М.Әуезов Абайдың жәуанмәртлік ілімімен таныстығы медреседегі шәкірттік кезінен
басталғанын «Абай жолы» эпопеясының алғашқы кітабында суреттеп баяндайтыны бар.
Роман желісінде бала Абай Қарқаралыдағы жиынға келген Бөжей тобына сәлем бергенде,
сәлемін құп алған Бөжейге разы болып: «Бұл ой Абайға алғаш келген ой еді де... және тіпті, өз
ойы сияқты көрінді. Анығында «ақыл, қайрат» «ақыл мен бақыт, байлық» дегендерінің өзара
дауы, таласы деген парсы, түрік тіліндегі кітаптардан былтырлары бір оқыған нақыл әңгімесі
бар. Қазір де Абай соны өмірден тапқанына да дән разы... Өз ақылымен тапты... Тапты да:
осының бәрі бір жерден бір кеудеде, бір адамның ішінде болмағы ләзім». (М.Әуезов. 50 томдық
толық жинағы. Алматы. 2005, 22 том. 125 бет), – деп жазуына қарағанда, жәуанмәртлік
ілімінің негіздері арнайы өзекті желі тартып жиналатын Жүсіп Қас Хаджиб
Баласағұнидің (XI ғ) «Құтты білік» (1069 ж.) дастаны мен парсы тілінде жазылған
«Кабус наме» (XII ғ.) кітабын дәл меңзеп тұр.
М. Әуезов заманында шығыстың бұл рухани қазына көздерін ашық айтып, сілтеме
жасауына, насихаттауына мүмкіндік жоқ еді. Бірақ М. Әуезов романда көркемдік тәсілге сүйене
отырып, есің болса ішің білер дегендей ыммен беріп, жол тауып кетіп отыр.
Абай жәуанмәртлік ілім негіздерімен терең таныс екені 38 қара сөзінде сілтеме жасап
берілетін жәуанмәртлік ілімін терең бойлай талдап, сыншыл ой-пікір айтуымен-ақ мәселенің
түп төркіні қайда жатқанын ашық сездіріп отыр.
Абай өзіне дейінгі Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Ясауилердің және Румидің кемел адам
жайлы ой танымдары мен кісілік идеясымен тек таныс болып, осы ілім саласында толассыз
ізденіске түсіп, өзі негізін қалаған толық адам ілімін қалыптастырудағы басты мақсаты –
М.Әуезовтың сөзімен айтқанда: «...ұстаздық, әлеуметтік талабының түп мақсаты
жеке адамды жамандықтан арылтып, сол арқылы заманындағы қауым-қоғамын және
Достарыңызбен бөлісу: |