Кодексі Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі n 477 Кодексі "Егемен Қазақстан"



бет1/8
Дата20.07.2016
өлшемі443 Kb.
#211270
түріКодекс
  1   2   3   4   5   6   7   8
Қазақстан Республикасының Орман кодексі

Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі N 477 Кодексі


"Егемен Қазақстан" 2003 жылғы 19 шілде N 180-181; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2003 жыл., N 16, 140-құжат.


Мазмұны

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша:


      «(республикалық маңызы бар қаланың, астананың)» деген сөздер «, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың» деген сөздермен;
      «мемлекет қажеттiктерi үшін», «мемлекет қажетіне», «мемлекет қажеті үшін» деген сөздер «мемлекет мұқтажы үшін» деген сөздермен;
      «мәдени-сауықтыру, рекреациялық» деген сөздер «сауықтыру, рекреациялық, тарихи- мәдени» деген сөздермен;
      «Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiне», «Қазақстан Республикасының жер туралы заң актiсiнде», «Қазақстан Республикасының жер туралы заңнамалық актiсiне» деген сөздер тиісінше «Қазақстан Республикасының Жер кодексіне», «Қазақстан Республикасының Жер кодексінде» деген сөздермен;
      «облыстық атқарушы орган», «облыстық өкiлдi органдардың», «облыстық атқарушы органдар», «облыстық атқарушы органның», «Облыстық атқарушы органның», «облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша облыстық өкiлдi органның» және «облыстық атқарушы органның ұсынуы бойынша облыстық өкiлдi орган» деген сөздер тиісінше «облыстың  ергілікті атқарушы органы», «облыстың жергілікті атқарушы органымен», «облыстың жергілікті өкiлдi органының», «облыстың жергілікті атқарушы органдары», «облыстың жергілікті атқарушы органының», «Облыстың жергілікті атқарушы органының», «облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша облыстың жергілікті өкiлдi органының» және «облыстың жергілікті атқарушы органының ұсынуы бойынша облыстың жергілікті өкiлдi органы» деген сөздермен;
      «мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен», «Мемлекеттiк бюджет қаражаты есебiнен» деген сөздер «бюджет қаражаты есебiнен», «Бюджет қаражаты есебiнен» деген сөздермен;
      «жануарлар дүниесiн қорғау, молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» деген сөздер «жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы» деген сөздермен ауыстырылды - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1-бөлім. Жалпы ережелер

1-тарау. Негізгі ережелер

      1-бап. Қазақстан Республикасының орман заңдары

      1. Қазақстан Республикасының орман заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актiлерiнен тұрады.
      2. Өсiмдiктер (ормандардан басқа) мен жануарлар дүниесiн, су объектiлерiн, жер қойнауын, жердi, атмосфералық ауаны, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану мен қорғау саласындағы құқықтық қатынастар Қазақстан Республикасының арнайы заңдарымен реттеледi.
      3. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, халықаралық шарттың ережелері қолданылады.

      2-бап. Осы Кодекспен реттелетін қатынастар

      1. Осы Кодекс орман қорын иелену, пайдалану, оған билiк ету жөнiндегi қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ орман қорын күзетудiң, қорғаудың, молықтырудың, оның экологиялық және ресурстық әлеуетiн көтерудiң, оны ұтымды пайдаланудың құқықтық негiздерiн белгiлейдi.
      2. Орман құқығы қатынастарын реттеу орман биосфераның ғаламдық экологиялық, әлеуметтiк және экономикалық мәнi бар аса маңызды компоненттерiнiң бiрi болып табылатыны негiзге алына отырып жүзеге асырылады.

      3-бап. Қазақстан Республикасы орман заңдарының


              принциптерi

      Қазақстан Республикасының орман заңдары:


      1) ормандардың климатты реттейтiн, орта түзетiн, егiс-топырақ қорғау, су сақтау және санитарлық-гигиеналық функцияларды орындайтын жалпымемлекеттiк мәнiн мойындау;
      2) ормандарды тұрақты дамыту (Қазақстан Республикасының орманды аумақтарын тұрақты ұлғайту);
      3) ормандардың, мемлекеттiк табиғи-қорық қоры объектiлерiнiң, мәдени және табиғи мұраның биологиялық әралуандығын сақтау;
      4) ормандарды көп мақсатқа пайдалану;
      5) орман ресурстарын ұтымды, үздiксiз, сарқылмайтындай етiп пайдалану;
      6) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру мен орман өсiру саласындағы мемлекеттiк реттеу, бақылау және қадағалау;
      7) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу мен алынған сүректi қайта өңдеудi жүзеге асыру функцияларынан орман пайдалануды реттеу функцияларының ара жiгiн ажырату;
      8) Қазақстан Республикасының орман заңдарын бұзудан келтiрiлген залалдың орнын толтыру;
      9) орман ресурстарын ақылы пайдалану;
      10) орман қорының жай-күйi туралы ақпараттың қол жетiмдiлiгi;
      11) халықтың және қоғамдық бiрлестiктердiң орман қорын күзетуге және қорғауға қатысу принциптерiне негiзделедi.
      Ескерту. 3-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2006.07.07 N 176, 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      4-бап. Осы Кодексте пайдаланылатын негiзгi ұғымдар



      Осы Кодексте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) агроорман-мелиорациялық екпе – ауыл шаруашылығы үшiн қолайсыз табиғи факторлардың әсерiн азайтуға мүмкiндiк беретiн қорғаныштық орман екпесi;
      2) ағаш және бұта тұқымдыларының селекциясы (орман селекциясы) – шаруашылық және өзге де құндылығы бар орман тұқымдыларының түрлерi мен сорттарын табиғи популяция арқылы iрiктеу немесе қолдан өсiру жөнiндегi iс-шаралар кешенi;
      3) ағашы кесiлген жер – екпе ағашы кесiп алынған, ал орманның жаңа түптерi әлi көтерiле қоймаған орман алаңы;
      4) ағаштың заңсыз кесілуі – Қазақстан Республикасының орман қорында ағаштар мен бұталарды, оның ішінде табиғи, антропогендік және техногендік факторлардың салдарынан зақымданған және жойылған ағаштар мен бұталарды: ағаш кесу билетінсіз; ағаш кесу билеті бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларын бұзып, ағаш кесу билетінде белгіленген мерзімдерді сақтамай кесу; есепті кеспеағаш аймағынан асып түсетін мөлшерде кесу;
      5) алаңқай жерлер – ағашы жоқ, бiрақ орман өсiмдiктерiнiң элементтері сақталған орман алаңы;
      6) аралық мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу – орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу, iрiктеп санитариялық мақсатта ағаш кесу, құндылығы төмен орман екпелерін, сондай-ақ қорғаныштық, су сақтау және басқа да функцияларынан айырылған екпелерді қайта жаңғыртуға байланысты кесу, жекелеген талшыбықтарды кесу;
      7) арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер – өнеркәсiптiк, энергетикалық, тағамдық және өзге де мақсаттар үшiн қолдан өсiрiлетiн екпелер;
      8) артықшылығы бар ағаш – дәл сондай орман өсiру жағдайларында өзiмен қатар өсiп тұрған, өзiмен бiр жастағы және бiрдей фенологиялық нысандағы айналасындағы ағаштардан бiр немесе бiрнеше шаруашылық жағынан құндылық белгiлері мен қасиеттерi бойынша айтарлықтай асып түсетiн ағаш;
      9) артықшылығы бар ағаштар клондарының мұрағаттары – артықшылығы бар ағаштардың гендiк қорын сақтау және тұқым қуалау қасиеттерiн зерттеу мақсатында олардың вегетативтік тұқымдарын пайдалану арқылы өсiрiлген екпелер;
      10) артықшылығы бар екпе – орман өсiрудiң белгiлi бiр жағдайларында өнiмдiлiгi жоғары және тұрақты екпе;
      11) аса құнды орман алқаптары – тұқымдық құрамы бойынша сирек кездесетiн және эндемиктiк тұқымдар бар бiрегей орман; өнiмдiлiгi мен гендiк сапасы бойынша бiрегей ормандар; күрделi табиғи жағдайларда маңызды қорғаныштық функциялар орындайтын ормандар;
      12) аэрофототүсірілім – жер иеліктерінің шекарасын картаға түсіру, анықтау; қоршаған ортаны зерттеу мен оның мониторингі үшін аэрофотосуреттерді пайдалану мақсатында аэрофотоаппараттың көмегімен әуе кемелерінен және басқа да ұшу аппараттарынан аумақты фотосуретке түсіру;
      13) басты мақсатта пайдалану үшiн ағаш кесу - сүрек дайындау үшiн толысқан және қураған сүрекдiңдердi кесу;
      14) биологиялық әралуандық - белгiлi бiр аумаққа тән өсiмдiктер мен жануарлар организмдерiнiң жиынтығы;
      15) биоценоз - белгiлi бiр, салыстырмалы түрде бiртектi жер учаскесiн немесе су айдыны учаскесiн мекендейтiн және өзара қарым-қатынастағы өсiмдiктердiң, жануарлар мен микроорганизмдердің жиынтығы;
      16) гендiк қор - дарақтардың бiр тобы гендерiнiң (популяциялардың, популяциялар тобының немесе түрлердiң) олардың белгiлi бiр ұшырасу жиiлiгiмен сипатталатын шектегi жиынтығы;
      17) географиялық дақылдар - жаңа жағдайларда сынақтан өткiзу мақсатымен бiрнеше экотиптердiң (климатиптердiң) неғұрлым тән популяцияларының тұқымдық ұрығынан арнаулы әдiстемелер бойынша өсiрiлетiн тәжiрибелiк дақылдар;
      18) дериват – туынды өсімдік және одан немесе оның туындысынан жасалған өнім;
      19) зияндылықтың экономикалық шегi - орман ресурстарына келтiрілген залал құны бойынша осы зиянкестермен күресуге жұмсалатын шығыннан артып кететiн орман зиянкестерiнiң тығыздығы;
      20) кемiстiгi бар екпе - орман өсiрудiң белгiлi бiр жағдайлары үшін шығымдылығы төмен және сапасы нашар екпе;
      21) кеспеағаш аймағы - ағаш кесудiң барлық түрлерi үшiн бөлiнген немесе ағаштары кесiлу сатысындағы орман учаскесi;
      22) кеспеағаш аймағын бөлу - шекараны нақтылы және кеспеағаштарды таксациялай отырып айқындау, кесуге жатқызылған ағаштарға белгi соғу, кеспеағаш аймағында есепке алынған сүректердi заттай және ақшалай бағалау жөнiндегi iс-шаралар;
      23) кеспеағаш аймағынан тыс қоқыс - кеспеағаш аймағынан тыс жерде жатқан және өнеркәсiптiк мақсаттарда дайындалмайтын ағаштың (дiңдердiң және бұтақтардың) табиғи құлап, үзiлiп түсуi;
      24) кесу жасы - сүрекдiңдердiң толыса бастаған санатынан толысқан санатына өтуден басталатын және басты пайдалану мақсатында кесуге болатын жасы;
      25) кесiлмеген ағаш – кесуге арналған, бiрақ ағаш кесу билетiнде көзделген мерзiмде кесiлмеген орман ағаштары немесе учаскелерi;
      26) қала ормандары – қалалық елдi мекеннің шекарасында өсетін және мемлекеттік орман қоры құрамына енетін, негізінен санитариялық-гигиеналық және рекреациялық функцияларды орындайтын табиғи және (немесе) қолдан өсірілген екпелер;
      27) қалыпты екпе – орман өсiрудiң белгiлi бiр жағдайында өнiмдiлiгi жоғары және орташа, сапасы жақсы және орташа екпе;
      28) қосалқы сүрек ресурстары (материалдары) (бұдан әрi - қосалқы сүрек ресурстары) – ағаштар мен бұталардың қабықтары, бұтақтары, томарлары, тамырлары, жапырақтары, бүршiктерi;
      29) мемлекеттiк орман қоры алқабы – орман орналастыру кезiнде орман қорын мемлекеттiк есепке алу, арнайы картаға түсiру және орман шаруашылығы iс-шараларын жоспарлау мақсатында мемлекеттiк орман қоры құрамында бөлiнетiн жер учаскелерi;
      30) мемлекеттiк орман қорының санаты – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен бөлiнген мемлекеттiк орман қорының ерекше қорғалатын, су сақтау, санитариялық-гигиеналық, рекреациялық, ғылыми немесе өзге де арнайы мақсаттағы, аумағында орман шаруашылығын жүргiзу мен орман пайдаланудың ерекше режимi белгiленген бiр бөлiгi;
      31) мемлекеттiк орман орналастыру ұйымы – қызметi орман ресурстарын есепке алуды, орман қорын аумақтық орналастыруды, ормандардың мемлекеттiк мониторингiн, орман шаруашылығын жүргiзуді жоспарлауды және орман пайдалануды қамтамасыз етуге бағытталған орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органның қарауында болатын республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын;
      32) орман – ағаш пен бұта өсiмдiктерiнiң және тірі табиғаттың басқа да компоненттерiнiң жиынтығы негiзiнде белгiлi бiр аумақта қалыптасатын, қоршаған ортамен өзара байланыстағы және маңызды экологиялық, экономикалық және әлеуметтiк мәнi бар табиғи кешен;
      33) орман аурулары – қоршаған ортаның қолайсыз факторларынан немесе ауру өсiмдiктерден сау өсiмдiктерге берiлетiн организмдерден туындайтын және өсiмдiктер құрылысының өзгеруiне немесе олардың құрып кетуiне әкеп соқтыратын патологиялық процестер;
      34) орман дақылдары – орманның ағаш және бұта тұқымдыларынан қолдан өсірілген екпелер;
      35) орман дақылдарының қоры – орман көмкермеген жерлер (ағашы кесілген орындар, өртеңдер, алаңқайлар, селдір ормандар) және ормандануы орманды қолдан өсіру арқылы ғана мүмкін болатын ормансыз жерлер;
      36) орман зиянкестерi – орман екпелерiн зақымдайтын организмдер;
      37) орман иелену – орман шаруашылығын жүргiзу және орман пайдалану, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс iстеуi үшiн мемлекеттiк орман иеленушiлерге Қазақстан Республикасының Үкiметi беретiн мемлекеттiк орман қоры учаскелерiн иелену және пайдалану құқығы, сондай-ақ жекеше орман иеленушiлерге осы Кодексте белгiленген тәртiппен берiлетiн жекеше орман қорын иелену, пайдалану және оған билiк ету құқығы;
      38) орман иеленушiлер – мемлекеттiк орман қоры учаскелерi тұрақты жер пайдалану құқығымен берiлген мемлекеттiк ұйымдар, сондай-ақ осы Кодекске сәйкес жекеше орман қоры учаскесi меншiгiнде болатын жеке және мемлекеттiк емес заңды тұлғалар;
      39) орман қарау аймағы – орманшылық аумағын күзету үшiн бiр орманшыға бекiтiлiп берiлетiн, осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен айқындалатын орманшылық аумағының бiр бөлiгi;
      40) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік бақылау – орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның Қазақстан Республикасының заңнамасы белгілеген талаптарға тексерілетін субъектілер қызметінің сәйкес келуі нысанасына оларды тексеру және бақылау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша жедел араласпай-ақ құқық шектеу сипатындағы шаралар қолданылуы мүмкін;
      41) орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсіру саласындағы мемлекеттік қадағалау – орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның тексерілетін субъектілердің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауын тексеру және бақылау жөніндегі қызметі, оны жүзеге асыру барысында және оның нәтижелері бойынша құқық шектеу сипатындағы шаралар, оның ішінде жедел ден қою шаралары қолданылуы мүмкін;
      42) орман қорын пайдалану – жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгiленген орман пайдалану, сондай-ақ орман қоры аумағындағы жердi, суды және кең таралған пайдалы қазбаларды шаруашылық және өзге де мақсаттарда пайдалану құқығы;
      43) орман қорын түгендеу – орман қорының жекелеген учаскелерiнiң сандық және сапалық көрсеткiштерiн сипаттау, картаға түсiру және анықтау жөнiндегi жұмыстар кешенi;
      44) орман орамы – орман шаруашылығын жүргізуді ұйымдастыру үшін қызмет ететін жергілікті жерде орман жолдарымен, табиғи шептермен (өзен жағалаулары, тау жоталары, жолдар және басқалар) шектелген орман қоры аумағының бір бөлігі;
      45) орман өрт сөндіру станциясы – орман өрттерінің алдын алу және оларды уақтылы жою жөніндегі шаралардың жүргізілуін қамтамасыз ететін өртке қарсы қызмет пен техниканы орналастыруға арналған мемлекеттік орман иеленушінің объектісі;
      46) орман өсiру – бұрын орман болмаған аумақтарда ағаш екпелерiн қолдан отырғызу және өсiру;
      47) орман пайдалану – орман ресурстары мен орманның пайдалы қасиеттерiн пайдалану жөнiндегi заңдық және экономикалық жағынан регламенттелген қызмет;
      48) орман пайдаланушы – осы Кодексте белгiленген тәртiппен уақытша орман пайдалану құқығы берiлген жеке немесе заңды тұлға;
      49) орман питомнигі – орман қоры аумағының ағаш және бұта тұқымдас екпе материалдарды өсiруге арналған учаскесi;
      50) орман соқпағы – орман орамдарының шекараларын белгiлеу немесе өзге мақсаттар үшiн ағаш және бұта өсiмдiктерiнен тазартылып жасалған белдеу;
      51) орман телімі – бастапқы орман шаруашылығы есептік бірлігі болып табылатын, орман орамы аумағының таксациялау сипаттамалары, топырақ-типологиялық жағдайлары және шаруашылық маңызы бойынша біртекті бөлігі;
      52) орман тұқымы плантациясы – берілген тұқым қуалаушылық қасиеттерi және себу сапасы жоғары сорттық, элиталық немесе будан тұқымдарын жүйелі түрде (ұзақ уақыт бойы) алуға арналған артықшылығы бар ағаштардың тұқымды, немесе вегетативтік ұрпағы болып табылатын өсімдіктердің арнаулы генетикалық схема бойынша отырғызылып, қолдан өсірілген екпесі;
      53) орман тұқым шаруашылығы – тұқым қуалаушылық қасиеттерi құнды және себу сапасы жоғары тұқым алуға бағытталған орман тұқымдарын дайындау, өңдеу, сақтау және пайдалану, олардың сапасы мен шығу тегiне бақылау жасау жөнiндегi iс-шаралар кешенi;
      54) орман шаруашылығы – орман қорын күзету және қорғау, ормандарды молықтыру мен орман өсiру, орман пайдалануды реттеу және оның жүзеге асырылуын бақылау жөнiндегi iс-шараларды қамтитын орман қорын зерттеу және оның есебiн жүргiзу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын экономика саласы;
      55) орман шаруашылығын жобалау – орман өсімдіктері, агроорман-мелиорациялық, өртке қарсы іс-шараларды, орман және аңшылық шаруашылығы объектілерін салуды жобалау жөніндегі жұмыстардың кешені;
      56) орман шаруашылығы жолдары – орман шаруашылығы, өртке қарсы мақсаты бар, орман шаруашылығын жүргізу және орман пайдалануды жүзеге асыру үшін орманды аумақтардың қол жетімділігін қамтамасыз ететін орман шаруашылығы объектілері;
      57) орман шаруашылығы мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрі – орман мекемесі) – мемлекеттiк орман қорын күзету және қорғау, ормандарды молықтыру және орман өсiру, орман пайдалануды реттеу жөнiндегi іс-шараларды жүзеге асыру үшiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен құрылған мекеме;
      58) орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) – орман қорын күзету, қорғау, пайдалану, ормандарды молықтыру және орман өсiру саласында басқару, бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыратын мемлекеттiк орган;
      59) орман шаруашылығы iс-шаралары – орман қорын күзету, қорғау, ормандарды молықтыру және орман өсiру, орман пайдалануды реттеу жөнiнде орман орналастыру материалдары негiзiнде жүргiзiлетiн ұйымдастырушылық және техникалық iс-шаралар кешенi;
      60) орман шеберiнiң учаскесi – орманшылық аумағының құрамында екi және одан да көп орман қарау аймағы бар бiр орман шеберiне бекiтiлген және орман шаруашылығы iс-шараларын орындауға арналған бiр бөлiгi;
      61) ормандағы өрт қаупi бар маусым – климат және ауа райы факторларын негiзге алып, орман шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган, облыстық атқарушы орган айқындайтын, орман өртi шығу қаупi болуы мүмкiн күнтiзбелiк жылдың бiр бөлiгi;
      62) ормандану – ағаш өспеген алқаптарда орманды қолдан өсiру немесе орманның табиғи түрде өсуі;
      63) ормандарды күзету – орман өртiнiң алдын алу және орман өртiне, ағаштың заңсыз кесiлуiне және Қазақстан Республикасының орман заңнамасын басқа да бұзушылықтарға қарсы күрес жөнiндегi iс-шаралар жиынтығы;
      64) орманды күтiп-баптау мақсатында ағаш кесу – жоғары өнiмдi және төзiмдi екпелердi қалыптастыру мақсатында екпелердiң арасынан өспей қалған немесе ағаштардың басты тұқымдарының өсуiне кедергi келтiретiн ағаштарды жою жолымен жүзеге асырылатын орманды мерзiмдiк күтiп-баптау;
      65) орманның қайта түлеуі – сүрекдiңдер арасында, сондай-ақ ағашы кесiлген, өрт шалған және бұрын орман болған басқа да алаңдарда орманның жаңа түптерiнiң пайда болуының табиғи процесi;
      66) орманды қорғау – орманды орман зиянкестерінен, ауруларынан және табиғи, антропогендiк және техногендік сипаттағы қолайсыз факторлар әсерiнен қорғау жөнiнде жер үстiндегі және авиациялық әдiстермен жүзеге асырылатын iс-шаралар жиынтығы;
      67) орманды молықтыру – орман ағаштарын отырғызуға немесе орманды күтiп-баптау және оны сауықтыру жөнiндегi шараларды қоса алғанда, бұрынғы орманды алаңдарды табиғи түрде қайта жаңғыртуға ықпал ететiн шаралар жүргiзу;
      68) орманды (кеспеағаш аймағын) таксациялау – орман ресурстарының, соның iшiнде кесу көзделетiн екпе ағаштардың сапалық және сандық сипаттамаларын анықтау, есепке алу, бағалау жөнiндегi iс-шаралар;
      69) орманды өңір – қандай да бір аумақта орман басқан жерлердiң оның жалпы алаңына орман өскен жердiң арақатынасы арқылы анықталып, пайызбен белгiленетiн дәрежесi;
      70) орманның аса қауiптi зиянкестерi – жаппай көбейiп, таралатын, сөйтiп ормандарға зияндылықтың экономикалық шегiнен асып кететiн залал келтiретiн зиянкес организмдер;
      71) орманның генетикалық резерваты – өсiмдiктер түрi, түр тармағы популяциясының генетикалық-селекциялық тұрғыдан құнды бөлiгi бар орман учаскесi;
      72) орманның жинақталмаған ағаштары – қолдан өсiрiлген (себiлген немесе отырғызылған), бiрақ орманды алқаптарға көшiрiлмеген ағаштар;
      73) орманның санитариялық жай-күйi – қоқыстанған, солып қалған және қураған ағаштардың болуы, зиянкестер санының және орман аурулары таралуының қарқыны, орманның жай-күйіне керi әсер ететiн басқа да жағымсыз факторлар туралы мәлiметтердi қамтитын орман жай-күйiнiң сипаттамасы;
      74) орманшылық – орман иеленушiнiң өз шекарасында орналасқан, орман шаруашылығы iс-шараларын жоспарлау мен орындауға, орман пайдалану көлемiн есептеуге арналған құрылымдық бөлiмшесi;
      75) өртең – екпе ағашын өрт жойып жiберген, ал жаңа түптерi әлi көтерiле қоймаған орман алқабы;
      76) өскiн – орман жапырақтары астында немесе ағашы кесiлген жерде қалып қойған, көтеріліп өсуге немесе аналық сүрекдiңдердi алмастыруға жарамды ағаш өсімдіктерінің жас шыбықтары;
      77) санитариялық мақсатта ағаш кесу – орманның санитариялық жай-күйiн жақсарту мақсатында жүргiзiлетiн ағаш кесу (iшiнара, жаппай), оның барысында жекелеген ауру, зақымданған, солып қалған және қураған ағаштар кесiледi;
      78) селдiреу – жуандығы 0,1 - 0,2 мөлшерiндегi жасы бiрiншi және екiншi сыныптағы шыбықтарды қоспағанда, табиғи түрде қалыптасқан сүрекдiңдер;
      79) сөл алу – ағаштардың дiңдерiнен шайыр, сөл алу үшiн оларды көктеп-өсу кезеңiнде қолдан зақымдау;
      80) сүрекдiң – орман екпелерiнiң негiзгi компоненті болып табылатын ағаштар жиынтығы;
      81) тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылары – өнеркәсіптік және энергетикалық мақсаттарда арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер құру үшін өсірудің қарқынды агротехникасы қолданылатын ағаш және бұта тұқымдылар;
      82) тексеру кезеңi – орман шаруашылығын жүргiзу үшiн орман орналастыру жобасы немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақты басқару жоспары әзiрленетiн мерзiм;
      83) тұрақты орман тұқым базасы – тұқым қуалаушылық қасиетi құнды және себу сапасы жоғары тұқым алу үшiн Қазақстан Республикасының орман заңнамасында белгiленген тәртiппен мемлекеттiк орман қорында аумағы жағынан бөлiнген, селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектiлер жиынтығы;
      84) тұрақты орман тұқымы учаскесі – осы орман өсiру жағдайларында ұзақ уақыт бойы тұқым алуға арналған артықшылығы бар екпелерде, тұқым плантацияларында артықшылығы бар ағаштардан дайындалған тұқымдардан өсірілген, егiлген немесе отырғызылған көшеттерден жасалған жоғары өнімді табиғи түрдегі немесе орман дақылдары екпелерінің қалыптасқан учаскелері;
      85) усадьба – ағаш өспеген алқаптарға жататын, орман шаруашылығын жүргiзумен және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жұмыс iстеуiмен байланысты тұрғын үйге арналған және кiсi тұрмайтын қора-жайлар орналасқан жер учаскелерiн бiлдiретiн мемлекеттiк орман қоры алқаптарының түрi;
      86) шайыр – қылқан жапырақты ағаштар зақымданған кезде бөлiнетiн қоймалжың зат;
      87) шоқ ормандар – орманды дала аймағында шағын учаскелер (0,1-ден 30 гектарға дейін) болып өсетін табиғи ормандар.
      Ескерту. 4-бап жаңа редакцияда - ҚР 2012.01.25 № 548-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет