Структурализм 1940-1950 жылдары француз этнологы К.Леви-Строс еңбектерінде пайда болды. Структуралық зерт- теуде трансформациялық талдау – «грамматикаларды» орнық- тыру маңызды рөл атқарады. Нақты мақсат мәтіннің туу ме- ханизмін табу болды. Жалпы структурализм элементтердің өзі- нен гөрі шығарма құрылымындағы элементтер арасындағы қа- тынасқа көбірек көңіл бөледі. «Структуралық талдауда көркем- дік тәсіл – мәтіннің материалды элементі емес, қатынас» (Ю.М.Лотман «Поэтикалық мәтінді талдау»). Ю.М.Лотман ең- бектерінде структурализмге жақын жүйелік-структуралық және семиотикалық әдіс қалыптасты.
ХХ ғасырдың екінші жартысында типологиялық әдіс қар- қынды дамыды. Әдеби байланыстардың әсерін зерттейтін ком- паративистикадан бұл әдістің айырмашылығы бар. Типоло- гиялық әдіс өкілдері әдеби құбылыстардың ұқсастығы мен өзгешеліктерін тікелей қарым-қатынас негізінде емес, мәдени өмір жағдайларының ұқсастығын түсіндіру негізінде зерттеді.
1980 жылдардан бастап тарихи-теориялық әдіс қалып- тасты. Оның екі аспектісі бар, бір жағынан, тарихи-әдеби зерт- теу мықты теориялық мәнге ие болады, екінші жағынан, ғы- лымда тарихи кезеңге теорияны енгізу қажеттігі туралы түсінік орнығады. Тарихи-теориялық әдіс тарихи дамудың әр түрлі кезеңдерінде әдеби процесті сипаттайтын бір ғана ұғымдар өз мазмұнын өзгерте алады және өзгертеді.
Бақылау сұрақтары мен тапсырмалар:
Әдеби даму және оның ұлттық ерекшелігіне түсініктеме беріңіз.
Дәстүр дегеніміз не? Қазақ әдебиетінен мысал келтіру.
Жаңашылдық ұғымына нені жатқызамыз?
Әдебиеттің даму тарихында қандай әдеби әдістер болды?
Әрбір әдеби мектепке дәптерге анықтама-шолу жасап келу.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Байтұрсынұлы А. Бес томдық шығармалар жинағы. Т. 1 – Алматы, 2003.
Қабдолов З. Сөз өнері. –Алматы, 1992.
Ахметов З. Поэзия шыңы – даналық. Зерттеу. -2-бас. – Алматы, 2009.
Әдебиеттану. Терминдер сөздігі. – Алматы: Ана тілі, 1998.
Хализев В. Теория литературы. – М., 1999.
Майтанов Б. Сөз сыны. Алматы, 2002.
Есембеков Т.У.Көркем мәтінді талдау негіздері. – Алматы, 2009.
Ісімақова А. Асыл сөздің теориясы. – Алматы, 2009.
Сыдықов Х. Введение в литературоведение. – Алматы, 2005.
Ахметов К. Әдебиеттануға кіріспе. – Қарағанды, 2004.
Әдебиеттану. Хрестоматия (Құр. С.Мақпырұлы). – Алматы. 1991.
Федотов О.И. Основы теории литературы: Учебное пособие для студентов фил.фак. уч.зав.: В 2 ч. – М.: Владос, 2003.
Фарыно Е. Введение в литературоведение. – Варшава. 1991.
Литературная энциклопедия терминов и понятий (Сост. А.Н.Николюкин). –М., 2001.
Абрамович Г. Введение в литературоведение. –М., 1979.
Введение в литературоведение. Хрестоматия. – М., 1997.
М.Атымов. Көркем шығарманың композициясы туралы. –Алматы, 1969.
Белинский В. Таңдамалы шығармалар. 2 томдық. –М.,1948.
Аристотель. Поэтика. // Аристотель и античная литература. –М. 1978.
Дремов А. Специфика художественной литературы. – М., 1964.
Тимофеев Л. Основы теории литературы. – Москва. 1971.
Нұрғалиев Р. Арқау. 2 томдық. – Алматы. 1991.
Жұмалиев Қ. Әдебиет теориясы. – Алматы. 1969.
Головенченко Ф.М. Введение в литературоведение.- М., 1976.
Добин Е.Сюжет и действительность. Иск-во детали. – Л., 1981.
Ахметов З. Өлең сөздің теориясы. – Алматы. 1973.
Бахтин М. Вопросы литературы и эстетики. – М., 1975.
Богданова О.В. Постмодернизм в контексте современной рус-ской литературы. Филол.факул. С. –Петерб. гос. ун-та, 2004.
Исмакова А. Казахская художественная проза. – Алматы. 1998.
Мақпыров С. Адамтану өнері. – Алматы, 2009.
Тамарченко Н.Д. Теория литературных родов и жанров. Эпика. Тверь, 2001.
Достарыңызбен бөлісу: |