Жоспар: І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлім. Абай шығармалары тілінің этнолингвистикалық аспектілері 5-16


Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр талап



бет10/13
Дата16.09.2024
өлшемі58.89 Kb.
#503665
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Абайдың шығармаларындағы салт дәсүр

Ынсап, ұят, ар-намыс, сабыр талап,
Бұларды керек қылмас ешкім қалап…
Терей ой, терең ғылым іздемейді
Өтірік пен өсекті жүндей сабап[10], - деп кейбір жастардың іс-әрекетін қатты сынға алады. Абай қазақ қоғамындағы жас ұрпақтарды тәрбиелеуге байланысты ойларын бірнеше өлеңдерінде («Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» т.б.) айқын білдіреді. Ол халықтың артта қалушылығын, надандығын мінеп, әдебиет пен ағарту халыққа қызмет етуі, жалқаулыққа, ымырашылдыққа қарсы күрес жүргізуі қажет екендігін көрсетеді, прогресшіл орыс мәдениетіне жақындай түсуді уағыздайды. Мұндай күрделі міндеттерді шешудің жолдарын іздестіре келе, Абай өзінің «Қырқыншы сөзінде» жалпыға бірдей білім беру талабын ұсынып, қыздар да оқып, білім алу керек деп есептейді.
Ұлы ағартушы өз айналасын қоршаған әділетсіздік қазақ халқын аздырып бара жатқанын, жас ұрпақты тәрбиелеуге теріс ықпалын тигізетіндігін байқап, халықты, әсіресе, жастарды, адамгершілікке тәрбиелеуге ерекше көңіл аударды.
Ал жастар бойына дарытуға тиісті жоғары адамгершілік қасиеттер ретінде туған елге деген сүйіспеншілік пен ерлік, табандылық пен адалдық, парасаттылық пен сыпайылық, адамдарға қайырымдылықпен қарау, еңбек сүйгіштік, жарқын өмірге ұмтылушылық т.б. атап айтты. 1886 жылғы бір өлеңінде ақын:
Қартайдық, қайғы ойладық, ұлғайды арман,
Шошимын кейінгі жас балалардан.
Терін сатпай, телміріп көзін сатып,
Теп-тегіс жұрттың бәрі болды аларман[10],- деп өз кезіндегі жастардың осындай жағымсыз мінездері н қатаң сынға алды. Абай уақытын еңбексіз бос өткізетіндерді, еріншектерді, өсекшілдерді, адамгершілік қасиетке ұмтылмайтындарды мейлінше жек көрді. Ондайлар туралы:
Осындай сыйдаң жігіт елде мол-ақ,
Бәрі де шаруаға келеді олақ.
Сырын түзер біреу жоқ, сыртын түзеп,
Бар өнері – қу борбай – сымпыс шолақ-деп, күйзеле жазады ұлы ақын.
Гуманист – ақын Абайдың ХІХ ғ.орта шенінде халқымыздың бойындағы жағымсыз қасиеттерді қатты сынға ала отырып, айтқан ойларының, көтерген өзекті мәселелерінің бүгін де маңызды, күн тәртібінен түспей отырғандығын атап өткіміз келеді. Абайдың айтқан ойлары бүгінгі Мақатаев сияқты ақындарымыздың ойларымен үндесіп жатыр.
Табиғатты айтсын мейлі, махабатты айтсын, адамның ары мен арманын айтсын, жан түршіген міні мен арамза мінез-қылығын айтсын, қазақтың ақиық ақыны Мұқағали ағынан жарылып айтады, әрбір өлең жолынан ақынның жүрек лүпілін естіп, жан айнасын көреміз, адам бойында әлі де арылып болмаған сұмдық пен сараңдылықтан жериміз, жамандықтан түршіге түңілеміз. Сондықтан да ол:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет