4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жоғары білікті асбест байыту жабдықтарын реттеушінің басшылығымен асбест байыту жабдықтарында асбест кендерін байытудың технологиялық процесін жүргізу. Асбест байыту жабдықтарына жүктемені реттеуге қатысу. Дайын өнімнің құйғыштарының толығуын, материалдың бірқалыпты келіп түсуін қадағалау.
Білуге тиіс: асбест байыту жабдықтарында асбест кендерін байытудың технологиялық процестерінің негіздерін; асбест байыту жабдықтарының құрылғысын және оны пайдалану ережесін; асбесттің сорттары мен маркаларына қойылатын мемлекеттік стандарттарды; асбест кендерінің сипаттамасын.
§ 20. асбест байыту жабдықтарын реттеуші
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қызмет көрсетілетін асбест кендерін байытудың және асбест шығарудың технологиялық процесін жүргізу және реттеу. Қызмет көрсететін жабдықтардың (уатқыштар, диірмендер, електер, тасымалдағыштар) жүктемесін реттеу және олардың үздіксіз жұмыстарын қамтамасыз ету. Кендегі асбест талшығын тиімді пайдалану бойынша іс-шараларды орындау. Технологиялық көрсеткіштерді, асбесттің құйылуын, қызмет көрсететін учаскедегі қалдықтарда асбест талшығының шығындарын бақылау.
Білуге тиіс: асбест кендерін байытудың және қызмет көрсететін учаскеде асбесттерді шығарудың технологиялық процесін және оны бақылаудың әдістерін; қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысы мен конструкциялық ерекшеліктерін; асбесттің, құрылыс материалдарының сорттары мен маркаларына және шығарылатын өнімге қойылатын мемлекеттік стандартты.
§ 21. асбест байыту жабдықтарын реттеуші
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Сорттары мен маркалары бойынша белгіленген тапсырысқа сәйкес жалпы цех бойынша асбест кендері мен байытудың және асбест шығарудың технологиялық процесін жүргізу, технологиялық процестің және байытылатын жабдықтарға жүктеменің режимін реттеу. Жалпы цех бойынша технологиялық көрсеткіштерді, асбесттің тозаңдану дәрежесін, асбест талшықтарының қалдықтарда шығындалуын бақылау.
Білуге тиіс: жалпы цех бойынша асбест кендерін байытудың және асбест шығарудың технологиялық процесін; қызмет көрсететін жабдықтардың құрылғысын және негізгі ерекшеліктерін, оларды байыту процесінде байланыс тәсімін; қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды жою тәсілін; асбестте шаңның және қалдықтарда асбест талшықтарын айқындау тәсілдерін; нормадан тыс тозаңдануды және қалдықтарға асбест талшықтарының түсуін жою тәсілдерін.
§ 22. траншеяларды кесуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тас кесетін машиналар үшін кіретін және шығатын құру кезінде электр арасымен немесе қолмен қажетті тереңдіктегі тау-кен массивінде көлденең және ұзындық бойымен аралау өндірісі. Массивтен тау-кен жыныстарын бөлу, кесілген тау-кен жыныстарын шығару және төсеу. Траншея кертпештерін жобалау. Траншеяларды белгілеу.
Білуге тиіс: тау-кен жыныстарының физикалық-механикалық қасиеттерін; траншеялардың өлшемін; траншеяларды кесу тәсілдері мен ережесі; электр арасының құрылғысын және онымен жұмыс істеу ережесін.
§ 23. Термокесуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ірі гранит блоктарын шығару кезінде жыныстардың тереңдігінде термокескіштің көмегімен саңылаулар тесу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіші бойынша термокескішке жылу-ауа қоспасының келіп түсуін бақылау, тау-кен массивтерінде саңылаулардың тереңдігіне байланысты термокескіштің жұмыс істеу режимін реттеу. Жұмыстағы бұзушылықтарды анықтау, термокескішті ұсақ жөндеу.
Білуге тиіс: термокескіштің құрылғысын; терең тау-кен жыныстардың қасиетін; қаптайтын тастардың ірі блоктарына қойылатын мемлекеттік стандарттардың талаптарын; термокескіштің жұмыс істеу режимін реттеу ережесін; жанармай материалдарының қасиетін және оларды пайдалану ережесін; пайдаланылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен құралдарының құрылғысын және қолдану ережесін.
2004 жылғы басып шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған атаулары көрсетілген, БТБА-ның осы бөлімінде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауларының тізбесі
р/с№
|
Осы бөлімде орналастырылған жұмысшылардың кәсіптерінің атауы
|
Разряд диапазоны
|
2004 ж.басып шығарылған БТБА-ның қолданыстағы шығарылымдары мен бөлімдері бойынша кәсіптердің атаулары
|
Разряд диапазоны
|
БТ
БА шығарылымының
№
|
Бөлімнің қысқартылған атауы
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
7
|
1.
|
Тасты таңдаушы-орналастырушы
|
3
|
Тасты таңдаушы-орналастырушы
|
3
|
4
|
Құрылыс материал-дарын шығару
|
2.
|
Забойшы
|
4
|
Забойшы
|
4
|
4
|
- " -
|
3.
|
Слюдалар дайындаушы
|
1-3
|
Слюдалар дайындаушы
|
1-3
|
4
|
- " -
|
4.
|
Плиталар мен блоктарды жарушы
|
5
|
Плиталар мен блоктарды жарушы
|
5
|
4
|
- " -
|
5.
|
Суспензияны бақылаушы
|
2
|
Суспензияны бақылаушы
|
2
|
4
|
- " -
|
6.
|
Асбест байыту өндірісінің зертханашысы
|
2-3
|
Асбест байыту өндірісінің зертханашысы
|
2-3
|
4
|
- " -
|
7.
|
Саз балшық кесетін машинаның машинисі
|
4
|
Саз балшық кесетін машинаның машинисі
|
4
|
4
|
- " -
|
8.
|
Тас кесетін машинаның машинисі
|
4-6
|
Тас кесетін машинаның машинисі
|
4-6
|
4
|
- " -
|
9.
|
Слюда іріктеу қондырғыларының машинисі
|
3-4
|
Слюда іріктеу қондырғыларының машинисі
|
3-4
|
4
|
- " -
|
10.
|
Үйінді уатушы
|
3
|
Үйінді уатушы
|
3
|
4
|
- " -
|
11.
|
Графит байытушы
|
3-4
|
Графит байытушы
|
3-4
|
4
|
- " -
|
12.
|
Реактивті су дайындаушы
|
2
|
Реактивті су дайындаушы
|
2
|
4
|
- " -
|
13.
|
Асбест пен кен қабылдаушы
|
2
|
Асбест пен кен қабылдаушы
|
2
|
4
|
Құрылыс материал-дарын шығару
|
14.
|
Асбест байытушы жабдықтарды реттеуші
|
4-6
|
Асбест байытушы жабдықтарды реттеуші
|
4-6
|
4
|
- " -
|
15.
|
Траншеяларды кесуші
|
3
|
Траншеяларды кесуші
|
3
|
4
|
- " -
|
16.
|
Термокесуші
|
4
|
Термокесуші
|
4
|
4
|
- " -
|
«шымтезек шығару және қайта өңдеу» бөлімі
§ 1. Шымтезекті кептіру жөніндегі аппаратшы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Жылдық өнімділігі 30 мың т. дейінгі шымтезектерді кесектейтін зауыттарында шымтезекті кептірудің технологиялық процесін жүргізу. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштері бойынша шымтезекті кептіру режимін реттеу. Кесектерді, конденсаттарды кептіру сапасын бақылау. Фрезерлік шымтезекті кептіру үшін беруді реттеу. Қызмет көрсететін жабдықтың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою. Пешке отын тиеу. Қосалқы жабдықтарға қызмет көрсету.
Білуге тиіс: шымтезек кесектейтін зауыттың технологиялық тәсімін; фрезерлік шымтезекті кептірудің және кесектеудің технологиялық процесін; қолмен және автоматты режимде кептіру кезінде кептіру жабдықтарының, престеу жабдықтарының және шымтезектерді кескілейтін зауыттардың дайындық бөлімшесінің құрылғысын; шымтезекті кептіру сапасына әсер ететін факторларды; сумен жабдықтау және оның электр жабдықтарын блоктау тәсімін; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарын пайдалану ережесін; слесарлық іс.
Жылдық өнімділігі 30 мыңнан 60 мың т. дейінгі шымтезектерді кесектейтін зауыттарында шымтезекті кептірудің технологиялық процесін жүргізу кезінде - 5-разряд;
жылдық өнімділігі 60 мың т. артық шымтезектерді кесектейтін зауыттарында шымтезекті кептірудің технологиялық процесін жүргізу кезінде - 6-разряд.
§ 2. шымтезек массасын қайнатушы
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шымтезек массасын қайнатудың технологиялық процесін жүргізу және реттеу. Келіп түсетін шымтезек шикізаттарының сапасын тексеру. Шымтезек шикізаттарын қоспалауыштарға бөлу. Шымтезек шикізаттарын, суды, буды, эмульсияны оларды шығындау нормаларына сәйкес мөлшерлеу. Шымтезек шикізаттарын дайындау жөніндегі механизмдерді: конвейерлерді, гидроараластырғыштарды, мөлшерлегіштерді, электр қозғалтқыштарды басқару; олардың жұмысын қадағалау. Қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы жекелеген бұзушылықтарды жою.
Білуге тиіс: келіп түсетін шымтезек шикізатының ботаникалық құрамын, оның ылғалдылығын айқындау әдістемесін; шымтезек массасының компоненттерін мөлшерлеу ережесін; қызмет көрсететін механизмдердің құрылғысын және жұмыс қағидаттарын, олардың жұмысындағы бұзушылықтарды жою тәсілдерін.
§ 3. жыра қазушылар
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Қолмен қазу және жалпы, коллекторлық, су жеткізетін, таулы және ұстаушы арналарды, алғашқы траншеяларды, суды төгуге арналған арналарды, суқоймаларын және шымтезекті және минералды топырақтағы карта жыраларын жөндеу; жобалау және олардың еңістерін бекіту. Жұмыс процесінде кездесетін томарларды, ағаш оқпандарын шығару.
Білуге тиіс: топырақтың санатын, олардың қазудың ережесі мен тәсілдерін; қолмен қазу, арналардың барлық түрін, алғашқы траншеяларды, суқоймаларын жөндеу, олардың еңістерін жобалау және бекіту жөніндегі жұмыс өндірісінің ережесін; үлгілерді, құралдарды және құралдардың барлық түрін пайдалану ережесі мен тәсілдерін, оларды баптау және жөндеу ережесін.
§ 4. Карьершілер
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Берілген бейінге сәйкес карьер қазу. Мұздақты сындыру, қалдықты және минералдық үйінділерді түсіру, карьерді қазу барысында кездесетін томарлар мен ағаш оқпандарын шығару. Пайдаланылатын механизмдерді келесі жұмыс учаскесіне көшіруге қатысу және қажеттігіне қарай олардың жолына тақтайлар төсеу. Шымтезек қабатын кірпішке кесу, оларды тасу және кептіру үшін төсеу.
Білуге тиіс: шымтезек қабатының сапалы көрсеткіштеріне қарай карьер қазудың негізгі шарттарын және ережесін; шымтезек массасын кептіру әдістерін; томарларды тамырымен жұлу және жұмыс барысында кездесетін ағаш оқпандарын шығару әдістерін; карьерде механизмдерді көшіру ережесін; пайдаланылатын құралға, жабдыққа, инвентарға қойылатын талаптарды, және оларды қолдану ережесін.
§ 5. түбіржұлушы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Томарларды қолмен және қарапайым құрылғылардың көмегімен жұлу. Орман ағаштарын құлату және бұталы өсімдіктерді жұлу. Бұтақтар мен тамырларды шабу. Ағаштарды сорттары бойынша бөлу. Жарамды және отын ағаштарын қатарға жинау. Томарлар мен бұтақтарды бір жерге үю.
Білуге тиіс: орман ағаштарын құлату, томарларды және бұталы өсімдіктерді тамырымен жұлу жұмыстарын жүргізудің ережесін; жарамды және отын ағаштарын бөлу үшін өлшемдері мен сорттарын; ағаштарды қатарлар жинау және бұтақтар мен томарларды бір жерге үюдің тәртібін; қолданылатын құрылғыларды, жабдықтарды, құралдарды пайдалану ережесін және тәсілдерін.
Достарыңызбен бөлісу: |