Этиканың халықаралық кодексінің қағидалары және негізгі талаптары
Талаптары
|
Шынайылылық
|
Жалпы алғанда, қоғамдық шынайы ақпаратқа деген және сенімді ақпараттық жүйеге қажеттілік
|
Мамандану
|
Бухгалтерлік есеп саласында маман ретінде клиенттермен, жұмыс берушімен және басқа да қызығушы жақтармен күдіксіз теңестірілген түрде жұмыс жасай алу
|
Қызмет көрсетудің сапалылығы
|
Маманданған бухгалтер көрсеткен барлық қызмет, сапаның жоғарғы стандарттарына сәйкес екеніне сенімді болуға қажеттілігі
|
Сенім
|
Маманданған бухгалтердің қызметін қолданушылар, мұндай қызметті реттейтін мамандық этикасының негізінің бар екеніне сенімді болуы
|
Қағидалары
|
Парасаттылық
|
Маманданған бухгалтерлер қызмет көрсету барысында адал және ашық болуы керек
|
әділдік
|
Маманданған бухгалтер әділетті және теріс түсініктен немесе қызығушылық дауынан, оның шынайлыққа кедергі келтіретін басқа тұлғалардың әсерінен алашақ болуы керек
|
Маманданған жете білушілік және міндетті ұқыптылық
|
Маманданған бухгалтерлер мамандығына байланысты қызметтерді ұқыптылықпен, жете білушілікпен және талаппен орындауы керек. Ол мамандық бойынша білім мен әдеттерді қажетті деңгейде ұстауға әрқашан да міндетті, өйткені олар жұмыс беруші мен клиентке жұмыста қолданылатын соңғы заңды, әдістерді және тәжірибені қолдана отырып, хабардар тұлғаға қызмет көрсетуге міндетті
|
Құпиялылық
|
Маманданған бухгалтер мамандыққа байланысты қызмет көсету барысында пайда болған ақпараттардың құпиялылығын сақтау керек және мұндай ақпараттарды сәйкесінше өкілеттіксіз жарияламау керек, мұндай ақпараттардың ашылуы оның мамандық немесе заңдық құқықтарында немесе міндеттерінде айтылған
|
Мамандық мінез-құлқы
|
Маманданған бухгалтер өз мамандығының атағына сай іс-әрекеттер жасау қажет және оның атағына зиян келтіретін мінез-құлықтан алыс болуы керек
|
Техникалық стандарттары
|
Маманданған бухгалтер техникалық және мамандық стандарттарын қолдануды сақтай отырып мамандық қызметтерін көрсетуі керек
|
Бухгалтер мамандығының этикасының мәселелерімен жұмыс жасайтын ұйымның есебін негізгі реттейтіндер:
-
AICPF – машықтанған қоғамдық бухгалтерлердің Американдық институты;
-
IFA – АҚШ-ның қаржы бухгалтерлерінің институты;
-
ICAA – Австралиялық машықтанған бухгалтерлердің институты;
-
ICАS – Шотландияның машықтанған бухгалтерлерінің институты;
-
IIA – АҚШ ішкі аудиторларының институты;
-
ACCA – Англия мен Уэльстің машықтанған бухгалтерлерінің институты.
Жоғарыда айтылған ұйымдардың міндеттеріне қоғамды әділетсіз бухгалтерлердің зиянынан қорғау, сонымен қатар маманданған бухгалтерлердің имиджін сақтау кіреді. Олар басшылар мен қатардағы жұмысшылардың мінез-құлқының этикалық нормаларын көтеру үшін әртүрлі шараларды қолданады. Бұларға жататындар:
-
барлық жұмысшылар сақтаулары қажет этикалық нормаларды, яғни жалпы құндылықтар жүйесі мен этика ережелерін жасау. Этикалық нормативтер ұйымның мақсатын сипаттау үшін жақсы этикалық атмосфера жасау және шешім қабылдау процесінде этикалық нұсқауларды анықтау үшін қабылданады;
-
этика бойынша комитет құру. Бұл тұрақты комитеттер этика көзқарасынан күнделікті тәжірибені бағалау үшін қажет. Мұндай комитеттердің барлық мүшелері – жоғарғы деңгейдегі басшылар. Кейбір ұйымдар «этика адвокаты» деген атпен мамандарды шақырады;
-
басшылар мен қатардағы жұмысшыларды этикалық мінез-құлыққа үйрету. Бұл этикалық мінездің көрсеткіштерін жоғарылату үшін ұйымдарда қолданылатын қосымша әдіс. Жұмысшыларды бизнестің этикасымен таныстырады және оларды туындауы мүмкін этикалық мәселелерді қабылдауларын көтереді.
Көріп отырғанымыздай, шетелдің әрбір кәсіпорыны өзінің атағын сақтау үшін іскерлік қарым-қатынастың этикасының жоғарғы стандарттарын өзіне бекітуге ұмтылады. Өкінішке орай, кеңестік елдерде бизнес этикасына жеткіліксіз көңіл аударылады.
Жоғарыда айтылғандардың барлығы мынаны дәлелдейді: халықаралық тәжірибе, отандық есеп дәстүрі және біздің елімізде қалыптасқан экономикалық шарттар, бухгалтерлер және аудиторлар үшін маманданған этикалық кодексін қабылдауды талап етеді.
Біздің Республикамызда бұл бағыт бойынша алғашқы қадамдар 1995 жылы аудиторлар Палатасының кезектен тыс конференциясында жасалынды, бұл кезде аудиторлардың этикалық кодексі қабылданды /3/. Перспективалық этикалық бағдарламаның элеметтері келесілер болуы керек:
-
бухгалтерлерді мамандық бойынша біріктіру кезінде этикалық арнайы комитеттер құру, мұның міндетіне есеп жұмысшыларының мінез-құлқының нормасы және қағидалардың кең көлемде насихатталуы кіреді;
-
мінез-құлық ережелерін түсіндіретін публикациялар; мамандық этикасының талаптарын ұйым мүшелерінің орындауына бақылау жасау, оларды бұзғанда қарсы қолданылатын шаралар;
-
мамандық этикасының нормаларын сақтаудан туындайтын жақсы және жаман салдарды нақты мысалда көріп қарастыру;
-
мамандық этикасының нормаларында жарияланған мінез-құлыққа есеп жұмысшылардың сәйкестігін, қызметін маманданған ұйымдар арқылы бағалау; бухгалтерлерді оқыту бағдарламасына мамандық этикасы курсын қосу;
Өнегелілік және ғылыми ценздерді жасау осы мамандықтың мәртебесін көтеруге мүмкіндік береді /4,5,6/.
Басқаша айтқанда, бухгалтер қызметінің алғашқылық бағыты ретінде ұйымның этикалық және заңдық мақсатын қолдау және жеке қарым-қатынас, басқа мәселелер бойынша тартыс к, билікті басшы жағынан қауіп туған кезде әртүрлі екі сөзділіктен қашуға мүмкіндік туғызады. Этикалық құжаттарда жеке пункт ретінде келесілер көрсетілулері керек:
-
бухгалтерлерден (аудитордан) заңдық негізде ережелерді, стандарттарды, заңды бұзуын талап етуге болмайды;
-
құжаттарды тексерушілерін алдауға немесе адастыруға (үндемеуді қосқанда)тыйым салынады;
-
ұсынылған есептілік шынайы ақпараттар негізінде жасалуы үшін, барлық шараларды қабылдау кажет.
Қорыта айтканда, бухгалтерлік лауазымды иеленген адам этикалық нормалардың бұзылуына жауапкершілік алуға міндетті, бұл жауапкершілік жұмысқа қабылдау туралы келісім-шартта көрсетілуіден басталады
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
-
М. Р. Мэтьюс, М. Х. Б. Перера ; Бухгалтерлік есеп теориясы Пер. с Агылш.аударма. бас ред. Я. В. Соколов, И. А. Смирнова 663 б. М. Аудит 1999
-
Д.Р. Кармайкл, М. Бенис — «Аудитт стандарттары мен нормалары», Москва, «Аудит», «ЮНИТИ», 1995 г.;
-
Қазақстан Республикасының «Аудиторлық қызмет туралы заңы». өзгертулері және толықтыруларымен. ҚР аудиторлар палатасы. -Алматы. 2007.
-
Джек К. Робертсон — «Аудит», Москва, АФ «Контакт», 1993 г.;
-
«Аудит Монтгомери», Москва, «Аудит», «ЮНИТИ», 1997 г.;
-
Аудиттін халықаралық стандарттары, Халықаралық бухгалтерлер федерациянын кодексі Москва, ICAR, 2000 г.;
Б.А. АЛИБЕКОВА
ПОДХОДЫ К ПОДГОТОВКЕ БУХГАЛТЕРОВ
Традиционный подход к обучению студентов по специальности «Учет и аудит» заключается в освоении общих и специальных знаний, необходимых для приобретения профессиональных навыков. В сферу профессиональной деятельности современного бухгалтера входит не только ведение бухгалтерского учета и представление финансовой отчетности заинтересованным пользователям, но и осуществление других видов деятельности, как независимый внешний аудит, внутренний аудит, анализ производственно – финансовой деятельности предприятия и др. Исходя из вышеизложенного, в типовой план подготовки бухгалтеров, а, следовательно, и в рабочий учебный план по специальности 050508 - «Учет и аудит» ЕНУ им. Л.Н. Гумилева вполне обоснованно включены такие профилирующие дисциплины как: «Принципы бухгалтерского учета», «Финансовый учет I», «Финансовый учет II», «Управленческий учет», «Аудит», «Экономический анализ» [1].
1. Извлечение из типового учебного плана специальности 050508 - «Учет и аудит»
№
|
Название дисциплины
|
Код курса
|
Семестр
|
Количество кредитов
|
1
|
Принципы бухгалтерского учета
|
РBU 2301
|
3
|
3
|
2
|
Финансовый учет I
|
FU 2302
|
4
|
3
|
3
|
Финансовый учет II
|
FU 3303
|
5
|
3
|
4
|
Управленческий учет
|
UU 3304
|
5
|
3
|
5
|
Аудит
|
Aud 4305
|
7
|
3
|
6
|
Экономический анализ
|
EA 3306
|
6
|
3
|
Среди вышеуказанных дисциплин курс «Принципы бухгалтерского учета» является своеобразной азбукой, т.е. основой для изучения всех остальных учетных дисциплин.
Целью курса «Принципы бухгалтерского учета» является освоение студентами основ бухгалтерского учета, получение навыков и техники его ведения в организациях в соответствии с действующими нормативно-правовыми документами. [2].
Исходя из цели, программа курса предусматривает, во – первых, изучение вопросов теории бухгалтерского учета, таких как концепции, принципы и качественные характеристики бухгалтерского учета, элементы финансовой отчетности, бухгалтерский баланс, счета бухгалтерского учета, документация, инвентаризация и др.; во-вторых, изучение организации учета отдельных объектов бухгалтерского учета, таких как учет текущих и долгосрочных активов, обязательств, капитала и представление финансовой отчетности в соответствии с национальными и международными стандартами бухгалтерского учета и финансовой отчетности. В результате студент должен научиться применять их при подготовке финансовой информации для внутренних и внешних пользователей, круг которых значительно расширился с переходом к рыночной экономике.
Курс «Финансовый учет I» представляет собой продолжающийся курс принципов бухгалтерского учета [3,С.9]. Цель изучения данной дисциплины состоит в усвоении студентами знаний о порядке ведения финансового учета хозяйствующим субъектом, его методики и организации в соответствии с международными стандартами. Исходя из цели разработчиками типовой программы определены следующие задачи изучения дисциплины:
-
понимание роли финансового учета в условиях рыночной экономики, его задач в обеспечении сохранности и контроля законности и целесообразности использования всех видов ресурсов;
-
усвоение порядка организации учетного процесса хозяйствующего субъекта;
-
изучение международных стандартов финансовой отчетности, в том числе учета текущих активов, долгосрочных активов, учета обязательств, учета доходов и расходов на предприятиях, учета собственного капитала, а также формирование финансовой отчетности;
-
знание передовой практики организации финансового учета;
-
привитие навыков самостоятельного решения вопросов, связанных с учетно-экономической деятельностью хозяйствующего субъекта;
-
умение использовать прогрессивные формы и методы учетно-экономической работы;
-
умение проводить научные исследования в области финансового учета и анализировать полученные результаты.
Дисциплина «Финансовый учет II», в свою очередь, представляет собой продолжающийся курс «Финансового учета I» и разработана для студентов, специализирующихся в бухгалтерском учете [3,С.22]. В данном курсе изучаются фундаментальные темы, способствующие выработке профессионального мышления.
Цель изучения дисциплины состоит в приобретении навыков сбора, регистрации и обработки информации, необходимой для формирования финансовой отчетности организаций в соответствии с международными стандартами.
Задачи изучения дисциплины состоят в рассмотрении на протяжении курса фундаментальных тем, предусматривающих изучение международных стандартов финансовой отчетности, в том числе учета аренды, учета подоходного налога, учета финансовых инструментов, введение в межкорпоративные инвестиции, консолидацию финансовой отчетности, участие в совместных предприятиях, влияние изменения валютных курсов. Студенты должны научиться применять полученные знания в ситуациях, обычно возникающих в практической деятельности.
Дисциплина «Управленческий учет» введена в учебные планы подготовки бухгалтеров относительно недавно [3,С.38]. Его отличительная особенность от финансового учета заключается в том, что его данные предназначены только для внутреннего пользователя. Цель управленческого учета – помочь менеджерам различного уровня принимать правильные решения. Другими словами, это система информационной поддержки управления. Исходя из вышеизложенного, целью дисциплины «Управленческий учет» является привитие навыков подготовки экономической информации для менеджеров различного уровня, необходимой им для выполнения функций управления, к которым относятся: планирование, контроль, анализ, принятие управленческих решений, стимулирование, коммуникации. Поэтому, бухгалтерская информация в управленческом учете формируется по трем направлениям.
Первое направление охватывает организацию производственного учета. Основной задачей производственного учета является ведение учета произведенных затрат, расчет себестоимости продукции (работ, услуг) и ожидаемой прибыли от ее реализации. Рассматриваются вопросы классификации, организации учета, распределения затрат, применения отдельных методов учета затрат и калькулирования себестоимости продукции - позаказного, попроцессного, нормативного и др., а также составление калькуляции сокращенной себестоимости и с полным распределением затрат.
Второе направление включает вопросы бюджетирования, оценки контроля и результатов деятельности.
Третье направление рассматривает вопросы формирования информации с целью принятия управленческих решений на краткосрочную и долгосрочную перспективы. Таким образом, ознакомление с сутью и практическим применением методов и способов производственного учета, бюджетирования осуществляется в контексте процесса принятия решений. Студент получает навыки подготовки информации, облегчающей принятие управленческих решений на всех уровнях в интересах эффективного распределения ограниченных трудовых, экономических и финансовых ресурсов организации.
Целью изучения дисциплины «Экономический анализ» является формирование у студентов знаний и навыков экономического анализа деятельности предприятия, оценки текущего состояния объекта и ожидаемых перспектив его развития для принятия управленческих решений [3, С. 101]. В результате изучения дисциплины студент должен овладеть специальными методами, приемами и способами обработки экономической информации, уметь анализировать реальную производственно-хозяйственную деятельность организации, уметь обобщать частные результаты анализа и делать соответствующие выводы с целью принятия оптимальных управленческих решений.
Таким образом, данный подход можно охарактеризовать как процесс накопления знаний, который, в целом обеспечивает подготовку высококвалифицированных бухгалтерских кадров.
Однако, с присоединением Республики Казахстан к Болонскому процессу актуальным становится применение в подготовке бухгалтеров компетентностного подхода.
Республика Казахстан став полноправным членом Болонской декларации и участником европейского образовательного пространства принимает на себя обязательства по выполнению его основных параметров.
Большую значимость в планировании и организации учебного процесса с учетом интересов работодателей и запросов общества имеют факультативные параметры Болонского процесса. Среди которых, наиболее важным, с точки зрения исследуемой проблемы, является разработка и внедрение модульных образовательных программ, разработанных на основе компетентностного подхода.
Виды модулей, основные требования к их формированию и порядку изучения определены в Правилах организации учебного процесса по кредитной технологии обучения [4]. В целях оказания практической помощи разработчикам модульных образовательных программ ЕНУ им. Л.Н.Гумилева разработаны «Методические рекомендации по разработке модульных образовательных программ» [5]. Вопросам реформирования высшего образования в контексте Болонского процесса также посвящено много обзорных материалов, в том числе и в Казахстане. Однако в них раскрытию принципа модульного построения учебных программ уделено значительно меньше внимания [6]. В целом, принцип модульности предполагает цельность и завершенность, полноту и логичность построения учебного материала.
Анализ литературных источников показывает, что сущность модульного обучения состоит в том, что содержание обучения структурируется в автономные организационно-методические блоки — модули. Объем и содержание модулей могут варьироваться в зависимости от профильной и уровневой дифференциации обучающихся, желаний обучающихся по выбору индивидуальной траектории движения по учебному курсу. Под модулем чаще всего имеется в виду, как отдельная дисциплина, так и блок дисциплин, которые образуют определенную взаимосвязанную целостность в составе программы, направленную на формирование определенной профессиональной компетенции или группы компетенций. Поэтому, при разработке модульной образовательной программы для специальности «Учет и аудит» мы исходили из того, что модуль – это законченная единица образовательной программы, формирующая одну или несколько определенных профессиональных компетенций, обязательной частью которого является оценка освоенности материала и присвоение кредитов. Следовательно, модульная образовательная программа состоит из совокупности последовательных модулей, направленных на овладение определенными компетенциями, необходимыми для присвоения квалификации.
Приведем в качестве примера модуль специальности 5В050800 - «Учет и аудит», специализация «Учет и аудит реального сектора экономики» (прием 2011г).
2. Выписка из модульной образовательной программы специальности 5В050800 - «Учет и аудит», специализация «Учет и аудит реального сектора экономики»
№
|
Название модуля
|
Название дисциплины
|
Компетенции
|
Объем
|
Форма контроля
|
1
|
Аудиторская деятельность
|
Аудит
|
Знать различные теории, принципы концепции, стандарты аудита, уметь их интерпретировать и применять при проведении аудита финансовой отчетности и выполнении сопутствующих услуг
|
3
|
Курсовая работа
|
Практический аудит
|
-Принимать нравственно и логически правильные решения, связанные с осуществлением аудиторской деятельности в соответствии со стандартами аудита и профессиональной этикой аудитора;
-Проводить аудиторские процедуры и формировать аудиторские заключения по аудиту финансовой отчетности в соответствии с международными стандартами аудита.
|
2
|
Экзамен
|
В данном подходе компонентом является компетенция, под которой понимается способность выполнять функции, присущие той или иной профессии, в соответствии с существующими профессиональными требованиями.
Резюмируя вышеизложенное отметим, традиционный подход к обучению студентов по специальности «Учет и аудит» заключается в освоении общих и специальных знаний, необходимых для приобретения профессиональных навыков. Однако, присоединение Республики Казахстана к Болонскому процессу требует применения в подготовке бухгалтеров компетентностного подхода. Поэтому, формирование и внедрение в учебный процесс университета модульных образовательных программ, основным компонентом которых являются компетенции, является одним из актуальных проблем на сегодняшний день.
СПИСОК ЛИТЕРАТУРЫ
-
ГОСО РК 6.08.009-2008. Образование высшее. Бакалавриат. Специальность 050508 – учет и аудит.
-
Типовые учебные программы по специальности 050508 - «Учет и аудит», 1 часть (базовые дисциплины) – Алматы:2006
-
Типовые учебные программы по специальности 050508 - «Учет и аудит», 2 часть (профильные дисциплины) – Алматы:2006
-
Правила организации учебного процесса по кредитной технологии обучения. Приказ Министра образования и науки Республики Казахстан №152 от 20.04.2011г.
-
Нурманбетова Д.Н., Нефедова Л.В., Жаппасова Р.Е. Методические рекомендации по разработке модульных образовательных программ.- Астана: ЕНУ им. Л.Н.Гумилева, 2011 – 36с.
-
Реформирование высшего образования в Казахстане и Болонский процесс: информационные материалы для практических действий – Алматы: 2009 – 120с.
Ф. Сейдахметова, Б. Жуматаева, Б. Кунисова
Қазақстан Республикасындағы нарықтық экономикасының кейбір маңызды мәселелері
Еліміздің «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасында ұлттық мемлекетті қалыптастырудың алғышарттары ретінде экономиканы тұрақтандыру, меншіктік қатынастарды реформалау және толыққанды нарыққа бет бұру, құрылымдық және технологиялық артта қалушылықты жою мәселелері көрсетілген.
Қазiргi уақытта Қазақстан Республикасындағы әлеуметтiк-экономикалық жағдай макро- және микроэкономикалық көрсеткiштердiң жақсаруымен, индустриалдық-инновациялық даму стратегиясының iске асыру шегiнде сапалы жаңа кезеңге өтуiмен, әлеуметтiк мұқтаждықтарға, кәсiпкерлiктi дамытуға арналған мемлекеттiк шығыстардың өсуiмен, халықтың тұрмыс деңгейiнiң артуымен, әлемдiк экономикалық қоғамдастыққа өтумен сипатталады. Сәйкесінше бұл факторлар экономикалық қылмыстардың сапалы жағынан өзгеруiне ықпалын тигiзіп, нәтижесінде қылмыстық әрекеттердiң жаңа нысандары пайда болса, ал бұрынғылары күрделене түсуде.
Әйтсе де мемлекеттік экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыру міндеттерін орындау тек оң факторлармен ғана емес, экономикалық құқық бұзушылықтар секілді теріс құбылыстармен де тығыз байланысты. Соған орай қоғамның өркениетті дамуына қайшы құбылыстармен, атап айтқанда жалпы қылмыспен күресудің ескірген әдістерін қайта қараудың, экономикалық құқық бұзушылықтардың алдын алу теориясы мен тәжірибесін жаңарту үшін қалыптасқан объективтік жағдайларды пайдаланудың қажеттілігі туындап отыр
Атап айтканда, Қазақстан Республикасы экономикасының катынастарға көшуі баға белгілеу, қаржыландыру, несие беру, аумақтық басқару секілді оң экономикалық үрдістермен қатар, экономикадағы қылмыстық істердің, көлеңкелі құрылымдардың пайда болуы секілді кері құбылыстардың да белсенділігінің артуына алып келді.
Сонымен бірге шаруашылық жүргізудің нарықтық шарттары бизнесті жүргізудің жаңа тәртібін, соның ішінде жауапкершілігі шектеулі компанияларды құру мүмкіндігін енгізе отырып, қаржылық қызметтерді көрсету саласындағы айлакерлік пен «нарықтық» типтегі өзгедей экономикалық қылмыстарға да құшағын айқара ашты.
Әсіресе шаруашылық субъектілер азаматтар арасындағы қаржылық операциялардың көлемінің ұлғаюы экономикалық қылмыстардың тез өркен жайған «индустрияға» айналуына ықпал етіп, ал олардың басты мақсаты бизнестің заңға қайшы әдістерінің нақты бір нысанын пайдалану арқылы пайда табуды көздеу болды.
Мұның барлығы кез келген қоғам үшін қауіпті құбылыс, өйткені ол өз кезегінде төмендегі мәселелердің туындауына ықпал ететіні белгілі:
-
біріншіден, егер мемлекеттік бюджетке қаражаттар жеткілікті мөлшерде түспесе, онда мемлекеттік бағдарламаларды қаржыландыру көлемі қысқарады;
-
екіншіден, нарықтық бәсекелестік тұрғысынан заңды бұзушы тұлғалар заңды бұлжытпай орындайтын төлеушілерге қарағанда өте пайдалы жағдайда бола отырып, өзге субъектілерді өз іс әрекеттерімен арандатады;
үшіншіден, экономикалық қылмыстардың кең таралуы бюджеттің кіріс бөлігінің дефицитіне әкеліп, үкіметті жаңа салықтар мен алымдарды енгізу немесе қолданыстағы салықтардың ставкасын көтеру арқылы қаражаттардың жетіспеушілігінің орнын толтыруға мәжбүр етеді.
Олай болса, «экономикалық құқық бұзушылық» ұғымының мәнін экономикалық қылмыстардың алдын алу шараларын қабылдау мақсатында тереңірек зерттеген орынды.
Экономикалық қылмыс түсінігі және оның экономика саласындағы қылмыстар, шаруашылық қылмыстары ұғымдарымен қарым қатынасы соңғы уақытта жан-жақты талқылануда. Алайда осы мәселе бойынша заң әдебиеттерінде, оқымыстылар арасында ортақ пікірлер жоқтың қасы.
«Бюджетке төленетін салықтар және басқа да міндетті төлемдер туралы» (Салық кодексі) Кодексі ҚР заң актілерінде қаралған шарттарды бұзғаны үшін жауапкершілік жүктейді. Бірақ «заңды бұзу» ұғымына ешқандай түсіндірме бермейді. Тек «Әкімшілік құқық бұзушылықтар кодексінің» 28-бабында «Әкімшілік құқық бұзушылық ретінде жеке немесе заңды тұлғаның заңға қайшы, кінәлі (қасақана және байқамай) әрекет жасауы, не қандай да бір іс әрекет жасамауы жатады» делінген[1].
В.М. Есипов, «экономикалық қылмыстар ретінде материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну саласында криминалдық әдістердің көмегімен немесе тікелей сол әдістер арқылы жүзеге асырылатын барлық экономикалық қызметтерді түсіндіреді»[2]. Басқаша сөзбен айтқанда, оның пікірінше, бұл экономикалық қарым қатынастардың криминалды нысанда көрініс табатын ерекше түрі.
Бірқатар Ресей ғалымдары экономикалық қылмыстар құзырлы немесе басқадай тұлғалардың экономикалық қызметті жүргізудің қылмыстық заңмен қаралған қалыпты ережесін қасақана бұзу арқылы экономикалық мүддеге қол сұғуы деп түсіндіреді[3].
Г.Д. Тіленшиеваның пікірі бойынша, «Экономикалық қылмыстар – бұл қылмыстық заңмен қарастырылған, республиканың экономикалық жүйесіне қол сұғатын, шаруашылық субъектілері арасында экономикалық, ұйымдастыру және бөлу функцияларын атқаратын тұлғалармен жасалатын криминологиялық тұрғыдан бірыңғай болып келетін, қоғамға қауіпті іс әрекеттер»[4].
Жоғарыдағы пікірлерді қорыта келе, біздің ойымызша, экономикалық қылмыстар қолданыстағы заңға сәйкес құрылған «экономикалық қызмет» шеңберінде табыстар мен шығыстарды заңсыз бөлу арқылы жеке пайданы көздеу мақсатымен жүзеге асырылады. Ол табыс табуды реттейтін жалпыға бірдей міндетті ережеге мойынсұнбай, мемлекеттің табыстарды бөлуге қатысу құқығын шектейді. Басқаша айтқанда, ол өнім өндіру және өткізу қызметінің бүкіл шеңберін қамтиды әрі жеке пайда көру мақсатымен жүзеге асырылады және нормативтік құжаттарда тіркелмеген, есепке алынбаған, заңға қайшы «экономикалық қызмет» түрлерінің жиынтығын білдіреді.
Құқық бұзушылық үрдісінде пайда болатын экономикалық қатынастардың ең көп тараған ортақ белгісі – бұл олардың бақыланбайтындығы. Олай болса осы бақыланбайтын экономикалық қатынастарды салаларға жіктей отырып көрсетейік.
Біріншіден, есеп пен бақылаудан жасырылған экономикалық қызмет (заңды сектордағы операциялар). Екіншіден, жүзеге асыру үшін заңдық жауапкершілік қарастырылған экономикалық қызмет. Үшіншіден, нақты алғанда ешқандай бақыланбайтын экономикалық қызмет (бейформальды). Төртіншіден, бақылаудан жалтару үшін арнайы операциялар жасалынбайтын экономикалық қызмет. Яғни олар бақылау және құқық қорғау органдары тарапынан ешқандай шаралардың қолданылмайтындығын ескереді.
Осымен бір мезгілде экономикалық қылмыстар құрылымының сапалық жағынан өзгеретіндігін, қылмысты істердің жаңа әрі соғұрлым күрделі түрлерінің пайда болатындығын да болжап күту керек. Осының бәрі мемлекеттік органдардан қаржылық құқық бұзушылықтардың санын және жаңадан пайда болу мүмкіндігін қысқартуға бағытталған экономикалық, заңдық және тергеу шараларын өзара тығыз байланыстыра отырып жүзеге асыруды талап етеді.
Жүзеге асырылатын шаралар экономикалық қылмыстардың жаңа түрлерінің пайда болуының алдын алуға бағытталуы тиіс. Бұған әлемдік тәжірибені зерттеу және осы теріс құбылыстармен күресудің заманауи әдістерін енгізу ықпал етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |