6-сурет. Оқытуда қолданылатын жобалардың жіктелуі
3-кесте. Оқушы мен мұғалімнің іс-әрекет жүйесі
Кезеңдер
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
1.Жобалық тапсырманы құру.
|
|
|
1.1. Жобаның тақы-рыбын таңдау.
|
Мұғалім тақырыптарды таңдап, оларды оқушыларға ұсынады.
|
Оқушылар талқылап, тақырып бойынша бір шешім қадылдайды.
|
/ 2-нұсқа /
|
Мұғалім оқушыларға тақырыпты бірге таңдауды ұсынады.
|
Оқушылар тобы мұғаліммен бірге тақырып таңдап, оны сыныптың талқысына ұсынады.
|
/ 3-нұсқа /
|
Мұғалім оқушыларға ұсынған тақырыптарды бірге талдауға қатысады..
|
Оқушылар тақырыпты жеке таңдап, оны талдау үшін сыныпқа ұсынады.
|
1.2.Жоба тақырыбының тақырыпшаларын таңдау.
|
Мұғалім тақырыпты алдын-ала тақырыпшаларға бөледі де оларды таңдауды оқушыларға ұсынады.
|
Әрбір оқушы өзіне тақырыпша таңдайды немесе жаңа тақырыпша ұсынады.
|
|
Мұғалім оқушылармен бірге тақырыпшаларды талдауға қатысады.
|
Оқушылар тақырыпшаларды талдауға белсенді түрде қатысып, тақырыпшалар ұсынады. Олардың бірін өздері таңдап алады, яғни өзіне роль таңдайды.
|
1.3.Шығармашылық топтарды құру
|
Нақты тақырыпшалар мен іс-әрекет түрін таңдаған оқушыларды біріктіру үшін мұғалім ұйымдастыру жұмысын жүргізеді.
|
Оқушылар өздері таңдаған рөлге сәйкес кіші командаларға топтасады.
|
1.4.Зерттеу жұмысына материалдар дайындау: жауап берілуі тиіс сұрақтарды тұжырымдау. Командаларға тапсырмалар, қажетті әдебиеттерді таңдау.
|
Егер жоба көлемдік болса, зерттеу жұмысының тапсырмалары сұрақтары мен қажетті әдебиеттерді алдын-ала дайындайды.
|
Кейбір жоғары сынып оқушылары тапсырмаларды таңдауға көмектеседі. Жауап берілуі тиіс сұрақтар командаларда құрастырылып, сыныпта талқыланады.
|
1.5.Жобалау іс-әрекетінің қорытындысын шығару, жариялау түрін анықтау.
|
Мұғалім талдау жұмысына қатысады.
|
Оқушылар зерттеу нәтижесін қандай түрде көрсететінін алдымен топтарда, содан соң сыныпта талқылайды. /бейнефильм, альбом, әдеби мүшайра т.с.с./
|
2.Жобаны құрастыру.
|
Мұғалім оқушылар жұмысын үйлестіреді, кеңестер береді, олардың іс-әрекетін көтермелеп отырады.
|
Оқушылар іздеу, тану жұмыстарын жүзеге асырады.
|
3.Нәтижелерді шығару.
|
Мұғалім оқушылар жұмысын үйлестіреді, кеңестер береді, олардың іс-әрекетін көтермелеп отырады.
|
Оқушылар алдымен топтарда, содан соң басқа топтармен бірлесе отырып, қабылданған ережелерді шығарады.
|
4.Таныстыру /презентация/
|
Мұғалім экспертизалық жұмысты ұйымдастырады./Мысалы,эксперт ретінде жоғары сынып оқушыларын, ата-аналарды, параллель сыныптағы басқа да кісілерді шақырады.
|
Өздерінің жұмыс нәтижелерін баяндайды.
|
5.Өзінің жұмысын талдау, бағалау /рефлексия/.
|
Балалардың іс-әрекетіне педагогикалық басшылық жасауын бағалайды, балалардың бағасын ескереді.
|
Процеске, басқалардың бағаларын ескере отырып өзінің жұмысына талдау жасайды. Топтық рефлексия жүргізген дұрыс.
|