Ж. Досмұхамедов атындағы жоғары



бет1/9
Дата03.10.2023
өлшемі50.79 Kb.
#479650
  1   2   3   4   5   6   7   8   9
2020 ишки тартип ЕРЕЖЕ (1)




Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары
педагогикалық колледжі директорының
2020 жылғы 7 қыркүйектегі № 63-Ө
бұйрығымен бекітілген
БҚО білім басқармасының
«Ж.Досмұхамедов атындағы жоғары педагогикалық колледжі»
МКҚК (бұдан әрі-колледж)
ІШКІ ТӘРТІП ЕРЕЖЕСІ


1.Жалпы ережелер
1.1 Осы ішкі тәртіп ережеcі:

  1. ҚР "Білім туралы" 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-III Заңы;

  2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 мамырдағы № 190 бұйрығымен бекітілген педагогикалық әдеп ережелері;

  3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 17 мамырдағы № 499 Тиісті үлгідегі білім беру қызметінің үлгілік ережелерін, оның ішінде қосымша білім беретін, балаларға арналған қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының;

  4. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414-V Еңбек Кодексі және колледж Жарғысын басшылыққа ала отырып оқыту мен тәрбиелеу жағдайларын іске асыру үшін неғұрлым қолайлы мүмкіндіктер жасау, білім алушылардың зияткерлік, рухани-адамгершілік, шығармашылық және кәсіби дамуы, олардың білім алу қажеттіліктері мен мүдделерін қанағаттандыру, оқу-тәрбие процесіне барлық қатысушылардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғауды қамтамасыз ету, олардың өз құқықтары мен міндеттерін орындауы мақсатында колледж қызметінің ішкі тәртібін реттеуді жүзеге асырады.

1.2 Колледждегі Еңбек және оқу пәні ішкі тәртіп ережелерін қатаң сақтауға негізделеді. Осы ереже студенттер мен колледж қызметкерлерінің іс-әрекеті мен мінез-құлық нормаларын анықтайтын негізгі нормативтік құжаттардың бірі болып табылады.
1.3 Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 47 бабының 14 тармағына сәйкес колледж білім алушылары осы ішкі тәртіп ережелерін сақтауға міндетті.
1.4 Қазақстан Республикасының "Білім туралы" Заңының 47 бабының 18 тармағы негізінде колледж білім алушыларының міндеттерін бұзғаны үшін оларға осы ішкі тәртіп ережелерінде қарастырылған тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет