94
сіз сөз сұрап: «Алматының баласы үйінде, ата-анасының қасында тұады.
Қарны тоқ, көйлегі көк. Отбасының жағдайы да жаман емес көрінеді. Егер біз
ауылдың жақсы оқыған баласына бұл орынды беретін болсақ, біз ол балаға
ғана емес, елге жақсылық жасаған боламыз.
Ауылдың жағдайы жоқ, ақша
төлеп оқытатын, егер биыл бұл бала грантқа өтпесе, келесі жылы оқудан
кетуге мәжбүр болады. Екеуінің
баллдары бірдей болып тұр, егер қаланың
баласының баллы артық болса, онда айтпас едім депсіз. Сіздің сөзіңізден
кейін Грант менің пайдама шешіліпті».
Сонда менің әке-шешем,
туыстарымыз бәрі сізге разы болды, үлкен әжем жылап тұрып, сізге
сыртыңыздан бата берген болатын. Бүгін
Астанада көшеде сізді көріп
қаламын деп ойлаған жоқпын. Әсел екеуміз бірден (келіншегі де бізде
оқыған екен) таң қалып: «Гүлтас апай ғой!» дедік. Бір жолы мамам
Алматыға келіп, сізге рақмет айтайын деп барғанымызда,
сіз Атырауға іс
сапарға кетіпсіз. Содан бір сәті түспеп еді» деді. Әке, осындай-осындай
алғыстарды көп есітіп жүрмін. Ол жақсы екен. Ербол екеуміз мәз болып
қуанамыз. Мен докторлық диссертациямды қорғайтын жылы енем жарықтық
бізге келгісі келіп, ақпан айында Мұрат қайным алып келді ғой. Қорғаудың
алдындағы жанталасты өзің де көрдің. Түнде ұйқы жоқ, күндіз күлкі жоқ.
Сонда үйге келгенде енемді құшақтаймын. Бетінен сүйем, арқасына массаж
жасаймын: «Тәте, бүгін құмалақ не деді?» деймін. «Құмалағың жақсы түсті,
бір-екі кедергілер болды, бірақ сен жеңесің, қорықпа» дейді. Жаным-ау, енем
жарықтық құмалақ салып та, былай да тілеуімді тілеп, батасын беріп отырды
ғой. Мен қорғағандағы қуанғанын көрсең ...
Достарыңызбен бөлісу: