101
6-1-
сурет: СББ білдегіндегі үш
жұдырықшалы
патрон.
Ұшындағы
«жұмсақ»
жұдырықшалар
домалақ
дайындамаларды бекіту үшін
қайралған
Егер үш жұдырықшалы патрон қатты тартылып кетсе не болады? Сіздің
дайындамаңыз оп-оңай үшбұрышты немесе «триангуляциялық» болып
кетуі мүмкін. Өкіншке орай, триангуляцияны үнемі назардан тыс қалдырып
жатады. Оны микрометр секілді екі нүктелі өлшегіш қондырғының көмегімен
анықтау мүмкін емес, себебі үшбұрышты бөлшектің «қырлары» бір-біріне
тікелей қарама-қарсы және бөлшек мүлдем жұмыр болып көрінеді, бірақ,
шын мәнінде, ол саясаткерден де тұрақсыз. Мұның шешімі ‒ саңылауларды
және сыртқы диаметрлерді координаттық өлшегіш машинаның (КӨМ),
дөңгелек өлшегіштің немесе үш нүктелі микрометрдің көмегімен үнемі
қайтара тексеру қажет (бұл туралы 10-тарауда нақтырақ).
Бұл «гистерезис» деп аталады. Айналып жатқан патрон табан астында
баяулаған кезде немесе кері қарай айнала бастаған кезде ‒ бұл СББ
білдектерінде әрдайым болып тұрады ‒
жұдырықшалардағы қысымның
арту үрдісі бар. Бұл дайындаманы, әсіресе жұқа қабырғалары бар немесе
алюминий секілді жұмсақ материалдан жасалғанды деформациялауы не
тіпті сындырып жіберуі де мүмкін. Патрон
өндірушілердің кейбірі
гистерезисті корпустың ішіндегі парондардың қарсы салмағы көмегімен
теңгереді, олар баяулаған кезде қарсы бағытта қысым көрсетіп, сол мезетте
гистерезисті тоқтатады.
Достарыңызбен бөлісу: