Жануардың тартымдылығы: жоқ, сымбатты келбет дайындаманы білдекке қарай
тартпайды, ал магнитер міндетті түрде тартады. Магнитті патрондар ажарлау
білдектерінде бөлшектерді ұстап тұрудың ең көп таралған тәсілі болып табылады.
Егер материал магнитті болған жағдайда және жақсы тіркесу үшін екі қабаттың
жеткілікті ауданын қамтамасыз етсе, магнитті патрондар да фрезерлік және тіпті
жону жұмыстары үшін де қолайлы болып келеді.
Қалыпқа құю: қысқыш тетіктердің оғаш көрінетін хит-парадының соңғы үміткері тез
балқитын бітегіш материал болып табылады. Бітеулік емес түтіктерді бекіту үшін
пайдаланылатын
дәнекер
секілді
осы
қорғасынды
қалайы
қорытпа
автодәмханаларда
берілетін
кофенің
температурасында
балқиды
және
дайындамасы бар қалыпқа оңай құйылады. Содан соң оны бір-екі минут ішінде
суытады және механикалық өңдеу үшін алып шығады. Өңдеуді аяқтаған соң
қорытпаны балқыту және қайтадан бастау үшін жеткілікті болатындай етіп бөлшекті
қыздырыңыз. Бұл, әрине, жоғары технологиялар емес, дегенмен жұмыс
орындалады.
Өндіріске арналған вакуумдық патрондар тура ғарыштағы секілді вакуум
жасауға арналған арнайы сорғыштарға сүйенеді және бейсболдан жыл
сайынғы АҚШ чемпионатынан кем түспестей тартады. Алайда
жеңілдетілген және ішінара вакуумдық өңдеу үшін анағұрлым арзан
баламалары бар. «Вентури» тәрізді вакуумдық қондырғылар аздап шулы
дыбыс шығарғаны болмаса, цехтағы ауаны сығымдай отырып,
бөлшектерді ұстап тұру үшін жеткілікті мықты вакуум туындата алу
мүмкіндігіне ие және де арнайы вакуумдық сорғышқа қарағанда көп арзан.
Есіңізде болсын, ауа сығымдағыштар тегін емес, егер сіз үлкен көлемде
вакуумдық өңдеумен айналысуды жоспарласаңыз, қалай болса да
вакуумдық сорғышты сатып алыңыз.
ЕСКЕ ТҮСІРУ
111
6-
6 сурет: Кейбір кезде ең қарапайым
шешім ең тиімді шешім болып
табылады. Осы жағдайда дайындама
білдектің шебер үстеліне бекітілген, ол
атауыздың немесе қысқыш тетіктің
қажеттілігін жоққа шығарады
«BIG KAISER» ұсынған