. Қазақстан өкілі техникалық реттеу, стандарттау және бағалау жүйесін сәйкестендіру бойынша елдің заңнамалық базасы 2010 жылдың 1 қаңтарына дейін ұлттық заңнамамен реттелгендігі туралы хабарлады. Осы уақытта, Кеден одағының (КО) халықаралық келісімдері, КО өзге құқықтық құжаттары да қолданыла бастады. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап КО құқықтық құжаттары ЕАЭО техникалық регламенттері болып табылатын КО техникалық құжаттарын енгізе отыра, ЕАЭО заңнамалық базасына енгізілді. Аталған заңнамалық база ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумақтарында айналымда болатын белгілі бір тауарлар, қабылданған техникалық регламенттерге, сондай-ақ техникалық регламенттер ретінде белгіленген санитариялық және фитосанитариялық (СФС) талаптарға сәйкес келуі туралы талап етеді. Атап айтқанда, Қазақстан Республикасы аумақтарында тауарлармен сауда (импорт және ішкі нарықта айналымды қоса отырып), егер тауарлар осы талаптарға сәйкес келмейтін болса шектелетін немесе рұқсат етілмейтін. ЕАЭО мүше мемлекеттері техникалық реттеу саласындағы реттеу жүйесін және өзінің саясатын келісуге және ЕАЭО шеңберінде аталған салада ынтымақтастықты кеңейтуге келісім жасаған. Аталған келісімнің мақсаты ЕАЭО мүше мемлекеттері аумақтарында ЕАЭО жалпы техникалық регламенттері арқылы техникалық ретеу саласында тауарлардың ауысып айналу қатынасында бірыңғай талаптарын қамтамасыз ету болып табылады. Аталған техникалық регламенттер тікелей Қазақстанның аумағында қолданылады және бөлек ұлттық заңнама талап етілмеді. ЕАЭО туралы шарттың және ЕАЭО және Жұмыс тобының өзге құқықтық құжаттарының ережелері саудадағы техникалық кедергілері (бұдан әрі – СТК Келісімі) бойынша келісімінде негізделген және техникалық регламенттер адамдар өмірі және (немесе) денсаулығын, мүлікті, қоршаған ортаны, жануарлар мен өсімдіктердің өмірі және (немесе) денсаулығын қорғау мақсатында тұтынушыларды адастыруы мүмкін іс-әрекеттерді тоқтату үшін, сондай-ақ шикізатты үнемдеу мен энергетикалық тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында қолданылады. Қазақсатнның өкілі ЕАЭО-ның шеңберінде қабылданған және қолданылатын техникалық регламенттер өзге мақсаттарда қолданылмайтынын атап өтті.




  1. Қазақстан өкілі бірыңғай саясатты жүргізудің құқықтық негізі «Техникалық реттеу» Х тарауы және ЕАЭО туралы шарттың
    № 9-11 қосымшалары (бұдан әрі – ЕАЭО туралы шарт) болып табылатынын мәлімдеді. Аталған ережелер 2010 жылғы 18 қазандағы Ресей Федерациясында, Қазақстан Республикасында және Беларусь Республикасында техникалық реттеудің бірыңғай қағидаттары мен ережелері туралы келісімін; және 2009 жылғы 11 желтоқсандағы Кеден одағының кеден аймақтарында сәйкес келудің міндетті түрдегі бағалауына (растауына) жататын өнімді айналымы туралы келісімді, ЕАЭО туралы шарт 2015 жылғы 1 қаңтарынан бастап күшіне енген кезінен ауыстырып, қолданылмайтын болды. 2012 жылғы 20 маусымдағы Еуразиялық экономикалық комиссиясы Одағының № 48 шешімімен бекітілген (бұдан
    әрі – ЕЭК Кеңесінің № 48 шешімі) Кеден одағының техникалық реламентіне өзгерістерді енгізу және алып тастау, қабылдау, әзірлеу тәртібі туралы ереже қолданыста қала береді. 2015 жылдың 1 қаңтарынан ЕАЭО туралы шарттың аталған ережелері және ЕЭК шешімі Қазақстанда келесі салаларда қолданылатын бірыңғай саясатының негізгі құралдарын белгілейді:




  • техникалық реттеу саласындағы ұлттық заңнаманы үйлестіру;

  • техникалық реттеуге жататын өнімге міндетті талаптарды белгілейтін ЕАЭО техникалық регламенттерін әзірлеу және қабылдау;

  • ЕАЭО-ға әрбір мүше мемлекеттің аумағында техникалық регламенттерді әзірлеудің бірыңғай рәсімін жүзеге асыру;

  • стандарттарды үйлестіру және техникалық регламенттерді әзірлеу үшін негіз ретінде тиісті халықаралық стандарттарды қолдану;

  • сәйкестікті бағалаудың бірыңғай нысандарын және қағидаларын қолдану;

  • сынақтан өткізу мен сертификаттау мен сәйкес келтіруді міндетті растау процесіне қатысушыны қоса алғанда өндіріспен, қондырғымен, қалыпқа келтірумен, пайдаланумен (қолданумен), сақтаумен, алып жүрумен (тасымалдаумен), өткізумен және өнімді кәдеге жаратумен байланысты процестерді сәйкестікке бағалаудан өткізу (сәйкестігін растау);

  • сәйкестікке міндетті растау процесіне қатысушы сынақ зертханалары (орталықтары) бойынша сертификаттау (сәйкестігін растау) жөніндегі органдарды аккредиттеу; сондай-ақ

  • өлшемдер бірлігі саласындағы келісілген саясат.




  1. Ол ЕАЭО туралы шарттың «Еуразиялық экономикалық одағының шеңберінде техникалық реттеу туралы хаттама» № 9 Қосымшасының
    7-тармағы ЕАЭО шеңберінде сәйкес келудің міндетті түрдегі бағалауына жататын өнімнің бірыңғай тізімін әзірлеуді қарастыратынын, осыған байланысты ЕАЭО техникалық реламенттерін қабылдауға дейін өтпелі мерзімнің ішінде бірыңғай нысаны бойынша сәйкес келтіру бағасы туралы декларацияны тіркеу және сертификаттап ресімдеу мүмкін. Бірыңғай тізім «Кеден одағындағы техникалық реттеу туралы» КО Комиссиясының
    2010 жылғы 18 маусымдағы № 319 шешімімен бекітілген (бұдан әрі –
    КО Комиссиясының № 319 шешімі), «КО Комиссиясының
    2010 жылғы 18 маусымдағы № 319 Шешімімен бекітілен, КО шеңберінде бірыңғай құжаттарын берумен сәйкес келудің (сәйкестікті растаудың) міндетті түрдегі бағалауына жататын өнімнің Бірыңғай тізімінің жаңа редакциясы туралы» КО Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі
    № 620 шешімімен ауыстырылған (бұдан әрі – КО Комиссиясының
    № 620 шешімімен бекітілен бірыңғай тізбе). Бірыңғай тізбе мыналарға қатысты ЕАЭО мүше мемлекеттерінде мынадай өнімдерді: (i) ұқсас міндетті түрдегі талаптарды белгілейді; (ii) сәйкес келтіру бағасының ұқсас схемаларын қолданады; (iii) өлшеу мен байқаудың ұқсас немесе салыстыруға келетін әдістерін қолдануды қамтиды. Бастапқыда, КО Комиссиясының № 620 шешімімен бекітілген өнімнің Бірыңғай тізіміне 1-ші түсіндірме жазбасының 2-тармағына сәйкес ЕАЭО бірыңғай нысаны бойынша сәйкес келтіру туралы декларация, ЕАЭО аумағының шегінен тыс жерде тұрған шетелдік өндірушілердің тауарларына рәсімделе алмайтын. Дегенмен, КО Комиссиясының № 620 шешімі әдеттегідей мұндай тауарлар үшін ЕАЭО бірыңғай нысанының негізінде сәйкес келтіру сертификатын ресімдеу мүмкіндігін қарастырады. Қазақстанда, Қазақстан Рсепубликасынан тыс жерде өндірілген тауарлар үшін сәйкес келтіру декларациясы «Техникалық реттеу туралы» 2004 жылғы 9 қазандағы № 603 Заңына сәйкес ресімделе алады (бұдан әрі – «Техникалық реттеу туралы» заң).




  1. Жұмыс тобының кейбір мүшелері ЕАЭО аумақтарының шеңберінде орналасқан шетелдік өндірушілер, ЕАЭО аумағында орналасқан өндірушілерге қарағанда КО Комиссиясының № 620 шешіміне сәйкес ЕАЭО бірыңғай нысанымен негізделген сәйкес келтіру туралы декларацияны таңдау бойынша мүмкіндіктерді пайдалануға мүмкіндігі бар екендігі туралы алаңдаушылығын білдірді. Олардың пікірінше, аталған жағдай өзімен кемсітушілікті көрсетеді, ол СТК келісіміне қайшы келеді. Осы аталған мүшелер Қазақстанның ДСҰ-ға кіру кезінде аталған кемсітушілік режимін жоятыны туралы міндеттеме қабылдауын сұрады.




  1. Қазақстан өкілі, СТК бойынша ДСҰ келісіміне және атап айтқанда осы Келісімнің 2.1-бабына сәйкес келтіру мақсатымен, кемсітушілік режим «КО Комиссиясының 2010 жылғы 18 маусымдағы № 319 шешімімен бекітілген бірыңғай құжаттарды берумен Кеден одағы шеңберінде сәйкестікті міндетті бағалауға (растауға) жататын өнімнің Бірыңғай тізімінің жаңа редакциясы туралы» КО Комиссиясының 2011 жылғы 7 сәуірдегі
    № 620 шешіміне өзерістерді енгізу арқылы ЕАЭО аумағынан тыс орналасқан шетел өндірушілеріне ЕАЭО бірыңғай нысаны бойынша декларацияны қолдану арқылы ЕАЭО аумағында импортталатын өнімдерге сәйкес ресімдеу бойынша мүмкіндіктермен қамтамасыз ету мақсатында жойылғанын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемені ескерді.




  1. Қазақстан өкілі ЕАЭО аймағының шегінде орналасқан шетелдік өндірушілер үшін ЕАЭО аймағына импортталған тауарлар үшін сәйкес келтіру сертификатын ЕАЭО бірыңғай нысанының негізінде, сәйкес келтіру декларациясын пайдалану арқылы ресімдеу мүмкіндігін қарастыратын КО Комиссиясының № 620 шешіміндегі өзгерістер, шетелдік өндірушілерге ЕАЭО мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес сәйкес келтіру декларациясын рәсімдеу мүмкіндішіне ықпал етпейді (Қазақстанда «Техникалық реттеу туралы» заңына сәйкес). Қазіргі уақытта КО Комиссиясының № 620 шешіміне сәйкес өнім Қазақстанда немесе ЕАЭО айналымында болатынына байланысты, өтінім берушінің таңдауы бойынша ЕАЭО аймағының шегінде орналасқан шетелдік өндірушілермен өндірілген тауарлардың сәйкес келуі, ЕАЭО бірыңғай нысанының негізінде сәйкес келтіру декларациясы және ЕАЭО мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес сәйкес келтіру декларациясы арқылы ресімделе алады.



  1. Қазақстан өкілі 2010 жылғы 18 маусымдағы № 319 КО Комиссиясының шешімі, сондай-ақ сынақ зертханаларының және сертификаттау бойынша органдардың бірыңғай тізбесіне сәйкес келуді және сынақ зертханаларды растау бойынша орандарды қосу өлшемдерін анықтайды (бұдан әрі – Бірыңғай тізілім) және КО Комиссиясының
    № 620 шешімімен бекітілген Бірыңғай тізілімін және ұлттық уәкілетті органдармен бірыңғай тізбені қалыптастыру және жүргізу режимін белгілейтінін түсіндірді. КО Комиссиясының № 319 шешімімен, сондай-ақ Комиссиясының № 620 шешімімен бекітілген Бірыңғай тізбеде аталып кеткен тауарларды кіргізу туралы Ережені белгілейді. Қазіргі уақытта ЕЭК Алқасының 2012 жылғы 25 желтоқсандағы № 294 шешімімен жаңа «Кеден одағының кеден аймағына Кеден одағының шеңберінде міндетті талаптары белгіленетін өнімін (тауарлардың) әкелу тәртібі туралы Ереже» қабылданған (бұдан әрі - өнімді әкелу тәртібі туралы Ереже). ЕАЭО туралы шартқа «Сәйкес келтіру белгісі бойынша органдарды аккредиттеу бойынша жұмыстардың нәтижелерін тану туралы хаттама» атты № 11 Қосымша,
    2009 жылдың 11 желтоқсанынан бастап сәйкес келтіру бағасы бойынша (растау) жұмыстарды жүзеге асыратын сынақ зертханалар және сертификаттау (сәйкес келтіру (растау) бағасы) бойынша органдардың өзара аккредиттеуін тану туралы келісім ауыстырған, аккредиттеуді өзара тану бойынша ЕАЭО бірыңғай жүйесінің қағидаттарын, ЕАЭО мүше мемлекеттердің аккредиттеу бойынша органдардың өкілеттіктерін, сондай-ақ өзара танудың аталған жүйесін ЕАЭО бірыңғай техникалық регламенттерін ЕАЭО мүше мемлекеттерімен қабылдауы және қолдануымен біртіндеп ауыстыруын күту барысында аккредиттеудің жалпы қағидаттарын қарастырады.




  1. Жұмыс тобының мүшесі Қазақстаннан ЕАЭО аймағына өнімді әкелуді реттейтін ереже туралы толық мәлімет бергенін сұрады. Қазақстан кілі «Өнімді әкелу тәртібі туралы» ереже өнімді әкелудің бірыңғай режимін беглілейтінін түсіндірді, ол мыналарға: (i) Өнімнің бірыңғай тізбесі, оның қатынасында КО Комиссиясының КО Комиссиясының 2011 жылғы
    28 қаңтардағы № 526 шешімімен бекітілен, Кеден одағының шеңберінде міндетті түрдегі талаптар белгіленеді (бұдан әрі – КО Комиссиясының
    № 526 шешімімен бекітілген Өнімнің бірыңғай тізбесі); (ii) КО Комиссиясының № 620 шешімімен бекітілген Бірыңғай тізбесі; (iii) өнімдер тізімдері, олардың қатынасында кеден декларациясының кеден органына жіберілуі сәйкес келуінің міндетті түрдегі талаптарды растайтын құжатты ұсынумен қоса берілуі тиіс. Өнімді әкелу тәртібі туралы Ережеде КО Комиссиясының № 319 шешімімен бекітілен қолданылатын Ереженің ережелері аса толық сипатталады. Өнімді әкелу тәртібі туралы ереже, кеден рәсімдердің тізімін қарастырады, олардың кезінде кеден органдар өнімнің (тауарлардың) міндетті түрдегі талаптарына сәйкес келуін растайтын немесе осындай құжаттар туралы мәліметтер (кері импорт, бос қоймалар, бос кеден аймақтары, уақытша кіргізу, ішкі пайдалану үшін шығару). Оған қоса, «Өнімді әкелуу тәртібі туралы» ереже өнімнің (тауардың) санатын анықтайды, олар үшін өнімнің (тауарлардың) міндетті түрдегі талаптарына сәйкес келуін растайтын немесе осындай құжаттар туралы мәліметтерді көрсеткен талап етілмейді. Аталған санаттар, мысалы, пайдалануда болған тауарларды, сондай-ақ жеке пайдалану үшін немесе ғылыми зерттеулерді жүргізу мақсатында шектеулі мөлшерде әкелінген тауарларды қосады.




  1. Жұмыс тобының мүшесі КО Комиссиясының № 620 шешімімен бекітілген Бірыңғай шешімінің және КО Комиссиясының № 526 шешімімен бекітілген Бірыңғай тізбесінің арасында айырмашылығын түсіндіруді сұрады. Қазақстан өкілі, КО Комиссиясының №620 шешімімен бекітілген Бірыңғай тізбесі, ЕАЭО тиісті техникалық регламенттерін қабылдауға дейін КО аймағында тауарлардың еркін ілгерілетуін қамтамасыз ету үшін уақытша қабылданған болатын. Тізім, ЕАЭО мүше мемлекеттері осы тауарларға қатысты:

  • міндетті ұқсас талаптарды белгілейді;

  • сәйкес келтіру бағасының ұқсас схемаларын пайдаланады;

  • тестілеудің және өлшеудің салыстырмалы және ұқсас әдістерін пайдаланатын өнімдерді қосады.




  1. КО Комиссиясының №620 шешімімен бекітілген, Бірыңғай тізбенің Түсіндірме жазбасына сәйкес, осы тізімге енгізілген өнім үшін өтінім берушінің таңдауы бойынша сәйкес келтіру сертификаттары, немесе ЕАЭО бірыңғай нысаны бойынша сәйкес келтіруі туралы декларацияның немесе ЕАЭО мүше мемлекеттердің ұлттық заңнамасына сәйкес ресімделген сәйкес келтіру туралы декларацияның немесе сәйкес келтіру сертификаттары бойынша ресімделеді. КО Комиссиясының №620 шешімімен бекітілген Бірыңғай тізбеге енгізілген өнім, ЕАЭО мүше мемлекеттерінің біреуінде сәйкес келтіру бағасының рәсімін өткен болса, ЕАЭО барлық аймағы бойынша еркін қозғала алады және мыналарға:

  • ЕАЭО бірыңғай нысаны бойынша сәйкес келтіру туралы декларациялары және сәйкес келтіру сертификаттары берілген;

  • Сертификаттау бойынша орган ЕАЭО сынақ зертханаларының және сертификаттау бойынша органдардың бірыңғай тізбесіне енгізілген;

  • Сынақ зертханалары ЕАЭО сынақ зертханаларының және сертификаттау органдарының Бірыңғай тізбесіне енгізілген шарттарға сәйкес келеді.

Сонымен қатар КО Комиссиясының № 620 шешіміне сәйкес ЕЭК Алқасының 2014 жылғы 13 мамырдағы № 69 шешімімен енгізілген өзгерістермен өтінім берушілер ЕАЭО бірыңғай нысаны бойынша сәйкес келуін растау құжаттар мен немесе ЕАЭО мүше мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес ресімделген сәйкес келуін растау құжаттардың арасында таңдау мүмкіндігі бар екендігі туралы түсіндірді. Алайда, сәйкес келтіру бағасының нысаны ол анық тауар үшін ресімделе алады, яғни ол не сертификат не сәйкес келтіру декларация болады ма, бұл КО Комиссиясының № 620 шешімімен (бұдан әрі – Бірыңғай тізбес) бекітілген бірыңғай тізбесінде белгіленген және ол өтінім берушінің таңдауы бойынша емес. Атап айтқанда, Бірыңғай тізбеде әрбір өнімі үшін сәйкес келтіру бағасының рәсімдерінің нысаны қандай екендігін анықтайтын сілтеме бар: (i) сертификат; (ii) үшінші жақтың қатысу кезінде алынған дәлілде негізделген сәйкес келтіру туралы декларация; (iii) өтінім берушінің жеке дәлелдерінде негізделген сәйкес келтіру декларациясы. Сәйкес келудің бағалау нысаны әрбір өнім үшін адамның өміріне және денсаулығы үшін келтіретін тәуекел деңгейінде негізделген.




  1. КО Комиссиясының № 620 шешімімен бектілген Бірыңғай тізбеге қосылмаған өнім, сәйкес келудің (сәйкестікті растау) ЕАЭО мүше мемлекеттерінің ұлттық заңнамасына сәйкес міндетті түрде бағалауынан өтеді. Осыған байланысты ЕАЭО техникалық регламенттері қабылданған өнім КО Комиссиясының №620 шешімімен бекітілген Бірыңғай тізбесінен жойылады. КО Комиссиясының №526 шешімімен бекітілген Бірыңғай тізбес тауарлар тобын қосады, олардың қатынасында ЕАЭО техникалық регламенттері әзірленуі тиіс болатындығын атап өтті. КО Комиссиясының №526 шешімімен бекітілген Бірыңғай тізбесіне енгзіліген өнім үшін олардың қатынасында әлі де ЕАЭО тиісті техникалық регламенттері қабылданбаған, ЕАЭО мүше мемлекеттері ұлттық техникалық регламенттерді пайдаланбайды. Алайда, ЕАЭО мүше мемлекеттері КО Комиссиясының №526 шешімімен бекітілген, Бірыңғай тізбесіне енгізілмеген өнімнің қатынасында ұлттық техникалық регламенттерді қолданыла алмайды.




  1. Қазақстан өкілі сондай-ақ, ЕАЭО туралы шартының 52-бабының
    1-тармағына сәйкес ЕАЭО техникалық регламенттері КО Комиссиясының
    № 526 шешімімен қабылданған өнімің Бірыңғай тізбесіне енгізілген өнімнің қатынасында әзірлене алады. Аталған тізім өнімнің 61-тобын қосады, оның ішінде: (i) машиналар мен жабдықтар; (ii) төмен вольтті жабдықтар;
    (iii) жоғары вольттік жабдықтар; (iv) газ тәрізді жанармайда жұмыс жасайтын аппараттар; (v) артық қысыммен жұмыс жасайтын жабдық; (vi) ауыл шаруашылық техникасы; (vii) жеңіл өнеркәсіп өнімі;
    (viii) ойыншықтар; (ix) темекі өнімі; (x) жиһаз өнімі; (xi) ыдыс пен орама; (xii) жануарлар үшін жемшөп; (xiii) жеке қорғаудың құрал-жабдықтары;
    (xiv) синтетикалық жұғыш жабдықтары; (xv) ас өнімі; (xvi) көмір және оны өндеу өнімдері және т.б. Аталған тізім жаңа қатерлерді табу кезінде Еуразиялық экономикалық Комиссиясының шешімімен кеңейтіле алады. Осылай, КО Комиссиясының № 526 шешімімен қабылданған Бірыңғай тізбес ЕЭК Кеңесінің 2012 жылғы 23 қаңтардағы № 102 шешімімен өзгертілген. Атап айтқанда, КО Комиссиясының № 526 шешімімен қабылданған Бірыңғай тізбесіне тауарлардың алты тобы қосылған: (i) жанармай ретінде пайдалану үшін төмендетілген көмірсутек газдар; (ii) адамның терісімен байланысатын материалдар; (iii) азаматтық қорғаныс және табиғи және техногендік зілзалалардан қорғаунуға арналған өнімдер; (iv) пайдалану мен тасымалдау үшін дайындалған мұнай; (v) пайдалану мен тасымалдау үшін дайындалған жанатын табиғи газ; (vi) сұйық және газ тәрізді көмірсутектерді тасымалдау үшін магистральдік құбыр. Өнімнің бір тобы – жанармайдың балалмалы түрлері – КО Комиссиясының
    № 526 шешімімен қабылданған Бірыңғай тізбесінен жойылған болатын. Осылайша, қазіргі уақытта, Бірыңғай тізбесі 66 тауар тобын қосады. ЕАЭО тиісті техникалық регламенттері қабылданған емес болатын, сондықтан да № 526 шешімімен бекітілген Бірыңғай тізбесіне енгізілген өнім теникалық ұлттық регламенттер пайдаланылады деп түсіндірді. ЕАЭО мемлекет мүшелері ұлттық деңгейде № 526 шешімімен бекітілген Бірыңғай тізбесіне еенгізілмеген өніміне міндетті түрдегі талаптарды сақтай алмайды.
    № 526 шешімімен бекітілген Бірыңғай тізбесі 18 қосымшасында ұсынылған. Бірыңғай тізімге енгізілген бастапқыдағы өнімнің 61 топтарынан 47, ЕАЭО техникалық регламенттерін қабылдау және әзірлеу үшін өнімнің басым топтары сияқты анықталған. ЕАЭО бірінші кезектегі техникалық регламенттердің әзірлеу кестесі «Кеден одағының бірінші кезектегі техникалық регламенттерді әзірлеу кестесі туралы» КО Комиссиясының 2010 жылғы 8 желтоқсандағы № 492 шешімімен бекітілген болатын (бұдан әрі – КО Комиссиясының № 492 шешімі). 2012 жылдың соңына КО комиссиясның № 492 шеімімен қарастырылған ЕАЭО техникалық регламенттерінің 47 ішінен, 31 техникалық регламенті қабылданған
    (47 техникалық регламенттерінің ішінен). Сол уақытта әлі де әзірленбеген
    16 техникалық регламент ЕЭК Кеңесінің 2012 жылғы 23 қазандағы
    №103 шешімімен (бұдан әрі – ЕЭК Кеңесінің №103 шешімі) бекітілген Кеден одағының 2012-2013 жылдарына арналған техникалық регламенттерін әзірлеуінің жаңа Жоспарына енгізілген болатын. Жаңа жоспар
    29 техникалық регламенттердің әзірлеуін қарастырады. Қазақстан
    7 техникалық регламенттерін әзірлеуіне жауапты. 2014 жылдың мамыр айына ЕАЭО 34 техникалық регламенттері қабылданған және 26 техникалық регалменттер күшіне енген. Қалған 8 техникалық регламенттер 2015 жылдың 15 ақпанына кеш емес мерзімде күшіне енеді.




  1. Жұмыс тобының мүшесі КО Комиссиясының №526 шешімімен бекітілген Бірыңғай тізбесіне өнімнің 61 тобын енгізу үшін қандай өлшемдер пайдаланғанын қызығушылық білдірді. Қазақстан өкілі ЕАЭО міндетті түрдегі талаптар белгіленген өнімнің Бірыңғай тізбесі, бизнестің өкілдерін және мүдделі тұлғаларды, сондай-ақ ЕЭК ұсынысын қоса отыра ЕАЭО мүше мемлекеттерінен ұсыныстарының негізінде қалыптасады деп жауап береді. Бастапқыда, өнімнің Бірыңғай тізбесін әзірлеу кезінде Кеден одағының шеңберінде міндетті түрдегі талаптар белгіленген болатын, оның негізіне сәйкес келудің міндетті түрдегі бағасына жататын ЕАЭО мүше мемлекеттердің өнімінің ұлттық тізімдері алынған болатын. Тізімге енгізу үшін өнімді анықтау мақсатында, ЕАЭО мүше мемлекеттері аталған өнім адамдардың өмірі және/немесе денсаулығы, қоршаған орта, сондай-ақ жануарлардың және өсімдіктердің өмірі және денсаулығы үшін көрсететін тәуекелді (ықимал қауіпті) бағалаудан өткізеді. Өнімнің жаңа топтары жаңа тәуекелді анықтаған жағдайында аталған тізімге енізіле алады. Өнімнің Бірыңғай тізбесінің жобасын қалыптастыру кезінде көбінесе өзара қойылатын өнімге бейімделеді. ЕАЭО мүше мемлекеттері ұсынысының негізінде Еуразиялық экономикалық Комиссиясының Аккредиттеу және техникалық реттеу департаментімен әзірлеген Бірыңғай тізмінің Жобасы мүше мемемлекеттерге келісуге бағытталады. Жоба ЕАЭО мүше мемлекеттерімен мақұлданғаннан кейін, Бірыңғай тізбенің жобасы техникалық реттеу, санитариялық, ветеринариялық және фитосанитариялықшараларды пайдалану бойныша Консультациялық комитетінің отырысында қарастырылады. ЕЭК Комиссиясымен кейін мақұлданған жағдайында, тізім жобасы ЕЭК Алқасымен қарастыруға және одан кейін ЕЭК Кеңесімен бекітуге шығарылады. Бірыңғай тізбеге өзгерістерді енгізу (Бірыңғай тізбесінен/тізімге енгізу және алу), оны қабылдаудың тәртібіне ұқсас тәртіпте жүзеге асырылады.




  1. ЕАЭО техникалық регламенттерінің күшіне енгізілген кезінен бастап тікелей әсері етеді және ЕАЭО мүше мемлекеттердің заңнамасымен белгіленген тиісті ұлттық талаптары одан әрі аталған мүше мемлекеттердің аумақтарында пайдаланбайды. Аталған ережелерді жүзеге асыру мақсатында өнімдер үшін ұлттық техникалық регламенттер олардың қатынасында тиісті техникалық регламенттер қабылданған Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен жойылған болатын. ЕАЭО мүше мемлекеттері ЕАЭО техникалық регламенттерінде қарастырылған қосымша талаптарды белгілеусіз, сондай-ақ сәйкес келтіру бағасының қосымша рәсімдерін өткізусіз, ЕАЭО техникалық регламенттеріне сәйкес келетін өнімнің айналымында шығаруды қамтамасыз етеді. ЕАЭО техникалық регламенттеріне сәйкес бағалау нәтижелерін салыстыратындықты өамтамасыз ету мақсатында, ЕАЭО мүше мемлекеттері өлшемдерінің бірлігін қамтамасыз етуге бағытталған келісілген саясатты өткізеді.
    2014 жылдың мамырына Еуразиялық экономикалық комиссиясы бірінші кезектегі 34 техникалық регламентті қабылдаған, олар өңдірушілер, импорттаушылар, экспорттаушылар оны пайдалануға дейін жаңа техникалық регламенттермен таныса алатын өтпелі кезен өткен соң
    2015 жылдың 15 ақпанынан кеш емес мерзімде күшіне енеді. Осы уақытқа, ЕАЭО мүше мемлекеттердің аумағында қолданылатын барлық қалған ұлттық міндетті түрдегі техникалық талаптар ЕАЭО техникалық регламенттерімен ауыстырылатын болады немесе күшін жоғалтады.




  1. Қазақстанда аккредиттеу, сертификаттау, стандарттау және техникалық реттеу саласында қатынастарды реттейтін ұлттық заңнамалық база «Стандарттау туралы» 1999 жылдың 16 шілдедегі № 433-1 Заңын және «Сертификаттау туралы» 1999 жылғы 16 шілдедегі № 434-1 Заңын ауыстырған «Техникалық реттеу туралы» заңымен негізделеді. Оның пікірінше, жаңа заңда Саудадағы техникалық кедергі бойынша ДСҰ келісімінің негізгі қағидаттары ескерілген, соның ішінде ұлттық режим, транспаренттілік стандарттар мен ұлттық техникалық регаменттерді әзірлеу кезінде халықаралық стандарттарының ережелерінің пайдаланылуы басым. Аталған заң аккредиттеу және сәйкес келуді растау бойынша рәсімдерді, станарттарды, техникалық регламенттерді әзірлеу үшін негізі болып табылады; қоғамның мүдделерін қорғау және мемлекеттік араласу теңгерімін қамтамасыз етеді. Заңның негізгі мақсаттары: (i) міндетті түрдегі техникалық регламенттерін қолдану арқылы өнімнің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
    (ii) ерікті стандарттарын пайдалану арқылы өнімнің бәсекеге қабілеттілігінің жоғарылауы болып табылады. Заң сондай-ақ ратификацияланған халықаралық келісімшарттар ұлттық заңнаманың үстінен басымдылыға бар екендігін қамтамасыз етеді. Аталған саладағы қолданыстағы заңнамасы СӨШ бойынша келісімінің ережелеріне және «Техникалық реттеу туралы» заңына сәйкес келтіріледі. Осыған байланысты «Қазақстан Республикасының техникалық реттеу сұрақтары бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы»
    2006 жылғы 29 желтоқсандағы №209 заңымен 33 заңнамалық актілерге өзгерістер енгізілген болатын. Бұдан басқа, төрт жаңа заң –
    «Ойыншықтардың қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі №306-ІІІ, «Химиялық өнімдердің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі
    № 302-ІІІ, «Машиналар мен жабдықтау туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі
    № 305-ІІІ, «Тамақ өнімінің қауіпсіздігі туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі
    № 301-ІІІ заңдары қабылданды. Аккредиттеу саласында қазіргі уақытта «Сәйкес келуін бағалау саласында аккредиттеу туралы» 2008 жылдың
    5 шілдесінде № 61-IV Заңы және «Сәйкес келуін бағалау саласында аккредиттеу сұрақтары бойынша кейбір заңнамалық актілерге толықтырулар мен өзгерістерді енгізу туралы» 2008 жылдың 5 шілдесінде № 62-IV Заңы қабылданды. Аталған заңдар халықаралық стандарттармен аккредитеу бойынша, Аккредиттеу бойынша халықаралық форумның (IAF) және Зертханаларды аккредитициялау бойынша халықаралық кооперация (ILAC) стандарттарын қоса отыра, талаптарды аккредиттеу және үйлестіру саласында заңнамалық базаны құруға бағытталған. Оның пікірінше, техникалық реттеу саласындағы ұлттық заңнаманың ережелері саудада кедергілерді тудыра алмайды.




  1. Қазақстан өкілі КО режимін 2010 жылдың 1 қаңтарынан құрылуымен, сондай-ақ ЕАЭО туралы шарттың 2015 жылдың 1 қаңтарында күшіне енуімен техникалық реттеу саласында ЕАЭО және КО саясатын жүзеге асыратын КО және ЕАЭО құқықтық құжаттары Қазақстанда сәйкес келуін бағалау жүйесінің және стандарттардың, техникалық реттеудің жалпы құқықтық негізі ретінде «Техникалық реттеу туралы» заңын айтарлықтай деңгейде ауыстырды. Дегенмен, «Техникалық реттеу туралы» заңының кейбір ережелері КО және ЕАЭО тиісті құқықтық құжаттарына, оның ішінде КО Комиссиясының шешімдеріне қайшы келмеу бөлімінде күшінде сақталады. Қазақстанда стандарттардың қолдануы мен әзірлеуі, сәйкес келуінің бағасы, мемлекеттік бақылау мен қадағалау, метрологиялық қадағалау мен жауапкершілік әдеттегідей келесі мәселелерге байланысты ЕАЭО режимінің шеңберінде ұлттық деңгейде жүзеге асырылатын болады:




  • СТК бойынша ДСҰ келісімнің (әзірлеу, қабылдау) және ұйымдардың стандарттарының мәнінде ұлттық стандарттар;

  • Техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келуін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік бақылау мен қадағалау (тексеру);

  • өлшемдердің бірлігін қамтамасыз ету;

  • техникалық реламенттерінің бұзылуы және өнімді ішкі нарықтан шығару;

  • сәйкес келтіру декларациясының және сәйкес келтіру сертификатарының, оның ішінде сертификаттар мен декларациялардың Бірыңғай тізбесінің ұлттық бөлімінің жүйелерін даму және қолдаудың ұлттық аспектілерін қарау;

  • сертификаттау және ЕАЭО сынақ зерттеулері (орталықтары), оның ішінде сертификаттау және сынақ зерттеулер бойынша органдардың Бірыңғай тізбесінің ұлттық бөлімінің және аккредиттеу бойынша органдардың жүйесін даму мен қолдаудың ұлттық аспектілерін қарау;

  • сәйкес келудің ерікті түрдегі бағасы;

  • сәйкес келудің міндеті түрдегі бағалау саласында өтінім берушінің құқығы мен міндеттері;

  • Үкіметтің техникалық реттеу саласындағы рәсімдер, ережелер және шығармашылығының үйлестіруі;

  • Аталған мәселелерді ЕАЭО табыстау туралы шешімді қабылдауға дейін тиісті шараларын және техникалық регламенттерін бұзған жағдайында жауапкершілігін анықтау тәртібі;

  • Қажетті айқындығын қамтамасыз ету;

  • Техникалық реттеу саласындағы қаржыландыру.




  1. Жұмыс тобының мүшесі Қазақстаннан 2010 жылдың 1 қаңтарынан кейінгі Қазақстанда заңнамалық актілердің өзге мәртебелері туралы айтып беруін сұрады. Қазақстан өкілі техникалық реттеу саласындағы ұлттық заңнама Кеден одағының заңнамасына 2015 жылдың
    1 қаңтарынан кейін сәйкес келтіріледі деп атап өтті. Атап айтқанда,
    2012 жылдың 10 шілдесіндегі Кеден Одағының заңнамасымен үйлестіру мақсатында «Қазақстан Республикасының техникалық реттеу және метрология мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтыруларды енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданған. Заңмен Қазақстан Республикасының жиырма екі заңына және сегіз кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілген. Заң, ЕАЭО техникалық регламенттерін әзірлеуіне және ЕАЭО ЕЭК техникалық регламенттерін қабылдау бойынша өкілеттіктерін тапсыруына байланысты техникалық регламенттерін қабылдау бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыретін алып тастады. Қазақстанның Үкіметі енді ЕАЭО техникалық регламентінің жобасын оның ЕЭК қабылдауының алдында тек қарастырады және құптайды. Заң сондай-ақ ЕАЭО заңнамасымен техникалық реттеу саласында терминдердің үйлесімін қарастырады. Атап айтқанда, «техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесі», «техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесінің тізімі», «ерікті сертификаттау», «бірыңғай мемлекеттік қор», «сәйкес келуін растау саласында құжаттар», «стандарт», «сынақ зертханасы», «ұйымның стандарты» атты терминдер енгізілген және өзгертілген болатын. Оған қоса, заңмен «Техникалық реттеу туралы» Заңға жаңа ережелерді енгізген, олар ұлттық заңнамасын халықаралық тәжірибеге сәйкес келтіруіне бағытталған ДСҰ-ға кіру барысының жүрісінде қабылданған міндеттерін көрсетеді. Атап айтқанда, Ақпарат орталығы туралы жаңа бабы СӨШ бойынша келісіміне сәйкес хабарлама мен сұрау салу бойынша ақпараттық орталықты құру туралы міндетті көрсетеді. Заңның жаңа редакциядағы 24-бабы шет елдердің нормативтік құжаттарының, ұсыныстары мен басшылықтарын, халықаралық және өңірлік стандарттарының қолдануын қарастырады. Бұдан басқа, барлық қабылданған стандарттар туралы мәліметті қамтитын, нормативтік-техникалық құжаттар және техникалық-экономикалық мәліметтің жіктеушілері нормативті-техникалық құжаттардың Бірыңғай мемлекеттік қоры туралы жаңа бабымен «Техникалық реттеу туралы» Заңына № 31-ІV заңымен енгізілген болатын. 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап техникалық реттеу саласындағы КО өкілеттіктері ЕАЭО берілді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет