Халықаралық сапаны бақылау, аудит, шолу, басқа ақпараттың ДҰрыстығын растау және ілеспе қызметтер жөнінде жинақ



бет13/26
Дата26.06.2016
өлшемі2.1 Mb.
#159291
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26

Ішкі аудит функциясының жұмысы

Ішкі аудит функциясының жұмысы жайлы түсінік алу (Cілт.:Тарау 30)

А37. Ішкі аудит функциясы менеджментке талдаулар, бағалаулар, сенімділіктер, ұсыныстар жүргізуге жауапты болуы мүмкін. Қызмет ұйымындағы ішкі аудит функциясы қызмет ұйымының ішкі жүйесіне қатысты, немесе көрсететін қызметтеріне қатысты әрекеттер жүргізуі мүмкін.



Ішкі аудиторлардың жұмысын қолдану-қолданбау және қолдану дәрежесін анықтау(Cілт.:Тарау 33)

А38. Ішкі аудиторлардың жұмысының қызмет айдиторы процедураларының табиғаты, уақыты және дәрежесіне жоспарланған әсерін анықтауда, келесі факторлар қосымша процедураларға қажеттілікті ұсынуы мүмкін:



  • Ішкі аудиторлармен орындалған немесе орындалатын жұмыстың табиғаты мен пәні шектелген;




  • Ішкі аудиторлардың жұмысы қызмет аудиторының шешімдеріне маңызы аз басқару істеріне қатысты;




  • Ішкі аудиторлармен орындалған немесе орындалатын жұмыс субъективті немесе күрделі шешім қабылдауды қажет етпейді.

Ішкі аудит функциясының жұмысын қолдану (Cілт.:Тарау 34 )

А39. Қызмет аудиторының арнайы жұмыстарына арналған қызмет аудиторының процедураларының табиғаты, уақыты және дәрежесі сол жұмыстардың қызмет аудиторы қорытындыларына тигізетін маңыздылығын бағалауына, ішкі аудит функциясының бағамына, және ішкі аудиторлардың кейбір жұмысының бағалауына тәуелді болады. Осындай процедураларға жатуы мүмкін:



  • Ішкі аудиторлар тексерген нәрселерді қайта сараптау;

  • Басқа да ұқсас нәрселерді сараптау; және

  • Ішкі аудиторлар орындаған процедураларды қарап шығу.


Қызмет аудиторының сенімділік есептемесіне әсер (Сілт:Тарау 36-37)

А40. Ішкі аудит функциясының тәуелсіздік дәрежесі мен объективтілігіне байланыссыз, мұндай функция келісімді жасау кезінде қызмет аудиторынан талап етілгендіктен қызмет ұйымынан тәуелсіз емес. Қызмет аудиторы сенімділік есептемесінде көрсетілген көзқарасқа, және сол жауаптылық көлемі ішкі аудиторлардың жұмысын қолдану арқылы қысқартылмағаны туралы жеке өзі жауапты.

А41. Қызмет аудиторының ішкі аудит функциясы орындаған жұмысы жайлы сипаттамасы бірнеше түрде көрсетілуі мүмкін:


  • Ішкі аудит функциясының кейбір жұмыстары басқару істерін сынақтауда қолданылғанын көрсететін кіріспе мәліметтерді қамту арқылы;

  • Дербес сынақтарды ішкі аудитке байланыстыру арқылы.

Жазбаша көрсетілімдер (Сілт:Тарау. 38, 40)

А42. 38 тарауымен талап етілген жазбаша көрсетілімдер 9 тарауында анықталғандай қызмет ұйымынң бекітпесінен дербес және оған қосымша.

А43. Егер қызмет ұйымы КМХС–ның 38 тарауына сәйкес талап етілгендей жазбаша көрсетілімдер қамтамасыз етпесе, қызмет аудиторының көзқарасы осы КМХС–ның 55 тарауына сәйкес өзгертілуі лайық болуы мүмкін.

Басқа ақпарат (Сілт: Тарау.42)

А44. ККЕЭККоды қызмет аудиторынан ақпаратпен байланыста болмацын талап етеді, егер ақпарат:

(а) жалған немесе алдамшы мәлімдемелерді қамтыса;

(ә) Асығыстан ағат көрсетілген мәлімдемелерді немесе ақпаратты қамтыса; немесе,

(б) Ақпаратты тастап кету немесе бұрмалау алдамшы болатын жағдайларда ақпаратты тастап кетсе немес бұрмаласа.28

Егер қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасы және қызмет аудиторының сенімділік есептемесінен тұратын құжатта қамтылған басқа ақпарат қалпына келтіру немесе жалғастыру сияқты келешекке бағытталған жоспарларды немесе сенімділік есептемесінде сипатталған ауытқуларды түзетуге арналған жүйеге енгізілетін өзгерістерді қамтыса, қызмет аудиторы ақпараттың өшірілуін немесе басқаша қойылуын талап етуі мүмкін.

А45. Егер қызмет ұйымы басқа ақпаратты өшіруге немесе басқаша сипаттауға келісім бермесе, қолданылуы мүмкін сәйкес шаралар қамтиды:


  • Әрекеттің лайықты ағысы ретінде қызмет ұйымының заңды қорғаушысымен кеңесуін сұрау;

  • Материалдық сәйкессіздікті немесе бұрмалануды сенімділік есептемесінде баяндау;

  • Мәселе шешімін тапқанша дейінсенімділік келісімін ұстану;

  • Келісімнен бас тарту.

Құжаттама (Сілт: Тарау 51)

А46. СБХС 1 (немесе сұранысқа ие ұлттық талаптар) фирмалардан келісім құжаттарын уақытылы жинап отыруға бағытталған ережелер мен процедураларды құруын талап етеді.29 Құжаттарды жинауды орындауға арналған лайықты уақыт шектемесі қарапайым түрде сенімділік есептемесінен 60 күннен кеш болмауы керек.30



Қызмет аудиторының сенімділік есептемесін дайындау

Сенімділік есептемесінің мазмұны (Сілт: Тарау 53)

А47. Қызмет аудиторының сенімділік есептемесінің және қатысты қызмет ұйымының бекітпелерінің көрнекі мысалдары 1 және 2 қосымшаларда көрсетілген.



Мүдделі қолданушылар және сенімділік есептемесінің мақсаттары (Сілт: Тарау 53(г))

А48. Қызмет ұйымының басқару істері жайлы есептеме жасаудағы қолданылатын критерийлер/өлшемдер сол қызмет ұйымы туралы ақпарат беруде ғана орынды болып табылады, ол жүйенің қолданушы болмыстармен қаржылық есептеме жасауда қолданылған жүйе туралы түсінігі барларға арналған басқару істерін қамтиды. Сәйкесінше, бұл қызмет аудиторының сенімділік есептемесінде баяндалған. Оған қоса, қызмет аудиторы сенімділік есептемесінің оған мүдделі емес қолданушылардың қолданысына, немесе басқа мақсаттарға қолданылуына шек қоятын баяндау тәсілін лайық деп санауы мүмкін.


Басқару істерін сынақтаудың сипаттамасы (Сілт: Тарау 54)

А49. 2 типті есептеме үшін басқару істерін сынақтаудың табиғатын сипаттау кезінде, ол оқырманға сенімділік есептемесін оқуға көмектеседі, егер қызмет аудиторы қамтыса:



  • Ауытқулар анықталған барлық сынақтардың нәтижелерін; қызмет аудиторына сәйкес басқару мақсаты орындалды деп қорытынды жасауға мүмкіндік беретін басқа басқару істері анықталса да немесе сынақталған басқару ісі қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасынан тұрақты түрде алынып тасталса да.

  • Қызмет аудиторы анықтаған дәрежеде анықталған ауытқулардың себептері жайлы ақпарат.

Өзгертілген пікірлер (Сілт: Тарау 55)

А50. Қызмет аудиторының өзгертілген сенімділік есептемелерінің көрнекі мысалдары 3 қосымшада көрсетілген.

А51. Қызмет аудиторы жағымсыз көзқарасын білдірсе немесе көзқарасын тіптен білдірмесе де, қызмет аудиторы хабардар, оның көзқарасын өзгертуге алып келуі мүмкін барлық мәселелерді және олардың әсерлерін өзгерістер тарауында сипаттау лайық болуы мүмкін.

А52. Саланың шектеулілігіне байланысты көзқарас беруден бас тартылса, жүзеге асырылған процедураларды анықтау немес қызмет аудиторының келісімдерінің сипаттамаларын қамтитын мәлімдемелерді қамту лайықты болмауы мүмкін. Олай істеу көзқарастан бас тартушыны көлеңкеде қалдырып қоюшы еді.



Басқа қарым-қатынас жауапкершіліктері (Сілт: Тарау 56)

А53. 56 тарауына келтірілген жағдайларға жауап беруге арналған әрекеттер келесілерді қамтиды:



  • Әрекеттердің әртүрлі ағымдарының салдары туралы заңды кеңес алу:

  • Қызмет ұйымының басқарумен айыпқа мәжбүрленгендермен қарым-қатынас жасау;

  • Мүдделі жақтармен қарым-қатынас жасау;

  • Қызмет аудиторының пікірін өзгерту немесе Басқа мәселелер тарауын қосу;

  • Келісімнен бас тарту.

Қосымша1

(Сілт: Тарау A47)



Мысалы Қызмет Ұйымы Бекітпесі

Қызмет ұйымы бекітпесініңкелесі мысалдары тек басшылықпен ойластырылған және қарастырылмауға және кез келген жағдайға колданыла беруіне арналмаған.



Мысал 1: 2Типті Қызмет Ұйымы Бекітпесі

Қызмет Ұйымы Бекітпесі

Сүйемелдеуші сипаттама сипаттаманы қарастыруға жеткілікті түсінігі бар жүйені қолданған клиенттерге және олардың аудиторларына арнап дайындалған, бұған қоса, клиенттердің қаржылық мәлімдемелеріне қатысты ақпараттық жүйесі туралы түсінік алуда клиенттер орындаған басқару істері жайлы ақпаратты да қамтиды. Болмыстың аты-жөні мыналарды нақтылайды:

(а) [әә-cc] беттеріндегі сүйемелдеуші сипаттама клиенттердің транзакцияларын [мерзім] мерзімінде өңдейтін [жүйенің аты немее типі] жүйені шынайы көрсетеді. Бекітпе жасауда қолданылатын критерийлер/өлшемдер:



  1. Жүйенің қалай дайындалғанын және жүзеге асырылғанын көрсетеді, ол қамтиды:

  • Көрсетілген қызметтердің түрлері, өңделген транзакциялардың кластарын санағанда;

  • Ақпараттық технология және қолдан жасалған жүйелер шегінде, сол транзакциялар басталған, жазып алынған, өңделген, қажетінше түзетілген, және есептемелерге көшірілген процедуралар;

  • Қатысты есеп жазбалары, қолдаушы ақпарат және транзакцияларды бастауда, жазуда, өңдеуде және есептеме жасауда қолданылған арнайы есептер; бұл қате ақпараттың түзетілімін және клиенттер жасаған есептемелерге ақпараттың қалай көшірілетінін қамтиды.

  • Жүйе транзакциялардан өзге маңызды оқиғалар мен жағдайлармен қалай істес болғанын;

  • Клиенттерге есептеме жасауда қолданылған процесс;

  • Орынды басқару мақсаттары және оларға қол жеткізуге арнап жасалған басқару істері;

  • Жүйенің әрленімінде біз қолданушы болмыстар жүзеге асыруы мүмкін деп ойлаған басқару істері, және, сүйемелдеуші сипаттамада келтірілген басқару мақсаттарына қол жеткізуге қажет деп саналса, қызмет ұйымы жеке қол жеткізе алмайтын арнайы басқару мақсаттарымен бірге келтірілген басқару істері;

  • Басқару ортасының басқа қырлары, клиенттердің транзакцияларын өңдеуде және есептеме жасауда орынды болып саналған тәуекелтерді бағалау процесі, ақпараттық жүйе (қатысты бизнес-процестерді қосқанда) және коммуникация, басқару әрекеттері және бақылау әрекеттері.

  1. Қызмет ұйымының және аралығындағы өзгерістерінің орынды мағлұматтарын қамтиды. Қолданушы болмыстардың үлкен санының және олардың аудиторларының ортақ мұқтаждарын қамтамасыз етуге арналып дайындалғанын нақтылай отырып, сипатталатын жүйенің саласына қатысты ақпаратты тастап кетпейді немесе бұрмаламайды.

