I тарау Жүсiпбек Аймауытовтың өмiрбаяны.
1.1. Жүсiпбек Аймауытовтың өмiрi.
Екi заман шекарасында көзiн аша бастаған туған халқының арқылы, ойы, ары, баскөтерерi болып ,оның қамы үшiн,тағдыры мен болашағы үшiн бастарын тауға да,тасқа да соғып, ақыры бiр кездерде бiздiң елдi жайлаған,зорлық-зомбылы дертiнiң,социолисттiк заңдылықты бұзудың құрбаны болып кеткен арыстарымыздың қатарында Жүсiпбек Аймауытовта бар.
Ол- ақын, прозашы, рамашы сыншы, публицист, аудармашы. Әдебиеттiң әр алуан жанрларында белсендi қызмет ете отырып, Жүсiпбек жаңа дәiрдегi әдебиеттiң негiзiн салушылардың алды легiнде болды. Көптеген iрi шығ армаларымен жаңа iзденiстердi орнықтырды.
Жүсiпбек Аймауытов 1889 жылы Семей губерниясының Павлодар уезiнде Қызылтау болысының бiрiншi ауылында туған. Арғы аталары ауқатты болған деседi. Бiрақ Жүсiпбектiң өз әесi Аймауыт та, оның әесi Дәндібай да шағын шаруалы адамдар екен. Руы-Сүйiндiк. Бұл жағынан келгенде , Сүйiндiк iшiнде Айдабол ,Көлiктен шыққан атақты ақындар Сұлтанмахмұт Торайғыров , Мәшкүр Жүсiп Көпеевтермен Жүсiпбек әрi жерлес , әрi аталас . Жүсiпбектiң 15-жасқа дейiнгi өмiрi ауылында өтедi.Ол ауыл молдасынан оқып сауатын ашады.Тиiп-қашып, әр қилы молдалардың, өз айтуынша, Жүнiс Қожа, Шаймерден Қожа, Қожаахмет Қожа, Қапар Қожа, Мұхамеджанның алдын көрiп, ескiше едәуiр бiлiм алады. Содан кейiнгi бiраз уақыт өзi де молдалық құрып, бала оқытады. “Қартқожа» романында Жүсiпбек Аймауытов бала молда ретiн де өз өмiрiнiң осы тұсын суреттеген.
1907 жылы Жүсiпбек молдалықты тастап, Баянауылға барып орыс мектебiне түседi. «Оспанның(Аймауыттың iнiсi) Серебрянников дейтiн тiлмашы менi тәуiр көрушi едi. Баянда соның үйiнде жаттым. Баянда бiр қыс оқып,екi бөлiмiн бiтiрiп, келер жылы Керекудегi қазыналық ауыл шаруашылық школiне барып емтихан ұстадым» - дейдi ол.
Бiрақ ауыл шаруашылық мектебiнде ұзақ оқи алмайды. Бiр айдай ауыл шаруашылық жұмысына қатысып, одан кейiнгi екi ғана оқуға мүмкiндiк алған, Жүсiпбек мектеп режимi мен әдiлетсiздiкке қарсы бой көтерген балалардың қатарында оқудан шығып қалады. Осыдан кейiн бiраз уақытын ол ауылда бала оқытумен,Баяндағы мектептiң үшiншi класында оқуын жалғастырумен өткiзедi. Содан 1911 жылы Керекуге келiп, екi класты орыс-қазақ мектебiне орналасады. Әуелi сол мектепте , кейiн интернатта бiлiм алып, 1914 жылы Семейдегi мүғалiмдер семинариясына түседi, оны 1919 жылы бiтiредi. Семейде ол «Абай» журналын шығарысады.Аймауытовтың саяси-әлеуметтiк қызмет сапары 1919 жылдан басталады.
1919 жылы Жүсiпбек Алашордадан бөлiнiп, Кеңес үкiметi жағына шығады. Коммунисттiк партияның қатарына өтедi.Семейде , Павлодарда партия, кеңес жұмыстарын атқарады. 1920 жылы Қазақстан кеңестерiнiң съезiне делегат болып қатысады,сол жылы қаңтар айында Жүсiпбек партия қатарына кiредi. Содан кейiн Қазақ АССР Халық ағарту комиссариятында басшылық қызметте ( комиссардың орынбасары болып ) қалады. 1921 жылы Семей губерниялық оқу бөлiмiнiң меңгерушiсi, кейiн « Қазақ тiлi » газетiнiң редакторы болып iстейдi. 1922-1924 жылдары Қарқаралыда мектеп мұғалiмi, ал, 1924-1926 жылдары Ташкентте шығатын « Ақ жол » газетiнiң редакциясында қызмет атқарады. Бұдан кейiн 1926-1929 жылдары Шымкент педагогтiк техникумының директоры болады . Ара-тұра сол кездегi саяси науқандарға араласады. Торғай уезiнiң ашықққан халқына жәрдем ұйымдастырып, жиналған малды « өзi пайдаланып кеттi» деген жаламен жауапқа тартылып, артынан ақталады. Содан 1929 жылы « Қазақстандағы ұлтшылдық ұйыммен байланысы бар » деген сылтаумен қайта тұтқынға алынады.
1931жылы Жүсiпбек Аймауытов 42 жасында ,нағыз шығармашылық толысқан кезiнде қыршынынан қиылды.
Алғаш өлең жазумен әуестенiң Жүсiпбек 13 жастан деп санайды.«Дұғалық жазатын кiшкене қара шолақ кiтапшама тiленшi шалға есiгiн ашпаған бiр кемпiрдi,көшкенде байталға мiнбеймiн деп әкесiн ренжiткен қызды өлең қып жазып қойғанымды әкем көрiп,маңдайымнан иiскегенi әлi есiмде. Содан соңғы өлең жазғаным 19-20 жастар кезiмде болса керек. Бiр бала молдамен айтысып, өлең жазғаным бар. 1912 жылы жазған өлеңдерiм ескi дәптерiмде әлi сақтаулы. Абайға елiктеппiн. Ең алғаш басылған сөзiм – 1913 жылы болса керек , бiр ақылық алыпсатардың болыс болам деп , елге бiр месте шай апарып , елдiң қулары болыс қоямыз деп, шайларын алдап алып , бос қайтқаның жазып едiм. Бұл хабар «Қазақ» газетiнде басылды. Сол хабардың басылуы қалам ұстауыма үлкен себеп болды. 1916 жылы қазақтан жұмысшы алудың артынан пьеса жаза бастадым.Алғаш жазған 5 перделi пьесам жарыққа шықпады » -деп жазған.
Оқуы мен қызмет бабына байланысты, 1914 жылдан бастап , он жылдай Семейде болған кезiнде Жүсiпбектiң жақсы қарым-қатынас жасасқан, көңiлдес, достас адамдары, Шәкәрiм ,Көкпай , Сұлтанмахмұт , Сәбит Дөнентаев , Иса Байзақов , Жұмат Шанин , Майра , Әмiре сияқты әдебиет , өнер қайраткерлерi.
Жүсiпбектен қалған мұра аса бай. Оның iшiнде «Қартқожа», « Ақбiлек» романдары, « Күнiкейдiң жазығы» повесi мен көптеген әңгiмелер, « Рабиға » , « Мансапқорлар» , « Сылаң қыз », « Ел қорғаны », «Қанапия-Шарбану » ,« Шернияз » атты пьесалар, өлеңдер мен « Нұр күйi » поэмасы, балаларға арналған ертегi кiтапшалар, сын мақалалар мен көптеген аударма кiтаптар, оқулықтар бар. ‡з кезiндегi газет-журналдар бетiнде Жүсiпбек жазған мақалалар да бiрсыпыра.
Әлеуметтiк төңкерiстер заманында өмiр сүрген Аймауытов өзiнiң қысқа ғұмырында артына аса бай әдеби, ғылыми мұра қалдырды. Ол В.Шекспир, В.Гюго, Г.Мопассан, А.Дюма, А.С.Пушкин, Р.Тагор, Н.В.Гоголь, Л.Н.Толстой, Дж.Лондон шығармаларын, « Интернационалды», бiрқатар ғылыми еңбектердi қазақ тiлiне аударды. Педогогикалық психология, методика, эстетикалық тәрбие туралы зерттеулер жазды, әдебиет, эстетика, сын саласына қатысты, сан алуан публицист мақалалар жазды.
1918-1919 жылдары М.Әуезовпен бiрге Семейде « Абай » журналын шығарып, «Екеу» деген біркеншiк атпен , Әуезовпен бiрлесiп, «Абайдың өмiрi және қызметi» (1918 №2) , « Абайдан кейiнгi ақындар » ( 1918 №3) деген мақалалар жазды.
Достарыңызбен бөлісу: |