Жұмыс орнын баптайтын уақыт;
•Жұмыстағы үзіліс уақыты;
•Көзделмеген үзілістер уақыты.
• Жұмыс нормасы – бұл берілген техникалық жағдайларда мамандықтары жұмысқа сай келетін бір жұмыскердің немесе жұмысшылар тобының шығаратын өнімдеріне кеткен жұмыс шығыны көлемі.
• Жұмыс нормасы уақыт нормасына кері пропорционалды шама болып табылады. Жұмыс нормасының нұсқасы ретінде нормалы тапсырманы түсінуге болады. Нормалы тапсырма – бұл орындау үшін жұмыскерге немесе бригадаға берілген жұмыс көлемі, оны өткен уақыттардағы көлемін анықтай келе, тек нақты зат күйінде ғана емес, сондай-ақ, адам/сағат немесе істелетін күндер күйінде де береді.
• Қызмет көрсету нормасы еңбек заттарының еңбек өніміне айналуының орташа технологиялық өзгеруіне қатысы жоқ процесті сипаттайды. Бұл нақты ұйымдастырушылық-техникалық жағдайларда тиісті мамандануларына сай бір немесе бірнеше жұмысшы қызмет көрсететін қажетті қондырғылардың, өндірістік алаңдардың, жұмыс істеушілердің қажетті саны.
• Сандық (численность) нормалары — бұл берілген ұйымдастырушылық-техникалық жағдайлардағы жұмыскерлердің саны және жұмыстардың көлемі. Сандық нормалар қондырғыларды, қоймаларды, жұмыс орындарын қамтамасыз етуде қолданылады. Cондай-ақ, олар қосымша жұмыскерлер мен басқарушылықтағы қызметкерлердің еңбектерін нормалағанда пайдаланылады.
• Басқарушылық нормасы – бұл бір басшыға бекітілетін жұмыскерлердің немесе құрылымдық бөлімшелердің қалыпты саны.
•Әзірлеу әдістеріне байланысты еңбектің нормалары: техникалық-негізделген және тәжірибелі-статистикалық болып бөлінеді.
• Еңбек процессінің норма және еңбек нормасы белгілеген мөлшеріне қарай еңбек нормалары: операциялық және ірілендірілген болып бөлінеді.
• Қолданылу саласына байланысты еңбек нормалары: сала аралық, салалық; жергілікті нормалар болып бөлінеді.
• Қолданылу міндеттері бойынша еңбек нормалары: типті және бірегей (единые) нормаларға бөлінеді.
•
Достарыңызбен бөлісу: |