Бақылау
22.02.2010 жыл.
ҚР Әділет министрлігінде тіркелген:
23.10.2005 жыл. Тіркеу №3940
Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2005 жылғы 14 қазандағы
№ 122 қаулысымен
бекітілген
Тіркеу № 2123
Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің валюта операцияларының мониторингін жүзеге асыру
ережесі
(Өзгерістер мен толықтырулар:
1) БҚ №109. 30.11.2009 жыл. Тіркеу.№2639)
Осы Ереже Қазақстан Республикасының “Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі”, “Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” Заңдарына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының аумағында қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктерінің валюта операцияларының мониторингін (бұдан әрі – валюта мониторингі) жүзеге асыру және валюта мониторингі объектілерінің валюта операциялары бойынша ақпараттық базаны қалыптастыру тәртібін белгілейді.
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ереженің мақсаты үшін “Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы” Қазақстан Республикасының Заңында көрсетілген негізгі ұғымдар, сондай-ақ мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) бас компания – Қазақстан Республикасының аумағында филиалы (өкілдігі) бар резидент емес заңды тұлға;
2) шарт – келісім, келісім-шарт, оларға өзгерістер мен толықтырулар, сондай-ақ негізінде және (немесе) орындау үшін валюта операциялары жүзеге асырылатын өзге құжаттар;
3) тапсырыс беруші:
тауарлар, қызмет көрсетулер (жұмыстар) сатып алуға шарт жасаған жеке немесе заңды тұлға, оның филиалы (өкілдігі);
бас компанияның бас компания жасаған шарттар бойынша тауарлар, қызмет көрсетулер (жұмыс) сатып алған филиалы (өкілдігі);
қосалқы мердігермен жасалған шарт бойынша мердігер;
құзыретті орган;
4) кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеушісі бойынша коды (бұдан әрі – КҰЖЖ коды) – статистика жөніндегі уәкілетті орган кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеушісіне сәйкес заңды тұлғаларға, заңды тұлғалардың филиалдары мен өкілдіктеріне берген бірегейлендіру коды;
4-1) бизнес-сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – БСН) – заңды тұлғаға (филиал мен өкілдікке) және бірлескен кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын дара кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
4-2) жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі – ЖСН) – жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкерлік түрінде қызметін жүзеге асыратын жеке кәсіпкер үшін қалыптастырылатын бірегей нөмір;
5) құзыретті орган – Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған және келісім-шарттарды жасауға және орындауға байланысты құқықтарды жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының атынан іс-әрекет жасайтын мемлекеттік орган;
6) оператор – құзыретті органмен жасалған өнімді бөлу туралы келісім бойынша жұмысты орындау үшін мердігер тартқан немесе құрған заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі);
7) мердігер:
осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген қызмет көрсетулерді (жұмысты) орындау үшін тапсырыс берушімен шарт жасаған жеке немесе заңды тұлға, оның филиалы (өкілдігі);
бас компанияның бас компания мен тапсырыс беруші арасында жасалған шарт бойынша осы Ереженің 2-тармағында көрсетілген қызмет көрсетулерді (жұмысты) орындайтын филиалы (өкілдігі);
оператор;
8) жеткізуші:
мердігер;
қосалқы мердігер;
тұлғаның филиалы (өкілдігі);
өз атынан немесе бас компаниямен жасалған шарт бойынша осы Ереженің 2-тармағында көрсетілмеген қызмет көрсетулерді (жұмысты) орындайтын жеке немесе заңды тұлға, заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі);
бас компанияның бас компаниямен жасалған шарт бойынша осы Ереженің 2-тармағында көрсетілмеген қызмет көрсетулерді (жұмысты) орындайтын филиалы (өкілдігі);
9) жоба – бас компания мен тапсырыс беруші, тапсырыс беруші мен мердігер, тапсырыс беруші мен жеткізуші, мердігер мен жеткізуші, қосалқы мердігер мен жеткізуші арасында жасалған шартқа сәйкес орындауға тиісті қызмет көрсетулердің (жұмыстың) көлемі;
10) валюта мониторингінің респонденті – валюта мониторингінің жүйелі негізде осы Ереженің 7-тармағында көрсетілген мәліметтер мен есептілікті білдіретін объектісі;
11) қосалқы мердігер:
мердігермен мердігердің міндеттемелерінің қандай да болмасын бөлігін орындау туралы шарт жасаған жеке немесе заңды тұлға, оның филиалы (өкілдігі);
мердігердің бас компаниямен жасаған шарты бойынша мердігердің міндеттемелерінің қандай да болмасын бөлігін орындайтын заңды тұлғаның филиалы (өкілдігі).
