«Қазақ тіліндегі біріккен сөздердің зерттелу бағыттары» тараушасында қазақ тіліндегі біріккен сөздердің зерттелуі мен олардың ағылшын тіліндегі күрделі сөздермен ұқсастықтары мен айырмашылықтары сөз болады.
Вен диаграммасы
Ағылшын тілінде Біріккен сөздер Қазақ тілінде
ҰҚСАСТЫҚТАРЫ
Біріккен сөздердің сыртқы формалары мен жазылу
үлгілері ұқсайды:
Біріккен түбірлер: pussyfoot; көзқарас.
Қосарланған түбірлер:night- club, many-sided; ата-анa
Тіркескен түбірлер: show and tell; темір жол
Қысқарған түбірлер: V-day,
G-man; АҚШ..
АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ
Күрделі сөздер
жасалуына қарай біріккен сөз, кіріккен сөз, қос сөз, тіркескен сөз,қысқарған сөз деп бөлек терминдермен аталады.
АЙЫРМАШЫЛЫҚТАРЫ
Күрделі сөздердің жасалуы жағынан барлық түрлері compound words
немесе compounds деген бір ғана терминмен атала
береді
1 сурет – Вен диаграммасы
Диссертациялық жұмыстың «Ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тілінде берілу тәсілдері мен трансформациялық модельдері» деп аталатын екінші тарауы ағылшын тілі материалдарының негізінде аударманың негізгі әдістері мен трансформациялық модельдеріне арналған. Бұл бөлімнің «Ағылшын тіліндегі біріккен сөздерді қазақ тіліне берілу тәсілдеріне қолданылатын аударма теориясының негізгі әдістер» атты тараушасында аударманың негізгі үлгілері ретінде денотативтік, семантикалық және трансформациялық модельдер талданады. Мұнда «трансформация», «трансформациялық әдіс», «трансформациялық модель», «когнитивтік трансформация», «семантикалық немесе грамматикалық трансформация» сынды бірқатар ұғымдар туралы В.Н.Комиссаров, Я.И.Рецкер, А.В.Федоров, А.Д.Швейцер, Л.К.Латышев, Н.Хомский, В.Г.Гак т.б. ғалымдардың пікірлері сарапталды. Мысалы, В.Г.Гак, И.Н.Гарбовский аудармалық трансформацияны “екі тілде де бар изоморфты тәсілдерді пайдаланудан ауытқу” деп көрсетеді [6].
Трансформациялық құбылыстар кейде бір тілдің ішінен де көрініс табады. Яғни, бір мазмұнның бірнеше түрлі формада тұлғаланып берілуі де трансформацияның бір түріне жатады. Мысалы, ағылшын тілінде grey head біріккен сөзі қазақ тілінде шашына ақ кіре бастаған кәрі кісі деген мағынаны білдіреді. Дәл осы мазмұн ағылшын тілінің өзінде old man деген қолданыспен де берілуі мүмкін. Бұл құбылыс кейде когнитивтік трансформация деп те аталып жүр. Когнитивтік болатын себебі, мұнда тілдің тұрпат межесіне қарағанда, мазмұн өрісі басымырақ көрініс тапқан. Ал мазмұн өрісі адамның ішкі жан-дүниесімен, ой- санасымен тікелей байланысты. Тіл табиғатын адам болмысымен, оның қимыл-әрекетімен ұштастыра талдаған қазақ тілшілерінің тіл мен таным ұғымдарына назар аударуын, олардың тоғысуынан бастау алатын ережелерге мән беруін де заңды сабақтастықтың нәтижесі деп бағалаған дұрыс, өйткені шынайы өмірді қабылдау, оның қыр-сырын ой таразысынан өткізе пайымдау, соның салдарынан жинақталар ақпараттар мен мәліметтерді жадыда сақталар қор ретінде жүйелеу – барлығы тілдік бірліктердің болмысын ішкі және сыртқы әсерлер тұрғысынан талдауға мүмкіндік береді. Сөйтіп, құрылымдық принциптер пәлсапалық, логикалық және танымдық қағидаларға ұласып, тіл ғылымының өрісі кеңейе түспек. Бұл күні ағылшын тіл білімінің танымдық бағытын зерделеу, оның себеп-салдарын айғақтау, ғылыми-теориялық ұстанымдары мен ұғымдық бірліктерін жүйелеу әрі когнитивтік парадигма негіздерін анықтау өзекті тілдік мәселелер ретінде күн тәртібіне еніп келеді. Когнитивті тіл білімінің негізгі нысаны – тіл. Бұл ілім өткен ғасырдың 60-жылдары АҚШ-та қалыптасты. Оның бастауында психолог Дж. Миллер және америкалық лингвист Н.Хомский тұрды.
ХХ ғасырдың екінші жартысында пайда болған генеративті лингвистика тіл ғылымы дамуының жаңа дәуірінің бастамасы болғандығы анық. Тіл білімінің формалды бағыттарының бір тармағы болған бұл бастама Н.Хомскийдің «Синтаксистік құрылымдар» (1957) атты әйгілі еңбегіндегі идеялардың негізінде қалыптасты. Аталған еңбекте трансформациялық грамматикаға елеулі орын берілген. Демек трансформациялық грамматиканың алғашқы бастаулары синтаксиспен байланысты қалыптасқандығы анық. Ал кейін соның негізінде фонологиялық және морфологиялық деңгейлерде де трансформациялық әдістер қалыптасқан. Біз ағылшын және қазақ тілдеріндегі біріккен сөздердің трансформациялық модельдерін осы тұрғыдан сөз етеміз. Трансформациялық модель трансформациялық грамматика идеяларының негізінде қалыптасқан. Бұл модельді жасауда аударманы бірінші тілдің мәтінін аударылатын тілдің мәтініне ауыстыру деп түсінеміз. Аудармашы түпнұсқаны қабылдап, санасында бірнеше тіларалық трансформация жасайды да, дайын аударма «шығарады». Мұнда «ядролық синтаксистік құрылымдарды» ауыстырудың ең басты операцияларының қатарына логикалық-синтаксистік байланыстар мен лексикалық құрамның ортақтығы жатады. Басқаша айтқанда, түпнұсқа тілінің мәтіні бастапқы құрылымдардың жиынтығы ретінде түсініледі, әрі оларға аударылатын тілден сәйкестік табылуы немесе бұл сәйкестіктер трансформация ережелеріне сай «шығуы» тиіс. Осы тұста аудармашы санасында мәтінді трансформациялау процесі жүріп жатқанда, ағылшын тіліндегі біріккен сөздердің қазақ тіліндегі баламалары, яғни трансформациялық модельдері қарастырылып жататынын айта кеткен жөн. Оның үстіне екі тілде де біріккен сөздер көп қолданылатын тілдік категориялар қатарына жатады. Мысалы, ағылшын тіліндегі “If he gets rid of his sweetheart, he can marry the other girl” [11, 204 б.] деген сөйлемді қазақ тіліне аударғанда, оның құрамындағы sweetheart біріккен зат есімін қазақ тіліне қалай аударған дұрыс? Бұл зат есімнің құрамдас компоненттерінің мағыналарымен тікелей байланысы жоқтығы анық. Тек ағылшындардың оны келіншек, нақсүйер, қалыңдық мағыналарында қолданатыны аудармашы санасынан өтеді. Нәтижеде, бұл сөйлем Ә.Ахметовтың аудармасында “Егер қалыңдығынан құтылса, ол ана екінші қызға үйленеді” [12, 112 б.] деп берілген. Бұл сөйлемде sweetheart біріккен сөзі қалыңдық болып аударылған. Бұл баламалы аудармаға жатады. Себебі ағылшын тіліндегі бұл біріккен сөз, негізінен, sweet және heart сөздерінен құралған. Оны тікелей аударғанда, тәтті жүрек (нақсүйер) болып шығар еді. Ал бұл сөздің орнына аудармашы «қалыңдық» деген сөзді қолдануды лайық санаған. Сондықтан бұл аударманы баламалы аударма түріне жатқызамыз.
Аудармалық трансформацияны әр қырынан қарастырған анықтамалардың барлығына ортақ пікір бастапқы тілдегі мазмұнды екінші бір аударма тіліне ауыстыру дегенге саяды. Әсіресе, Р.К.Миньяр-Белоручевтің «бастапқы ақпарат мазмұнын сақтай отырып, түпнұсқа мәтінінің формалық немесе семантикалық құрамдас бөлшектерін өзгерту» деген пікірімен санаспауға болмайды [13, 201 б.].
Сонымен, аудармалық трансформация – белгілі бір тілдегі сөздік және грамматикалық ережелерге сай жасалған мазмұнды екінші бір тілде сөйлеушілер түсінетіндей етіп ауыстыру. Осыдан трансформациялық әдістер, трансформациялық модельдер келіп шығады. Бұлардың тілдік мазмұнды екінші тілге тиімді ауыстыру үшін қолданылатыны белгілі.
Аударма туралы толығырақ және нақты теорияны В.Н.Комиссаров ұсынды. Ғалымның пікірінше, төрт лингвистикалық теория бар, соған сәйкесінше, ол аудармаға төрт анықтама берген [5, 62 б.].
А.Д.Швейцер аударма үлгілеріне мынадай анықтама берген:
1 Денотативтік немесе ситуативтік үлгі түпнұсқа көріністері мен аударма көріністері арасындағы байланысты көрсетеді.
2 Семантикалық үлгі түпнұсқа тіліндегі әртүрлі тұлғалардың, мағыналардың түрлі семантикалық үлгілері арқылы берілуі.
3 Трансформациялық үлгі дегеніміз- тіларалық эквиваленттілік негізі бола алатын құрылымдарды жасау тәсілі [14, 280 б.].
Аудармашының кейде түпнұсқаның дәстүрлі түсініктерін сақтауға тырысып, аударылатын тілдің ұлттық ерекшеліктеріне мән бермей қоюы, ал кей кездерде аударылатын тілдің ұлттық нақыштарын сақтауға тырысып, бастапқы шығармаға обал жасалатыны кездесіп жатады. Осы мәселе айналасында В.Гумбольдт, С.П.Маркиш, Л.Вайсбергер, К.Мэргэн, Б.Уорф, К.И.Чуковский т.б. ғалымдар пікір білдірген. Мысалы, В.Гумбольдт бұл екі қауіпке ұшырамау мүмкін еместігін айтты, қауіпке ұшырамаудың жолын философиямен байланыстыратын ғалымдар бар. А.С.Ермағамбетованың аударма үшін философияның да қажеті бар екендігін білдірген пікірі осымен астарласып жатыр [15, 185 б.].
Аудармалық трансформацияларын ғалымдар әр түрлі жіктейді. Алайда аударматанушылар көбінесе, Л.С.Бархударов та аударма трансформацияларын негізгі сипаттары жағынан төрт топқа жіктеген теориясымен санасады:
Орын алмастыру;
Сөз қосу;
Ауыстыру;
Түсіріп тастау (опущения) [16, 190-231 бб.].
Достарыңызбен бөлісу: |