(ә) Сүйемелдеуші есептемеде келтірілген басқару мақсаттарына қатысты басқару істері лайықты түрде дайындалып жасалды және және мерзімінде өнімді қызмет атқарды. Бұл бекітпені жасауда қолданылған критерийлер/өлшемдер:

  1. Сипаттамада келтірілген басқару мақсаттарына жетуге қауіп төндірген тәуекелтер/тәуекелдер анықталды;

  2. Айқындалған басқару істері, сипатталғанындай қызмет атқарса, сол тәуекелтер басқару мақсаттарына жетуде кедергі болмайтыны туралы санала сенімділік қамтамасыз етуші еді.

Қосымша 2

(Сілт: Тарау A47)


Қызмет аудиторының сенімділік есептемелерінің мысалдары

Есептемелердің келесі мысалдары тек көмекші ретінде ғана қолданылады және барлық жағдайларда қолданылуға арналмаған.



Мысал 1: 2 типті қызмет аудиторының сенімділік есептемесі

Басқару істерінің сипаттамасы, олардың әрленімі, және қызмет өнімділігі жайлы тәуелсіз аудитордың сенімділік есептемесі

Кімге: XYZ ұйымы



Сала

Біз XYZ қызмет ұйымының сипаттамасының беттерінде клиенттердің транзакцияларын [уақыт] пен [уақыт] аралығында өңдейтін жүйесі жайлы, және сипаттамада келтірілген басқару мақсаттарына қатысты басқару істерінің әрленімі және қызметі жайлы есептеме жасауға бел будық1.



XYZ қызмет ұйымының міндеттері

XYZ қызмет ұйымы мыналарға міндетті: [aa] бетте сипаттама мен сүйемелдеуші бекітпені дайындауға, сипаттама мен бекітпенің дәлдігі мен көрсетілім тәсілін қоса алғанда; сипаттамада қамтылған қызметтерді көрсету; басқару мақсаттарын баяндау; баяндалған басқару мақсаттарына қол жеткізуде басқару істерін әрлеу, жүзеге асыру және тиімді қызмет атқару.



Қызмет аудиторының міндеттері

Біздің міндетіміз XYZ қызмет ұйымының сипаттамасы және сол сипаттамада келтірілген басқару мақсаттарына қатысты басқару істерінің әрленімі және қызметі жайлы көзқарас білдіру. Біз келісімімізді Халықаралық аудит және Сенімділік Стандарттары Алқасымен тағайындалған Сенімділік Келісімдерінің Халықаралық Стандарты 3402, XYZ қызмет ұйымындағы басқару істері жайлы сенімділік есептемелеріне сәйкес жасадық. Бұл стандарт әдептілік стандарттармен және, барлық материалдық қатыстарда, сипаттама дұрыс көрсетілгені және басқару істері лайықты түрде әрленгені және тиімді қызмет атқаратыны жайлы саналы сенімділікке ие болатындай процедураларды жоспарлау және орындауды талап етеді.

XYZ қызмет ұйымындағы басқару істерінің сипаттамасы, әрленімі және қызмет өнімділігі жайлы сенімділік есептемесі қызмет ұйымы жүйесі сипаттамасының жарияланулары және басқару істерінің әрленімі мен қызмет тиімділігі жайлы дәлелдемелер алатын процедураларды қамтиды. Таңдалған процедуралар қызмет аудиторының шешіміне тәуелді. Біздің процедуралар сол басқару істерінің қызмет тиімділігін сынақтауды қамтиды. Осындай типті сенімділік келісімі сонымен қатар сипаттаманың жалпы көрсетілімінің бағалауын, онда келтірілген мақсаттардың лайықтылығын, және бетте сипатталған критерийлердің лайықтылығын қамтиды.

Біз қол жеткізген дәлелдемелер жеткілікті және біздің көзқарас білдіруімізге негіз болуға лайық екеніне сенеміз.



Қызмет ұйымындағы басқару істерінің шектемелері

XYZ қызмет ұйымының сипаттамасы клиенттердің үлкен санының және олардың аудиторларының ортақ мұқтаждарын қамтамасыз етуге арналып дайындалды. Сонымен қатар, олардың табиғатына байланысты, қызмет ұйымындағы басқару істері транзакцияларды өңдеуде немесе есептеуде барлық қателердің немесе тастап кетулердің алдын алмауы немесе таппауы мүмкін. Және де, тиімділіктің кез келген бағалауының болашаққа проекциясы қызмет ұымындағы басқару істері сәтсіздікке ұшырауы мүмкін тәуекелке пән болып табылады.



Пікір

Біздің пікір осы есептемеде келтірілген мәселелерге негізделіп жасалған болатын. Біз қолданған критерийлер бетте сипатталған. Біздің пікірімізше, барлық материалдық қатынастарда:

(а) Сипаттама [жүйенің аты] жүйені [мерзім] және [мерзім] аралығында әрленгеніндей көрсетеді және аралығында жүзеге асырылғанын көрсетеді;

(ә) Басқару мақсаттарына қатысты басқару істері [мерзім] және [мерзім] аралығында лайықты түрде әрленді;

(б) Сынақталған басқару істері аралығында өнімді қызмет атқарды.

Басқару істерін сынақтау сипаттамасы

Арнайы басқару істері сынақталды және сол сынақтардың нәтижелері беттерде келтірілген.



Мүдделі қолданушылар және мақсаты

Бұл есептеме және беттеріндегі басқару істерін сынақтау сипаттамасы қызмет ұйымының жүйесін қолданған, сипаттаманы қарастыруға жеткілікті түсінігі бар клиенттерге, және олардың аудиторларына ғана арналған, бұған қоса, ол клиенттердің қаржылық мәлімдемелеріне қатысты материалдық бұрмаланулардың тәуекелтерін бағалауда клиенттер орындаған басқару істері жайлы ақпаратты да қамтиды.



[Қызмет аудиторының қолтаңбасы]

[Қызмет аудиторының сенімділік есептемесінің мерзімі]

[Қызмет аудиторының мекен-жайы]
Мысал 2: 1 типті сенімділік есептемесі

Басқару істерінің сипаттамасы, олардың әрленімі, және қызмет өнімділігі жайлы тәуелсіз аудитордың сенімділік есептемесі

Кімге: XYZ ұйымы



Сала

Біз XYZ қызмет ұйымының сипаттамасының [әә-cc] беттерінде клиенттердің транзакцияларын [уақыт]-[уақыт] мерзімінде өңдейтін [жүйенің аты] жүйесі жайлы, және сипаттамада келтірілген басқару мақсаттарына қатысты басқару істерінің әрленімі және қызметі жайлы есептеме жасауға бел будық231.

Біз сипаттамаға қасылған бақылау құралдарының эффективті операционды қатынастарнда ешқандай тәртіп жүргізбейміз және де бұл жайлы ешқандай пікір шығармаймыз

XYZ қызмет ұйымының міндеттері

XYZ қызмет ұйымы мыналарға міндетті: [aa] бетте сипаттама мен сүйемелдеуші бекітпені дайындауға, сипаттама мен бекітпенің дәлдігі мен көрсетілім тәсілін қоса алғанда; сипаттамада қамтылған қызметтерді көрсету; басқару мақсаттарын баяндау; баяндалған басқару мақсаттарына қол жеткізуде басқару істерін әрлеу, жүзеге асыру және тиімді қызмет атқару.

Қызмет аудиторының міндеттері

Біздің міндетіміз XYZ қызмет ұйымының сипаттамасы және сол сипаттамада келтірілген басқару мақсаттарына қатысты басқару істерінің әрленімі және қызметі жайлы көзқарас білдіру. Біз келісімімізді Халықаралық аудит және Сенімділік Стандарттары Алқасымен тағайындалған Сенімділік Келісімдерінің Халықаралық Стандарты 3402, XYZ қызмет ұйымындағы басқару істері жайлы сенімділік есептемелеріне сәйкес жасадық. Бұл стандарт әдептілік стандарттармен және, барлық материалдық қатыстарда, сипаттама дұрыс көрсетілгені және басқару істері лайықты түрде әрленгені және тиімді қызмет атқаратыны жайлы саналы сенімділікке ие болатындай процедураларды жоспарлау және орындауды талап етеді.

XYZ қызмет ұйымындағы басқару істерінің сипаттамасы, әрленімі және қызмет өнімділігі жайлы сенімділік есептемесі қызмет ұйымы жүйесі сипаттамасының жарияланулары және басқару істерінің әрленімі мен қызмет тиімділігі жайлы дәлелдемелер алатын процедураларды қамтиды. Таңдалған процедуралар қызмет аудиторының шешіміне тәуелді. Біздің процедуралар сол басқару істерінің қызмет тиімділігін сынақтауды қамтиды. Осындай типті сенімділік келісімі сонымен қатар сипаттаманың жалпы көрсетілімінің бағалауын, онда келтірілген мақсаттардың лайықтылығын, және [aa] бетте сипатталған критерийлердің лайықтылығын қамтиды.

Біз қол жеткізген дәлелдемелер жеткілікті және біздің көзқарас білдіруімізге негіз болуға лайық екеніне сенеміз.



Қызмет ұйымындағы басқару істерінің шектемелері

Қызмет ұйымының сипаттамасы клиенттердің үлкен санының және олардың аудиторларының ортақ мұқтаждарын қамтамасыз етуге арналып дайындалды. Сонымен қатар, олардың табиғатына байланысты, қызмет ұйымындағы басқару істері транзакцияларды өңдеуде немесе есептеуде барлық қателердің немесе тастап кетулердің алдын алмауы немесе таппауы мүмкін. Және де, тиімділіктің кез келген бағалауының болашаққа проекциясы қызмет ұымындағы басқару істері сәтсіздікке ұшырауы мүмкін тәуекелке пән болып табылады.



Пікір

Біздің пікір осы есептемеде келтірілген мәселелерге негізделіп жасалған болатын. Біз қолданған критерийлер [aa] бетте сипатталған. Біздің пікірімізше, барлық материалдық қатыстарда:



  1. Сипаттама [жүйенің аты] жүйені әрленгеніндей көрсетеді және [уақыт]-[уақыт] мерзімінде жүзеге асырылғанын көрсетеді;

ә) Басқару мақсаттарына қатысты басқару істері [уақыт]-[уақыт] мерзімінде лайықты түрде әрленді;

Басқару істерін сынақтау сипаттамасы

Арнайы басқару істері сынақталды және сол сынақтардың нәтижелері [yy-zz] беттерде келтірілген.



Мүдделі қолданушылар және мақсаты

Бұл есептеме және [yy-zz] беттеріндегі басқару істерін сынақтау сипаттамасы қызмет ұйымының [жүйенің аты] жүйесін қолданған, сипаттаманы қарастыруға жеткілікті түсінігі бар клиенттерге, және олардың аудиторларына ғана арналған, бұған қоса, ол клиенттердің қаржылық мәлімдемелеріне қатысты материалдық бұрмаланулардың тәуекелтерін бағалауда клиенттер орындаған басқару істері жайлы ақпаратты да қамтиды.



[Қызмет аудиторының қолтаңбасы]

[Қызмет аудиторының сенімділік есептемесінің мерзімі]

[Қызмет аудиторының мекен-жайы]



Қосымша 3

(Сілт: Тарау A50)


Қызмет аудиторының өзгертілген сенімділік есептемелерінің мысалдары

Есептемелердің келесі мысалдары тек көмекші ретінде ғана қолданылады және барлық жағдайларда қолданылуға арналмаған. Олар Қосымша 2-дегі есептемелер мысалдарына негізделген.



Мысал 1: Білікті пікір – қызмет ұйымы жүйесінің сипаттамасы барлық материалдық қатыстарда шынайы көрсетілмеген

...


Қызмет аудиторының міндеттері

...


Біз қол жеткізген дәлелдемелер жеткілікті және біздің көзқарас білдіруімізге негіз болуға лайық екеніне сенеміз.

Білікті пікірге негіз

Сүйемелдеуші сипаттама [mn] бетте қызмет ұйымы жүйеге рұқсат етілмеген кірулердің алдын алу үшін оператор анықтаушы сандарын және құпиясөздерді пайдаланытынын айтады. Жұмыскерлер мен әрекеттерді бақылауға бағытталған процедураларға негізделе отырып, біз оператор анықтаушы сандары мен құпиясөздер С және D емес, А және В қосымшаларында бар қолданылғанын анықтадық.



Білікті пікір

Біздің пікір осы есептемеде қарастырылған мәселелерге негізделіп жасалған. Пікірді қалыптастырудағы біздің критерийлер қызмет ұйымының бекітпесінде [aa] бетте көрсетілген критерийлер болды. Біздің пікірімізше, Білікті Пікірге Негіз тарауында сипатталған мәселеден басқа:



  1. ...

Мысал 2: Білікті пікір – сипаттамада келтірілген басқару мақсаттары басқару істері өнімді қызмет атқарғанда қол жетімді болатынына саналы сенімділік қамтамасыз ететін басқару істері лайықты түрде әрленбеген.

...


Қызмет аудиторының міндеттері

...


Біз қол жеткізген дәлелдемелер жеткілікті және біздің көзқарас білдіруімізге негіз болуға лайық екеніне сенеміз.

Білікті пікірге негіз

Сүйемелдеуші сипаттаманың [aa] бетінде талқыланғандай, уақыт өткен сайын қызмет ұйымы жетіспеушіліктерді жою немесе қабілеттерді арттыру мақсатында қосфмша бағдарламаларға өзгерістер енгізіп тұрады. Өзгерістер жасау туралы шешім қабылдауға, өзгерістерді әрлеуге және жүзеге асыруға бағытталған процедуралар билігі бар тұлғалардың өзгерістерді енгізетін адамдарды бақылауын және мақұлдауын қажет етпейді. Осындай өзгерістерді сынақтауға және өзгерістерді енгізбестен бұрын сынақ нәтижелерін өкілетті тексерушілерге беруге арнайы талаптар қойылмаған.



Білікті пікір

Біздің пікір осы есептемеде қарастырылған мәселелерге негізделіп жасалған. Пікірді қалыптастырудағы біздің критерийлер қызмет ұйымының бекітпесінде [aa] бетте көрсетілген критерийлер болды. Біздің пікірімізше, Білікті Пікірге Негіз тарауында сипатталған мәселеден басқа:



  1. ...


Мысал 3: Білікті пікір – басқару істері арнайы уақыт аралығында өнімді қызмет атқармады.(2 типті есептемелер ғана)

...


Қызмет аудиторының міндеттері

...


Біз қол жеткізген дәлелдемелер жеткілікті және біздің көзқарас білдіруімізге негіз болуға лайық екеніне сенеміз.

Білікті пікірге негіз

Қызмет ұйымы сипаттамада шығарылған нәтижемен алынған жалға беру төлемдерін мақұлдауды басқару істерін автоматтандырғанын баяндайды. Дегенмен, сипаттаманың бетінде көрсетілгендей, бұл басқару ісі кк/аа/жжжж және кк/аа/жжжж аралығында бағдарламалық ақау себепті тиімді қызмет атқармады. Бұл өз кезегінде аралығында Басқару істері қабылданған жалға беру төлемдері дұрыс жазылып алынды деген басқару мақсатының орындалмауына әкеп соқты. бұл бағдарламаға [уақыт] мерзімінде өзгеріс енгізді, және біздің сынақтар осы өзгерістер кк/аа/жжжж және кк/аа/жжжж аралығында өнімді қызмет атқарғанын көрсетеді.



Білікті пікір

Біздің пікір осы есептемеде қарастырылған мәселелерге негізделіп жасалған. Пікірді қалыптастырудағы біздің критерийлер қызмет ұйымының бекітпесінде [aa] бетте көрсетілген критерийлер болды. Біздің пікірімізше, Білікті Пікірге Негіз тарауында сипатталған мәселеден басқа:



  1. ...

Мысал 4: Білікті пікір – қызмет аудиторы жеткілікті дәлелдеме алуға мүмкіндігі жоқ.

...


Қызмет аудиторының міндеттері

...


Біз қол жеткізген дәлелдемелер жеткілікті және біздің көзқарас білдіруімізге негіз болуға лайық екеніне сенеміз.

Білікті пікірге негіз

Қызмет ұйымы сипаттамада шығарылған нәтижемен алынған жалға беру төлемдерін мақұлдауды басқару істерін автоматтандырғанын баяндайды. Дегенмен, сипаттаманың бетінде көрсетілгендей, бұл басқару ісі аралығында бағдарламалық ақау себепті тиімді қызмет атқармады. Бұл өз кезегінде аралығында Басқару істері қабылданған жалға беру төлемдері дұрыс жазылып алынды деген басқару мақсатының орындалмауына әкеп соқты. бұл бағдарламаға мерзімінде өзгеріс енгізді, және біздің сынақтар осы өзгерістер аралығында өнімді қызмет атқарғанын көрсетеді.



Білікті пікір

Біздің пікір осы есептемеде қарастырылған мәселелерге негізделіп жасалған. Пікірді қалыптастырудағы біздің критерийлер қызмет ұйымының бекітпесінде [aa] бетте көрсетілген критерийлер болды. Біздің пікірімізше, Білікті Пікірге Негіз тарауында сипатталған мәселеден басқа:



  1. ...

[13-21.]




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет