Инклюзивті білім беру ортасы



бет38/57
Дата07.05.2024
өлшемі190.95 Kb.
#500695
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   57
ИББО дәрістер

Гипербелсенділік:


  • бала тынышсыз, мазасыз, себепсіз қолды, аяқты көп сермей береді, орындықта шайқалақтайды, үнемі артына қарай береді;

  • орнында ұзақ отыра алмайды, рұқсатсыз ұшып тұрады, сыныпта ерсілі-қарсылы жөнсіз жүре береді және т. б.;

  • бұндай баланың әдетте қозғалу белсенділігі белгілі бір мақсатқа ие болмайды. Ол жай ғана жүгіріп, айналып, көтеріліп, кейде қауіпті болатынына қарамастан бір жерге мініп алуға тырысады.

  • тыныш ойындарды ойнай алмайды, демалып, тыныш отыра алмайды, белгілі бір нәрсемен айналыса алмайды;

  • көп сөйлейді.
  1. Импульсивтілік:


  • бала көбінесе сұрақтарға ойланып алмастан және соңына дейін тыңдап алмастан жауап береді, кейде жауабын айқайлап айтады;

  • жағдай мен ситуацияға қарамастан, өз кезегін әрең күтеді;

  • әдетте басқаларға кедергі келтіріп, әңгімелерге, ойындарға араласып кетеді, басқаларға жабысады;

  • шыдамсыздық танытып, өз қалауының дереу қанағаттандырылуын талап етеді.

  • кейде басқа да қосымша белгілері болады:

  • нәзік қимыл-қозғалыстардың (бауларды байлау, қайшыларды пайдалану, бояу, жазу, сурет салу) бұзылуы;

  • тепе-теңдіктің бұзылуы (балалар велосипед пен коньки тебуді әрең үйренеді);

  • көру-кеңістікті үйлестіру қабілетінің бұзылуы (спорттық ойындарға, әсіресе допқа қабілетсіздік);

  • құрдастармен және ересектермен қарым – қатынас кезіндегі қиындықтары- баланың гипербелсенді мінез-құлықтары ата-аналар мен мұғалімдерінің ашуын тудырып, соңында бала қатты болып, айтқанға бағынбайтын жағдайға алып келетін қоршаған ортаның қабылдамау жағдайына ұшырауы мүмкін.

ГЗЖБ пайда болу себептері


ГЗЖБ пайда болуында генетикалық механизмдер маңызды рөл ойнайды. Егер осындай баланың отбасында балалық шақта осындай проблемаларды бастан өткерген жақын туыстары болса, гипербелсенділіктің даму қаупі шамамен 30% құрайды.
ГЗЖБ пайда болуына алып келетін жағдайлардың жартысының жуығында жүктілік пен босану кезінде болған келесідегідей қолайсыз факторлар жетекші рөл ойнайды:

  • ұрықішілік гипоксия (оттегінің жетіспеушілігі); түсік түсіру қаупі; жүктілік кезінде ананың темекі шегуі және дұрыс тамақтанбауы;

  • жүктілік кезіндегі стресс;

  • баланың шала болып туылуы (баланың салмағы 2500 г-дан төмен болып туылғанда);

  • мерзімінен бұрын туу немесе ұзақ уақытқа созылған босану, туу белсенділігін қолдан ынталандыру.

Отбасыда жиі болатын шиеленістер мен қақтығыстар, шыдамсыздық пен шамадан тыс қатаңдықтар баланың осы ауруының дамуына өз үлесін қосады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   57




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет