Хіх ғ. ІІ ж – ХХ ғ. бас кезі. Кіріспе Жұмыстың жалпы сипаттамасы


«ХІХ ғасырдың 60-90-жылдарындағы Оңтүстік Қазақстандағы отаршылдық билік жүйесінің құрылуы және оның жергілікті халыққа тигізген әсері»



бет12/15
Дата16.02.2023
өлшемі307.5 Kb.
#469663
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
stud.kz-64949

«ХІХ ғасырдың 60-90-жылдарындағы Оңтүстік Қазақстандағы отаршылдық билік жүйесінің құрылуы және оның жергілікті халыққа тигізген әсері» атты бесінші тарауда ХІХ ғасырдың 60-жылдарындағы патша өкіметі жүргізген саяси-әкімшілік реформалар және олардың өңір халқына тигізген ықпалы, Түркістан генерал-губернаторлығының құрылымы мен қызметі, сондай-ақ отарлық билік жүйесінің күшеюі және оған жергілікті халықтың наразылығы жан-жақты талданады.
Ресей империясының өз қарамағына Оңтүстік Қазақстанды қосып алуы оның қазақ даласын толық жаулап алуының аяқталғанын көрсетті. Нәтижесінде патша өкіметі отаршылдық саяси мүдделерін басшылыққа ала отырып, қазақ сұлтандарының өз билігін қалпына келтіруге деген ұмтылысын және олардың тәуелсіздігін аяусыз жаныштап, қазақтың оңтүстік өлкесінде отаршылдық-әкімшілік жүйесін орнатуға кіріседі.
Қазақ халқы империяның құқықтық, саяси және әлеуметтік-экономикалық қатынастар жүйесіне күштеу жолымен тартылып, өлкедегі дәстүрлі қалыптасқан қатынастарды және оның одан әрі ұлттық негізде қалыптасу мүмкіндігінен айрылды. Жаңа қатынастарды құқықтық рәсімдеуде патша өкіметі «метрополия-отар» немесе «орталық-шет аймақ» қағидасына негізделген билік институттары мен басқару жүйесін құру арқылы табыстарға жетті. Өзінің қазақ даласындағы иеліктерін басқаруды ұйымдастыруға патша өкіметі жаулап алудың бастапқы сатысында-ақ көңіл бөлді.
1865 жылы 2 наурызда Орынбор генерал-губернаторлығының құрамында «Түркістан облысын ұйымдастыру туралы» билік етуші Сенаттың жарлығы қабылданып, II Александр оны 1865 жылы 6 тамызда «Түркістан облысын басқару туралы Уақытша ереже» деген атаумен бекiтедi. Түркістан облысының ішкі әкімшілік-аумақтық бөлінісі тек қана әскери міндеттерді шешуді қамтамасыз етуге бағытталды, соған байланысты негізінен әскери-аумақтық бірліктер құрылды және негiзгi мақсаты жаңа орыс иелiктерiнде қауiпсiздiк пен тыныштық сақтау болды.
Жаңа облысты басқару Ережелерi мен штатын бекiтудің жобасын жасау кезінде патша шенеуніктерінің арасында Оңтүстiк өңiрдi әкiмшiлiк жағынан басқару құрылымы ұзақ талқыға түседі. Жалпы алғанда олар қазақ халқын аяусыз езуге, олардың құқықтарын барынша шектеуге тырысты Аумақтың ішкі ұйымдастырылуы империялық әкімшілік дәстүр сипатында болды және тек әскери басқару мен патша қазынасының мүддесін қанағаттандыруға бағытталды. Мемлекеттің құрамына «ұлы орыс» орталығының әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынынан кенжелеп қалған халықтар қоныстанған аумақтарды кіргізе отырып, патша өкіметі ең алдымен арзан және тиімді басқару және отарлық қанау жүйесін құруды көздеді. Патша өкіметінің ХІХ ғасырдың 60-жылдардың ортасына қарай Оңтүстік Қазақстанды толықтай жаулап алып, онда өздерінің отарлық саясатын түпкілікті жүргізуі оған жергілікті тұрғындарға тұрақты салық жүйесін енгізуіне мүмкіндік береді.
1867 жылы 11 шілде айында Ресей патшасы ІІ Александр империя құрамында Түркістан генерал-губернаторлығын құру жөнінде жарлыққа қол қояды. Осымен бір мезгілде «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару ережесінің жобасы» бекітіледі. Түркістан генерал-губернаторлығы екі облыстан тұрды: Орталығы Ташкент қаласы болған Сырдария облысынан және орталығы Верный қаласы болған Жетісу облысынан.
Жаңа әкімшілік жүйе «Қазақ даласын жекелеген әскери губернаторлықтар мен уездерге бөлу қазақ даласында тармақталған әскери-бюрократиялық аппарат құруды көрсетті». Сондай-ақ жергілікті ру ақсүйектерінің ықпалын әлсірету үшін ауылдар мен болыстарды рулық сипатына емес, жергілікті халықтың шаруашылық жағдайына байланысты бөлу көзделді. Яғни, бұл реформа бойынша қазақ сұлтандарының қызметі бұдан былай отаршылдық билікке керек болмай қалды және өздерінің саяси күшін жоғалтып, олардың құқықтары басқа халыққа теңестіріледі де, ресми түрде ешқандай артықшылықтар берілмеді. Сұлтандарды саяси сахнадан шеттету мен олардың қазақ қоғамындағы мәнін төмендетуді патша өкіметі жоспарлы және зерттелген түрде жүргізді. Оған «енді ақсүйектер мен қаралар арасында некені ешқандай кедергісіз қиюға болады» деген бап дәлел болады. Сонымен қатар, 1867 жылғы ережеге сәйкес «болыс басқарушысы мен оның үміткерлерін сайлау үшін 50 үйден бір сайлаушы сайланды, осы сайлаушылардың съезі болыс басқарушылары мен оның үміткерлерін сайлайды» деген бап енгізілді.
Болыс басқарушыларының, ауыл старшындары мен олардың кандидаттарын сайлау болыс съездері мен ауыл жиындарында әрбір үш жыл сайын өткізіліп отырды. Қазақ халқы сайлаулы басқару жүйесін жақсы ынтамен қабылдай алмады, оның басты себебі сайлау кезінде ру топтарының күресі үнемі болып, әр түрлі жолсыздықтарға жол берілді. Қазақ халқы мойындайтын жалғыз сот болғандықтан халық сотының өкілеттігін кеңейту қажеттілігіне сәйкес, патша өкіметі тағы да халық сотының екі органын енгізуге мәжбүр болды. Бұлар билердің болыстық және төтенше съездері. Билер сотында шешімін таппаған істер билердің болыстық съезінде қаралатын болды, ал шешілмеген істер көп болғанда төтенше съезд шақырылды. Негізінен, бұл съездерде әр түрлі рулардың арасындағы істер қаралды. Сонымен қатар, даулы істерді талқылау үшін түрлі уезд немесе болыс тұрғындары қатынасына қатысты төтенше съездер белгілеу, болысаралық жер дауын шешу мақсатында ерекше съездер шақыру сияқты күрделі істер тікелей әскери губернатордың қарауында алынды. Билер съезi патша өкiметінің саясатына ыңғайланып жүргiзiліп, қазақтардың адат заңдарын ерiксiз өзгертiп отырды. 1867 жылғы реформаға сәйкес сайланған билерді халық «мөрлі билер» деп атады, өйткені, шығарған шешімді бекіту үшін патша әкімшілігі оларға мөр беретін болды. Мөр шешімнің заңды екендігін және оны орындаудың міндетті екендігін білдірді. 1886 жылғы Ережеге сәйкес Түркістан өлкесінің әкімшілік-аумақтық бөлінісі өзгерді. Онда құрамдас бөліктердің жекелеген принципі сақтала бастады. Бұрын Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына енген Жетісу облысы 1882 жылы оның құрамынан шығарылып, Дала генерал-губернаторлығының құрамына берілді. 1899 жылы ол қайтадан Түркістан генерал-губернаторлығының құрамына өтті. Ережеге сәйкес халық соты съездерiнiң уақытын, орнын губернатор белгiлеп, оны шақыру уезд бастығының мiндетiне кірген. ХІХ-ғасырдың 60-жылдарының соңына қарай толыққанды жауланған қазақ даласындағы негізгі әрі күрделі мәселелердің бірі – жер мәселесі еді.
