Жүргізу о қулық



Pdf көрінісі
бет128/136
Дата11.09.2023
өлшемі5.87 Mb.
#477082
түріБағдарламасы
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   136
құрылыс машиналары кітабы

Стенд —машинаның жөндеуден кейінгі жиналмалы бірліктер және құрамдас 
бөліктерін сынақтан өткізуге арналған арнайы жарақтандырылған құрылғы.
Сұйықтық  — ағатын қасиетке ие, өзіндік формасы жоқ, сұйықтық құйылған 
ыдыстың формасын алатын физикалық зат.
Сүзгіштіктің толықтығы — гидрожүйе сүзгіші ұстап қалатын, лас 
заттардың ең кіші мөлшері.
Сыйымдылық — экскаватор шөміші немесе сұйықтыққа арналған аппараттың 
(ыдыстың) ішкі кеңістігінің көлемі.


Сынақ — тұтас машинаның және оның жиналмалы бірліктерінің техникалық 
мүмкіндіктерін анықтау үдерісі.
Сіргелеу — гайкалардың өздігінен бұралып кетуінің алдын алу үшін 
бұрандалы біріктірулерді шплинт көмегімен тоқтату әдісі.
 
 
Тарату қорабы — машинаның жетекші белдіктері арасындағы қуатты бөліге 
арналған құрылғы.
Тазарту — детальдардың, жиналмалы бірліктердің және жалпы машинаның 
сыртын кірен тазалау үдерісі.
Тарту күші — дөңгелектің айналу кезеңін дөңгелектің домалану радиусына 
бөлген кезде алынатын, машинаны қозғалтуға арналған дөңгелектегі тарту күші.
Тасымалдау жұмыстарымашиналарды, олардың құрамдас бөліктерін, 
материалдар мен жабдықтарды машинаға техникалық қызмет пен жөндеу 
жүргізілетін жерге жеткізу бойынша жұмыстар.
Тауарлық белгі — бір фирманың бұйымдарын басқа фирманың заттарынан 
ажырату үшін қызмет ететін, затта (тауарда) немесе оның қаптамасына қойылатын, 
бекітілген тәртіпте тіркелген белгі.
Тахометр — машина детальдарының айналу жиілігін өлшеуге арналған аспап.
Тежегіш — қозғалып келе жатқан машинаның немесе жұмыс тетігінің 
жылдамдығын азайту немесе толық тоқтатуға, оларды ұзақ уақыт тотқтаған 
қалыпта ұстап тұруға арналған тетік.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   136




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет