ДҮниежүзілік сауда ұйымы


- Шетел азаматтарына қатысты ұлттық режим және барынша қолайлылық режимін қолдану



бет49/78
Дата04.03.2016
өлшемі6.06 Mb.
#38185
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   78


- Шетел азаматтарына қатысты ұлттық режим және барынша қолайлылық режимін қолдану


  1. Жұмыс тобының кейбір мүшелері зияткерлік меншіктің сауда аспектілері жөніндегі келісімінің (бұдан әрі – ДСҰ-ның ТРИПС келісімі)
    3 және 4-баптарында мүшелер зияткерлік меншік құқықтарын қорғауға қатысты ұлттық режим мен тиісінше бір-бірінің азаматтарына қатысты барынша қолайлылық режимі (БҚР) көзделетінін атап өтті. Қорғаудың мұндай түрі зияткерлік меншіктің болуына, алынуына, қолдану, қолдау, сондай-ақ құқықтық қолдану саласына қатысты мәселелерге, сондай-ақ ДСҰ-ның ТРИПС келісімінде көзделген басқа да мәселелерге қатысты болады. Бұл мүшелер ДСҰ қағидаларына сәйкес келтіру бойынша Қазақстанда заңнама туралы қандай ережелер көзделгенін сұрады. Жауап ретінде Қазақстанның өкілі Қазақстан Республикасы Конституциясының
    12-бабының 4-тармағы бойынша, Азаматтық кодекстің 3-бабының 7-тармағы бойынша, сондай-ақ авторлық құқық туралы Заңның 5-бабы бойынша, тауар белгілері туралы Заңның 48-бабы және Патент Заңының 38-бабы бойынша шетелдік жеке және заңды тұлғаларға ұлттық режим мен барынша қолайлылық режимі олардың Қазақстандағы зияткерлік меншік құқықтарын қорғауға қатысты ұсынылатынын айтты.




  1. Жеке сұраққа жауап ретінде ол кез келген шетелдік құқық иелері өз мемлекеті үкіметінің қолдаухатынсыз тауарлар шығарылған жерлердің атауларын (географиялық нұсқауларын) қорғау бойынша жүгіну мүмкіндігіне ие екендігін растады.



- Салықтар мен алымдар


  1. Жұмыс тобының кейбір мүшелері, өнеркәсіптік меншік объектілеріне бірнеше құқықтар жөніндегі алымдардың Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдік тұлғаларға қатысты болатын әртүрлі мөлшерлемесі туралы және Конституция мен Азаматтық Кодекс жеке және заңды тұлғаларға ұлттық құқықтық режимді ұсынуды қарастырса, осы айырмашылықтарды қалай түсіндіру мүмкін екендігіне байланысты өздерінің алаңдаушылықтарын білдірді. Сонымен қатар, Жұмыс тобының бірқатар мүшелері Ресей Федерациясының, Әзірбайжанның, Грузияның, Қырғызстан Республикасының және Өзбекстан Республикасының азаматтары патент беруге алымдарды ресей рублімен және қырғыз сомымен Қазақстан Республикасының азаматтарына қатысты қолданылатын мөлшерлемелер бойынша төлей алатынын және зияткерлік меншік құқықтары бойынша Комитетке арыз беру үшін патенттік сенімді өкілдерге баруына міндетті емес екендігін атап өтті. Қазақстанға өзінің заңнамасын барынша қолайлылық режимге сәйкестігін қалай қамтамасыз ететіндігі туралы сұрақ қойылды.




  1. Қазақстанның өкілі, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің
    2014 жылғы 18 желтоқсандағы №368 бұйрығымен, қандай да бір шетелдік құқық иелерін қандай да бір кемсітетін ережелерді алып тастау мақсатында «Ұлттық зияткерлік меншік институты» Мемлекеттік республикалық кәсіпорынның қызметтеріне тарифтердің жаңа баға анықтамалығы бекітілгенін (осы Баяндаманың 23-қосымшасында берілген) айтты. Ал Ресей Федерациясы мен Қырғызстан Республикасының азаматтарына келетін болсақ, олар патент бергені үшін алымды тек Қазақстандық ұлттық валюта – теңгемен төлей алатынын айтты. Ресей Федерациясымен, Әзербайжанмен, Грузиямен, Қырғызстан Республикасымен және Өзбекстан Республикасымен бекітілген екіжақты келісімдерге сәйкес, олардың азаматтарына ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің 4(d) бабына сәйкес, арыз беру үшін патенттік сенімді өкілдерге барудың қажеті жоқ.




  1. Мүшелердің бірі ДСҰ-ның ТРИПС келісімінің 4 (d) бабы тек ДСҰ келісімі күшіне енгенге дейін, яғни 1995 жылдың 1 қаңтарына дейін күшіне енген халықаралық келісімдерге қатынасты ғана қолданылады деп атап көрсетті.




  1. Қазақстан өкілі, Қазақстан ДСҰ-ға кірген күннен кейін Зияткерлік меншік құқықтарының сауда аспектілері бойынша ДСҰ келісімінің 3 және
    4-баптарының ережелері толықтай қолданылатынын растады. Жұмыс тобы осы міндеттемені назарға алды.

- ЗИЯТКЕРЛІК МЕНШІК ҚҰҚЫҚТАРЫН АЛУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ РӘСІМДЕРІН ҚОСА АЛҒАНДА, ҚОРҒАУДЫҢ ҚАЗІРГІ СТАНДАРТТАРЫ

- Авторлық құқық пен сабақтас құқықтар


  1. Қазақстанның өкілі ДСҰ-ның ТРИПС келісімінде сипатталған авторлық құқықтың барлық нысандарын ескеру үшін авторлық құқық туралы Заң мен Берн конвенциясының ережелерінде (Қазақстан Республикасы Конституцияның 4-бабына сәйкес Қазақстан тікелей орындайтын) әдеби, көркемөнер және ғылыми жұмыстарын қорғау көзделетінін атап өтті. Қорғау компьютерлік бағдарламаларға, компьютерлік операциялық жүйелерге және деректер базасына (ақпараттың жинағы түрінде анықталған) қатысты болады. Ноталық мәтін, фонограммада тіркелген шығармалар, дыбыстық-көрнекі шығармалар, деректер базасы және компьютерлік бағдарламалардың жалға берілу жолымен тарату құқығы авторлық құқық туралы Заңның 16-бабына сәйкес беріледі.




  1. Авторлық құқық туралы Заңның 28-бабына сәйкес, қорғау бапта көрсетілген жағдайлардан басқа, автордың бүкіл өмірі бойына және ол қайтыс болғаннан кейінгі 70 жылға беріледі. Автор қайтыс болғаннан кейін 30 жыл ішінде алғаш жарыққа шыққан шығармаға авторлық құқық ол жарыққа шыққан уақытынан бастап 70 жылға дейін қолданыста болады. Жасырын немесе лақап атпен жарияланған шығарманың авторлық құқығы, егер автордың аты-жөні анықталмаса, ол жарияланған күнінен кейін 70 жыл бойы қолданыста болады. Фонограмма жасаушы, эфирлік немесе желілік хабар тарату ұйымдарына қатысты құқықтар фонограмма бірінші жарияланғаннан кейін 70 жыл бойы қолданыста болады. Кинематографиялық жұмыстар мен фотографияларға қатысты қандай да бір ерекше мерзімдер көзделмеген.




  1. Шығарылған елдің қорғауында тұрған, бірақ Қазақстанда мұндай қорғауға алынбаған жұмыстарға зияткерлік меншік құқықтарын қорғау туралы сұраққа Қазақстанның өкілі, егер аталған жұмыстар олар жасалған мемлекетте қоғамдық игілікке өтпесе, Қазақстан мұндай қорғау
    28-бапқа сәйкес беріледі деп жауап берді. Авторлық құқық туралы Заңның 29-бабына сәйкес қорғау мерзімі өтіп кеткен шығарма қоғамдық игілікке өткен болып саналады және кез келген тұлға авторлық сыйақысыз еркін қолдана алады.




  1. Жұмыс тобы мүшелерінің бірі авторлық құқық туралы Заңда шығармалар мен аудиожазбалардың құқығын ретробелсенді қорғаудың нақты нормалары жоқ екенін атап өтті және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік құқықтарының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2004 жылғы
    9 шілдедегі №586-II Заңы (бұдан әрі - №586-II Заңы), атап айтқанда шығармалар мен аудиожазбалар құқығын ретробелсенді қорғауды көздейтін ережелер туралы егжей-тегжейлі ақпаратты сұрады.




  1. Қазақстанның өкілі №586-II Заңында авторлық құқық туралы Заңына ретробелсенді қорғаудың шаралары мен басқа да өзгерістер енгізілгенін, атап айтқанда шығармаға құқықтарды ретробелсенді қорғау енгізілгенін атап өтті.




  1. Авторлық құқықтың құқық қолданылуына қатысты, мүше авторлық құқық объектілерінің «қарақшылықпен» қолданылуына жауапкершілікті қатайту, сондай-ақ оны «қарақшылықпен» және контрафактілі тауарлармен байланысты әрекеттер қатынасында тиімді тежеуші құрал болатын деңгейде бекіту туралы тілегін жеткізді. Қазақстанның өкілі өз пікірінше қолданыстағы жауапкершілік шаралары жеткілікті дәрежеде қатаң болып табылады. Соған қарамастан, зияткерлік меншік құқықтарын бұзудан және авторлық құқықты заңсыз пайдаланудан қорғау шараларын көздейтін, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зияткерлік меншік құқықтарының мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңын Үкімет 2005 жылғы 22 қарашада қабылдады. Жалпы алғанда өзгерістер мен толықтырулар 11 заңнамалық актілерге, соның ішінде Қылмыстық кодекске (184-баптың 1-тармағы) және Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске (128, 129 және 145-баптары) енгізілді. Аталған өзгерістерге орай селекциялық жетістіктер мен интегралдық микросхемалардың топологиясы сияқты зияткерлік меншік объектілерінің жаңа түрлері енгізілді; шығармалар мен фонограммалардың контрафактілі даналарын заңсыз иемдену, сақтау немесе ауыстыру сияқты қылмыстың түрлері көрсетілді және нақтыланды; 5 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыру түріндегі жазалаудың ең жоғары көлемі бар айыппұл санкциялары шамамен 2 есеге ұлғайды; қайталап жасалатын құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесу шаралары, сондай-ақ контрафактілі өнімдердің ғана емес, құқық бұзушылықты жасау құралы болып табылатын заттарды тәркілеу көзделеді.




  1. Қазақстанның өкілі авторлық құқық бойынша ЗМДҰ шарты мен орындалу және фонограммалар бойынша ЗМДҰ шартына сәйкес келтіру мақсатында авторлық құқық туралы Заңға 2009 жылы енгізілген өзгерістер аясында «техникалық құрал» терминінің жаңа редакциясы енгізілгенін түсіндірді. Арнайы қойылған сұраққа Қазақстанның өкілі 2009 жылғы өзгерістерге сәйкес «техникалық құрал» ретінде туындыларға немесе сабақтас құқықтардың объектілеріне қол жетімділікті бақылайтын, автормен, сабақтас құқықтардың иесімен немесе туындылар немесе сабақтас құқықтардың объектілеріне қатысты айрықша құқықтардың өзге иесі рұқсат бермеген әрекеттерді іске асырудың алдын алатын не оны шектейтін, техникалық (бағдарламалы-техникалық) құрылғы немесе оның компоненттері түсінілетінін айтты.




  1. Мүше авторлық құқық туралы Заңның 2-бабының 39-тармағында «халық шығармашылығы туындысы» «дәстүрлі көркем мұраларға (халық ертегілері, халық поэзиясы, халық әндері, халық аспаптық музыкасы, халық билері мен пьесалары, халықтық салт-жоралғылардың көркемдік нысандары және басқалар)» тән элементтерді қамтитын туынды ретінде айқындалатынын атап өтті. Аталған мүше бұл шығармалар авторлық құқық туралы Заңның 6-бабына («Авторлық құқық объектісі. Жалпы ережелер») қатысты болатынын немесе туындылар Авторлық құқық туралы Заңның
    8-бабының 3-тармағына сәйкес («халық шығармашылығы туындысы») сәйкес келмейтіндігі болжана ма деп сұрады. Бұл мүше халық шығармасы басқа заңдарға сәйкес қорғауға жата ма, жатса қалай қорғалады деп те сұрады.




  1. Қазақстанның өкілі анықтамасы авторлық құқық туралы заңның
    2-бабыың 39-тармағында көзделген «халық шығармашылығы туындысы» авторлық құқық туралы Заңның да, ҚР-дың басқа да заңнамалық актілерінің де қорғауында емес деп жауап берді. Авторлық құқық туралы Заңның
    8-бабының 3-тармағына сәйкес «халық шығармашылығы туындысы» авторлық құқықтан босатылғандықтан, шығарманың автор(лар)ы болмауы керек, керісінше, оны халық жасауы тиіс екенін айтты. Жасырын шығарманың және лақап ат негізінде жасалған шығарманың авторы болады; халық жасаған шығарма ғана авторлық құқық туралы Заңның 2-бабының 39) тармағына және 8-бабының 3) тармағына сәйкес қорғауға алынбайды. Халық шығармашылығының негізі ретінде қолданылатын туынды шығармалар, қоғамдық игіліктің бөлігі болып табылатын басқа шығармаларға негіз болатын туынды шығармаларға ұқсас шығармалар авторлық құқық туралы Заңның 7-бабының 3) тармағына сәйкес тәуелсіз шығармалар түрінде қорғалады. Мысалы, халық шығармашылығы үшін саралау жасаған музыкалық композитор өз саралауын авторлық құқық туралы Заңның
    7-бабының 1(5) және 3(1) тармақтарына сәйкес қорғауға ұсына алады.
    2-баптың 39) тармағында қолданылатын дыбыстық жазбалар, дыбыстық-көрнекі туындылар және басқа да туындылардың жазбасы Авторлық құқық туралы Заңға сәйкес қорғалады. Орындаушылар, продюсерлер және хабар тарататын ұйымдар авторлық құқық туралы Заңның «Сабақтас құқықтары» деген ІІІ тарауында көзделген, халық шығармашылығының туындыларының жазбаларына қолданатын құқықтарға ие болады. Авторлық құқық туралы Заңның 2-бабының 39) тармағына сәйкес фольклордың анықтамасына жататындығы, жатпайтындығы туралы даулы мәселелер тудыратын, алайда пайда болған тұста авторлық құқықтың туындысы ретінде қорғауға алынған шығармалар авторлық құқықтың туындылары ретінде Қазақстан Республикасында қорғауға алынады.




  1. Мүше авторлық құқық туралы Заңда қолданылатын бірқатар терминдер түсініксіз екенін атап өтті және Қазақстан өкілінен оның мәнін түсіндіруді сұрады. Атап айтқанда, ол мүше авторлық құқық туралы Заңның 19-бабының 1 (1) тармағындағы «дәйексөз алу» мен «дәйексөз» терминдерінің және аталған Заңның 19-бабының 1 (2) тармағындағы «оқыту сипаты» терминінің мағынасын ашуды сұрады. Мүше сонымен қатар, Қазақстан өкілінен 41-баптың 1 (3) тармағындағы «ақпараттық мақсаттар» терминінің мәнін ашуды сұрады.




  1. Жауап ретінде Қазақстанның өкілі авторлық құқық туралы Заңның
    19-бабының 1(1) тармағындағы «дәйексөз келтіру» және «дәйексөз» терминдері Берн конвенциясының 10(1) бабында қолданылатын «дәйексөз келтіру» ұғымын білдіретінін атап өтті. Авторлық құқық туралы заңның
    19-бабының 1(2) тармағындағы «оқуту сипаты» термині Берн конвенциясының 10(2) бабында қолданылатын «оқу сипаты» ұғымын білдіреді. Авторлық құқық туралы Заңның 41-бабының 1(3) тармағындағы «ақпараттық мақсаттар» термині «жақын арада болатын оқиғалар туралы хабарламаны», сондай-ақ «жақын арадағы тарихи оқиғалар туралы хабарламаны» білдіретінін атап өтті. Авторлық құқық туралы Заңның
    41-бабының 1 (1) тармағындағы «ағымдағы оқиғалар» термині қазіргі уақытта болып жатқан, яғни, тікелей репортаждарды білдіреді.




  1. Жұмыс тобының мүшесі авторлық құқық туралы Заңның 41-бабы кейбір шығармалардың рұқсатсыз және сыйақысыз қолдануға рұқсат ететінін көрсетті және 41-баптың 1(2) тармағындағы «ерекше» терминінің мағынасын түсіндіруді сұрады.




  1. Қазақстанның өкілі Авторлық құқық туралы Заңның 41-бабының 1 (2) тармағындағы «ерекше» термині Рим конвенциясының 15(1)(d)-бабындағы «ерекше» термині мағынасында түсінілетінін растады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   78




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет