Мұсылмандық мектеп пен медреселердің дамуы
Қазақстандық тәлім – тәрбиелік ой – пікір тарихының тамыры тереңде жатқаны сияқты, осынау кең – байтақ өлкеде мектеп ісінің пайда болып, білім беру тарихы да оның бастаулары сонау ерте замандардан алады. Қазақ жерінде, әсіресе оның отырықшы аудандарында орта ғасырдың ерте дәуірінде – ақ көптеген мектептер (мұсылманша бастауыш оқу орны) мен медреселер, діні білім беретін ортадан жоғарғы оқу орындары жұмыс істей бастағаны тарихтан мәлім.Қазақ жерінде оқу – ағарту мәселелері, олардың өсу - өркендеу жолдары ауқымды сипатталған. Өмір жолын бастаған ұлттық мектептердің бірі мұсылмандық мектептер мен медреселер, бұл оқу орындарының бүгінгі күнге дейін кәдесін жарататын құнды тәлім – тәрбиелік тәжірибиесі бай. Өз зерттеу жұмысымда осы мұсылмандық мектептер мен медреселердің тарихынан бастағым келеді.Осы медреселер мен мұсылмандық мектептерінің оқу және тарбие мәселелеріне ерекше бір назар аударып сипаттайық.Ертедегі Испиджаб, Тараз, Сайрам, Түркістан, Отырар, т.б. қалаларда көптеген медреселер болған, олардың жалпы саны 84 – ке жеткен. Оларда 5 мыңға жуық шәкірт білім алған. Оқушылар сауат ашу жолын 28 араб әрпін және оның жазылуын 8 мағынасы жоқ сөз арқылы жаттаудан бастаған.
Ортағасырлық Отырар медремемінде қазақ жерінің ұлы перзенті, Шығыс Аристотелі атанған Әл – Фараби білім алған. Беріректе Уфадағы «Ғалия» медресесінде Т.Жомартбаев, М.Сералин, Б.Майлин, М.Жұмабаев, Семейдегі Ахмет Риза медресесінде Абай Құнанбаев оқыған. Бұл оқу орындарында, құдай жолын үйрететін пәндерден басқа, заңтану, тарих, логика, риторика, жағрафия, пәлсапа, математика, астрономия, медицина, т.б. дүнияүй пәндер пайда болған.Мұсылмандық мектеп пен медреселер Шығыс елдерінде, соның ішінде Қазақстанда түрлі ғалым салаларының (математика, астрономия, география, тарих, т.б.) дамуына елеулі ықпал етіп, ұлттық тәрбие дәстүрін сабақтастырады.
Алайда осы діни мектептердің және медреселердің тарихына терең үңілсек, бұнда айта кететін бір мәселе Қазақстанның Ресейге қосылуынан кейін дамуы, А.Алекторовтың айтуынша, «татарша прокламациялар пайда болды. Қазақ даласында діни мектеп пен медреселер халыққа білім беру ісімен ұластыра отырып, осы мектептер халыққа көп зиян келтіреді деген пікірлер бар.
Махмұд Қашғаридің «Түрік сөздігінің» педагогикалық мәні
XI ғасырда туындағанымен, одан ерте кезеңдік түркілер тыныс-тіршілігінен хабар беретін «Түрік сөздігінен», ондағы халық педагогикасының қағидаларынан өмір шындығы мен оған сай сомдалған тұлға бейнесі барынша айқын көрінеді. Бұл еңбекте даналық бастауы мен оның адам өмірінде алар орны, тәлімдік-тәрбиелік тағылымдар мен олардың тұлға қалыптастырудағы жетекші ролі, қаһармандық рух пен діни таным-түйсіктер, дүниені танудағы алғашқы ой-тұжырымдар мен табиғат тылсымына бас ию – бәрі-бәрі өзіндік орнын тапқан. Педагогиканың негізгі қағидаларын қамтыған осы секілді мәселелер «Түрік сөздігіндегі» сан тараулы ғылым арналарының бірінен саналады.
Адам ұлы мәңгі қалмас – деген терең ойлар қазіргі педагогиканың негізі адам мәселесіне арналып тұрғанын аңғартады. Мұндағы басты түйін – осы өмірде адам болу, «Адам» деген ұлы атқа құрметпен қарау, адамның өмірдегі мәнін түсіну. Өмірде толық адам және өзіндік ұстанымы бар тұлға болу үшін жамандардың жасаған залымдығына назаланып, өш-кек аламын деп мақсат қоймай, керісінше басқаларға жасқсылық, ізгілік етудің қажеттілігін көрсетеді. Әрбір заман өтетінін, осы заманда ешкімнің мәңгілік еместігін әрқашан есте ұстап, қоғамға, айналадағыларына қажетті адам, тұлға болуға талпынудың маңыздылығына тоқталады. Мұның өзі қазіргі педагогикадағы тәрбие үрдісінің негізгі мақсаты – қоғамға керекті және пайдалы жеке тұлғаны қалыптастырумен тікелей астасып жатыр.
Халық педагогикасынан нәр алған М.Қашқаридің педагогикалық тұжырымдамасының негізгі өзегі - орта ғасырдағы түркі баласының бейнесі - «ұлылыққа ұмтылған», «білімділікті іздеген», «даналықты таңдаған», «біліктіге серік болған», «бабалардың әдеп-ақылдық насихатын ұстанған» ірі тұлға. Өз заманындағы түркі баласының бейнесі туралы Махмұт Қашқари былай дейді: «Ұлы тәңірі: «Менің бір тайпа қосыным бар, оларды «түрік» деп атадым, оларды күншығысқа орналастырдым. Бір ұлысқа ашуланып, назалансам түріктерді соларға қарсы саламын» депті. Бұл жай олардың (түріктердің) басқа жұртқа қарағанда үстем екендігін көрсетеді. Махмұд Қашқари еңбегі қазіргі педагогикадағы дені сау, ұлттық сана-сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, мәдениетті, парасатты, ар-ожданы мол, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу мақсатымен толық үндесіп жатыр. Ғұламаның педагогикалық тұжырымдамасында жеке тұлғаны қалыптастырудағы тәрбиенің жетекші ролі нақты айқындалған: «Ұлықтық болса (тапсаң), сен ізгілік істе, - деген.
М.Қашқари жеке тұлғаны қалыптастыру көзі дүниені танып-білу екендігін де көрсете отырып, дүниетаным жеке тұлғаның өмірлік ұстанымын, жалпы бағыттылығы мен мақсаттылығын айқындап қана қоймайды, ол адамның бүкіл бет-бейнесінен, мінез-құлқы мен іс-әрекетінен айқын аңғарылып тұратынын анықтайды. «Білікті, дана адамдарды тап, соларға еріп, еліктеп, жақын жүріп, олардан өнеге көр, ұқсап бақ» – деп жастарға бағыт береді. Бұл тұрғыда М.Қашқаридың педагогикалық идеяларын зерттеген ғалым К.М.Қалиева былай дейді: ««Сөздікте» дүниені танып білудің мүмкіндігі жөнінде айтылған ойлар аса жеткілікті. Қашғарлық автордың білім ойлау құралы, оның табиғат пен қоғам дамуы заңдылықтары көрініс тапқан фактілер, заңдар мен ұғымдарды жүйелілікпен меңгерудің қорытындысы деп кең мағынада түсінуіне заманының өзімен тұстас және одан бұрын өткен Әбу Нәсір әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Райхан Бируни, Жүсіп Баласағұни секілді есімдері ерте ғасыр әлеміне танымал болған энциклопедист ғалымдардың ықпалы болғаны байқалады.
Достарыңызбен бөлісу: |