Жер мәселесін шешуде патша өкіметі төмендегі мақсаттарды көздеді: біріншісі, жергілікті қазақ халқының күнделікті тіршілігіндегі жер қорын пайдалану ерекшеліктері және жерге деген меншік түрлерін анықтап, отаршыл биліктің жер мәселесіндегі қағидаларын белгілеу; екіншісі, патша өкіметінің мақсатты түрде жүргізе бастаған қоныстандыру ісінің шеңберінде «Қоныстандыруға жер қорларын» дайындау; үшіншісі, жергілікті халықты, соның ішінде көшпенділерді отырықшылыққа мәжбүрлеу еді. Патша өкіметінің 1886 жылдың 21 қазанындағы «Басқару туралы уақытша ережесінің» негізінде қазақ халқы үшін жерді пайдалануы мен иеленуіне айқын шек қойылды.
Ережелер негізінен өлкедегi жергiлiктi халық басқыншыларға деген қарсы басып - жаншу болған патша өкiметi қайткен күнде де бұл жерде самодержавиелiк саяси тәртiптi сақтап тұруға ұмтылып, патша өкіметінің Түркiстанда жүргізген отаршылдық саясатының заңды түрде iске асу қағидалары айқындап бердi. Патша өкіметінің отаршылдық бағдарламалары Ресейдiң өзiнде реформалар жүрiп жатқан кезде, әрi елдiң экономикалық және саяси жағынан әлсiз уақытында жүзеге асып, қазақ даласындағы басқару түрлерi мен әдiстерi феодалдық-бюрократиялық тәсiлдермен, басқа шет аймақтарда жинақталған тәжірибені Түркiстанға көшiре салу жолымен шешiлдi. Патшалық Ресейдің оңтүстік өңірді әскери отарлауымен қатар, жергілікті қазақ халқын «рухани бодандықта» ұстап, оларға құлдық сананы енгізуге тырысып, орыстық білім беретін оқу орындарын кеңінен ашуға кіріседі. ХІХ ғасырдың 60-жылдарында бүкіл қазақ жерлерінің патшалық Ресейдің құрамына өтуі және онда империялық «тәртіптердің» орнауы оңтүстік өңірдегі жергілікті халықты отаршылдық жүйеге қарсы азаттық күреске итермеледі. Мұның аяғы қазақтардың ашу-ызасын туғызып, отаршылдық жүйеге қарсы көтерілуге әрекеттер жасаған. Мәселен, 1862 жылы қоқандықтардың иегілінен Өтеген мен Баубек бастаған қыпшақтар және Жантөре мен Құдас бастаған қоңыраттар Сыр бойындағы орыс шептеріне шабуыл жасап тұрса, Қылыш бастаған қарасақал, Ертай бастаған шектілер, Жанқожаның туысы Жанмырза бастаған қазақтар Хиуа ханының көмегін ала отырып, орыс әскерлеріне қарсы шабуылын тоқтатпаған. 1863 жылы маусымда Сыздық 400 жасақпен Жаңақорғанды алуға бірнеше рет әрекеттенсе, сол жылы 9 қаңтарда қоқандықтардың иелігіндегі 50 адамнан тұратын қазақтар орыстардың билігіндегі қазақтарға шабуыл жасап 5 адамды тұтқынға алып кетеді [47, 40 п].
Қазақ даласында патша өкіметінің басқару жөніндегі жаңа Ережесі енгізілсе де, оңтүстік өңірді мекендеген жергілікті халықтың ашық қарсылықтары болмағанымен, қазақ руларының арасында наразылықтар бой көрсетіп тұрған. Дегенмен, қазақтардың арасындағы ықпалынан айрылған немесе биліктен шеттетілген рубасылары патша өкіметінің отаршылық саясатына қарсы күрестерін көп жағдайда көрші жатқан елдердегі мұсылман қозғалыстарымен байланыстырды. Атап көрсетсек, Жетісу халқы Шығыс Түркістандағы дүнгендердің көтерілісіне қосылу арқылы Ресей билігіне қарсы шығуға ниеттенсе, Сырдария облысының халқы Қоқан, Хиуа және Бұхар хандықтарында орын алған діни факторға сүйенді.
Мәселен, Шығыс Түркістандағы қытай билігіне қарсы шыққан көтеріліске белсене араласқан Ұлы жүз қазақтары шекарадағы орыс әскерлеріне шабуыл жасап тұрған. Қазақ пен қырғыздың Жақыпбек мемлекеті арқылы отарлық жүйеден арылып, тәуелсіздікке қол жеткізсек деген үміті ақталмаса да, олар Жақыпбек мемлекеті құлағанына қарамастан Ресей билігіне көнбей, әлі де тәуелсіздікті қалпына келтірсек деген үміттерін жоғалпады және азаттық күрестерін жалғастыра берді. 1873-1874 жылдардағы Қоқан хандығындағы көтерілістер тек ханға қарсы әлеуметтік-экономикалық сипат алған жоқ, сонымен бірге орыс жаулап алушылығына да қарсы бағытталды. Орыс билік орындары қызметкерлерінің өз мақсаттарына жеткенше екі жүзділікпен әрекет етуі, айтқан уәделерінде тұрмауы халықтың оларға деген сенімін жоғалтып, қарсыласуына мәжбүр етті.
1873 жылы Қоқан хандығындағы Мамыр Мергенұлы бастаған көтерілісшілер Тоқмақ уезінің Тоғызтарау деген шатқалына келіп, қазақ пен қырғыздарды өздеріне қосылуға шақырады. М.Мергенұлының бұл әрекетінен еш нәтиже шықпаған соң, ақыры Қашқарға өтеді де, сол жақтан Әндіжанды басып алуға даярлық жасауды ойластырады. Алайда, бұл жоспарын да іске асыра алмағасын, қайтадан Тоқмақ уезінің жеріне өтеді де, уездің Қапқа деген жерінде тұтқынға түсіп, Лепсіге жер аударылады. Лепсіде ол жергілікті патша әкімшілігі тарапынан қатаң бақылауға алынады.
1898 жылғы Әндіжандағы халық көтерілісі үкімет әскерімен қарулы қақтығысқа айналды. Көтеріліске қатысушыларды жазалаудың басшысы және мыңдаған бейбіт халықты қырғынға ұшыратқан бесінші генерал-губернатор С.М.Духовский еді. Ол өз қызметін жергілікті әкімшілікті «тазартудан» бастады: әскери губернатор Павло-Швыйковский орнынан алынып, 53 болыстық және ауылдық әкімшіліктің қызметкерлерін жұмыстан шеттетті. Уезд бастықтары Духовскийден халық соттарының қызметіне қатаң бақылау жасау жөнінде нұсқау алды. Бірақ оның бұл шараларының ешқайсысы да табысты болмады. Жергілікті халықтың тілін білмейтін және сауатты тілмаштары болмаған орыс әкімшілігі К.К.Паленнің айтуынша «ең шарасыз жағдайда болды». Әндіжан көтерілісі патша өкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталып, бүкіл Ферғана облысын тарайды да, көтерілістің дүмпуі Жетісу, Сырдария облыстарындағы қазақ пен қырғыздарға да жетіп, жергілікті халықтың толқуын тудырады. ХІХ ғасырдың 60-жылдарының аяғында Орталық Азияға тереңдеп кірген Ресей империясынан қауіптенген Хиуа хандығы өзінің шекарасын нығайтуға кіріседі. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін ол қазақ феодалдарынан, әсіресе Қазалы фортынан қашып келген Әзберген Мұңайтпасов, Сұлтан Арсланов, Өтім және Кенесарының ұлдары Сыздық пен Хатым төрелерден көмек сұрайды. Сонымен қатар, Хиуа ханы оларды қару-жарақ және әскермен қамтамасыз етіп, Ресей империясы басып алған жерлерге жорықтарға аттандырып отырған. Қазақтардың үздіксіз жасаған жорықтарының нәтижесінде Перовск мен Қазалы бағытына жүретін қозғалыстың бәрі де тоқтап қалады. Осы жағдайды сылтау еткен орыс әкімшілігі Хиуаға соғыс ашуға кіріседі. Ақыры 1873 жылы көктем айларында орыс әскерлері Хиуаға баса көктеп кіреді де, ханды бейбіт келісім-шартқа күштеп отырғызады.
Нәтижесінде бүкіл Сырдария аумағы патша өкіметінің отаршылдық саясатының арнасына түсті. Яғни, Ресей империясының өзіне Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанды қосып алуы оның Қазақ даласын толық жаулап алуын аяқтады. Ресей империясы отаршылдық саясатын жүзеге асыра отырып, Сыр бойы қазақтарының тәуелсіздігін аяусыз жаныштап, өңірге отаршылдық-әкімшілік жүйесін орнатуға кіріседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет