Кафедрасы 5В070400 "Есептеу техникасы және программалық қамтамасыз ету" мамандықтарына арналған


Жазатайым оқиғаларды тергеу және есепке алу



бет17/74
Дата27.01.2023
өлшемі1.19 Mb.
#468830
түріПрограмма
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   74
Силл Еңбекті қорғау ЕТжБҚЕ 17-18 1 сем Гумаров

2. Жазатайым оқиғаларды тергеу және есепке алу
Еңбек қауіпсіздігі – қауіпті және зиянды өндірістік факторларда жұмыс істейтіндерге әсер ететін еңбек шартының жағдайы. Өндірістегі жазатайым оқиға – жұмысшы еңбек міндеттерін немесе жетекшімен берілген жұмысты орындауда қауіпті өндіріс факторларының әсер етуі. Жазатайым оқиғаларға өткір уланулар, жылу соққылары, үсу мен найзағай түсу де жатады.
Жазатайым оқиғалардың себептері мен жағдайларын білікті анықтау, олардың дұрыс есепке алынуы мен олардың қайталануының алдын алу үшін ғана маңызды емес, сондай-ақ әлеуметтік мәні зор, ол жәбірленушіге шығынды қайтару туралы сұрақты тез шеше алады, қауіпсіз жұмыс шартын қамтамасыз ету бойынша жетекшімен жүргізілетін жұмысты дұрыс бағалау, жарақаттану себептерін жою бойынша шараларды өңдеуге көмегін тигізеді.
Жазатайым оқиға немесе жарақат – адам организмінің тосын сипат-тағы зақымдануы. Әртүрлі жағдайларда бұл зақымдану түрлі факторлардан болуы және соның нәтижесінде зардап шегуші үшін түрлі құқықтық мәселелер әкелуі мүмкін. «Еңбек қызметімен байланысты жазатайым оқиғалар мен қыз-меткерлер денсаулығының өзге де зақымдануларын тексеру және есепке алу» Ережелеріне сәйкес жазатайым оқиғалар төмендегідей түрде жіктеледі.
Жазатайым оқиғалардың жіктелуі:
а) өндірістегі жазатайым оқиға;
ә) өндірісте болған, бірақ онымен байланысы жоқ жазатайым оқиға;
б) жұмысқа байланысты жазатайым оқиға;
в) тұрмыстық жазатайым оқиға.
Өндірістегі әрбір жазатайым оқиғаны дұрыс, әрі дер кезінде зерттеу, жарақаттанудың себептерін анықтауға және профилактикалық шараларды жүргізуге, әкімшіліктердің жауапкершілігі мен зардап шегушіге өтем ақы төлеу мәселелерін шешуге мүмкіндік береді.
Өндірістік жарақаттанушылықты мақсаты сәтсіз оқиғалардың алдын алу бойынша шараларды дайындау мен себептерді анықтау болып табылады.
«Жұмыспен байланысты сәтсіз жағдай ұғымының жалпы сипаты бар, оған «өндіріспен байланысты сәтсіз оқиға» ұғымы енеді.
Жазатайым оқиғаларды тергеу мен есепке алу келесі шараларды ұсынады:
- жұмыс жетекшісіне жылдам хабар беру;
- жарақаттанған адамға дереу бірінші медициналық көмек ұйымдастырып, оны емдеу мекемесіне жеткізу;
- жазатайым оқиға туралы жоғары тұрған жетекшісіне хабар беру;
- тергеуге дейін оқиға болғандағы жағдаймен құралдарды сол қалпында сақтау (егер ол қоршаған ортаға денсаулығы мен өміріне зиянын тигізбесе, апат болмаса және үздіксіз жүргізілуі керек технологиялық процесті бұз-байтын болса);
- жазатайым оқиғаны тергеу бойынша құзырлы комиссияны құру;
- жазатайым оқиғаны тергеу 24 сағат ішінде өтеді (жағдайлар мен себептер анықталады, жазатайым оқиғаның қайталануының алдын алу бойынша шаралар анықталады);
- тәуліктік мерзім ішінде тек кәсіпорын жетекшісімен бекітілетін, Н-I формасы бойынша акт құрастырылады;
- жазатайым оқиғаларды арнайы есепке алу журналында бекітіледі.
Топтық жазатайым оқиға ауыр немесе өлімі бар жазатайым оқиғалар арнайы тергеуге жатады.
Жазатайымз оқиғалардың барлық материалдары мен Н-I формасы бойынша акт мұрағатқа 45 жыл көлемінде сақталуға беріледі. Жазатайым оқиға біліктілігі мен тергеу бойынша барлық дау сұрақтар әкімшілік тәртіпте немесе сот органдары арқылы шешіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет