Халықаралық сапаны бақылау, аудит, шолу, басқа ақпараттың ДҰрыстығын растау және ілеспе қызметтер жөнінде жинақ



бет2/26
Дата26.06.2016
өлшемі2.1 Mb.
#159291
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26

Критерийлер

34. Критерийлер – тақырыптық мәселені, соның ішінде ұсыну және толық ашып көрсетуді бағалау және өлшеуге арналған негіздер. Критерийлер қаржылық есеп беруді дайындау кезінде формалды, ішкі бақылау бойынша есеп бергенде Халықаралық Қаржылық Есеп Беру Стандарттары немесе Қоғамдық сектор үшін қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары бола алады, сонымен қатар критерийлер ішкі бақылу құрылымы немесе міндеттемеге арнайы дайындалған жеке бақылау объектілері және талаптарды орындау бойынша есеп беруінде қолданылатын заң, реттеу құралы немесе келісімшарт болып табыла алады. Кемірек формалды критерийлердің мысалы ретінде ішкі дамыған ережелер мен келісілген жұмыс деңгейі таныла алады (белгілі комитеттің бір жыл ішінде болжамды кездесу уақыты).

35. Сәйкес критерийлер тақырыптың мамандық талқылау мәнмәтінінің шегінде жалғасатын бағалау мен өлшеу үшін қажет болады. Арнайы критерийлермен қамтамасыз етілген көзқарастар жүйесі болмаса, кез келген қорытынды жеке талдау мен түсініссіздікке әкеліп соқтырады. Сәйкес критерийлер мәнмәтіндері бойынша байланысты, яғни міндеттеме себебіне жатқызылады. Тіпті айтылған тақырыпқа да әр түрлі критерийлер қолданылады.Мысалы, жауапты жақ клиенттердің тұтынушылық қанағаттануына тиісті арызынның белгілі бөлігін ғана таңдаса, келесі жауапты жақ бастапқы сатылымнан кейінгі үш ай ішінде қайталанатын сатып алу санын таңдап алуы мүмкін.

36. Сәйкес критерийлер келесідей ерекшеліктерді көрсетеді:

(a) Орындылық: сәйкес критерийлер белгіленген қолданушылардың шешім қабылдауына мүмкіндік береді.

(ә) Толықтылық: міндеттеме себебінің мәнмәтініндегі қорытындыны қозғайтын сәйкес факторлар жіберілмеген жағдайда, критерийлер біршама толық саналады.

(б) Сенімділік: сенімді критерийлер біршама жалғасы бар , сондай жағдайларда білікті тәжірибеші маманын өзі де қолдана алатын тақырыпты бағалау мен талдауға мүмкіншілік береді; оның ішіне кіретіндері: негізгі, таныстыру және ашып көрсету.

(в) Бейтараптық: бейтараптық критерийлер бұлтаруға дайын қорытындыларға әкеп соқтырады.

(г) Түсініктілік: түсінікті критерийлер анық, жан-жақты және қатты ерекшеленетін түсініетемелерге әкеп соқтырмайтын қорытындыларға жеткізеді.

Тәжірибеші маманның өзіндік болжамы, пікірі мен жеке тәжірибесі бойынша тақырыпты бағалау және өлшеу сәйкес критерийледі құрмайды.

37. Тәжірибеші маман критерийлердің міндеттемеге жарамдылығын, оның жоғарыда аталған ерекшеліктеріне сәйкестігін бағалайды. Әр ерекшеліктің ерекше міндеттемесіне қатысты маңыздылығы- пайымдау мәселесі болып табылады. Критерийлер не орнықты не толығымен дамыған бола алады. Критерийлерді орнату – заң немесе ережелер жинағы жүзінде іске асатын немесе шаралардың ашықтығын негізгі алатын сарапшы тұлғалар шығарып заңдастырған ережелер жинағы. Арнайы дайындалған критерий дегеніміз міндеттеме мақсатына арналып жасалатын критерий. Критерийлердің орындалғаны немесе арнайы дамытылғаны тәжірибеші маманның жасаған жұмысын да қозғап өтеді, себебі оның ерекше міндеттемеге жарамдылығын бағалау қажетті саналады.

38. Тақырыптың қалай бағаланып, өлшенгені туралы түсінік қалыптастыру үшін критерийлер белгіленген қолданушыларға қол жетімді болуы қажет. Критерийлер белгіленген қолданушыларға келесі тәсілдердің бір немесе бірнеше түрі арқылы жеткізіледі:

(a) Көпшілік алдында.

(ә) Тақырып туралы ақпаратты таныстыруда түсінікті үлгіде көрсету арқылы.

(б) Кепілдік туралы есеп беруде түсінікті үлгіде көрсету арқылы .

(в) Жалпы түсінік бойынша, мысалы, уақытты сағат және минутқа бөлу арқылы өлшеу критерийі.

Критерийлер сонымен қатар, тек қана белгіленген қолданушыларға қол жетімді болуы мүмкін, мысалы, тек шаруашылықтағы адамдар қолдана алатын, салалық ассоцияция шығарған келісімшарт не критерийдің талаптары. Жекелеген критерийлер белгіленген қолданушыларға қол жетімді болып, белгілі мақсатқа арналған болса, кепілдік міндеттемесінің қолданылуы сол қолданушылар мен мақсатпен ғана шектелетін болады.8

Дәлелдемелер

39. Тәжірибеші маман кепілдік міндеттемесін мамандық күмәншілдікпен болжап, іске асырады, себебі оның мақсаты тақырып туралы жалған ақпараттың жоқтығын көрсететін қажетті дәлелдемелер жинау. Тәжірибеші маман міндеттемені болжамдап, дайындау барысында, әсіресе шара дәлелдемелерінің дәрежесін бағалап,табиғатын анықтау кезінде, кепілдік міндеттемесінің материалдылығын, теуекелін, және дәлелдеме саны мен сапасын қарастырады.



Мамандық күмәнділік

40. Тәжірибеші маман кепілдік міндеттемесін орындау барысында мәселе жайлы ақпараттың жалған хабарламасын қабылдайтын мамандық күмәнділікпен болжап, әрекет етеді. Мамандық күмәндәліктің болуы, күмән келтіретін алынған дәлелдемелердің заңдылығымен немесе құжаттар мен жауапты жақ тарапына берілген сенімділігімен тәжірибеші маманның сындық бағалау жүргізуімен түсіндіріледі. Мысалы, мамандық күмәнділік тәжірибеші маманың міндеттеме орындау үрдісіне қажеті оның бақылаудан қорытынды жасау кезіндегі жалпылау, дәлелдемелерді жинақтау шарасына кемісті болжамдарын қолдану және алынған нәтижелерді бағалау бойынша күмәнді жағдайлардың орын алу тәуекелін төмендету.

41. Кепілдік міндеттемесі құжат жарамдылығының орнатылуын сирек талап етеді, сонымен қатар тәжірибеші маман да сарапшы болжамдағандай немесе талап ететіндей дайындықтан өтпейді. Алайда, тәжірибеші маман ақпараттардың сенімділігі дәлелдеме түрінде қолданылады деп есептейді, мысалы фотокөшірмелер, көшірме қолхаттар, түсірілген немесе басқа да электрондық құжаттар сандық түрге ауыстырылады, соның ішінде олардың дайындығын және қажетті жерде қолданыла алатындығы бақылау.

Дәлелдемелердің түгелділігі мен орындылығы

42. Түгелділік дегеніміз дәлелдеме көлемін анықтаушы өлшем. Орындылық –дәлелдеме сапасын анықтайтын өлшем; яғни оның орындылығы мен сенімділігі. Мәселеге қатысты дұрыс емес ақпараттың қолданылу тәуекелі дәлелдемелердің көлеміне (үлкен тәуекел үлкен көлемдегі дәлелдемелерді талап етеді), сонымен қатар сапасына(сапасы жоғары болған сайын, аз көлемде дәлелдемелер талап етіледі) үлкен әсерін тигізеді. Соған сәйкес, дәлелдемелердің түгелділігі мен орындылығы өзара байланысты. Алайда, дәлелдемелердің саны сапасына сай келмеуі мүмкін.

43. Дәлелдемелердің сенімділігі оның пайда болу және жеке жағдайлар мен сипатына негізіне байланысты болады. Әртүрлі дәлелдемелер түрінің сінміділігін жалпылауға болады, бірақ мұндай жалпылаулар маңызды ерекшелік саналатын болады.Тіпті кәсіпорынның сыртынан келген дәлелдемелер ақпараттаң сенімділігін көрсететін жағдайлар болып тұрады. Мысалы,егер сыртқы көздер толығымен хабардар болмаса тәуелсіз сыртқы көздерден алынған дәлелдемелер сенімді бола алмайды. Ерекшеліктердің болып тұратынан есепке алсақ, дәлелдемелердің сенімділігін келесідей жалпылау қажетті саналады:


  • Кәсіпорынның сыртынан келген, тәуелсіз көздерден алынған дәлелдемелерінің сенімділік деңгейі анағұрлым үлкен.

  • Басқарудың өзара байланысты құралдары тиімді қызмет атқаратын болса ғана, ішкі көздерден алынған дәлелдемелер сенімді болып саналады.

  • Тәжірибеші маманның алған дәлелдемелері(мысалы, бақылаудың қолдануын қадағалау) жанама немесе қорытындылау жолымен алынған(бақылады қолдануды талап ету) дәлелдемелерге қарағанда әлде қайда сенімді саналады.

  • Құжат жүзіндегі дәлелдемелер қағаз , не электрондық немесе басқа БАҚ түрдегі дәлелдемелерге қарағанда әлдеқайда сенімді(мысалы, кездесудің қалай өткені жайлы жазбаша есеп беру, ауызша не талқыланғаны жайлы елестетуге қарағанда әлдеқайда сенімді).

  • Құжаттың түпнұсқасымен берілген куәліктер фотокөшірме мен көшірме қолхат түрінде берілген куәліктерге қарағанда сенімдірек.

44. Тәжірибеші маман жекешелеп қарастырастыратын дәлелдемелерге қарағанда ретті түрде әртүрлі көздер мен табиғатынан алынатын дәлелдемелерден көбірек сенімділік алады. Сонымен қатар, әртүрлі көздер мен әртүрлі табиғатынан алынатын дәлелдемелер, жекеше түрде қарастырған дәлдеменің сенімді еместігін көрсетеді. Мысалы, кәсіпорыннан тыс көздерден алынған ақпаратты растау, тәжірибеші мамамның жауапты жақтан алатын кепілдігін жоғарлата түседі. Басқа тұсынан қарастырғанда, бір қөзден алынған дәлелдемелер басқа көзден алынған дәлелдемелерден тиянақсыз болса, тәжірибеші маман сәйкессіздікті жою үшін дәлелдеме жинау шараларының басқа да түрлерін анықтайды.

45. Жалпы жеткілікті сәйкес дәлелдемелерді алу жөнінде қарастырса, белгілі уақытқа байланысты мәселелік ақпаратқа қарағанда, белгілі уақыт аралығын қамтитын мәселелік ақпаратқа байланысты кепілдікті алу қиынға түсер еді. Сонымен қатар, негізінде шарамен қамтамасыз етілген қорытындылар белгілі уақыт аралығымен шектеледі; тәжірибеші маман шараның келешекте белгілі үлгіде жұмыс атқару атқармауы жөнінде қорытынды бере алмайды.

46. Тәжірибеші маман дәлелдемені алу бағасы мен алынған ақпараттың түгелдігі арасындағы байланысты қарастырады. Алайда пайда болған қиындықтар мен шығындар жинақталған баламасы жоқ дәлелдеме шарасын қолданбай қоя салуға негіз болып табылмайды. Тәжірибеші маман мамандық пікір білдіру мен мамандық күмәншілікті дәлелдемелердің саны мен сапасын бағалауға қолданады және осындай тәсілмен есеп берудің толықтығы мен орындылығын қамтамасыз етеді.

Материалдылық

47. Материалдылық жинақталатын дәлелдемелер шарасының табиғатын, уақытын және дәрежесін анықтап, мәселе жайлы ақпараттың жалған мәлімдемеден еркін екендігін бағалау кезінде орынды болып саналады. Материалдылықты қарастыра отырып, тәжірибеші маман фаторлардың белгіленген қолданушылардың шешіміне қалай әсер ететінін түсінеді.

Мысалы, сейкестендірілген критерийлер мәселе жайлы ақпараттарды ұсынуда болатын өзгерістерді есепке алса, тәжірибеші маман қабылданған үсыныстың қолданушылардың шешіміне қалай әсер ететінін қарастырады. Материалдылықты қатысты көлем, сипат, осы факторлардың мәселе немесе белгіленген қолданушылардың қызығушылығын бағалауға тигізетін әсер ауқымы секілді сандық және сапалық факторлардың мәмәтінінде қарастырады. Материалдылықты бағалау мен ерекше міндетемедегі сандық және сапалық факторлардың қатысты маңыздылығы- тәжірибеші маманың пайымдау тақырыптары.
Кепілдік Міндеттемесінің Тәуекелі

48. Кепілдік міндеттемесінің тәуекелі- мәселе жайлы бұрыс мәлімдеме жасаған уақытта тәжірибеші маманның сәйкестенбейтін қорытынды жасауының тәуекелі9. Кепілдік міндеттемесінде, тәжірибеші маман оң пікірлі қорытынды берудің негізі ретінде себептік кепілдік алу мақсатымен кепілдік міндеттемесінің тәуекелін қалыптасқан міндетемме жағдайында қолайлы болатын төменгі дәрежеге дейін түсіреді. Кепілдік міндеттемесінің тәуекел дәрежесі шектеулі кепілдік міндеттемесінде себептік кепілдік міндеттемесіне қарағанда әлде қайда жоғары, оның негізгі себебі табиғатынының түрлілігі,уақыт таңдау мүмкіндігі, мен дәлелдеме жинау шарасының дәрежесі. Алайда, шектеулі кепілдік міндеттемесіндегі табиғаты, уақыт таңдау мүмкіндігі,жинақталатын дәлелдемелер шарасының дәрежесінің қисындасуы тәжірибеші маманға теріс пікірдегі қорытынды жасауға негіз болатын кепілдік дәрежесін алуға жеткілікті саналады. Тәжірибеші маман қабылдайтын кепілдік дәрежесі маңыздылығын арттыру үшін, мәселе туралы ақпарат бойынша белгіленген қолданушылардың сенімділігін белгілі дәрежеде көтеруі мүмкін.

49. Негізінде, барлық кепілдік міндеттемелерінде міндетті түрде жазылып маңызды саналатын,кепілдік міндеттемесінің тәуекелі келесідей компонеттермен берілуі мүмкін:

(a) Тақырыптық мәселе туралы ақпараттың дұрыс емес мәлімдеме беруі бойынша тәуекелі келесілерден тұрады:

(i) Туа біткен тәуекел: мәселе жайлы ақпаратты дұрыс емес материалды мәлімдеме деп, және ешқандай өзара байланысты басқару құралдарын жоқ деп тану; және

(ii) Бақылау тәуекелі: пайда болуы мүмкін материалдық бұрыс мәлімдеменің жойылмай немесе табылып уақытында өзара байланысты ішкі бақылау тарапынан түзетілмеуі бойынша тәуекел. Бақылау тәуекелі тақырыптық мәселеге қатысты болғанда, кейбір бақылау тәуекелдері туа біткен ішкі бақылаудың әрленімі мен операциясының шектеулері негізінен болуы мүмкін; және

(ә) Табу тәуекелі: тәжірибеші маманның бар материалдық бұрыс мәлімдемелерін таба алмау тәуекелі.

Тәжірибеші маманның қарастатыратын әр компонентінің дәрежесі міндеттеменің жағдайларымен байланысты болады, әсіресе мәселенің табиғатына , оның шектеулі немесе себептік кепілдік міндеттемесіне жататындығына байланысты.



Жинақталатын Дәлелдеме Шараларының Табиғаты, Уақыт Таңдалымы Және Дәрежесі

50. Жинақталатын дәлелдемелердің нақты сипаты, уақыт таңдалымы және дәрежесі бір міндеттемеден екіншісіне қарай өзгереді. Теорияда жинақталған дәлелдемелер шарасында қайталанатын шексіз өзгерістер болуы ықтимал. Алайда, тәжірибеде оларды анық әрі түсінікті түрде жеткізу қиынға соғады. Тәжірибеші маман түсінікті әрі нақты мәлімдеме жасау үшін, сәйкес шектеулі немесе себептік кепілдік міндеттемесінің түрін қолданады10.

51. “Себептік кепілдік” тәжірибеші маманға тақырып мәселесімен және жалпы алғанда ақпаратты толтыруға қажетті жинақталатын дәлелдемелерге қатысты түсінік саналады. Қорытындыны оң пікірмен білдіруге мүмкіндік алу үшін себептік кепілдік міндеттемесінің талабы бойынша, тәжірибеші маманға жеткілікті сәйкес дәлелдемелер алу қажет, себебі ол міндеттеме шарасының қайталанатын, жүйелік тартылымының бір бөлігі саналады:

(a) Тақырыпқа байланысты, ішкі бақылау түсінігін қамтитын тақырып пен міндеттеменің басқа да жағдайларының түсінігін алу;

(ә) Тақырыптық мәселенің маңызды деңгейде дұрыс мәлімденбеу тәуекелін түсіну және бағалауына негізделу;

(б) Дамытылған толық жауаптарды қоса алғанда, бағаланған тәуекелге жауап табу және келесі шараларының табиғатын анықтау, уақыты мен дәрежесін таңдау;

(в) Белгілі тәуекел түрімен байланысты келесі шараны тексеру, бақылау, растау, қайта есептесу, аналитикалық шара және сұрау секілділердің қисынын қолдану арқылы орындау.

Мұндай шаралар жауапты жақтан және тақырыптық мәселенің табиғаты мен бақылау құралдарының оперциондық тиімділігінен тәуелсіз болып табылатын көздерден келетін ақпараттарды растау кезіндегі тәуелсіз шараларды тартады; және

(г) Дәлелдемелердің жеткіліктілігі мен орындылығы.

52. “Себептік кепілдік” абсолюттік кепілдіктен төмен саналады. Кепілдік міндеттемісінің тәуекелінің нөлге дейін төмендеуі немесе келесідей факторлардың нәтижесінде қолайлы баға қалыптыстыру өте сирек болады:

• Таңдамалы тестілеуді қолдану.

• Ішкі бақылаудың туа біткен шектеулері.

• Тәжірибеші маманға қол жетімді деректердің көптігі ақырға емес, дәлелді болып табылуы.

• Дәлелдемелерді жинау мен бағалауда пайымдауды қолдану және алынған дәлелдемелер негізінде қорытындылар құру.

• Кейбір белгілі критерийлерге қарсы өлшеніп, бағаланатын жағдайлардағы тақырыптық мәселенің сипаттамалары.

53. Себептік кепілдік және шектеулі кепілдік міндеттемелері қайталанатын, жүйелік міндеттеме шарасының бір бөлігі саналатын және тақырыптық мәселе түсінігін алу мен басқа да міндеттеме жағлайларын қамтитын жеткілікті сәйкес дәлелдемелер жинау мен кепілдік тәсілдерін қолдануды талап етеді. Шектеулі кепілдік міндеттемесінің жеткілікті сәйкес дәлелдемелерін жинау шарасының табиғаты, уақыт таңдалымы және дәрежесі себептік кепілдік міндеттемесіне қарағанда шектеулі болады. Кейбір тақырыптық мәселелердің шектеулі кепілдік міндеттемесіне қажетті жеткілікті дәлеледемелер жинау шарасының көрінісін беру үшін белгілі мәлімдемелері болады. Мысалы, ҚЕБҚМ 2400, “Қаржылық есеп беруді қарастыру бойынша міндеттемелері”-нің орнатуы бойынша қаржылық есеп беруді шолуға қажетті жеткілікті дәлелдемелері бірінші кезекте талдамалық шаралар мен сұратулар арқылы алынады. Сәйкес жеткілікті дәлелдемелерді жинау рәсімінің сәйкес мәлімдемесінің жоқтығы міндеттеме жағдайларына байланысты болады, әсіресе тақырыптық мәселе және белгіленген қолданушылар мен тартылатын жақтың қажеттілігі, оның ішінде қоса алғанда, сәйкес уақыт пен шығындар шектелімі. Себептік кепілдік және шектеулі кепілдік міндеттемелері бойынша тәжірибеші маман оны белгілі сұраққа тірейтін сұраққа тап болса, мысалы, маңызды түрлендіру, тақырыптық мәселе туралы ақпаратқа арналып жасалуы міндетті ме деген сұраққа тәжірибеші маман сұрақ шешімін табуы, мәлімдеу мақсатымен басқа да жеткілікті рәсімдерді орындау арқылы қол жеткізеді.



Бар Дәлелдемелердің Саны Мен Сапасы

54. Қол жетімді дәлелдемелердің саны мен сапасы келесілерде қарастырылады:

(a) Тақырыптық мәселе мен сол туралы ақпараттың ерекшеліктері. Мысалы, тақырыптық мәселе жайлы ақпараттар тарихи емес, болашаққа бағытталған жағдайдайларда объективті ақпараттар сирек күтілетін болады( тарау 32 қараңыз); және

(ә) Тәжірибеші маманды тағайындау уақыты, кәсіпорынның құжатты ұстау саясаты, немесе жауапты жақтың белгіленген шектеулері болатын міндеттеме жағдайларындағы секілді күтілетін дәлелдемелерге қол жетерлік болмаған жағдайда, міндеттеме шарттары тақырыптық мәселенің сипаттамаларынан басқа болып табылады.

Негізінде, бар дәлелдемелер ақырғы емес, көз жеткізерлік саналады.

55. Тәжірибеші маман жұмысының ауқымын матриалдақ жағынан шектеу кезінде заңды күшіне енбеген қорытынды кепілдік міндеттемесінің еш түріне қолдануға келмейді:

(a) Міндеттемелер тәжірибеші маманның кепілдік міндеттемесінің тәуекелін сәйкес деңгейге дейін төмендетуге арналған ақпараттарды алуа кедергі тигізеді;немесе

(ә) Жауапты жақ пен тартылатын жақ тәжірибеші маманның кепілдік міндеттемесінің тәуекелін сәйкес деңгейге дейін төмендетуге арналған ақпараттарды алуға шектеулер енгізеді.



Кепілдік туралы есеп беру

56. Тәжірибеші маман тақырыптық мәселе туралы ақпарат бойынша кепілдікті көрсетітетін қорытындысы бар есеп беруді ұсынады. АХС, ШКХС және КМХС кепілдік туралы есеп берудің негізі элементтерін белгілейді. Сонымен қатар, тәжірибеші маман басқа да мәлімденген міндеттемелерді орындайды, оның ішінде қажетті болғанда басқарушылармен тілдеседі.

57. Міндеттеме бекітілімі негізіндегі тәжірибеші маманның қорытындысы келесідей түрде құрылады:

(a) жауапты жақтың бекітуі бойынша (мысалы, “Біздің ойымызша, жауапты жақтың XYZ критерийі негізінде анықтаған ішкі бақылау тиімділігі туралы пайымдауы барлық жағынын дұрыс саналады”), және

(ә) Тікелей тақырыптық мәселе мен критерийлерге байланысты (“Біздің ойымызша, XYZ критерийі бойынша, ішкі бақылау, барлық жағынан тиімді деп саналады”).

Тікелей мәлімденетін міндеттеме бойынша, тәжірибеші маманның қорытындысы тақырыптықмәселе мен критерийлер негізінде құрылады.

58. Себептік кепілдік міндеттемесі бойынша, тәжірибеші маман оң пікірдегі қорытынды береді, мысалы: “Біздің ойымызша, XYZ критерийі бойынша ішкі бақылау барлық маңызды жақтардан алғанда тиімді деп есептеледі”. Мұндай мәлімдеме беру “себептік кепілдікті” көрсетеді. Кепілдік есеп беруінде сипатталатын сәйкес міндеттеме жағдайлары мен тақырыптық мәселе ерекшеліктері болып берілетін табиғатын, уақытын және дәрежесін анықтау бойынша дәлелдеме жинау рәсімін орындайтын тәжірибеші маман, кепілдік міндеттемесінің тәуекелін қолайлы төменгі деңгейге түсіру үшін жеткілікті сәйкес дәлелдемелерді алады.

59. Шектеулі кепілдік міндеттемесінде, тәжірибеші маман қорытындыны теріс пікірде білдіреді, мысалы, “Осы есеп беруде сипатталғандай, біздің назарымызға XYZ критерийі бойынша барлық жағынан қарастырғанды ішкі бақылаудың тиімсіз екендігіне күмән келтірерлік ешқандай жағдай кездескен жоқ”. Осындай қорытынды “шектеулі кепілдік”-тің деңгейі, яғни тәжірибеші маманның тақырыптық мәселенің, және басқа да кепілдік есеп беруіндегі міндеттеме жағдайларының сипаттамалары туралы дәлелдеме жинау рәсімінің деңгейімен үйлесімді есептеледі, яғни бұл мәселе нәтижесі немесе маңызы бола алады:

60. Тәжірибеші маман келесідей жағдайлар болғанда, және тәжірибеші маманның бағалауындағы тақырыптық мәселенің материалды болған жағдайында, кепілдік міндеттемесінің кез-келген түріне мамандық қортынды бере алмайды:

(a) Тәжірибеші маманның жұмыс ауқымындағы шектеу (тарау 55 қараңыз). Тәжірибеші маманның өкілетті қорытынды беруі немесе одан бас тартуы шектеудің қаншалықты елеулі немесе таратылғандығына байланысты болады. Кей кездерде тәжірибеші маман міндеттемеден біржола құтылуды жөн санайды.

(ә) Келесі жағдайларда:

(i) Тәжірибеші маманның қорытындысы жауапты жақтың пайымдауына негізделеді, және бұл пайымдау барлық тұрғыда әділетсіз жолмен мәлімделеді,немесе

(ii) Тәжірибеші маманның қорытындысы тақырыптық мәселе мен критерийлерге негізделіп құрылады, және тақырыптық мәселе туралы ақпараттар дұрыс мәлімдеме бермейді.11

(б) Міндеттеме қабылданғаннан кейін анықталған критерийлердің сәйкес еместігі немесе тақырыптық мәселелердің кепілдік міндеттемесіне қолайлы емес жағдайында. Тәжірибеші маманның беретін пікірі:

(i) сәйкес келмейтін критерийлер немесе сәйкес келмейтін тақырыптық мәселелер белгіленеген қолданушыларды жаңылыстырған жағдайда, өкілетті немесе қолайсыз қорытынды жасалуы тақырыптық мәселенің елеулі немесе таратылғандығына байланысты болады; немесе

(ii) Өкілетті қорытынды жасау немесе қорытынды жасаудан бас тарту басқа жағдайлардағы тақырыптық мәселенің елеулі немесе таратылғандығына байланысты болады.

Кейбір жағдайларда тәжірибеші маман міндеттемеден біржола бас тартуды жөн көреді.

Тәжірибеші маманның есімін дұрыс қолданбау

61. Тәжірибеші маман тақырыптық мәселемен сол туралы ақпарат берген жағдайда немесе сол мәселеге қатысты өзінің есімін қолдануға келісімін берген жағдайда байланысты болады. Егер тәжірибеші маман осындай үлгіде байланысты болмаса, үшінші жақ тәжірибеші маманның міндетін өзіне қабылдай алмайды. Егер тәжірибеші маман келесі жақтың оның есімін дұрыс қолданбағанын білген жағдайда, келесі жақтың олай істеуін тоқтатуын сұрайды. Сонымен қатар,тәжірибеші маман басқа да қажетті қадамдарды қарастырады, мысалы, белгісіз үшінші жаққа қолданушыларын оның есімін дұрыс қолданбағанын хабарлайды немесе заң кеңесін қарастырады.



Халықтық Сектордың Келешегі

1. Бұл құрылым халықтық сектордағы, кәсіпорыннан тәуелсіз және кепілдік міндеттемесін орындайтын барлық есепші мамандарға қатысты болып саналады. Егер кепілдік міндеттемесін орындайтын халықтық сектордағы есепші мамандар кәсіпорынға тәуелді болса, нұсқаудағы ескертпені қабылдауы қажет.



Қосымша
Себептік Кепілдік Міндеттемесі мен Шектеулі Кепілдік Міндеттемесі арасындағы айырмашылық

Бұл қосымша Құрылымда қарастырылғансебептік кепілдік міндеттемесі мен шектеулі кепілдік міндеттемесі арасындағы айырмашылықтысиппаттайды (Сілтеме жасалынған таруларды қараңыз).




Міндеттеме түрі


Мақсаты

Дәлелдеме жинау шарасы12

Кепілдік туралы есеп беру

Себептік кепілдік міндеттемесі

Тәжірибеші маман оң пікірлі қорытынды беруінің негізі ретінде себептік кепілдік алу мақсатымен кепілдік міндеттемесінің тәуекелін қалыптасқан міндетемме жағдайында қолайлы болатын төменгі дәрежеге дейін түсіруі (тарау 11)

Жеткілікті сәйкес дәлелдемелер міндеттеменің жүйелікшарасының бір бөлігі ретінде танылып,келесілерді қамтиды:

  • Міндеттеме жағдайларының түсінігін алу;

  • Тәуекелдерді бағалау;

  • Бағаланған тәуекелдерге жауап шаралары;

  • Келесі рәсімдерді тексеру, бақылау, растау, қайта есептеу, қайта дайындау, талдау рәсімі және сұрату секілді рәсімдер топтамасын қолдану арқылы орындау.Шаралар, оның ішінде қолдануға жарарлық болса, ақпаратты,және

  • Тақырыптық мәселенің табиғатына байланысты басқару құралдарының тиімділік операциондық тексеруін растауды қамтиды (тарау 51 және 52)

Міндеттеме жағдайлары мен оң пікірде берілген қорытындының сипаттамалары

(тарау58)



Шектеулі кепілдік міндеттемесі

Тәжірибеші маман теріс пікірлі қорытынды берудің негізі ретінде, тәуекелі себептік кепілдіктікінен жоғары болатын кепілдік міндеттемесінің тәуекелін қалыптасқан міндетемме жағдайында қолайлы болатын төменгі дәрежеге дейін түсіру (тарау 11)

Жеткілікті сәйкес дәлелдемелер міндеттеменің жүйелік шараның бір бөлігі ретінде танылып,тақырыптық мәселе мен басқа да міндеттеме жағдайларының түсінігін алуын, алайда, ондағы шаралар себептік кепілдік міндеттемесі үшін шектеулі саналуын қамтиды(тарау 53)

Міндеттеме жағдайларының және теріс пікірдегі қорытындының сипаттамасы

(тарау 59 )




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   26




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет