Филология факультеті 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы



бет12/25
Дата15.06.2016
өлшемі1.63 Mb.
#137822
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25

Курстың мақсаты:«Адам өмірі қауіпсіздігі негіздері және еңбекті қорғау» пәнінің мақсаты студенттермен азаматтық қорғанысты құру және жұмыс істеу, табиғи және техногендік сиаттағы төтенше жағдайлар мен осы заманғы зақымдаушы құралдардан халықты, қоршаған ортаны қорғау және ұйымдастыру мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін оқып үйрену.

Деректемелер / Пререквизит: «Адам өмірі қауіпсіздігі негіздері және еңбекті қорғау» пәні қазіргі табиғи және техногендік апаттар кезіндегі төтенше жағдайлардың зардабы мен әсерін білу және алғашқы көмек түрлерін, қорғану әдістерін игеру болып табылады.

Курстың /пәннің мазмұны: «Адам өмірі қауіпсіздігі негіздері және еңбекті қорғау» пәні қазіргі табиғи және техногендік апаттар кезіндегі төтенше жағдайлардың зардабы мен әсерін білу және алғашқы көмек түрлерін, қорғану әдістерін игеру болып табылады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

1.Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексі, Астана, 15.05.2007г.

2.Азаматтық қорғаныс туралы ҚР заңы. 5.05.1997ж.

3.Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖтуралы заңы. 5.07.1996ж.


4.Жаданов Н. Еңбек қорғау. Қызылорда 1995ж.
5.Нұржасарова М.А., Рысқұлова Б.Р., Тұрғұмбаева Х.Х. Охрана труда. «Фолиант» Астана-2007ж.
6. Аманбаев Д.А., Смагулов З.И., Обухов Ю.Д. Основы охраны труда на производстве. Алматы. 2002 г

7.Тіршілік қауіпсіздігі . Оқу құралы, 1-2 кітап. – Алматы: республика курстары ТЖ және АҚ, 2003 ж.

8.Безопасность жизнедеятельности. Учебное пособие, книга 1. - Алматы: Республиканские курсы ЧС и ГО, 2002г.

9.Сборник материалов для подготовки руководящего состава по вопросам ЧС и ГО. - Алматы, Республикансие курсы ЧСиГО, 1999г

10.Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық әдістемелік жинағы. Алматы,2000-2011ж

11. Арпабеков С. Өміртіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2004ж

12.С.Т. Абдрахманов.Н.Б.Ермұханова.Өндірістік апат, авария, зілзала және оның зардаптарын жою тәртіптері. ҚМУ,2007ж.

13.Приходько Н.В. Безопасность жизнедеятельности. Курс лекций. - Алматы: ВШП «Адилет», 2000г.

14. Саудабеков К.Е., Алманиязов Э.А., Лухнова Л.Ю., Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: Учебное пособие. - Каз ГЮУ, 1999г.

15. Танжарықов П.А., Абдрахманов С.Т., Сарабекова Ұ.Ж. Мұнай газ саласындағы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау. Оқу құралы. Қызылорда,Тұмар,2009ж.



Сабақ беру әдістері: зерттеу, талдау әдісі, обьективті –аналитикалық, жүйелі-кешенді, көрнекілік, проблемалық оқытудың әдіс-тәсілдері.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың /пәннің/ атауы: Публицистикалық шығармашылық негіздері

Пәннің коды: PShN 2204

Пәннің типі: базалық, міндетті компонент

Оқу жылы: 2

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 3 кредит

Дәріс беруші оқытушы: ф.ғ.к., аға оқытушы Г.Әшірбекова

Курстың мақсаты: Бағдарлама барысында әлемдік және отандық публицистика тарихын, теориясын, тәжірибесін зерттеген ғалымдар еңбектері негізге алынды. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Әуезов сынды көсемсөз хақында толымды ой айтқан ұлыларымыздың еңбектері басшылыққа алынды. Қазақ публицистикасының түпқайнарын айқындап, қалыптасу, даму арналарын түсіндіріп, публицистикадағы тақырыптық, проблемалық, жанрлық, пішіндік өзгерістерді біртұтас бірлікте түсіндіру.