2. Валюта мониторингі респонденттерінің тізбесін Ұлттық Банк осы Ереженің 4, 5-тармақтарында көзделген тәртіппен қалыптастырады.
Валюта мониторингі респонденттерінің тізбесіне Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін және мынадай қызмет түрлерін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғалардың филиалдары (өкілдіктері) кіреді:
шикі мұнай, табиғи газ және ілеспе газ өндіру;
құрылыс қызметтері;
пайдалы кен қазбаларын өндіруге байланысты қызмет көрсетулер;
архитектуралық, инженерлік және басқа да техникалық қызмет көрсетулер;
ғылыми-зерттеу жұмыстары және тәжірибе-конструкторлық әзірлеулер.
3. Валюта мониторингі бойынша ақпараттық база валюта мониторингінің объектілері осы Ереженің 2-тарауында белгіленген тәртіппен және мерзімде ұсынатын мәліметтер мен есептілік (осы Ереженің 1-6-қосымшалары) негізінде қалыптастырылады.
2-тарау. Валюта мониторингін жүзеге асыру тәртібі
4. Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істеген резидент емес заңды тұлғалардың барлық филиалдары (өкілдіктері) Ұлттық Банктен сұрату алған күннен бастап он күннен кешіктірмей осы Ереженің 1-қосымшасында белгіленген нысан бойынша мәліметтер ұсынады.
Ұлттық Банк ұсынылған ақпарат негізінде валюта мониторингі респонденттерінің тізбесін қалыптастырады.
5. Ұлттық Банк осы Ереженің 4-тармағына сәйкес ақпарат ұсынылған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей резидент емес заңды тұлғалардың филиалын (өкілдігін) мәліметтердің тиісті оның осы тізбеге енгізілгені және мәліметтер мен есептіліктің тиісті нысандарын ұсыну қажеттілігі хабардар етеді.
6. Осы Ереженің 1-қосымшасының А бөлігінде көзделген деректемелер мен көрсеткіштер өзгерген жағдайда валюта мониторингінің респонденттері бұл туралы осындай өзгерістер енгізілген күннен бастап отыз күннен кешіктірмей Ұлттық Банкке хабарлайды.
7. Осы Ереженің 2-6-тармақтарында белгіленген нысандар бойынша мәліметтер мен есептілікті валюта мониторингінің респонденттері мынадай мерзімдерде ұсынады:
1) 2-қосымша бойынша – жыл сайын, ағымдағы жылдың 5-сәуіріне дейін;
2) 3 және 4-қосымшалар бойынша – тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі келесі айдың 20-на дейін;
3) 5-қосымша бойынша – жылына 2 рет, ағымдағы жылдың 1 наурызына және 1 қыркүйегіне дейін;
4) 6-қосымша бойынша – тоқсан сайын, есептік кезеңнен кейінгі келесі айдың 20-на дейін.
8. Осы Ереженің 4, 6, 7-тармақтарына сәйкес мәліметтер мен есептілік Ұлттық Банктің филиалына (бөлімшесіне) валюта мониторингі объектісінің орналасқан жері бойынша ұсынылады.
9. Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істеген резидент емес заңды тұлғалардың барлық филиалдары (өкілдіктері) Ұлттық Банктің сұратуы бойынша ұсынылған мәліметтер мен есептіліктің шынайылығын тексеру үшін қажетті құжаттарды (филиал (өкілдік) туралы ереженің, шарттардың, шот-фактуралардың, қабылдау-өткізу актілерінің, төлем тапсырмаларының, бухгалтерлік баланстың, қаржы-шаруашылық қызметтің нәтижесі туралы есептің, ақша қозғалысы туралы есептің, кірістер мен шегерімдер туралы есептің, амортизациялық аударымдар, жөндеу шығыстары және белгіленген активтер бойынша басқа шегерімдер туралы есептің көшірмелерін) ұсынады.
10. Ұлттық Банк ағымдағы жылдың 10 қаңтарынан бастап 10 шілдесіне дейін статистика жөніндегі уәкілетті органға Қазақстан Республикасының аумағында бір жылдан астам жұмыс істеген резидент емес заңды тұлғалардың барлық филиалдарының (өкілдіктерінің) валюта мониторингі бойынша ақпараттық базадан ағымдағы жылдың 1 қаңтарындағы және 1 шілдесіндегі жағдай бойынша деректерді (осы Ереженің 1-қосымшасының А бөлігі) ұсынады.
3-тарау. Қорытынды ережелер
11. Осы Ережені бұзғаны үшін жауапкершілік Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес басталады.
12. Осы Ережеде реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен шешіледі.
Қазақстан Республикасының аумағында
қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің
валюта операцияларының мониторингін
жүзеге асыру ережесіне
1-қосымша
Бас компанияның филиалы (өкілдігі) туралы мәліметтер
________________________________________________
филиалдың (өкілдіктің) атауы
А бөлігі. Жалпы мәліметтер
1. КҰЖЖ коды ______________________________________________________
1-1. БСН (бар болса) _________________________________________________
2. Қазақстан Республикасы салық төлеушісінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі – СТН) _______________________________________________________________
3. Басшы ______________________________________________________
(аты-жөні)
4. Нақты мекен-жайы _________________________________________________
телефоны факсы ________________ e-mail__________________
5. Қазақстан Республикасындағы қызмет көрсететін банкі (банктері) ____________________________________________________________________
6. Бас компанияның атауы және тіркелген елі ________________________________________________________________________________________________________________________________________
7. Бас компания құрылтайшыларының және/немесе акционерлерінің атауы, тіркелген елі және жарғылық капиталдағы үлесі (пайызбен) ________________________________________________________________________________________________________________________________________
8. Бас компания филиалының (өкілдігінің) Қазақстан Республикасында есепке алынып тіркелген күні ______________________________________________
9. Қызмет түрі _________________________________________________ ____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(Филиал (өкілдік) туралы ережеге сәйкес көрсетіледі)
10. Жұмыс істейтіндер саны (адам) _____ оның ішінде: резидент еместер ____
Б бөлігі. Өндірістік-қаржылық қызметтің жекелеген көрсеткіштері
миллион теңгемен
№
|
Көрсеткіштің атауы
|
Сомасы
|
1.
|
1. Тауарлар
|
|
2.
|
1.1. Өндірілген тауар көлемі
|
|
3.
|
1.2. Өткізілген тауар көлемі
|
|
4.
|
1.3. Сатып алынған тауар көлемі
|
|
5.
|
2. Қызмет көрсетулер
|
|
6.
|
2.1. Өндірілген қызмет көрсету (жұмыс) көлемі
|
|
7.
|
2.2. Өткізілген қызмет көрсету (жұмыс) көлемі
|
|
8.
|
2.3. Сатып алынған қызмет көрсету (жұмыс) көлемі
|
|
9.
|
3. Сыртқы активтер
|
|
10.
|
3.1. Резидент еместердің тауарлар (қызмет көрсетулер, жұмыс) жеткізуге байланысты дебиторлық берешегі
|
|
11.
|
3.2. Қолма-қол нысандағы және шетел банктеріндегі шоттардағы шетел валютасы
|
|
12.
|
3.3. Резидент еместерге басқа да талаптар
|
|
13.
|
4. Сыртқы міндеттемелер
|
|
14.
|
4.1. Резидент еместерден қаржылық заемдар
|
|
15.
|
4.2. Резидент еместер алдындағы тауарлар (қызмет көрсетулер, жұмыс) жеткізуге байланысты кредиторлық берешек
|
|
16.
|
4.3. Резидент еместер алдындағы басқа да міндеттемелер
|
|
Басшы ____________________ _____________(қолы)
20 ____ жылғы “____”_____________
1-қосымшаны толтыру жөніндегі нұсқау
А бөлігінің 7-тармағында дауыс беретін акциялардың немесе қатысушылар дауыстарының кемінде 10% (он пайызын) иеленген құрылтайшылар және/немесе акционерлер көрсетіледі.
Б бөлігінде филиалдың (өкілдіктің) есептік жылдағы операцияларының нәтижелері көрсетіледі. Бұл ретте 1 және 2-тараулардың көрсеткіштері жыл қорытындысы бойынша көрсетіледі, 3 және 4-тараулардың көрсеткіштері жыл соңындағы жағдай бойынша көрсетіледі. 1.3-көрсеткішке шикізат пен материалдар шығындары, сатып алынған жиынтықтаушы бұйымдар, жартылай фабрикаттар, қосалқы материалдар, отын және энергия кіреді. 2.3-көрсеткішке өндірістік және өндірістік емес сипаттағы, тысқары ұйымдар орындаған қызмет көрсетулер (жұмыс) кіреді.
Қазақстан Республикасының аумағында
қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің
валюта операцияларының мониторингін
жүзеге асыру ережесіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасында бас компания филиалының (өкілдігінің) қатысуымен жүзеге асырылатын жобалар туралы мәліметтер
____________________________________________________________________
бас компания филиалының (өкілдігінің) атауы
____________________________________________________________
КҰЖЖ коды
____________________________________________________
БСН (бар болса)
1-бөлік. Объектілер құрылысы
№
|
Объекті-
нің атауы
|
Объект орналас-
қан жер
|
Тапсырыс беруші
|
Жоба қолданылатын мерзім
|
Атауы
|
СТН
|
БСН/ЖСН
(бар болса)
|
басталған күні
|
аяқталған күні
|
А
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
2-бөлік. Қызмет көрсетулердің (жұмыстардың) орындалуы
№
|
Жұмыстың (қызмет көрсетудің) атауы
|
Жоба жүзеге асырыла-тын орын
|
Тапсырыс беруші
|
Жоба қолданылатын мерзім
|
атауы
|
СТН
|
БСН/ЖСН
(бар болса)
|
басталған күні
|
аяқталған күні
|
А
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
3-бөлік. Мердігерлер және қосалқы мердігерлер
№
|
Мердігер (қосалқы мердігер)
|
Мердігер (қосалқы мердігер) тіркелген ел
|
Мердігер (қосалқы мердігер) орындайтын қызмет көрсетудің (жұмыстың) атауы
|
Атауы
|
СТН
|
БСН/ЖСН
(бар болса)
|
А
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Басшы _______________________________________
(қолы)
Орындаушы _____________________________________________
(аты-жөні, телефоны)
20 ____ жылғы “____”_____________
2-қосымшаны толтыру жөніндегі нұсқау
1-бөлікте Қазақстан Республикасының аумағында көрсетілген құрылыс қызметтері туралы ақпарат көрсетіледі.
2-бөлікте Қазақстан Республикасында жүзеге асырылатын басқа қызмет көрсетулер (жұмыс) туралы ақпарат көрсетіледі.
3-бөлікте 1 және 2-бөліктерде көрсетілген қызмет көрсетулерді (жұмысты) орындау үшін тартылған мердігерлер мен қосалқы мердігерлер туралы мәліметтер көрсетіледі.
Қазақстан Республикасының аумағында
қызметін жүзеге асыратын резидент еместердің
валюта операцияларының мониторингін
жүзеге асыру ережесіне
3-қосымша
20 ____ жылғы ____ тоқсандағы
жобаларды жүзеге асыру туралы есеп
____________________________________________________________________
бас компания филиалының (өкілдігінің) атауы
___________________________________________________________________
КҰЖЖ коды
____________________________________________________
БСН (бар болса)
1-бөлік. Тауарларды сатып алу және сату
мың
АҚШ долларымен
№
|
Көрсеткіштің атауы
|
Жол-дың коды
|
Құны
|
1.
|
Шетелдегі тікелей инвесторлардан алынған жабдық
|
10
|
|
2.
|
Шетелдегі тікелей инвесторлардан алынған басқа тауарлар
|
11
|
|
3.
|
Жабдықты шетелдегі тікелей инвесторларға қайтару
|
20
|
|
4.
|
Басқа тауарларды шетелдегі тікелей инвесторларға қайтару
|
21
|
|
5.
|
Қазақстан Республикасының резиденттерінен тауарлар сатып алу
|
30
|
|
6.
|
Үшінші елдердің резиденттерінен тауарлар сатып алу (Қазақстан Республикасын және бас компанияның резиденттігі елін қоспағанда)
|
40
|
|
7.
|
Тауарларды экспортқа өткізу
|
41
|
|
2-бөлік. Қызмет көрсетулерді орындау
мың
АҚШ долларымен
№
|
Операцияны сипаттау
|
Қызмет көрсету түрінің коды
|
Тапсырыс беруші
|
Сомасы
|
атауы
|
ел
|
СТН
|
БСН/ЖСН
(бар болса)
|
А
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жиынтығы:
|
|
|
|
|
|
|
3-бөлік. Қызмет көрсетулерді сатып алу
мың
АҚШ долларымен
№
|
Операцияны сипаттау
|
Қызмет көрсету түрінің коды
|
Жеткізуші
|
Сомасы
|
атауы
|
ел
|
СТН
|
БСН/ЖСН
(бар болса)
|
|
А
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
Жиынтығы:
|
|
|
|
|
|
|
4-бөлік. Еңбекке ақы төлеу
мың
АҚШ долларымен
№
|
Жолдың коды
|
Көрсеткіштің атауы
|
Сомасы
|
1.
|
50
|
Резидент қызметшілерге және жұмысшыларға төленген жалақы
|
|
2.
|
60
|
Резидент мес қызметшілерге және жұмысшыларға төленген жалақы, барлығы
|
|
3.
|
|
оның ішінде елдер бойынша:
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
5-бөлік. Жекелеген қаржылық көрсеткіштер
мың
АҚШ долларымен
№
|
Көрсеткіштің атауы
|
Жолдың коды
|
Сомасы
|
1.
|
Кезең соңындағы тауар-материалдық қорлар
|
70
|
|
2.
|
Жабдықтың кезеңдегі амортизациясы
|
80
|
|
3.
|
Кезең ішінде өндірілген өнімнің (орындалған жұмыстың) жиынтық құны
|
90
|
|
4.
|
Филиал (өкілдік) қызметінен алынған таза кіріс (шығын)
|
100
|
|
5.
|
Қазақстан Республикасының бюджетіне ұсталған салық
|
110
|
|
6.
|
Филиал (өкілдік) қызметінен бас компанияның шотына аударылған кіріс:
|
|
|
7.
|
резидент тапсырыс берушілер
|
120
|
|
8.
|
резидент емес тапсырыс берушілер
|
130
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |