Дјріс сабаќтарыныѕ тезистері



бет7/14
Дата03.10.2023
өлшемі268 Kb.
#479681
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14
Лекция

Microsoft Excel 6.0 -1994 жылы Windows-3x операциялық ортасы үшін шығарылған;

  • Microsoft Excel-95 (Excel 7.0) - 1995 жылы MS Office-95 офистік пакеті құрамында Windows-95 операциялық жүйесі үшін құрылған;

  • Microsoft Excel–97 (Excel 8.0) - 1997 жылы MS Office-97 пакеті құрамында Windows-95 OSR 2 пайда болуына байланысты шығарылған;

  • Microsoft Excel-2000 (Excel 9.0) - 1999 жылы MS Office-2000 пакеті құрамында Windows-98 операциялық жүйесі үшін құрылған.

  • Microsoft Excel XP (Excel 10.0) - 2002 жылы MS Office XP пакетімен бірге Windows XP операциялық жүйесі үшін шығарылған.

    Microsoft корпорациясының мәлімдемесі бойынша, Excel-2000 мәтіндік процессорының жұмыс істеуі үшін төмендегі компьютер қажет:

    • Pentium 75 MHz және одан жоғары;

    • Windows-9x және одан жоғары;

    • 20 Mb жедел жад және 150 Мb қатқыл дискте орын;

    Excel дайындайтын құжат Жұмыс кітабы деп аталады. Жұмыс кітабы жұмыс парағынан тұрады. Жұмыс парағының құрылымы кестенің құрылымындай және ол бір немесе бірнеше кестені қамтиды. Әрбір парақтың аты төменгі жағында орналасқан жарлықта көрініп тұрады. Осы жарлықтың көмегімен кітапты парақтауға болады.
    Әрбір жұмыс парағы қатарлар мен бағандардан тұрады. Бағандардың аты латын алфавитінің бас әріптерімен жазылады. Бір жұмыс парағы 256-ға дейін баған санын қамти алады. Бағандар А-дан Z әріптерінің комбинацияларымен белгіленеді, ал қатарлар 1-ден бастап 65536-ға дейін номерленеді.
    Бағандар мен қатардың қиылысуы ұяшықты береді. Ол электрондық кестенің мәліметтер енгізетін ең кіші элементі болып табылады. Әрбір ұяшықтың қатар мен бағандардың белгілеуінен тұратын адресі болады. Мысалы: A9, D21, F5, G7, L16.
    Әрқашанда ұяшықтардың біреуі ағымдық ұяшық болып есептеледі және жақтаумен ерекшеленіп тұрады. Осы жақтау кестелік меңзердің рөлін атқарады және оны тышқанның немесе басқару пернелерінің көмегімен экранда жылжыта аламыз. Мәліметтерді енгізу,пішімдеу және басқа да іс-әрекеттер осы ағымдағы ұяшықта жүзеге асырылады. Бірнеше ұяшықтар тобын ұяшықтар ауқымы деп атайды. Ауқымдар тік төртбұрыш қалыпты болады. Оларды былай белгілейді: А7:Е25. Мұндағы А7-тік төртбұрыштың сол жақ жоғарғы, ал Е25–оң жақ төменгі бұрыштары.
    Мәліметтер типі. Кестенің ұяшықтарына мәліметтердің келесі үш типінің біреуін ғана енгізе аламыз. Ол мынадай типтер:

    • Сан;

    • Формула;

    • Мәтін.

    Енгізілетін мәліметтің сан немесе формула екенін оның алғашқы символына қарап анықтайды. Егер енгізілетін символдың біріншісі сан болса, онда оны сандық типке жатқызады. Егер біріншісі теңдік белгісі болса, формула деп қабылдайды. Егер біріншісі символымыз әріп немесе апостроф (‘) болса, мәтін деп қабылдайды.
    Excel программасының кестесіндегі есептеулер формулалардың көмегімен жүзеге асырылады. Формулалар тұрақты сандардан, ұяшықтарға сілтеме мен Excel функцияларынан тұрады. Егер ұяшықтарға формулалар енгізілген болса, онда жұмыс парағында осы формуланың есептеу нәтижесі ғана бейнеленіп тұрады. Ұяшықтағы сандық нәтижені емес, оған енгізілген формуланы көру үшін сол ұяшықты ерекшелеп алып, формулалар жолында бейнелеген жазуға көз салу керек.
    Салыстырмалы сілтеме. Формулаларды бір ұяшықтан екіншісіне көшіргенде нәтиже қандай болатыны сілтеменің адрестеуіне тікелей тәуелді. Кәдімгі жағдайда формуладағы ұяшықтарға сілтеме салыстырмалы болып табылады. Бұл формулаларды бір ұяшықтан екінші ұяшыққа көшірілгенде сілтеиенің адрестері автоматты түрде өзгереді деген сөз. Мысалы: В2 ұяшығында одан бір жол солға қарай және төмен орналасқан А3 ұяшығына сілтеме орналассын. Егер осы формула көшірілсе, онда сілтеменің салыстырмалы көрсеткіші сақталады. Мысалы, А9, D21, F5 салыстырмалы сітеме болып табылады.
    Абсолют сілтеме. Абсолют адрестеу кезінде формула көшірілгенде сілтеменің адресі өзгермейді, сілтеме көрсетіп тұрған ұяшық тұрақты болып қалады. Формулаларды редакциялау кезінде адрестеу әдісін өзгерту үшін ұяшықтың сілтемесін ерекшелеп алып F4 пернесін басу керек. Абсолют адрестелінген ұяшықтың нөмірінің алдында $ белгісін қояды. Мысалы: $А$16, $А9, А$7. Соңғы екі жағдайда ұяшық нөмірлерінің бір компоненті абсолют, екіншісісалыстырмалы болып есептеледі, бұл аралас сілтеменің мысалдары.


    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет