Жұмыс бағдарламасы Жасақталды


Мемлекеттік бюджеттің функциялары



бет27/81
Дата02.01.2022
өлшемі0.83 Mb.
#452402
түріЖұмыс бағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   81
karzh umk

Мемлекеттік бюджеттің функциялары

 

Экономикалық категория ретінде мемлекеттік бюджеттің мәні үлестіру, бақылау функциялары және мемлекеттің тіршілігін қамтамасыз ету бойынша іске асырылады. Үлестіру функциясының айқындалуы бюджетпен қатынасқа барлық қоғамдық өндіріске қатысушылар дерлік түсуімен қамтамасыз етілген. Бюджеттік үлестіру мен қайта үлестірудің негізгі объектісі қоғамда алынатын таза кіріс болып табылады. Сонымен бірге, бұл бюджет арқылы және қажетті өнімнің (азаматтардан алынатын табыс салығы), ал кейде ұлттық байлық құнының да бір бөлігін қайта үлестіру мүмкіндігін  жоққа шығармайды. Бюджеттің үлестіру функциясының арқасында мемлекет қолындағы қаражаттар шоғырланады және олар қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мақсатында әрі қарай пайдаланылады. Қаражаттар қызметтің жеке салалары мен сфералары, халықтың жеке топтары, қызметтердің кейбір түрлері арасында үлестіріледі және қайта үлестіріледі. Үлестіру және қайта үлестіру нәтижесінде мемлекеттік және жергілікті бюджеттердің ақша ресурстарының әр түрлі қорларын, әлеуметтік сақтандыру қорларын, зейнетақымен қамтамасыз ету қорларын, халықты жұмыспен қамту қорларын, әлеуметтік қорғау қорларын, инновациялық қорды  құру жүзеге асырылады.



Бюджеттің үлестіру функциясы сондай-ақ мемлекетті қоғамдық өндіріс процесіне араластыру (кәсіпорындардың шаруашылық қызметін реттеу, экономикалық өсу қарқын-дарын үдету, кәсіпкерлердің шаруашылық белсенділігін күшейту) үшін пайдаланылады. Мемлекет бюджет арқылы ұлттық табысты қайта үлестіруге ғана емес, сонымен бірге оны өндіруге, қаражаттарды жинақтауға, тұтыну сферасына, экономиканы саясатсыздандыру процестеріне және өндірісті жалпылауға, сондай-ақ оны мемлекет иелігінен алуға әсер етеді.

Бюджеттің үлестіру функциясы мазмұнының  қаржыларды қоғамдық өндірістің әр түрлі бөлімшелері және халықтың топтары арасында қайта үлестіру процестерімен анықталатыны  елеулі. Қаржы жүйесінің бірде-бір буынының бюджет сияқты қаражаттарды мұндай көп түрде (салааралық, аумақ аралық және т.б.) және көп деңгейде (республикалық, облыстық, қалалық бюджет және т.б.) жүзеге асырмайтынын атап кету маңызды. Мемлекеттік кірістерді құру кезінде қаржылық бақылау салықтардың әр түрлерін алудың, кірістердің басқа көздерін жұмылдырудың дұрыстығымен, олардың арасында белгіленген пропорциялардың сақталуымен, салық базасының анықталуымен, жеңілдік салық салу түрлерімен, кірістердің түсу мерзімдерімен жүзеге асырылады. Бюджет қаржыларын жұмсағанда оларды пайдалану тиімділігі, олардың мақсатты тағайындалуына сәйкестігі бақыланады.

Қаржылық бақылау жиынтық қоғамдық өнімді және ұлттық табысты өндірумен, үлестірумен және тұтынумен, ұлттық кірісті қайта үлестіру процесінде қалыптасатын пропорциялармен жүзеге асырылады

Мемлекеттің тіршілігін қамтамасыз ету функциясы өзіне мемлекеттің жұмыс істеуінің материалдық-қаржылық базасын құруды; елді басқару  аппаратын, президенттік билікті, заңды және атқарушы билікті, құқық қорғау және кедендік органдарды, салық қызметін ұстауды міндет етіп қояды.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   81




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет