9-лекция.
Психикалық ауруларды зерттеу.
(1 сағат)
Жоспары:
-
Психикалық ауруларды зерттеу тәсілдері.
-
Тәжірибелік психологиялық зерттеу.
3. Түсініктердің топтастырылуы.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
-
Илешева Р.Г. Психические болезни. Казахская ССР. Краткая энциклопедия, Алматы.
-
Илешева Р.Г. Аффективные психозы в позднем возрасте. Алматы, 1981.
Қосымша:
-
Руководство по психиатрии ( ред. А.В. Снежневский). Москва, Медицина, 1983.
-
Сухарева Г.Е. Клинические лекции по психиатриии детского возраста. Т. 1, М., Медгиз, 1955-1965гг.
Лекцияның мәтіні:
Психикалық ауру адамды тексерудің негізгі тәсілі ретінде сол адаммен әңгімелесу және оның жүріс-тұры-сын бақылау қолданылады. Аурумен әңгімелесу белгілі бір жүйеде өткізілуі керек. Әңгіме кезінде онын өмірі және анамнезімен танысып, ол туралы барлык мәлімет ауру тарихына не емханалық картаға жазылады. Ауру-дың өмірін, анамнезін анықтағанда төмендегідей дерек-тер алынады.
Ауру адамның туыстары және оның айналасындағы-лар туралы мәлімет. Ата-анасы мен жақындарынла психикалық аурулар, маскүнемдік, улану, нашақорлық, соматикалык аурулар және олардың мінез-құлқында ауыткулардың бар-жоғын анықтау.
Ауру адамның дамуы туралы. Шешесінің екі қабат кезіндегі жағдайы мен босануы, аурудың бала кезіндегі физикалық және психикалық дамуы, қандай жаста отырды, жүрді, сөйледі, оқыды, бала кезінде және мек-теп жасында қаңдай аурулармен ауырды, закымдануы, улануы, қабілеті, еңбек өмірін қандай мамандықтан бас-тады. Жыныстық және отбасының өмірі, психикалық зақымдануы, соматикалық аурулары (жұқпалы және басқа аурулар). Ми-бассүйек зақымдануы, олардың ауырлық деңгейі, темекі шегу, арақ ішу, уланатын және нашақорлық заттарды пайдалану-пайдаланбауы. Тұр-мыс және материалдық жағдайы, отбасындағы психо-логиялық жағдайы.
Аурудың анамнезімен танысқанда оның алғашқы белгілері, артынан білінген белгілері туралы толық мә-лімет алуға тырысу керек. Ауру адамнан қандай ем қа-былдағанын, оның қалай әсер еткені туралы сұрап, егер ол бұрын ауруханада жатса, қалай емделді, онан соң ауруынан жазылды ма, жұмыс істеп, окуын оқыды ма? Осыларды білу керек. Жазылып шығу мен қайтадан ауруханаға түсу не тексерілуге дейінгі мерзімдегі мәлі-меттерді катамнез дейді. Қатамнездегі мәліметтер ауру-дың барысын, ауру адамның өмірге бейімделуін білу үшін аса құнды.
Психиатриялык тәжірибеде аурудың езінен алынған мәліметтер жеткіліксіз болады. Оның емірі және ауруы туралы жақын туысқандарьшан сұрау керек. Аурудын өзі айтқандары — субъективті анамнез, ал жақындары айтқаны — объективті анамнез болып саналады. Объек-тивті анамнездің мәліметтері субъективті анамнезді то-лықтырады. