§ 352. Қабылдау теледидар антенналарының радиомонтері
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Шатырдың астындағы жайлардың әр түрлі ғимараттардың пәтерлерінде, саты алаңдарында теледидарды ұжымдық қабылдау антенаның тарататын желіерін жабдықтау және жөндеу кезінде көмекші жұмыстар жасау ( материалдарды, аспапты беру және т.б.). Кабель салуға, кабель төсейтін құрылғыларды белгілеуге, әр түрлі тарату қораптарын орнатуға және т.б. қатысу.
Білуге тиіс: электротехника, радиотехника, қолданылатын материалдардың қасиеттері мен жабдықтың түрлері туралы аса қарапайым мәліметтер; теледидар ұжымдық қабылдау жүйелерінің қызмет көрсететін жабдықтың құрылысы; жұмс кезінде қолданылатын аспапты пайдалану тәртібі.
§ 353. Қабылдау теледидар антенналарының радиомонтері
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Теледидарды ұжымдық қабылдау таратылатын антенналарының абоненттік және магистральді кабельдерін салу бойынша жұмыстар жасау. Кабельді бөлшектеу және оны бөліп тұратын қораптарға және теледидар штекеріне дәнекерлеу. Толқындардың метрлік диапозон теледидары жеке және ұжымдық қабылдау теледидарлық антенналарын орнату, жинақтау, бөлшектеу және жөндеу, тарататын теледидар желілерін және бұл желілерде электрических өлшеулерді, электр қуат көзін беруді антенна күшейткіштеріне жеткізуді жөндеу бойынша жұмыстарға қатысу. Бөлмелік жеке антелларды орнату және бағдарлау. Теледидар сынау кестесі бойынша теледидарды негізгі басқару тұтқаларымен қосу және баптау, теледидар сынау кестесін және теледидар бағдарламасын қабылдауға тексеру.
Білуге тиіс: электротехника, радиотехника және теледидар бойынша қарапайым мәліметтер; қызмет көрсететін жабдықтың құрылысы, орнату, жөндеу және пайдалану бойынша ереже мен нұсқаулық; кабель салу және магистралды теледидар желілерінің тарату құрылғыларын жинақтау ережесі мен тәсілдері; теледидарлардың түрлері, оларды қосу және сыртқы басқару тұтқаларымен баптау ережесі; ампервольтметрдің және құралдың белгіленуі және пайдалану ережесі.
§ 354. Қабылдау теледидар антенналарының радиомонтері
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Антенна тіреулерінің 5 м дейін биіктікпен толқындардың метрлік диапазонында теледидарды ұжымдық қабылдау таратылатын үш- және бесэлементтік, бірканалдық және екі каналдық антенналарын және тарату теледидар желілерінің жабдығын жинақтау, орнату және жөндеу бойынша жұмыстар жасау. Теледидар сынау кестесі бойынша антеннаның жұмыс сапасын анықтау, бөлетін теледидар желілерінде қарапайым өлшеулер жүргізу. Бөлмелік теледидар антенналарын жөндеу.
Білуге тиіс: электротехника, радиотехника, теледидар негіздері; қызмет көрсететін жабдықтың техникалық сипаттамалары және оның құрылымы, оның жинақтау сызбалары; жеке және ұжымдық қабылдау антенналарын, тарату желілерін, кабельдік ауа өтулерін орнату, жинақтау ережесі; теледидар мен антенналардың жұмысын тексеру мен бағалау үшін теледидар сынау кестесінің элементтерінің белгіленуі; электрлік өлшеулер үшін қолданылатын аспаптарды пайдалану ережесі және белгіленуі.
§ 355. Қабылдау теледидар антенналарының радиомонтері
5-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Антенна тіреулерінің 5-тен 9 м дейін биіктікпен толқындардың метрлік диапазонында теледидарды ұжымдық қабылдау таратылатын (бес элементтен жоғары) бірканалдық және екі каналдық антенналарын және тарату теледидар желілерінің жабдығын, 200-ге дейін теледидар мен радиоқабылдағыштарды қосуға есептелген теледидарды ұжымдық қабылдау антенналарының тарату желілерін жинақтау, орнату және жөндеу бойынша жұмыстар жасау. Теледидар сынау кестесі бойынша антеннаның жұмыс сапасын анықтау, бөлетін теледидар желілерінде қарапайым өлшеулер жүргізу. Бөлмелік теледидар антенналарын жөндеу. Лампалық антенналық күшейткіштерді жөндеу. Ұжымдық антенналары мен тарату желілерін орнату мен жинақтау бойынша жұмыстарды тапсыру мен қабылдауға қатысу.
Білуге тиіс: толқындардың метрлік диапазонында жеке және ұжымдық теледидар антенналарының түрлері, құрылымдары, техникалық сипаттамалары; тарату желілерінің жабдығы; антенналарда және тарату теледидар желілерінде, сондай-ақ антенналық күшейткіштерде ақаулықтарды табу және жою әдістері мен тәсілдері; ақ- қара теледидарлардың барлық түрлері, теледидар сынау кестесі бойынша оларды реттеу және баптау; негізгі бақылау- өлшеу аспаптарын пайдалану тәртібі.
§ 356. Қабылдау теледидар антенналарының радиомонтері
6-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Антенна тіреулерінің 9 м артық биіктікпен толқындардың метрлік диапазонында теледидарды ұжымдық қабылдау таратылатын (толқындардың метрлік және децеиметрлік диапазондар) бірканалдық және екі каналдық антенналарын және тарату теледидар желілерінің жабдығын, теледидар мен радиоқабылдағыштарды қосуға есептелген теледидарды ұжымдық қабылдау антенналарының тарату желілерін жинақтау, орнату және жөндеу, кабельдік ауа және жерасты құрылғыларын салу бойынша жұмыстар жасау. Транзисторлық антенна күшейткіштерін, конвертерлерді жөндеу. Радиотарату және теледидар ұжымдық қабылдау бекітілген антенналқ жүйелерін тапсыру және қабылдау. 200 артық радиоқабылдағыштарды және теледидардың күрделі ұжымдық жүйелерін орнату, жинақтау және жөндеу бойынша жұмыстар жасау. Теледидар сигналдарды өлшеу және типтік үлгілер бойынша теледидар мен радиотарату ұжымдық қабылдаудың барлық жүйелерін есептеу.
Білуге тиіс: толқындардың метрлік және дециметрлік диапазондардың жеке және ұжымдық теледидар антенналарының, теледидар мен радиотарату қабылдауға арналған біріктірілген антенналардың, тарату желілерінің, жабдықтың түрлері, құрылымдары, техникалық сипаттамалары; теледидар мен радиотарату ұжымдық қабылдау антеналық жүйелерін есептеу мен құру қағидалары; теледидарлардың түрлері, олардың функционалдық сызбалары; ақ- қара теледидарлардың ақаулықтарын анықтау әдістері мен жою тәсілдері; теледидар мен радиотарату ұжымдық жүйелерінде өлшеулердің әдістері; бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы және пайдалану ережесі.
Арнайы орта білім қажет.
§ 357. Жұмыстарды бөлуші
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Анағұрлым жоғары білікті жұмыстар бөлушісінің басшылығымен бұйымдардың күрделі номенклатурасын шығаратын және әр түрлі өндірістік кооперациясы бар учаскеге, цехке қызмет көрсету немесе бұйымдардың қарапайым номенклатурасымен және шектеулі өндірістің кооперациясымен учаскеге өз бетімен қызмет көрсету. Ауысымды тапсырмаға сәйкес бөлшектермен, жартылай фабрикаттармен, аспаптармен, техникалық құжатнамамен басқа нарядтарымен жұмысшы орындарды қамтамасыз ету. Учаскеге арналған дайындамаларды, жартылай фабрикаттарды қабылдау. Дайын бөлшектерді қоймаға беру. Басқа цехтер мен учаскелерде операцияаралық өңдеуден өтетін бөлшектерді тапсыру және сандық қабылдау.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін учаскелердің өндірістік тапсырмасы және жұмыс орындарын жүктеу кестесі; негізгі бөлшектерді өңдеудің технологиялық реттілігі; қызмет көрсетілетін учаскеде өңделінетін түйіндер мен бөлшектердің номенклатурасы; бөлшектерді есептеу тәртібі және белгіленген құжаттама; бөлшектерді тасу ережесі.
§ 358. Жұмыстарды бөлуші
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр түрлі өндірістік кооперациясымен бөлшектерді шығаратын учаскеге, цехке қызмет көрсету. Ауысымды тапсырмаға сәйкес бөлшектермен, жартылай фабрикаттармен, аспаптармен, техникалық құжатнамамен басқа нарядтарымен жұмысшы орындарды қамтамасыз ету. Учаскеге дайындамаларды және жартылай фабрикаттарды қабылдау және дайын өнімді қоймаға тапсыру. Учаскелер бойынша ауысымдық- тәуліктік өндірістік тапсырмаларды дайындауға қатысу, сондай-ақ орындалған жұмыстың есебін жүргізу.
Білуге тиіс: қызмет көрсетілетін учаскелердің ауысымдық- тәуліктік өндірістік тапсырмасы және жұмыс орындарын жүктеу кестесі; бөлшектерді өңдеудің технологиялық реттілігі; қызмет көрсетілетін учаскеде өңделінетін түйіндер мен бөлшектердің номенклатурасы; бөлшектерді сақтау ережесі және белгіленген құжаттаманы ресімдеу тәртібі; жұмыс орындарын жүктеуді жоспарлау және орындлатын жұмыстарды есепке алу негіздері; бастапқы төлем құжаттарын ресімдеу тәртібі.
§ 359. Жұмыстарды бөлуші
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Үлкен атаулар номенклатурасына учаскелерде жауапты қымбат тұратын бұйымдарды, механизмдерді, түйіндерді қабылдау, беру және сақтау. Жауапты және қымбат тұратын материалдармен, дайындамалармен, жартылай фабрикаттармен, сондай-ақ аспаптармен, техникалық құжатнамамен және құралдармен жұмысшы орындарды қамтамасыз ету. Есеп пен есептілік жүргізу. Аяқталмаған өндірістің қалдықтарыналу. Бөлшектер мен механизмдердің қозғалысының салыстырмалы тізімдемелерін құру. Бөлшектердің, механизмдердің және түйіндердің кем шығуы табылған кезде актілер құру және ресімдеу. Кестеге сәйкес бұйымдар мен түйіндердің өтуін есептеу.
Білуге тиіс: бөлшектердің, механизмдердің номенклатурасы және олардың индекстері; қолданылатын құрал мен құрылғылардың белгіленуі; материалдардың сорттары мен оларды маркалау; жинаудың технологиялық реттілігі; қолданылатын есеп жүйесі; орындлатын жұмыстарды есептеу тәртібі; бстапқы құжаттарды, жұмыс нарядтарын және т.ю. қабылдау және ресімдеу ережесі; бөлшектерді, механизмдерді, жинаушылардан түсетін және жұмыс орындарына берілетін түйіндерді қабылдау және сақтау ережесі.
§ 360. Істеп болған майдың регенераторшысы
1-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Май тазалау машиналарына қызмет көрсету. Майды май сүзгіде центрифугалау және сүзу. Майсорғымен және вакуумдық қондырғының көмегімен майды бір ыдстан екіншісіне ағызып құю. Сүзгіпресте сүзу қағазын ауыстыру. Ағартатын топырақты кептіру және май регенерациясы. Майларды тұндырумен тазалау. Майға ыдысты тазалау және шаю. Регенерациялаудан кейін адсорберлерді және бакты тазалау. Анағұрлым жоғары білікті регенераторшының басшылығымен істеп болған майды регенерациялау, сұрыптау, май тазалау машиналарын тазалау және құрастыру.
Білуге тиіс: сүзгіпрестің центрифугасының құрылысы туралы негізгі мәліметтер; майосрғылар; май құбырларының сызбасы; май шаруашылығы аппараттары мен жабдықтың орналасуы және белгіленуі; жабдықты басқару ережесі; майлайтын майлардың түрлері; майды тазалаудың, кептіру мен регенерациялаудың белгіленуі; кеңінен таралған құрылғылардың және бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі мен пайдалану шарттары.
§ 361. Істеп болған майдың регенераторшысы
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Істеп болған майды ағартатын топырақпен, аммиакпен, силикогельмен және активтендірілген алюминий тотығымен регенерациялау. Астынан салатын букстық материалды регенерациялау. Вакуум астында өнімнің қалдықтарын май тазалау машиналарымен тазалау және кептіру. Майды тазалау және регенерациялау өндірістік процесін қадағалау. Талдауға арналған май сынамалырн іріктеу. Түсі мен иісі бойынша майдың күйін анықтау. Май тазалау машиналарын, центрифугаларды, сүзгіпрестерді, аппараттарды және басқа қызмет көрсететін жабдықты бөлшектеу, тазалау, жинау және ағымдағы жөндеу.
Білуге тиіс: май тазалау жабдығының жұмыс істеу қағидасы ; май мен астынан салатын букстық материалды тазалау мен регенерациялаудың негізгі әдістері; қолданылатын сорбенттердің және активаторлардың қасиеттері; әмбебап және арнайы құрылғылардың және орта күрделі бақылау- өлшеу аспаптарының белгіленуі және пайдалану шарттары.
§ 362. Істеп болған майдың регенераторшысы
3-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Істеп болған майды шебер тазалау және регенерациялау. Жылжымалы құрамның буксы үшін полимерлі щеткалар мен майлау материалдарын регенерациялау. Булау әдісімен ацетонды регенерациялау. Қажетті материалдардың, жабдықтың сызбаларын таңдау және майдың ластану деңгейі мен ескілігіне байланысты майларды тазалау және регенерациялау режимін анықтау. Силикогельді, ағартатын топырақты, алюминий белсенді тотықтарын оларды аспапқа тиеудің алдында кептіру режимін анықтау. Майды талдаусыз майдың сапасын анықтау. Майға қысқарған физикалық - химиялық талдау өткізу. Майдың бұрынғы қалпына келу деңгейін анықтау. Қоспалар енгізу және араластыру арқылы майлардың эксплуатациялық қасиеттерін жақсарту. Электрлік кернеудегі аппараттардағы майды тазалау. Майларды вакуум-центрифугамен центрифугалау. Майды сумен шаю. Майды бумен қыздыру және оны бүрікішпен вакууммен кептіру. Трансформатор майын сынамамен сынау. Май тазалау машиналарын, аппараттарды қосу және жөндеу және оларды жөндуге қатысу.
Білуге тиіс: май тазалау жабдығының және регенерациялық қондырғы аппараттарының құрылысы; майлардың негізгі физикалық- химиялық қасиеттері және оларды пайдалану аймағы; майларды тазалау мен регенерациялау процестері және әр түрлі әдістері; майларды тұрақтандыру және араластыру тәсілдері; әмбебап және арнайы құрылғылардың және орта күрделі бақылау- өлшеу аспаптарының құрылысы; май құбырларының және жабдықтың аса маңызды бөліктерінің сызбасы; майдың ескіруінің негізгі белгілері; букс жылжымалы құрамға арналған майлау материалдары мен польстерлік щеткаларды регенерациялау тәсілдері және белгіленуі.
§ 363. Спорттық жазық құралдарды жөндеуші
3 - разряд
Жұмыс сипаттамасы. Оларға оқу – жаттығу сабақтары мен жарыстарды өткізу үшін жайдақ спорт ғимараттарды дайындау. Волейбол, баскетбол, ганбол, городош және басқа алаңқайларды, теннистік корттарды, жеңіл атлетикалық жүгіру жолдарын, секіруге және спорттық жабдықтарды лақтыруға арналған секторлар, шөпте футбол, ганбол, регби, хоккей ойындарды үшін алаңдар, ипподромдар және басқа да шөпті, көмірлі күл, синтездік, үгінді және басқа жабулармен бетін түзеу, суару және белгілеу. Шөп жабумен спорттық ойын алаңын қырқады, жыртады, кеседі және шыммен жабады. Ойын алаңының жері. Егу, тамырлы бұтақшаларды алып тастау, арам шөптен арылту, кесіп тастау, ағаш кесіндісі мен ойын алаңдарынан шығарылған орындарды созып жөндеу. Минералды және органикалық тыңайтқыштарды таңдау және оларды топыраққа салу. Сырғанаққа, алаңға, жолдарға құю үшін негізін дайындау. Шайбомен, доппен хоккей ойындары үшін мұз айдындарын, жүгіріп коньки тебу жолдарын, мәнерлеп және жалпы сырғанауүшін алаңдарды жылдық жағдайға байланысты ұстайды және қарайды. Мұз айдындарында, алаңдарда, жолдарда және алаңқайларда ағаштың безі мен бұтағын тазалау, қарды тазалау, жарылған және шұңқырларды бекіту. Қозғалған кезде су құю және қар тазалайтын машиналардың бағыттарын құрастырады және жылдамдығын анықтау. Авто және мотоспорт бойынша жарыстар үшін мотобол және велобол алаңдарын, кросстық тас жол шығыршық көмір күл және асфальтобетон трассасын жөндеу және белгілеу. Қолданылған құралдар мен инвентарьді бояу және ұсақ жөндеу.
Білуі тиіс: инерциялық материалдарды егу ережесін; терең жыртуды; тұқмды жиі егуді; топыраққа тұқымды бекіту құралдарын; кесу құралдарын; тасу және шымды қалауды; ойын алаңдарынан шығарылған орындарын созып жөндеу құралдарын; топрықтық және климаттық жағдайларға қарай тұқымды таңдау құралдарын; шөптерді егіп шығып, бар топыраққа қоса арнайы ботқаға кіретін құрам бөліктерінің қасиетін; топырақтың физикалық – механикалық, химиялық талдауын; минералдық және органикалық тыңайтқыш және топырақтардың химиялық талдауына байланысты оларды топыраққа салу нормаларын; ертінділермен топырақты суару ертіндісін; ойын алаңдарын қырқу және суаруын; арнайы материалдар дайындау үшін және сапасына байланысты оларға қатысты материалдарды; дренаж құралдарын; ойын алаңдарын; жеңіл атлетикалық жүгіру және спорттық алаңдарды белгілеу ережелері мен құралдарын; футбол, хоккей шөпте шайбо және доппен, ганбол, регби ойындары үшін алаңдардың, баскетбол, волейбол, городок және т.б. ойындары үшін алаңдардың, теннистік корттардың мөлшерін; алаңды тегістеуді; табиғаттағы алаңдарды бөлу тәсілін, құрылыс сызбаларын оқу; сырғанаққа, алаңға, жолдарға су құю негізіндегі дайындық құралдарын; ауа температурасына байланысты су құю тәртібі мен ережесін; құрал – жабдықпен және инвентарьмен пайдалану құралы мен ережесін; пайдалану кезінде қолданылған жайдақ спорт ғимараттарын; табиғаттағы алаңдарды бөлу жөніндегі жұмыстарды орындау кезінде; алаңдарды жөндеу және құрылыс кезінде тегістеу бағаларын беруін; топрақтық және климаттық жағдайларға сәйкес топырақ ботқаларын, шөп ботқаларын, арнайы ботқаларды, құру және қалау кезінде, жауапты спорттықжарыстар өткізілетін спорттық ғимараттарды жөндеу және жабуды белгілеу кезінде – 4 – разряд.
§ 364. Респираторлар мен газтұтқырлардың жөндеушісі
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Респираторлар мен газтұтқырларды бөлшектеу және жинау. Сүзгілерді шаңнан үрлеу және тазалау. Респираторлар мен газтұтқырларды шаю, кептіру, ақаусыздығын тексеру, жөндеу және жарамсыз бөліктерін ауыстыру.
Білуге тиіс: респираторлар мен газтұтқырлардың құрылысы; респираторлар мен газтұтқырларды тексеру және жөндеу жасау және сынау тәсілдері; респираторлар мен газтұтқырларды сақтау ережесі.
§ 365. Бағбан
1 - разряд
Жұмыс сипаттамасы. Көшетті, қаламшаны, екпені, талдарды, бұталарды, гүлді өсімдіктерді отырғызу. Топырақты өңдеу, минералды тыңайтқыштарды және өсімдіктерді қоректендіру. Өсімдіктерді оларды жұқпасыздандыру құралдарымен тозаңдату және бүрку. Отырғызылатын материалды қазып алу. Шұңқырды қазып және көшетті отырғызғаннан кейін оларды себу. Екпе ағашты түптен және су құю. Кольді дайындап, орнатады және оған өсімдікті байлап қою. Қурап қалған ағаштар мен бұталарды валкалау және түбірімен жұлу. Газондардағы шөптерді шабу, бақша жолдарындағы борттарды кесу, жерді тегістеу. Жапырақтардан жасылдандырылған аумақты, шабылған шөпті және қоқысты жинап алу. Қоқысты өртеу. Шымды дайындау және бетін созып жөндеу.
Білуі тиіс: талдардың, бұтақтардың және басқа да өсімдіктердің тұқымдары олардың тәсілімен ерекшкеліктерін; тұқымды егу және себілген тұқым көшеттерінің құралын; өсімдікті суару нормасы мен уақытын; өсімдікті отырғызу, қайта отырғызу және ұластыру; тыңайтқыштардың ерекшелігін және жұқпасыздандыру заттарының түрлерін; олардың қолданылуын; бау – бақша құраларымен және инвентарьмен пайдалану ережесін.
§ 366. Бағбан
2-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Газондарды, клумбаны және алаңдарды, сызу мен жоспарлау эскиздары бойынша әзірлеу және көркемдеп әдемілеу, кәсіпорындардың және ұйымдардың тиісті аумақтарын жасылдандыру. Отырғызытын материалдарды дайындау. Кілем тәрізді газондарды қырқу, гүлзарды, талдардың және бұтақтардың сұлбаларын формалап кесу; талдарды жылыту және ақтау және баубақша науымынан зақымданған жерлеріне тегуді жағады. Тұқымдармен мен көшеттерді жинап, реттеу. Өсімдікжәй және көшетхана шаруашылығын ұйымдастыру және енгізу. Көшетхана мен өсімдікжәйді желдету және жылыту, тұқымдармен өсімдіктерді жабу. Жәшіктерді, горшоктарды, сөрелерді және оларға өсімдіктерді дайындау. Құрал, арам шөпті жұлу және жүйекшені қопсыту.
Білуі тиіс: агротехника және ботаника негіздерін; талдармен бұтақтарды кесу тәсілін; топырақта өңдеу ережесін және өсімдіктерді отырғызу үшін дайындық жұмыстарының орындалуын. Жылыжайдағы, көшетханалардағы, өсімдікжәйдағы температураның режимін; өсімдіктердің ауырғанына байланысты және олардың ауруларын ескерту жөніндегі шаралар күресінің тәсілдерін.
§ 367. Санитар, санитарка (жуушы)
3 - разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тазалық сақтау режиміне сәйкес ұйымдағы бөлмеде тазалық жүргізу, аурулардың күтімін жүзеге асырады: (қажеттілік кезінде) емізуге, іш киімі мен киімдерін ауыстыруға, суднаны әперу және жинау т.б. Әр тамақты қабылданғаннан кейін төсек режиміндегі адамдардың кереуеті алдынан тумбаларды (кішкене столдарды) алып тастау. Іш киімдерді және киімдерді дұрыс пайдалануын, шаруашылық инвентарь және жуу құралдарын қамтамасыз ету. Аурулар үшін қажетті режимді сақтайды. Курьер функциясын орындайды, дәріхана мекемелерінде дәріхана ыдыстарының жуылуын жүзеге асырады. Жылу жүйесін, сумен жабдықтауды, су құбырын және электр құралының бұзылғаны туралы шаруашылық бикеге хабарлау.
Білуі тиіс: санитарлық және гигиеналық, қаупсіздік техникаларын және еңбекті сақтау ережесін; жуу құралдарын дайындауды және олардың пайдаланылуын.
§ 368. Санитар, санитарка (жуушы)
4 - разряд
Жұмыс сипаттамасы. Тазалық сақтау режиміне сәйкес бөлмеде тазалық жүргізу. Медикаменттерді, құралдарды, жадықтарды алған кезде және бөлімшелерге жеткізгенде аға медициналық бикеге көмектесу. Шаруашылық бикеден алады және іш киімді, шаруашылық инвентарь және жуу құралдарын дұрыс сақтайды және пайдаланады. Аурулардың күтімін жүзеге асырады: (қажеттілік кезінде) емізуге, іш киімі мен киімдерін ауыстыруға, суднаны әперу және жинау т.б. Әр тамақты қабылданғаннан кейін төсек режиміндегі адамдардың кереуеті алдынан тумбаларды (кішкене столдарды) алып тастау. Медициналық бикенің нұсқауы бойынша ауруларды диагностикалық – емдеу кабинеттеріне шығарып салады. Жылу жүйесін, сумен жабдықтауды, су құбырын және электр құралының бұзылғаны туралы шаруашылық бикеге хабарлау.
Білуі тиіс: санитарлық және гигиеналық, қаупсіздік техникаларын және еңбекті сақтау ережесін; жуу құралдарын дайындауды және олардың пайдаланылуын.
§ 369. Сатураторшы
1 - разряд
Жұмыс сипаттамасы. Газдалған суды таратады. Белгіленен рецепт бойынша газдалған суды дайындау үшін орнатуды қаматамасыз ету. Сатуратор қимылы: нұсқауға сәйкес пропорцияға тиісті баллондардан сумен және көмір қышқыл газымен толтырылады. Химиялық орнатудың шаюы мен арматурасы. Бақылау - өлшеу құралдарының көрсеткіші бойынша сууы және толық судың көмір қышқылдығы. Жұмыстағы жабдықтар мен арматуладың кішкентай бұзылғандарын жояды.
Білуі тиіс: бақылау - өлшеу құралдары мен арматуралдың құруын және тағайындаудын; химикат шығыстарының нормаларын; газдалған судың дайындалған процессін; орнатудың қимыл тәсілдерін және олардың реттеу ережесін; санитарлық – гигиеналық минимумын.
§ 370. Жарықпен көшіріп алушы
3 - разряд
Жұмыс сипаттамасы. Әр жүйенің жарықпен көшіріп алу аппараттарымен қызмет көрсету. Норма бойынша шығару камерасын тиеу. Шығару үшін ертіндіні құру. Тапсырыспен жарық көшірменің тиражын салыстыру, тапсырысты буып – түйеді; сызулармен жарық көшірмені қабылдайды және тапсырады.
Білуі тиіс: Әр жүйенің жарықпен көшіріп алу аппараттарын құруды және тағайындауды; бекіту және шаю ванналарынан шығару, камераларды тиеу тәртібімен нормалауын; ертінді дайындау рецептурасы мен ережесін; химикатты, жарықты сезгіш қағаздарды, калектерді, жарықпен көшіргішті сақтау ережесін.
Жұмыста аппраттың кішкентай олқылығын жою, майлау және оны реттеу кезінде; жарықты сезгіш қағаздардың, кальканың (негатив) қаттылығы мен сапасының сортына байланысты жарықпен көшіру аппараттар барабандарының айналу жылдамдығын реттеу кезінде – 4 -ші разряд.
§ 371. Шаруашылық бикесі
3 - разряд
Жұмыс сипаттамасы. Бөлімшелерге, палаталарға, кабинеттерге іш киімді тарату, алу, сақтау. Кір киімдерді шығарып тастаған немесе жөндеу үшін жұқпасыздандыруға, жууға жіберу. Ұйым (бөлімшелер) қызметкерлерінің инвентарьді дұрыс пайдалануын бақылау. Есептеме құжаттамасын жүргізу.
Білуі тиіс: ұйымда (бөлімшеде) іш киімді, жеңіл және қатты инвентарьді пайдалану мерзімін, оның санитарлық өнделу мерзімі мен әдістерін; пайдалану жағдайлары және инвентарьдің сақталуын; ұйымда (бөлімшеде) санитарлық – гигиеналық бақылау ережесін; есептеме құжаттамалар формасын және оларды толтыру ережесін.
§ 372. Шаруашылық бикесі
4-разряд
Жұмыс сипаттамасы. Ұйым бөлмесінде тазалық пен тәртіптін сақталуы бойынша палата санитаркалардың (жуушылардың) жұмыстарын басқарады, бөлімшені шаруашылық, жеңіл және қатты инвентарь, ауруларды арнайы киіммен, гигиеналық заттармен және кеңсе заттарымен, жуу құралдарымен, төсек және іш киімді қамтамасыз ету. Қызметкелерге халат, орамалдардың ауыстырырылуын жүргізу. Бөлменің ішін, жабдықты, инвентарьді жөндеуге арналған тапсырыстарды құрастырады және оның өткізілуін бақылайды. Тамақ ішу (буфет,асхана) блоктарын жабдықтармен, ыдыстармен қамтамасыз ету және оларды дұрыс таңбалау және оның пайдалануын бақылау. Есептеме құжаттамасын жүргізеді.
Білуі тиіс: ұйымдағы (бөлімшелердегі) іш киімді, жеңіл және қатты инвентарьді пайдалануының жылдық мерзімін, инвентарьдің санитарлық өндеуінің мерзімі мен әдісін; пайдалану жағдайы мен инвентарьдің сақталуын; есептеме есептерінің құжаттама формасын және олардың толтырылуының дұрыстығын; ұйымдағы (бөлімшедегі) санитарлық – гигиеналық режимнің бақылау ережесін.
Кішкентай жөндеуді орындаған және арнайы киімді үтіктеген кезде – 5 – ші разряд.
Достарыңызбен бөлісу: |