Деректемелері /пререквизиттері/: Қазақстан тарихы, Қазақ журналистикасының тарихы, Журналистикаға кіріспе.

Курстың /пәннің мазмұны/: Бағдарлама барысында әлемдік және отандық публицистика тарихын, теориясын, тәжірибесін зерттеген ғалымдар еңбектері негізге алынды. А.Байтұрсынов, Ә.Бөкейханов, М.Дулатов, М.Әуезов сынды көсемсөз хақында толымды ой айтқан ұлыларымыздың еңбектері басшылыққа алынды.

Қазақ публицистикасының түпқайнарын айқындап, қалыпптасу, даму арналарын түсіндіріп, публицистикадағы тақырыптық, проблемалық, жанрлық, пішіндік өзгерістерді біртұтас бірлікте түсіндіру – пәннің негізгі мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешу көзделді:



  • публицистика табиғатын айқындап беру;

  • публицистика мен көркем әдебиеттің, сондай-ақ публицистика мен журналистиканың арақатынасын, ұқсастықтары мен айырмашылықтарын көрсету;

  • көне түркі жазба ескерткіштеріндегі публицистикалық белгілерді анықтап, қазақ публицистикасының фольклорлық дәстүрін аңдату;

  • қазақ баспасөзінің тарихында ерекше орын алатын «Түркістан уалаятының газеті», «Дала уалаятының газеті», «Айқап» журналы, «Қазақ» газеттеріндегіпублицистиканың баспсөзбен тоғысуын, ұлттық публицистиканың алғашқы нышанын, ұлттық публицистиканың қалыптасу ерекшеліктерін көрсету;

  • сондай-ақ публицистикадағы шығармашылық даралық пен публицистика жанрларын бүгінгі көзқарас тұрғысынан түсіндіру, сондай-ақ болашақ мамандарды қазақ публицистикасының бай мұрасы негізінде жаңа шығармалар жазуға баулу.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

  1. Барманқұлов М.К. Телевидение: бизнес пе, әлде билік пе? – Алматы, 2007.

  2. Омашев Н. Қазақ журналистикасы А: Таймас. 2009ж. 1-том. – 345 б.

  3. Жақсылықбаева Р. Публицистің шығармашылық шеберханасы А: Қазақ университеті. 2008. – 321б.

  4. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. А: Білім. 2007. –458б.

  5. Амандосов Т.С. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.- Алматы, 1978.

  6. Барманқұлов М.К. Телевидение: бизнес пе, әлде билік пе? – Алматы, 2007.

  7. Горохов В.М. Основы журналисткого мастерства. – М., 1989

  8. Жақып Б. М.Әуезов-публицист. – А., 1999.

  9. Жақып Б.Ө. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жол-дары. –Алматы, 2004

  10. Әбдіманов Ө. «Қазақ» газеті -Алматы, 1993

  11. Сұбханбердина Ү, Сақ Қ. Қазақ. -Алматы, 1998ж

  12. Омашев Н.О. Жол үстінде- журналист. – А., 1999.

  13. Қожакеев Т. Жас тілшілер серігі. – А., 1991.

  14. Рэндалл Д. Универсальный журналист. – А.,1996.

  15. Телевизионная журналистика. –М., 1994.

  16. Бұлқышев Б. Өшпес өмір.-А., 1965.

  17. Аллаберген Қ., Нұсқабайұлы Ж.,Оразай Ф. Қазақ журн. тарихы.

  18. -А.,Рауан. 1996.

  19. Қожакеев Т. Қазақ сатирасы. –А.,1970.

  20. Стюфляева М.И. Образные ресурсы публицистики.-М., 1982.

  21. Жақып Б.Ө. Публицистикалық шығармашылық негіздері. –А.,2007


Сабақтың беру әдістері: тарихи-салыстырмалы зерттеу, талдау әдісі, обьективті –аналитикалық, жүйелі-кешенді, көрнекілік, проблемалық оқытудың әдіс-тәсілдері.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың /пәннің/ юниттің атауы: Шетел журналистикасы

Пәннің коды: ShZh 2206

Пәннің типі: Базалық, міндетті компонент

Оқу жылы: 2

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: ф.ғ.к., аға оқытушы Әжиев Қанат Өмірзақұлы

Курстың мақсаты: Алыс жақын шет елдер журналистикасымен жан-жақты танысу арқылы әлемдік бай тәжірибенің озық үлгілерін үйреніп, өзіндік көзқарас пен жоғары білімді журналист қалыптастыру; шетелдік журналистиканың тарихымен танысу, әлемдік ақпарат айдынындағы магнаттар тарихынан мағлұмат беру, журналистика зерттеушілерінің пікірлері негізінде бүгінгі журналистердің міндеттерін түсіндіру, шетелдік ақпарат құралдары арасындағы байланысқа, ақпарат алмасу тәсілдеріне назар аудару, шетелдік журналистердің саяси сараптамаларына шолу, әлемге әйгілі басылымдар мен ақпарат агенттіктерінің іс-тәжірибелерімен танысу, қазіргі халықаралық қарым-қатынастағы төртінші билік өкілдерінің алатын орнын айқындау, шет елдік журналистердің кәсіби әдебі жайлы мағлұматтар беру, жекеменшік, күнделікті басылымдар тарихымен танысу, әлемдік журналистиканың бүгінгі бай тәжірибесімен танысу, адамзаттық мүдде, мемлекеттік мүдде, жеке адам мүддесі, журналист мүддесі жөніндегі ұғымдардың аражігін ажырату.

Деректемелері/Пререквизиттері:

Ұлттық және халықаралық қоғамдық пікірге информация құралдарының тигізетін әсері бүгінде арта түсті. Олар әлемде болып жатқан өзгерістердің тек хабаршысы ғана емес, лайықты бағалай білетін, өмірлік құбылыстар мен оқиғалардың дамуына өзіндік ықпал ететін идеологиялық жұмыстың басты құралына айналды. Қазіргі журналист жұмысының ерекшелігі – білімді, профессионалдық дайындықты, бұлжымас сенімділікті, өмірлік құбылыстарды шапшаң, әрі әділ таразылауды, зымыран уақыттың ұшқырлығына сай қарыштауды талап етіп отыр.

Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарындағы халықаралық тақырыпқа жазылған журналистік материалдарға баға бере білуі керек.

Халықаралық тақырыпқа жазылған ақпараттық материалдарды іріктеу мен талдауда тәжірибе жинақтау. Сонымен қатар, бұл курсты оқыту студенттерге болашақта шетелдік БАҚ-тың тәжірибесін өз жұмысында пайдалануға мүмкіндік береді.



Курстың/ пәннің мазмұны: «Шет ел журналистикасы» пәні Еуропа, Шығыс, Азия, Африка, Американың телерадиокоммуникация саласындағы жүйелерімен, қазіргі үлгі етерлік жағдайларымен таныстыру; қазіргі ақпараттық қоғамдағы олардың даму жағдайының негізгі бағыттарын түсіндіру; электронды БАҚ-тың бүгінгі таңда алатын орны мен әсер етуші негізгі факторларды талдау арқылы шетел тележурналистерінің кәсіби шеберлігі туралы түсінік қалыптастыру.

Ұлттық және халықаралық қоғамдық пікірге информация құралдарының тигізетін әсері бүгінде арта түсті. Олар әлемде болып жатқан өзгерістердің тек хабаршысы ғана емес, лайықты бағалай білетін, өмірлік құбылыстар мен оқиғалардың дамуына өзіндік ықпал ететін идеологиялық жұмыстың басты құралына айналды. Қазіргі журналист жұмысының ерекшелігі – білімді, профессионалдық дайындықты, бұлжымас сенімділікті, өмірлік құбылыстарды шапшаң, әрі әділ таразылауды, зымыран уақыттың ұшқырлығына сай қарыштауды талап етіп отыр.

Қазақстан бұқаралық ақпарат құралдарындағы халықаралық тақырыпқа жазылған журналистік материалдарға баға бере білуі керек. Халықаралық тақырыпқа жазылған ақпараттық материалдарды іріктеу мен талдауда тәжірибе жинақтау. Сонымен қатар, бұл курсты оқыту студенттерге болашақта шетелдік БАҚ-тың тәжірибесін өз жұмысында пайдалануға мүмкіндік береді.

Курстың негізгі теориялық базасы БАҚ саласындағы халықаралық заңдылықтар мен нормативтік құжаттар, сондай-ақ, әлемнің телерадио ұйымдарының ақпараттық және талдамалы материалдары, шетелдік телерадио бағдарламалары болып табылады.



Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер

І.Андрунас Е. И. Информационная элита: корпорация и рынок новостсй. М., 1991.

2.Актуальныс проблсмы журналистики Азии, Африки, Латинской Амсрики. М., 1989.

3. Барманкулов М. К. Искусство соврс.менной информации. Алматы, 1993.

4. Барманкулов М.К.Телевидсние :деньги или власть?Алматы,1997.

5. Беглов С. И. Монополии слова. М., 1972.

6. Бсглов С.И.Британская печать на исходе века.М.,1995.

7.Боровой Я. Л. Король безнравственности. М., 1981.

8. Бурмистснко А. Н. Сколько стоит "собствснное мненис»? М.,

1977.


9. Бурмистснко А. Н. "Тайм»: бизнсс на пропагандс. М., 1977.

10.Вальраф Г. Г. Репортер обвиняст. М., 1988.

11.Винокуров П. Печать в капиталистичсских странах и СССР. М.,1987.

12.Власов Ю. М. Основныс черты буржуазной журналистики. М.,1979.

13.Власов Ю. М. Пропаганда за фасадом новостсй. М., 1976.

14. Н.Волков А. И. Печать Бельгии. М., 1961.

15.Вопросы истории печати. Свердловск, 1974.

16.Гюндсрн Г. Монополии, пресса, война. Роль прсссы в

подготовкс Первой мировой войны. М., 1964.

17.Гляйсбсрг Г. О концснтрации псчати и манипулировании

общсствснным мнением. М., 1974.

18.Европсйская конвенция о защите прав чсловска и основных

свобод.Сакт- Пстсрбург,1996.

19.Жслтяков А. Д. Печать в обществснно-политичсской и

культурной жизни Турции. М., 1972.

20-Живсйнов Н. Соврсмснная прссса Канады. М., 1959.



Сабақ беру әдістері: салыстырмалы, салыстырмалы-тарихи, зерттеу, ішінара зерттеу,талдау әдісі, обьективті – аналитикалық, жүйелі – кешенді, көрнекілік, проблемелық оқытудың әдіс – тәсілдері т. б.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың /пәннің/ атауы: Этика, заңнама және БАҚ

Пәннің коды: EZBAK

Пәннің типі: Базалық, міндетті компонент

Оқу жылы: 2

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3 кредит

Дәріс беруші оқытушы: магистр-аға оқытушы А.Әбдіразақова

Курстың мақсаты: Қазақстан Республикасының заңдары мен БАҚ деп аталатын жалпы курс болашақ журналистердің білім,білігін, оның ішінде мемлекеттік заңдылықты және оның іс-жүзіне асырылуын меңгертуді көздейді.Мұнда кәсіби этика мәселелері де қоса үйретіліп, оның нақты өмірмен байланысы айтылады. Бұл курс журналистика мамандығы бойынша білім алатын студенттерге осы мамандықтың қыр-сырын игеріп шығу үшін, кең ауқымды білім беруге арналған. Журналистиканың қоғамдық өмірдегі алатын орны мен атқаратын қызметі хақында, жаңа сипаттағы тәуелсіз мемлекет құру кезеңінде бұқаралық ақпрат құралдарына сүйенетін демократиялық принциптерді мен міндеттері жайында , сөз бостандығының жүзеге асырылу шарттары турасында,ҚР Конституциясы,БАҚ туралы заңдары,авторлық сабақтас құқық жөніндегі заңдары жан-жақты теориялық тұрғыдан оқытылады.

Деректемелері /пререквизиттері/:«Журналистикаға кіріспе және бұқаралық ақпарат құралдары», «Журналист этикасы», «Журналистің сөйлеу мәдениеті»

Курстың /пәннің мазмұны/: Пән бойынша оқу курсының соңында студент мына төмендегі талаптарға сай болады:

-Журналистиканың табиғаты мен өзіне сай ерекшеліктері, құрылымдық сипаты мен бейнелеуші құралдары жайында толыққанды мағлұмат алады;

-Қазіргі елімізде қолданылып жүрген заңдармен бірге басқа мемлекеттің тәжірибесіне назар аударылады;

-Журналистика, оқиға,заң айымашықтарын ажырата білуге үйренеді;

-Әр басылымның өзіндік ерекшеліктерін сараптай отырып, заң тақырыбына жазылған материалдарға талдау жасай алуды үйренеді;

-ҚР Б.А.Қ туралы заңымен,әсіресе журналистің құқықтар мен міндеттерін қорғайтын заңмен танысады;

-Авторлық сабақтас құқық туралы мәлімет алады;

-Ақпарат түрлері мен алу әдістерін үйренеді;

-Халықаралық құықтар мен Журналистер ұйымдарымен танысады;

-Журналистиканың қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында атқаратын қызмет ету заңдалақтарын біледі;



Ұсынылатын әдебиеттер:


  1. Казақстан Республикасының Конституциясы.А,1995,2007ж

  2. Адам құықтарының жалпыға ортақ Декларациясы.Заң 13 қазан,1994ж

  3. БАҚ туралы заң.А,1999ж

  4. Ворошилов В.Право и этика СМИ.М,1999

  5. Прохоров Е..Журналистика.Государство.Общество.М,1996ж

  6. Казақстан Республикасыұлтаралық қатынастарды жазып көрсетудегі журналистік этика кодексі.А,1997ж

  7. Әбсаттаров Р, Отыншиева Ә. Терроризм тамыры қайда және оны қалай қырқамыз? Ақиқат. 2006, №7

  8. Суханов П. Борцы за мировой Халифат. А, 2001

  9. Терроризм в современном мире: характерные особенности. А, 2002

  10. Төлепберген М. Өзара ықпалдастық және сенім шаралары Егемен Қазақстан, 2002, 16 қаңтар.

  11. Полетаев Э. Международная журналистика. А, 2003

  12. Шайынғазы С. Ұжымдасып іс атқаруға да, қорғануға да болады. 2003, 14 қаңтар.

  13. Ибраева Г. Региональные конфликты и СМИ. А, 2001

  14. Нұсқабаев О, Будак Ф. Қазақстан-Түркия ынтымақтастығы. Ақиқат. 2006, №8

Сабақтың беру әдістері: Сабақ барысында дәстүрліден бөлек, оқу мен жазу арқылы сыни ойлауды дамытудың әдіс-тәсілдері пайдаланылады.Студенттің ойлау, өз пікірін еркін жеткізе алумен бірге, шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында әртүрлі еркін тақырыптарда презентация жасауға, интервью алуға, эссе ,пресс-релиз, мақала жаза алуға баулу, тестілік бақылау алу арқылы алған теориялық білімдерінің деңгейін бағалау үшін шағын топтарда жұмыс жасалып, тапсырмалар беріледі. СТО әдістері кеңінен пайдаланылады.Облыстық мерзімді басылымдарда мақала жариялауға, бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысына қатысуға бағыт-бағдар беріледі.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Курстың /пәннің/ атауы: Баспасөздегі компьютерлік технология және фотожурналистика

Пәннің коды: BKTZhF-2201

Пәннің типі: Кәсіптендіру пәні, міндетті компонент

Оқу жылы: 2

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 3 кредит

Дәріс беруші оқытушы: З.Ермағанбетова

Курстың мақсаты: :

Бұл курс болашақ журналистерге фотожурналистка тарихын, фотосурет өнерінің қыр-сырын, компьютерлік технологияның жетістіктерін баспасөзде пайдалануға көмегін тигізеді. Газет-журнал шығаруда өндірісте компьютерлік технологияның әдіс-тәсілдерімен қатар ерекшеліктерін, мүмкіндіктерін меңгеруде айқын да нақты бағыт-бағдарын қалыптастыру. Атап айтқанда мерзімді басылымдардың дизайны, редакция жұмысының безендіру ісі жөніндегі көздеген мақсаттары, журналистер мен қызметкерлердің баспасөз бетін безендіру бағыты, басылымның стильдік ерекшеліктері, модульдік құрылымы сиқты негізгі мәселелер нысанаға алынады.



Деректемелері /пререквизиттері/: Медиадизайн, Газет жанрлары, Газет-журнал шығару және радиохабарларын даярлау, Журналистік шеберлік.

Курстың /пәннің мазмұны/: Жаңа технологияның журналист жұмысындағы тиімділігі. Қазіргі заманғы журналистің бес білігі. Журналистің компьютерге қатысты білуге тиіс жайттары. Баспасөздегі технологиялық жаңарудың тиімділіктері. Ақпараттық тәуелсіздік және газет таратудағы ұшқырлық. Мерзімді баспасөз бен ақпараттық технологияның өзара байланысы мен сабақтастығы. Ақпараттық тәуелсіздік маңызы. Баспаханалардағы компьютерлік беттеу технологиясы. Ақпарат жинау мен таратудың озық тәсілдері. Компьютерлік беттеудің артықшылығы. Фотожурналистиканың даму кезеңдері. Фотоөнердің өзіндік ерекшеліктері. .Фотожурналистика терминінің шығу тарихы Фотожурналистканың қалыптасу кезеңі. Алғашқы фотоөнімдердің жасалуы. Фотожурналистиканың «алтын кезеңі». Фотожурналистика жанрлары. Хабарлама, талдамалы, көркем жанрлар. Фотозаметка, фоторепортаж, фотоочерк, фотоэтьюд, фотопортрет, фотопейзаж, коллаж жанрларының ерекшеліктері Фотожурналистика және БАҚ. Фотоға түсіру технологиясы. Суретке түсіру мәдениеті.

Ұсынылатын әдебиеттер:

Негізгі әдебиеттер:

1. Дизайн периодических изданий / Под ред. Э.А.Лазаревич.-М., 2007

2. Тертычный А.А. Жанры периодической печати: Учеб. пособие.-М., 2008

3. Ворон Н.И. Жанры советской фотожурналистики: Учеб.пособие для вузов. –М., 1991

4. Ыдырысов Ә. Газетті безендіру сыры. А, 1989

5. Жақсылықбаева Р. Публицистің шығармашылық шеберханасы. А, 2007

6. Омашев Н. Қазақ журналистикасы. 1,2,3 том. А, 2009

Қосымша әдебиеттер:

1. Гурьевич С.М. Газета и рынок: как дабиться успеха. М, 1998

2.Балаш А. Техника оформления газетной полосы

3.Новорякова К. Редактирования материала массовой информаций. М, 1994

4. Табашников И.Н. Газета и дизайн. Т, 1994

5. Жақып Б. Қазақ публицистикасының қалыптасу, даму жолдары. А, 2004

6. Ворон Н.И. Жанры советской фотожурналистики: Учеб.пособие для вузов. –М., 1991

7. Дизайн периодических изданий / Под ред. Э.А.Лазаревич.-М., 2001.



8. Тертычный А.А. Жанры периодической печати. М, 1999

Сабақтың беру әдістері: тарихи-салыстырмалы зерттеу, талдау, жүйелеу, сыни тұрғыдан оқыту

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).

Курстың /пәннің/ атауы: Егемен елдің еркін баспасөзі

Пәннің коды: EEEB 2203

Пәннің типі: Кәсіптендіру, таңдау компоненті

Оқу жылы:

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 3 кредит

Дәріс беруші оқытушы: ф.ғ.к., аға оқытушы Г.Әшірбекова

Курстың мақсаты: Тәуелсіздік алғаннан бергі жылдардағы мерзімді басылымдардың жарық көруінен бастап, олардың мақсат-міндеттері мен мазмұны, қоғамда орын алған оқиғаларды талдап, қоғамдық пікір туғызудағы ролін анықтау.

Деректемелері /пререквизиттері/: Қазақ журналистикасының тарихы, Публицистикалық шығармашылық негіздері;

Курстың /пәннің мазмұны/: Кез келген елдің өндіріс байлықтарын өзге елдерге паш ету үшін ең алдымен баспасөзі бай болуы керек. 1991 жылы егемендік алғаннан бері бұқаралық ақпарат құралдарында оның ішінде басылым беттерінде де бірталай өзгерістер болғаны белгілі. Осы уақыт аралығында олардың аттары өзгеруінен бастап, қатарлары да көбейді. Егемен елдің еркін баспасөзі дегенде бұл тақырыпты екі жолмен - байырғы басылымдар және кейінгі жылдары жарық көрген басылымдар деп қарастыруға болады. Соңғы деректерге сүйенсек Тәуелсіз Қазақстанда 6000-нан астам бұқаралық ақпарат құралдары тіркеуден өткен. Олардың ішінде мерзімді басылымдар 2000-нан асады екен (2005ж. 1қыркүйегінде алынған мәліметтер). Қазақ тілінде шығатын газеттер 308 болса, орыс тілінде-489, орыс және қазақ тілінде- 420, қазақ, орыс және басқа тілдерде-108 болып отыр. Мемлекет қаржысынан шығатын басылымдар -304-ті құраса, мемлекеттік емес- 1021 газет өз қаржысынан шығып отыр. 590 журналдың 161-і ғана мемлекет бюджетінен өмір сүрсе, 429-ы өз нәпақасын өздері тауып отыр. Нарықтық қатынас жағдайында мерзімді басылымдар өзін-өзі қаржыландыруы тиіс. Сонымен бірге бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттігін арттыру тұжырымдамасында айтылғандай әрбір ақпарат құралының экономикалық жағдайы жоғары болғаны абзал. Осы орайда мерзімді басылымдардың жарық көруінен бастап, олардың мақсат-міндеттері мен мазмұны, қоғамда орын алған оқиғаларды талдап, қоғамдық пікір туғызудағы ролін анықтау таңдау курсының басты мақсаты болып табылады. Осы мақсатқа жетуде мынадай міндеттерді шешу көзделді:

  • студенттерге журналистиканың негізгі функцияларын, оның қоғамда алатын орны мен ролін, жалпы әлемдік журналистика тарихын негізге ала отырып, қазақ журналистикасының даму үрдісінен мәлімет беру.

  • журналистика мен публицистиканың өзара ерекшеліктерін анықтай отырып, мерзімді басылымның басқа ақпарат құралынан айырмашылығын жете түсіндіру.

  • публицистиканың өзекті мәселелерімен, басты бағыттарымен, жанрлар жүйесімен таныстыру, тілдік-стильдік ерекшеліктерінен хабардар ету.

  • ақпаратты алу мен тарату, жария етудің сырларын тәжірибелі публицистер шығармашылығын негізге ала отырып, мерзімді басылымның оперативті хабар тарату мүмкіндігін көрсету.

  • сондай-ақ электронды газеттердің бүгінгі жай-күйі қандай деген сауал төңірегінде де түсініктемелер беріледі. Жалпы курс барысында қазақ мерзімді баспасөзінің атқаратын қызметі мен қоғамда алатын орны айқындалып, әрбір басылымның көтерер жүгі таразыға салынбақ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет