35. Үшінші Рейх: нацистік диктатураның ішкі және сыртқы саясаты.
Бірінші дүниежүзілік соғыс бітісімен Еуропа дағдарысқа түсіп Германияда, Португалияда, Ресейде революциялар мен төңкерістер бет ала бастады. 1922 жылы Муссолини Италия үкіметінің басшысы болды, 1926 жылы Польшадағы билік басына диктатор Пилсудский келеді, ал 1933 жылы заңды сайлаумен Германияның билік басына Адольф Гитлер келіп мемлекет ішіндегі НСДРП-нан тыс басқа партияларының қызметін толығымен тоқтатады. 1934 жылы Гитлер президент пен рейхсканцлер орындарын біріктіріп толық билікті өз қолына шоғырландырды. Германияда қайта өрлеу және экономикалық дағдарыстан шығу атты жаңа саясаты жарияланып, Германияның өзі «Үшінші рейх» атына ие болды (нем. Drittes Reich – үшінші империя). Бұл термин ортағасырлық мистикалық оқулардан пайда болып, үш империяларының үшіншісі «мыңжылдық» ретінде саналатын.
Үшінші рейхтің өмір сүруі кемінде мың жылға есептелгенімен ол тек 12 жылмен шектелді. Дегенмен, оған қарамастан оның мемлекеттік нацизм идеологиясы арқасында тарихта қалдырған ізі өте зор.
Карл Хаусхоффердің «өмір сүру кеңістігін кеңейту» (Lebensraum) атты концепциясы Германияның сыртқы саяси доктринасының негізін қалады. Бұл концепция бойынша Германия бұндай қажеттілікті қамтамасыз ету үшін үздіксіз күрес жүргізу керек. Нәтижесінде мемлекет өзінді сыртқы күштерден тәуелсіз етіп сонымен қатар өзінің экономикалық автаркиясын қамтамасыз етеді. Осы мақсатқа жету үшін Германия кез-келген халыққа, мемлекетке күш позициясы тұрғысынан қарап, ұсақ-тұйық мемлекеттерді жұту керектігін айтады. Карл Хаусхоффердің тұжырымдамасы бойынша бұл табиғи әрі заңды процесс. Ал көршілес жатқан державаларға қатысты стратегиясы былайша болған: Ресей Германияның стратегиялық әріптесі ретінде қарастырылып онымен соғысудың орнына одақтасу керектігін айтады. Ал кейіннен бұл одаққа Жапония мен Қытай қосылу керектігін айтады. Сонымен ғалым, орталығы Берлин, Мәскеу, Токио болатын «геосаяси үштігін» немесе «құрлықтық блок» доктринасын ұсынады. Кейіннен Хаусхоффер және оның шәкірттері құрлықтық елдерді шектейтін теңіз державаларына қарсы тұру үшін «Үлкен кеңістік» концепциясын ғылыми айналымға еңгізеді: 1) Батыс (Еуропа, Африка, Америка) 2) Осьтік немесе орталық (Еуразия) 3) Шығыс (Тынық мұхит кеністігі).
Алайда билік басына агрессивті идеялармен қаруланған топтардың келісімен «Құлықтық блок» доктринасы өзгеріске ұшырап, олар Хаусхоффер белгілеген сыртқы саяси бағыттардың көбісінен бас тартады. «Тек өмір сүру кеңістігін кеңейту» атты концепциясы негізге алынып, алайда оны жүзеге асыру жолдары, әдістері Хаусхоффердің жолдарынан тым өзгеше болатын.
Билік басындағы радикалды-нацистік топтар сыртқы саяси бағыттарға радикалды өзгерістер әкелді. Нацистік идеология мемлекеттік идеологияға айналды. Германияны бірден-бір құрлықтық держава ретінде болуын көздеді. Нацистік идеология нәсілдік иерархияға негізделініп, сыртқы саяси бағыттарды анықтаушы фактор ретінде болған.
Үшінші рейхтің негізгі идеологтары
Нацизмнің негізгі идеологтарының ішінен осы тұлғалрды атап шығаруға болады:
1) Адольф Гитлер
Идеологияның басын қалаған. 1925 жылы оның Mein Kampf («Менің күресім») атты алғашқы әрі соңғы кітабі жарыққа шығады. Бұл саяси манифест әрі автобиография Үшінші рейхтің билік құрушы топтарының Библиясына айналды, национал-социализм идеологиясының негізі.
2) Альфред Розенберг
Гитлердің рухани және идеологиялық мәселелеріне байланысты орынбасары, нацистік партияның мүшесі, шығыстағы оккупацияланған территориялардың басқару министрі, «расизмнің» философы. «Германия сыртқы саясатының болашағы» (1927), «20 ғасыр мифі» (1929).
3) Йозеф Геббельс
Үгіт-насихат министрі, қоғамға білім беру, ғылым, мәдениет саларына жауапты болған тұлға. Сонымен қатар Германияның мәдени өмірінің «ариезациясына», НСДРП-ның қоғам тарапынан қолдауға ие болуына және ұлттың соғысқа психологиялық дайындығы үшін жауапты болды.
4) Генрих Гиммлер
СС-тің рейхсфюрері, ұлт ішіндегі жауларды жоюын қамтамасыз еткен.
Үшінші рейхтің сыртқы саяси идеологиясы мен доктринасының қалыптасуы ұзақ уақытты қамтыған жоқ. Версаль-Вашингтон жүйесі қалыптастырған тәртіп Германияны қанағаттандырмай керісінше мемелекет ішінде радикалды экстримистік әрі нацистік күштердің пайда болуына алып келді. Тез арада жоғалтып алынғанды қайтарып алу және кек алу негізде жүргізілген сыртқы саясат сәтсіздікке ұшырады. Өз күшінің мүмкіндіктерін дұрыс бағалай алмаған герман қарулы күштері ақырында жеңіліс табады. Германия Кеңес Одағына қарсы тұрмағанда керісінше одақтас болғанда мүмкін соғыстың ақыр аяғы басқаша болар еді. Үшінші рейхтің сыртқы саяси доктринасы тым агрессивті болып оның идеологиясы догмаға ұшыраған.
Нацистік шенеунік Ханс Франк былай деген – «бұл қанша өкінішті болғанымен, дегенмен демократиялық принциптерге негізделген империялар террорлық негізде құрылған империяларға қарағанда ұзақ өмір сүреді».
Достарыңызбен бөлісу: |