ДҮниежүзілік сауда ұйымы


(c) Техникалық регламенттер, халықаралық және ұлтық стандарттар мен сәйкестікті бағалау рәсімдері



бет28/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   78

(c) Техникалық регламенттер, халықаралық және ұлтық стандарттар мен сәйкестікті бағалау рәсімдері




  • (i) Техникалық регламенттер





  1. ЕАЭО-ның техникалық регламенттері адамдардың өмірін немесе денсаулығын, малдардың және өсімдіктердің тіршілігін немесе денсаулығын, мүлікті, және қошаған ортаны энергетикалық тиімділік пен ресурсты үнемдеуді қамтамасыз ету; және тұтынушыларды шатастыруы мүмкін (ЕАЭО туралы шарттың 52-бабының 1-тармағы) тәжірибенің алдын алу мақсатында ғана ЕАЭО қабылданады. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ЕАЭО-ның техникалық регламенттерін өзге мақсаттарда қабылдай алмайды. ЕАЭО-ның техникалық регламенттері өнімге және өнімді өндірумен байланысты процестерге: әзірлеу, өндіру, монтаждау, техникалық қызмет көрсету, пайдалану, сақтау, тасымалдау, өткізу және кәдеге жарату процестеріне, сондай-ақ сәйкестікті бағалау нысандары мен схемаларын анықтау қағидаларын белгілейді, сонымен бірге терминологияға, орамға, таңбалауға қойылатын талаптарды және санитариялық талаптар мен рәсімдерді, сондай-ақ жалпы сипатқа ие ветеринариялық-санитариялық және карантиндік фитосанитариялық талаптарды қамтуы мүмкін. ЕАЭО-ның техникалық регламенттері Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың (ЕурАзЭҚ) Мемлекетаралық кеңесінің 2006 жылғы 21 қазандағы № 321 шешімімен бекітілген үлгілік құрылым бойынша ұсынымдарға сәйкес әзірленуі тиіс, техникалық регламенттер ЕурАзЭҚ органдары арқылы әзірленбесе де, ол ұсынымдар осы күнге дейін қолданысты, өйткені ЕАЭО шеңберінде техникалық регламенттердің моделдік құрылымы бойынша ұсынымдар қабылданбады. Қазақстан өкілі ЕАЭО туралы шартқа № 9 Қосымшаның 3-тармағы мұндай құжаттар болмаған немесе ЕАЭО-ның техникалық регламенттерінің мақсаттарына, оның ішінде климаттық және георграфиялық факторлар не технологиялық және басқа да ерекшеліктер салдарынан сәйкес келмеген жағдайдаларды қоспағанда, ЕАЭО-ның техникалық регламенттерін әзірлеу үшін негіз ретінде тиісті халықаралық стандарттар және басқа құжаттар (мысалы, қағидалар, директивалар мен ұсынымдар, не халықаралық стандарттау жөніндегі ұйымдар қабылдаған басқа да құжаттар) қолданылатынын белгілейді деп растады. Мүше мемлекеттер аумағында техникалық регламентерді әзірлеу, қабылдау, өзгерту және оның күшін жою туралы ережені белгілейтін «Кеден одағы комиссиясының техникалық реттеу саласындағы нормативтік актілері туралы» Кеден одағы комиссиясының 2011 жылғы 28 қаңтардағы № 527 шешімі ЕЭК Кеңесінің №48 шешімімен бекітілген жаңа Ережемен алмастырылды. Жаңа Ереже жария талқылау рәсімін, жария талқылау кезінде ұсынылған ұсыныстар мен ескертпелерді ескере отырып, техникалық регламенттің жобасын дайындауды қоса алғанда, техникалық регламенттер жобасын әзірлеу бойынша неғұрлым егжей-тегжейлі ережелерді белгілейді. Бұдан кейін ол, ЕурАзЭҚ бүгінгі күні ЕАЭО-ның техникалық реттеуінде ешқандай функцияларды атқармайтынын атап өтті. ЕурАзЭҚ техникалық регламенттерін әзірлеу «Кеден одағының техникалық реттеу жүйесінің негізінде ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің өзара саудадағы техникалық кедергілерді жою туралы» ЕурАзЭҚ Мемлекетаралық кеңесінің 2011 жылғы 19 қазандағы № 575 шешімімен тоқтатылды. Қазіргі кезде тек қана ЕАЭО-ның техникалық регламенттері әзірленуде.




  1. Қазақстан Республикасының өкілі ЕАЭО-ның техникалық регламенттері ЕЭК Кеңесінің №48 шешіміне сәйкес Техникалық регламенттерді әзірлеу жоспарына сәйкес әзірленді деп түсінктеме берді. Аталған жоспар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттермен келісілген, ЕАЭО-ға немесе ЕЭК-ке мүше мемлекеттердің ұсыныстары негізінде қалыптастырылады және ЕЭК Кеңесімен бекітіледі. Техникалық регламенттерді әзірлеу жоспарында техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеуге жауапты ЕАЭО-ға мүше мемлекет (немесе Комиссия) анықталады. Техникалық регламент жобасын әзірлеуге жауапты мүше мемлекетті техникалық регламент жобасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган (бұдан әрі – техникалық регламент жобасын әзірлеуші) анықтайды. ЕАЭО-ға барлық мүше мемлекеттер техникалық регламент жобасын әзірлеуге қатысатын мемлекеттік органдарды анықтайды. Мемлекеттік орган техникалық регламент әзірленетін саладағы аталған органның тиісті құзыреті назарға алына отырып анықталады. Қазақстанда Техникалық реттеу және метрология комитеті «ЕАЭО-ның техникалық регламенттерін әзірлеуді мемлекеттік органдарға бекіту туралы» құжаттың жобасын әзірледі. Аталған құжаттың жобасы мемлекеттік органдарға келісуге жіберіледі, содан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 маусымдағы № 558 қаулысымен құрылған Техникалық реттеу және метрология мәселелері жөніндегі комиссияның хаттамасымен бекітіледі. Бүгінгі күні Қазақстан ЕАЭО-ның тоғыз техникалық регламенттерін әзірледі, онда мынадай мемлекеттік органдар техникалық регламентті әзірлеушілер ретінде тағайындалды:




  • Астық қауіпсіздігі туралы – Ауыл шаруашылығы министрлігі;

  • Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы – Ауыл шаруашылығы министрлігі;

  • Лифтілердің қауіпсіздігі туралы – Ішкі істер министрлігі;

  • Жарылғыш заттар мен солардың негізіндегі бұйымдардың қауіпсіздігі туралы – Ішкі істер министрлігі;

  • Артық қысыммен жұмыс істейтін жабдықтардың қауіпсіздігі туралы – Ішкі істер министрлігі;

  • Автомобиль және авиациялық бензинге, дизель және кеме отынына, реактивті қозғалтқыштарға арналған отынға және мазутқа қойылатын талаптар туралы - Энергетика министрлігі;

  • Жеңіл өнеркәсіп өнімдерінің қауіпсіздігі туралы – Инвестициялар және даму министрлігі;

  • Мамандандарылған тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерінің, оның ішінде диеталық емдік және диеталық профилактикалық тағамдардың қауіпсіздігі туралы – Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі; және

  • Тамақ қоспаларының, хош иістендіргіштер мен технологиялық қосалқы құралдардың қауіпсіздігі туралы – Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі.




  1. Техникалық регламент жобасын әзірлеуші ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының ұсыныстарына негізделген бірінші жобаны дайындап, техникалық регламент жобасын әзірлеу бойынша жұмыс тобын құруда. Жұмыс тобының құрамына стандарттау, өнеркәсіп жөніндегі органдар және бизнес-қауымдастық өкілдері кіреді. Техникалық регламент жобасын әзірлеуші ЕЭК-ке және ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерді Жұмыс тобының құрылғаны және оның құрылымы туралы хабардар етеді.




  1. Нақты қойылған сұраққа Қазақстанның өкілі былай деп жауап берді: ЕАЭО-ның ресми рәсіміне сәйкес ЕАЭО-ғы мүше мемлекеттердің жеке және заңды тұлғалары техникалық регламенттер жобасын және оларды әзірлеу бойынша тиісті материалдарды ұсына алады, бірақ, олар ЕАЭО-ның техникалық регламенті жобасының ресми әзірлеушісі ретінде қатыса алмайды. «Техникалық реттеу туралы» Заңның 25-бабына сәйкес жеке және заңды тұлғалар жұмыс тобына қатыса алады және техникалық регламет жобасын әзірлеуге жауапты ұлттық органға техникалық регламент жобасы бойынша өздерінің ұсыныстарын, өздерінің техникалық регламенттерін ұсына алады. Бұдан басқа, жеке және заңды тұлғалар Техникалық реттеу комитетіне техникалық реттеу саласындағы техникалық регламенттерді және стандартарды, нормативтік актілер жобасын әзірлеу, өзгертулер енгізу, күшін жою бойынша өздерінің ұсыныстарын бере алады. Оларды қарағаннан кейін Техникалық реттеу комитеті ЕЭК-ға Қазақстан атынан консолидандырылған ұсыныстардың шоғырланғандырылған нұсқасын жібереді.




  1. Техникалық регламент жобасын әзірлеуші техникалық регламент жобасының бірінші редакциясын әзірлеуді аяқтағаннан кейін ЕЭК-қа жобаны, түсіндірме жазбаны және техникалық регламент жобасын әзірлеу туралы хабарламаны (электрондық түрде және қағаз жеткізгіште) жібереді. Техникалық регламент жобасына түсіндірме жазбада мыналар:




  • техникалық регламентті қабылдаудың мақсаттары;

  • техникалық реттеу нысанының құрылымы мен жалпы сипаттамасы;

  • кәсіпкерлік және өзге қызмет субъектілерінің негізгі топтары, мүдделері техникалық регламентпен қозғалатын өзге мүдделі тұлғалар;

  • халықаралық, өңірлік және ұлттық (мемлекеттік) стандарттар тізбесі, басқа құжаттардың талаптары (ережелер, директивалар мен ұсынымдар және халықаралық ұйымдармен қабылданған басқа да құжаттар), ал олар болмаған жағдайда – өңірлік құжаттар (регламенттер, директивалар, шешімдер, ережелер және басқа құжаттар), ұлттық техникалық регламенттер негізінде әзірленген техникалық регламент жобасының тізбесі;

  • оларды еншізудің қысқаша негіздемесі бар ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің аумақтарында қолданылатын халықаралық ережелерден, өңірлік стандарттардан немесе міндетті талаптардан өзгеше талаптар;

  • техникалық регламент жобасының өлшемдер бірлігін қамтамасыз ету саласындағы талаптарға сәйкестігі туралы ақпарат;

  • техникалық регламентті көздеген талаптарды енгізудің болжалды мерзімі көрсетіледі.

Техникалық регламент жобасын әзірлеу туралы хабарлама белгіленген нысанға сәйкес жасалады және келесі мәліметтерді қамтуы қажет:

  • жобаны әзірлеуге жауапты мүше мемлекет;

  • жобаны әзірдеуге жауапты ЕАЭО-ға мүше мемлекеттің уәкілетті органы (техникалық регламентты әзірлеуші);

  • техникалық регламент атауының жобасы;

  • техникалық реттеу объектісі;

  • техникалық регламентті әзірлеу мақсаты;

  • техникалық регламентты әзірлеу негіздемесі;

  • жоба бойынша ескертпелер мен ұсыныстарды ұсыну үшін поштаның мекен-жайы, телефон нөмірі, факс нөмірі, электронық адрес;

  • жария талқылауды аяқтаудың болжалды күні (жобаға ескертпелер мен ұсыныстарды ұсынудың соңғы күні).

ЕЭК осы құжаттарды мүше мемлекеттерге аталған материалдарды алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде жібереді.




  1. ЕЭК техникалық регламент жобасының бірінші редакциясы мен оған құжаттар жиынтығын Консультативтік комитеттің отырысында қарауды қамтамасыз етеді. Консультативтік комитет қарау нәтижесі бойынша Хаттамамен рәсімделетін техникалық регламент жобасын жарияталқылаудың болу мүмкіндігін, басталу күні мен мерзімі туралы шешім қабылдайды. Қажет болған жағдайда техникалық регламент жобасын әзірлеуші Консультативтік комитет белгілеген мерзімі ішінде техникалық регламент жобасын және оған құжаттар жиынтығын пысықтауды жүзеге асырады.




  1. Техникалық регламент жобасы бойынша хабарлама Комиссияның ресми (http://www.eurasiancommission.org/en/act/texnreg/deptexreg/tr /Pages/projectsPublic.aspx), Техникалық реттеу мен метрология комитетінің (http://www.memst.kz/ en/discussion/discTRTS/index.php), СТК және СФС жөніндегі Ақпараттық орталықтың веб-сайтында (http://wto.memst.kz/en/ information/distrts/index.php), және «СТК мен СФС бойынша ақпараттық орталықтың жаршысы» ресми басылымында жарияланады. Ақпараттық орталық ДСҰ-ны халықаралық саудаға ықпалын тигізетін, техникалық регламент жобасы туралы, ол жария талқылау үшін жарияланып жатқан кезде хабардар етіп отырады. Бұл екі тетік арқылы түсініктемелерді алу процесін үндестіруге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Қазақстан өкілінің айтуы бойынша, ДСҰ хабарлармасында белгіленген орындау мерзімі жария талқылау кезеңінен асып кеткен жағдайда, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ДСҰ мүшелерінен алған түсініктемелерді қарауды жалғастыра береді.




  1. Техникалық регламент жобасын жария талқылау мерзімі (әзірлеу туралы хабарлама жарияланған кезден бастап жария талқылау уақыты аяқталғаны туралы хабарлама жариялағнан кезге дейін) 60 күнтізбелік күннен кем болмауы керек. ЕЭК-тің ресми веб-сайтында техникалық регламенттің жобасын жария талқылау аяқталғаны туралы хабарлама орналастырылған күн жария талқылау аяқталған күн болып табылады. ЕЭК жария талқылау барысында мүдделі тараптардан алынған ұсыныстар мен пікірлерді ресімдеп, оларды техникалық регламент жобасын әзірлеушіге жібереді.




  1. Техникалық регламент жобасын әзірлеуші Комиссиядан пікірлер жиынтығын алған күннен бастап 30 жұмыс күні ішінде жария талқылау кезінде алынған пікірлер мен ұсыныстарды назарға ала отырып, техникалық регламент жобасын және онымен байланысты құжаттарды пысықтайды. Техникалық регламенттің пысықталған жобасын, Жұмыс тобы отырысының хаттамасын, сондай-ақ пікірлер жиынтығын ЕЭК-ке жіберіледі. ЕЭК техникалық регламент жобасын тиісті құжаттармен мемлекетішілік келісулерді жүргізу үшін мүше мемлекеттерге жібереді және Комиссияның ресми веб-сайтына орналастырады. ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер техникалық регламент жобасын мемлекетішілік келісімдердің нәтижесі бойынша Консульаттивтік комитетке жіберіледі, ол оны ЕЭК Алқасына бекіту үшін ұсынады. Техникалық регламент жобасы мен тиісті құжаттарды, сондай-ақ келіссөздер арқылы реттелмеген келіспеушіліктерді ЕЭК Алқасы қарайды. Қараудан кейін ЕЭК Алқасы техникалық регламент жобасын тиісті құжаттарды қоса не ЕЭК Кеңесіне бекітуге не техникалық регламент жобасын әзірлеушіге пысықтау үшін жібереді. ЕЭК Кеңесіөз отырысында техникалық регламент жобасының соңғы редакциясын қабылдайды.




  1. ЕЭК Кеңесінің техникалық регламентті қабылдау туралы шешімі, ЕЭК Алақсының техникалық регламент жобасын бекіту туралы шешімі және ЕЭК Алқасының техникалық регламенттің күшіне ену тәртібі туралы шешімі ЕЭК-тың ресми сайтында орналастырылады. Техникалық регламент бойынша тізілімді жүргізуді ЕЭК жүзеге асырады. СТК және СФС бойынша Қазақстанның ақапараттық орталығы СТК жөніндегі ДСҰ келісімінің 10-бабында көзделгендей, ДСҰ мүшелеріне сұрау салуы бойынша техникалық регламенттің көшірмесін жібере алады.




  1. Мүшенің «Техникалық реттеу туралы» Заңның техникалық регламент жобасын әзірлеушілердің функционалдық міндеттерін анықтауда қандай рөл атқаратындығын түсіндіру жөніндегі сауалына, Қазақстан өкілі, «Техникалық реттеу туралы» Заң техникалық регламенттерді әзірлеудің жалпы ережелерін қамтитындығын айтты. Заңға сәйкес міндетті қағидалар мен нормаларды әзірлеуге уәкілетті мемлекеттік органдар, техникалық регламенттерді әзірлеу, өзгерістер енгізу немесе күшін жою бойынша ұсыныстар дайындайды, мүдделі тараптардың ұсыныстарын назарға алады, және Техникалық реттеу комитетіне жібереді. Заң техникалық регламент жобасын әзірлеушілерге мынадай функционалдық міндеттерді белгілейді:




  • техникалық регламеттер жобасын әзірлеу бастлаған кезден бастап бір айдан кешіктірмей ресми басылымдарда немесе қоғамдық ақпараттық жүйелерде техникалық регламеттер жобасын әзірлеу, техникалық регламенттерге өзгерістер енгізу және/ немесе олардың күшін жою туралы, техникалық регламеттерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу туралы хабарламаны жариялау қажет;

  • техникалық регламент жобалары бойынша жария талқылауды ұйымдастыру;

  • алынған түсініктемелерді ескере отырып, техникалық регламенттерді қайта қарау;

  • техникалық регламенттерді құзыретті органның ресми басылымдарында және оның қоғамдық ақпараттық жүйелерінде жариялау;

  • мүдделі тараптардың талабы бойынша жария талқылау кезінде алынған түсініктемелерге жауап беру.




  1. Қазақстан Республикасының өкілі, ЕАЭО-ға мүше мемлекеттер ЕАЭО–ның техникалық регламенттері белігленген талаптардан басқа, ұлттық деңгейде қосымша міндетті талаптарды қоя алмайтынын түсіндірді. Осылайша, қазіргі уақытта Қазақстанда ұлттық техникалық регламенттер әзірленбейді. «Техникалық реттеу туралы» Заңның ережелері ЕАЭО туралы шарттың ережелеріне және Комиссия шешіміне қайшы келмейтін дәрежеде ғана қолданылады. Заңда өнімге: (i) адамдардың өмірі мен денсаулын, қоршаған ортаны, ұлттық қауіпсіздікті қоғауды қамтамасыз етуге бағытталған, сондай-ақ тұтынушыларды өнімнің қауіпсіздігіне қатысты жаңылыстыруға әкеп соғатын іс-әрекеттердің алдын алуға; және (ii) өнімнің қауіпсіздігін қаматамасыз етуге бағытталған процестерге міндетті талаптар көзделген. Техникалық регламенттер өнімге және процестерге міндетті талаптарды белгілейді, мұндай талаптардың толық тізбесін қамтиды және тікелей әрекет ету мәртебесіне ие болады. Осы талаптар өнімнің шығарылған мемлекеті немесе жасалған жеріне қарамастан, бірдей жағдайларда және тең шамада қолданылады. Техникалық регламенттерді әзірлеу кезінде негіз ретінде халықаралық және аймақтық стандарттар қолданылады. Сонымен қатар, техникалық регламенттер саудадағы техникалық кедергілерді жоюға және өнімнің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыруға бағытталған.




  1. Жұмыс тобы мүшесінің қазақстандық заңдарды міндетті талаптар ретінде белгілі бір «қағидалар жиынтығына» сілтеме жасайды ма деген сұрағына, Қазақстан өкілі Қазақстанның ұлттық заңнамасында «қағида жиынтығына» сілтеме жоқ деп жауап берді.




  1. Нақты қойылған сұраққа Қазақстан өкілі, Қазақстанда телекоммуникация және атомдық энергия саласындағы техникалық талаптар «Техникалық реттей туралы» Заңмен реттелетінін айтты. Тыныс-тіршілік өніміне/немесе процестеріне міндетті талаптар келесі ұлттық техникалық регламенттерде белгіленген:



  • Атом энергиясы саласында: «Атом станцияларының атомдық және радиациялық қауіпсіздігі» Үкіметтің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 683 қаулысымен бекітілген; «Ядролық қондырғыларда зерттеудің атомдық және радиациялық қауіпсіздігі» Үкіметтің 2010 жылғы 1 шілдедегі № 684 қаулысымен бекітілген; «Атомдық және радиациялық қауіпсіздік» Үкіметтің 2010 жылғы 30 шілдедегі № 768 қаулысымен бекітілген.

  • Телекоммуникация саласында: «Қауіпсіздіктің жалпы талаптары, жедел іздестіру іс-шаралары өткізу кезінде телекоммуникациялық жабдыққа қойылатын функционалдық және техникалық талаптар» Үкіметтің 2010 жылғы 6 тамыздағы №805 қаулысымен бекітілген.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет