Жұмыстардың және жұмысшы мамандарының бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы 4-шығарылым


§ 19. Сүрлем және көмір мұнараларына қызмет көрсету жөніндегі машинист



бет9/17
Дата13.06.2016
өлшемі1.65 Mb.
#131298
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

§ 19. Сүрлем және көмір мұнараларына қызмет көрсету жөніндегі машинист


2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Көмірді сүрлем, көмір мұнаралары немесе секциялар, шахта топтары бойынша тиеу және бөлу механизмін басқару. Автоматты сынамалағыштың жұмысын қадағалау. Ыдыстардағы газ режимін бақылау. Мұнаралар мен сүрлемдердегі көмір мөлшерін өлшеу. Науаны тазалау. Қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою.

Білуге тиіс: көмір мұнараларының, сүрлемдер мен қызмет көрсететін механизмдердің құрылғысын; көмірдің маркасы мен топтарын және оларға бекітлген бункерлерді; құрауыштар бойынша шихталардың құрамын; слесарлық істің негіздерін.
§ 20. СҰРЫПТАУ Машинисі

2-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қызмет көрсететін механизмдерді, қондырғыларды басқару және техникалық жағдайы мен қалыпты жұмысын қадағалау. Қорғану, бақылау-өлшеу аспаптарын, қосу аппаратураларын, реверстік және белгі беру құрылғыларын, қоректендіргіш кабельді жерге қосу мен жалғауды қадағалау. Қызмет көрсететін механизмдер мен қондырғылардың жұмысындағы бұзушылықтарды жою.

Білуге тиіс: қызмет көрсететін механизмдер мен қондырғылардың құрылғысын; механизмдерді электрлік қорғаудың негізгі түрлерін және электр жабдықтарды жерге қосудың құрылғысын; майлаудың режимі мен жүйелерін, қолданылатын майлау материалдарының түрлері; электр техникасының, слесарлық ісің негіздерін.
§ 21. КЕПТІРГІШ ҚОНДЫРҒЫЛАРДЫҢ МАШИНИСІ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Әртүрлі типті кептіргіш қондырғыларда қолмен және дистанциялық басқару режимінде кептіру процесін жүргізу. Кептіргіш қондырғыларды тиеу және түсіру. Жабдықтарға қызмет көрсету және жұмысын бақылау. Кептіру процесін технологиялық нұсқаулыққа сәйкес реттеу. Отынды қабылдау бункерлеріне бер. Кептіру процесін жүргізу үшін берілетін отынды жағу және белгілі газ температурасын ұстап тұру процесінің режимін реттеу. Пештің оттықтарын күл мен қождан тазалау. Пештердегі, тиеу және түсіру камераларындағы температураны өлшеу. Кептіру өнімдерінің сапасын тексеру. Кептіргіш қондырғыларды, автоматты бақылау және реттеу жүйелерін қосу және тоқтату. Шығындалатын отынға есеп жүргізу. Қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою, оны жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: кептіру процесінің технологиясын; қызмет көрсетілетін кептіргіш қондырғылардың, оттықтардың, автоматты бақылау және реттеу жүйелерінің, сондай-ақ қолданылатын қосалқы жабдықтардың құрылғысын; кептіргіш қондырғыларды тиеу және түсірудің тәртібі мен ережесін; кептіруге келіп түсетін отындардың, материалдардың физикалық қасиеттерін және кептіру өнімдеріне қойылатын талаптарды; отынды жағу сапасын, шығыстар нормасын, режимдерін және оны беруді реттеу ережесін; белгі беру, майлау жүйелерін; майлау материалдарына қойылатын талаптарды; қызмет көрсететін жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою тәсілдерін; жылу техникасы мен слесарлық істің негіздерін.

Екі және одан да көп кептіру қондырғыларына қызмет көрсету кезінде -



4-разряд;

Автоматты бақылау және реттеу жүйесі бар кептіру қондырғыларына қызмет көрсету кезінде - 5-разряд.


§ 22. Шахта оқпандарын тұтас қимамен бұрғылау қондырғылардың машинисі

6-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Шахта оқпандарын (шурфтарын) бұрғылау және түсу-көтерілу операциялары кезінде бұрғылау қондырғыларын басқару. Бұрғылау жабдықтарының барлық кешенінің жұмысын және техникалық жағдайын қадағалау. Бұрғылау колоннасын құрастыру және бөлшектеу, бұрғылау құралын қарау, шаржыларды ауыстыру және істен шыққан қашауларды алмастыру. Бақылау-өлшеу аспаптардың көрсеткішін бақылау. Бұрғылау режимін сақтау. Консольді-бұрама крандарды, жылжымалы арбаларды, таль жүйесін, шахта оқпанын бекіту және арматуралау кезінде электр тельфердерді басқару. Тюбинг бекітпелерін орнат және құрастыру, шахта оқпандарына арматуралау элементтерін беру және т.б. қызмет көрсететін жабдықтарды жоспарлы-алдын алу жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: тік оқпандарды (шурфтарды) барлық жүйедегі бұрғылау агрегаттарымен бұрғылаудың техникалық ережесін; бұрғылау қондырғыларының, бұрғылық құбырларды бекітіп қосуға және бұрып шығаруға арналған агрегаттардың, бұрама крандар мен консольдердің, беру механизмдерінің конструкциясын, кинематикалық тәсімін, типтері мен техникалық сипаттамасын, тюбинг бекітпелерін орнату және құрастыру; екі қатарлы колоннаны бұрғылау конструкциясын; тік оқпандарды (шурфтарды) бұрғылау және бекіту технологиясын; роторлық бұрғылау режимдерін, балшық сорғыларының, компрессорлардың жұмысын; әртүрлі типті қашауларды, шағын механикаландыру аспаптарды, тюбингтерді беру және құрастыру механизмдерін, тығындама механизмдерін қолдану және тігістерді шекімелеу ережесін; қызмет көрсетілетін материалдарды майлау режимін; бұрғылау механизмдердің бұзылу белгілерін және оларды жою тәсілдерін; бұрғылау жабдықтарының қуатын оңтайлы пайдалану тәсілдерін; тау-кен жыныстарының қасиеттерін және шахта оқпандарын бұрғылау кезінде олардың жайы; Шахта оқпандарының қисаю себептерін; шахта оқпандарының қисықтығын өлшеу әдістерін және оның алдын алу шараларын; шахта оқпандарын бұрғылау кезіндегі апаттарын түрлерін және болдырмау тәсілдерін, оларды ескерту жөніндегі әдістерді; ұңғымаларды бұрғылау және жуу режимдері мен кестесін; бұрғылық қондырғылардың жұмысына есеп жүргізу және "бұрғылау" журналын жүргізу ережесі мен тәртібін; шахта оқпандарының тереңдігін өлшеу тәсілдерін; геологиялық-техникалық тапсырманы құрастыру тәртібін; қолданбалы механиканың, электр техниканың негіздерін; слесарлық іс.

Кәсіптік орта білім талап етіледі.

Ескерту. Шахта оқпандарын тұтас қимамен бұрғылау қондырғылары машинисінің көмекшілері шахта оқпандарын тұтас қимамен бұрғылау қондырғылары машинисінің құқығы бар болса, бірге жұмыс істейтін машинистерден бір разряд төмен, құқығы болмаған кезде екі разрядқа төмен тарифтеледі.
§ 23. Байыту және кесекшелеу қондырғыларының машинисі
Жұмыс сипаттамасы. Барлық типті байыту және кесекшелеу қондырғыларында жарықтандыру, қоюландыру, пульпа мен шламдарды жуу, шикізат пен дайын өнімді елеу, уату, мөлшерлеу, сүзу, майсыздандыру, тасымалдау процестерін жүргізу. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды тиеу және түсіру. Бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіші және талдаулардың нәтижелері бойынша қысымды, вакуумды, сүзгі тазалығын, реагенттердің, пульпалардың, судың берілуін, қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмыс режимін мерзімдік бақылау және реттеу. Сорылғандарды, кептелістерді жою, шашылғанды жинау. Қызмет көрсетілетін жабдықты қосу және тоқтату, тазалау және жуу, оның жұмысындағы бұзушылықтарды анықтау және жою, жөндеуге қатысу.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін жабдықтардың конструкциясын, техникалық сипаттамасын және жұмыс режимін; коммуникациялар тәсімін; байыту және кесекшелеу қондырғыларына техникалық процесті жүргізу ережесін; қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптары мен қосу аппаратураларының құрылғысын, оларға күтім жасау ережесін; қызмет көрсету жабдықтың автоматты блоктау тәсімін; көмірдің (жанар тастардың) техникалық шарттарын, маркаларын және топтарын; шихталардың құрамын, оны есептеу әдістерін; шикізаттардың сапалы көрсеткішін белгілеу әдістемесін; буды жабдықтау және гүрсілдерден конденсаттарды қайтару тәсімін; майлау мерзімділігін және майлау материалдарына қойылатын талаптар; қызмет көрсетілетін жабдықтардың жұмысында бұзушылықтардың туындау себебін және оны жою тәсілдерін; электр слесарлық істің негіздерін.

Өнімділігі сағатына 60 т дейін мөлшерлеу құрылғысына; мерзімділік қызметтегі вакуум-сүзгілеріне; сомалық өнімділігі сағатына 400 т дейін уатқыштарға; гидрошахталардың сусыздандыру қондырғыларына; қолмен түсірілетін мерзімдік қызметтегі центрифугаларға; өнімділігі сағатына 100 т дейін сыныптауышты және сусыздандырғыш (дірілді) електерге, қоректендіргіштерге, 3-разрядтағы байыту және кесекшелеу қондырғылары машинисінің тарифтік-біліктілік сипаттамасында көрсетілген қоректендіргіштен басқа, қызмет көрсету кезінде - 2-разряд;

өнімділігі сағатына 100 т артық сыныптауышты және сусыздандырғыш (дірілді) електерге, бумен қыздыратын дискілі-пішімбілікті електерге; өнімділігі сағатына 60-тан 400 т дейінгі мөлшерлеу құрылғыларына; сүзу алаңы 100 м2 дейінгі сүзгі-престерге; автоматты түсіретін мерзімдік және үздіксіз қызметтегі жүрдек немесе аса жүрдек центрифугаларға; ірі уатудағы көмір шұңқырларының, алғашқы бункерлердің қоректендіргішіне; үздіксіз қызметтегі сүзу аппараттарына; сомалық өнімділігі сағатына 400 т артық уатқыштарға; түйіршіктелген көмір ұнтақтары фабрикасының електері мен қоректендіргіштеріне; қоюлатқыштер мен гидроциклондарға қызмет көрсету кезінде - 3-разряд;

өнімділігі сағатына 400 т артық мөлшерлеу құрылғыларына; сүзу алаңы 100-ден 500 м2 сүзгі-престерге; түйіршіктелген көмір ұнтақтары фабрикасының диірмендері мен мөлшерлеу құрылғыларына; бір текті қоспаларды немесе қойылтылған өнімдерді бөлу кезінде аса жүрдек центрифугаларға (құбырлы, табақты сұйық сеператорлар); бағдарламалық басқарылатын центрифугаларға қызмет көрсету кезінде - 4-разряд;



сүзу алаңы 500 м2 артық сүзгі-престерге қызмет көрсету кезінде 5-разряд.

Ескерту. Жоғары білікті байыту және кесекшелеу қондырғылары машинисінің басшылығымен байыту және кесекшелеу қондырғыларына қызмет көрсету кезінде бір разрядқа төмен тарифтеледі.
§ 24. ЖЕРАСТЫ ЭЛЕКТР СЛЕСАРЫ

3-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды монтажда, демонтаждау, жөндеу. Стационарлы емес сорғыш қондырғыларды, учаскелік көмір сорғыш қондырғыларды, ауа үрлегіштерді, өртке қарсы және газсыздандыру құбырларын, шахта вагонеткаларын, электровоздарды, гидровоздарды, дизель тасушыларды, арқанды-креслолы және жер бетіндегі жолдарды, таспа ені 900 мм дейін таспалы конвейерлерді, қырнауыш конвейерлерді, бұрғы станоктарын, қоректендіргіштерді, итергіштерді, барабан диаметрі 1000 мм шығырларды, ішінара желдететін желдеткіштерді, вагонеткаларды тазалау қондырғыларын, суды пласталарға айдамалау жабдықтарын, түсіру шұңқырларын, тарту және түрлендіру кіші станцияларын, зарядтау құрылғыларын, белгі бері және жарықтандыру құралдарын, тарату, абоненттік кабель және телефон желілерін, тарату шкафтары мен қораптарын, өткізу муфталарын, телефон аппараттарын, троллейлі және төмен вольтті кабельдер желілерін, электр аппараттар мен қондырғыларды жерге қосу орындарын сынау, пайдалануға тапсыру және техникалық қызмет көрсету. Заряд үстелдері мен электровоздарға орнатумен аккумулятор батареяларын зарядтау. Аккумулятор батареяларын тексеру, электролит үстеп құю немесе ауыстыру. Май сынамаларын іріктеу және оны қызмет көрсетілетін жабдықтарда ауыстыру. Шахтадағы электр газбен пісіру жұмыстарының өндірісі. Жоғары білікті жерасты электр слесарының басшылығымен осыған ұқсас күрделі жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: жөнделетін жабдықтың міндетін, конструкциясын, жұмыс қағидаттарын, техникалық қызмет көрсетудің нормалары мен көлемін; қызмет көрсетілетін машиналарды, механизмдер мен құрылғыларын монтаждауға, реттеуге, сынауға және қабылдауға қойылатын талаптарды; осы жұмыстардың қауіпсіз өндірісінің ережесі мен тәсілдерін қолданылатын бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдарының құрылғысы мен міндетін және оларды пайдалану ережесін; төмен вольтты электр қондырғыларының құрылғысын және техникалық пайдалану ережесін; электр техникасының, слесарлық және монтаждау жұмыстарының негіздерін.
§ 25. ЖЕРАСТЫ ЭЛЕКТР СЛЕСАРЫ

4-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Тазалау және дайындау забойларында қолданылатын машиналарды, механизмдерді және басқа да жабдықтарды, барабан диаметрі 1000 мм дейін көтергіш машиналарын (шығырларды), стационарлық суаққыштарды, орталық гидрокөтергіштердің көмір сорғыш қондырғыларын, таспа ені 900 мм артық таспалы конвейерлерді, тау-кен қазба жөндеулеріндегі “Хаусхер” типті машиналарды, ВШ-ІА типті вулканизаторларды, шахталық тоңазытқыш қондырғыларды, скипті көтеру құрылғыларын тиеу, адамдарды-жүктерді таситын бір рельсті және арқан жолдарды, өздігінен жүретін вагонеткаларды, жоғары вольтты кіші станциялардың жабдықтарын, учаске газ тозаңынан қорғайтын және ауа температураларының аппаратуралары, байланыс және апаттарды хабарлайтын жоғары жиілікті қондырғыларды монтаждау, демонтаждау, баптау, сынау, пайдалануға тапсыру және техникалық қызмет көрсету. Жерге ток кеткен кезде қорғану аппараттарының іске қосылу уақытын тексеру. Фидерлік автоматтар мен қосқыштардың ең жоғары токтан қорғану қондырғыларының шамасын тексеру және теңшеу. Қысымда жұмыс істейтін ыдыстар мен құбырларды жөндеу және сынау. Шахта оқпандарында электрмен пісіру жұмыстарының өндірісі. Жоғары білікті электр слесарының басшылығымен басқа жұмыстарды орындау.

Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін машиналардың, механизмдер мен басқа да жабдықтардың конструкциясын, техникалық сипаттамасын, жұмыс қағидаттарын және сынау ережесін; қондырғылардың, аспаптардың, автоматикалардың, телемеханиканың, радио-электротехника мен басқа жабдықтардың жұмысындағы бұзушылықтардың себептерін және белгілерін; кабельдер мен электр техникалық материалдардың сыныптауышын; кабельдерді оқшаулауды, сыйымдылығын және электрлік кедергісін өлшеу және сынау ережесін; тозған бөлшектерді қалпына келтіру; жұмыс істейтін бөлшектерге, тораптар мен механизмдерге жіберілетін жүктемелерді; қызмет көрсетілетін жабдықтардың істен шығуын және апаттардың ескерту жөнінде алдын алу шараларын; қызмет көрсететін жабдықтарды жөндеуге берудің, сынау және тапсырудың техникалық шарттарын; жоғары кернеу тоғын, электр кіші станцияларының коммуникациясын қосу және сөндіру ережесін; сымдар мен кабельдерді есептеу және іріктеу; күштік электр аппараттарын монтаждау және қосу тәртібін; жөнделетін жабдықтарды, машиналарды, механизмдерді монтаждауға, реттеуге, қабылдауға және сынауға қойылатын талаптар, осы жұмыстар өндірісінің ережесін және тәсілдерін; жоғары вольтты электр қондырғыларының құрылғысын және техникалық пайдалану ережесін; электр техникасының және осциллограф негіздерін.
§ 26. ЖЕРАСТЫ ЭЛЕКТР СЛЕСАРЫ

5-разряд

Жұмыс сипаттамасы. Электрмен жабдықтау, гидравлика және дистанциялық басқарудың жүйесіндегі электрондық (жартылай өткізгіш) техника, пневмоавтоматика, радио-электротехника, телемеханика элементтері бар аппаратуралар мен жабдықтарды және изотоптық аспаптарды, монтаждау, демонтаждау, жөндеу, баптау, сынау, пайдалануға тапсыру: көп қармайтын және аз қармайтын комбайндармен, жоңғыштармен, бұрғылау қондырғыларымен, қазу комбайндарымен жабдықталған тазартым забойларында; механикаландырылған үңгілеу кешендерімен және үңгілеу комбайндарымен жабдықталған дайындау забойларында; газ тозаңдарын орталықтан бақылау құрылғыларымен жабдықталған газ бойынша жоғары санатты және ІІІ санатты жерасты қазба шахталарында; КРУВ, КРУН, ЯВ және осыларға ұқсас типтегі кіші станциялардың жинақты жоғары вольтты тарату құрылғыларында; бас еңісте, бремсбергтерде, қараңғы шахталарда орнатылған жыныстарды тиегіш машиналарында, көтергіш машиналарда. Шахталардың, өткізгіштердің тік оқпандарының арматураларын монтаждау, ауыстыру, жөндеу. Көтергіш ыдыстардың басы мен соңындағы арқандарды ауыстыру. Тіркеме құрылғылар мен көтергіш ыдыстарды тексеру. Арқандардың және парашют құрылғыларының, скиптік көтергіштердің тиеу және түсіру құрылғыларының ұзындығын тексеру және реттеу. Тік оқпандардағы өткізгіштерді түзеу.

Білуге тиіс: механикаландырылған кешендерді, агрегаттарды, тау-кен комбайндарын, жоңғыштарды, көтергіш машиналарды, сондай-ақ автоматтандыру, телемеханика және радиоэлектроника құралдарын қосқанда шахтада қолданылатын машиналардың, механизмдер мен жабдықтардың құрылғысын, техникалық сипаттамасын және жұмыс қағидаттарын, оларды монтаждау, демонтаждау, жөндеу, баптау және сынау тәсілдерін; қызмет көрсететін машиналарды, механизмдерді, жабдықтарды және автоматтандыру, телемеханика және радиоэлектроника құралдарын сынау және жұмысқа қосу ережесін; сынау және жүктемедегі жұмыс процесінде жұмыс, жүктеме режимдерін тексеру және пайдалану сипаттамасы мен диаграммаларды жазып алу тәсілдерін; жөнделген және бапталған жабдықтарға техникалық құжаттама жасаудың ережесін; гидрожүйе қызметінің қағидаттарын; электротехника және осциллография негіздерін; жоғары дәлдікпен электрондық-өлшеу және изотоптық аспаптарды пайдалану ережесін.
2004 жылғы басып шығарылған БТБА-ның бұрын қолданыста болған атаулары көрсетілген, БТБА-ның осы бөлімінде көзделген жұмысшылар кәсіптері атауларының тізбесі


р/с№

Осы бөлімде орналастырылған жұмысшылардың кәсіптерінің атауы

Разряд диапазоны

2004 жылғы басып шығарылған БТБА-ның қолданыстағы шығарылымдары мен бөлімдері бойынша кәсіптердің атаулары

Разряд диапазоны

БТ

БА шығарылымының





Бөлімнің қысқартылған атауы

1

2

3

4

5

6

7

1.

Көмір байыту аппаратшысы

2-5

Көмір байыту аппаратшысы

2-5

4

Көмір шығару және байыту

2.

Жерасты тау-кен монтажшысы

3-5

Жерасты тау-кен монтажшысы

3-5

4

- " -

3.

Өрттердi болдырмау және сөндiрушi тау-кен жұмысшысы

3-4

Өрттердi болдырмау және сөндiрушi тау-кен жұмысшысы

3-4

4

- " -

4.

Кен қазбаларын жөндеу жөніндегі тау-кен жұмысшысы

2-5

Кен қазбаларын жөндеу жөніндегі тау-кен жұмысшысы

2-5

4

- " -

5.

Разрездің тау-кен жұмысшысы

2-3

Разрездің тау-кен жұмысшысы

2-3

4

- " -

6.

Шой балғаларын ұрушы

6

Шой балғаларын ұрушы

6

4

- " -

7.

Көмір қабылдауды бақылаушы

2

Көмір қабылдауды бақылаушы

2

4

- " -

8.

Жол-көлік машиналарының машинисі

2-6

Жол-көлік машиналарының машинисі

2-6

4

- " -

9.

Уатқыш-тиегіш агрегаттың машинисі

5

Уатқыш-тиегіш агрегаттың машинисі

5

4

- " -

10.

Жер соратын қондырғылардың машинисі

2-5

Жер соратын қондырғылардың машинисі

2-5

4

- " -

11.

Жерасты қондырғыларының машинисі

2-4

Жерасты қондырғыларының машинисі

2-4

4

Көмір шығару және байыту

12.

Сүрлем және көмір мұнараларына қызмет көрсету жөніндегі машинист

2

Сүрлем және көмір мұнараларына қызмет көрсету жөніндегі машинист

2

4

- " -

13.

Сұрыптау машинисі

2

Сұрыптау машинисі

2

4

- " -

14.

Кептіргіш қондырғылардың машинисі

3-5

Кептіргіш қондырғылардың машинисі

3-5

4

- " -

15.

Байыту және кесекшелеу қондырғыларының машинисі

1-5

Байыту және кесекшелеу қондырғыларының машинисі

2-5

4

- " -

16.

Шахта оқпандарын тұтас қимамен бұрғылау қондырғылардың машинисі

4-6

Шахта оқпандарын тұтас қимамен бұрғылау қондырғылардың машинисі

4-6

4

- " -

17.

Жерасты электр слесары

3-5

Жерасты электр слесары

3-5

4

- " -




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет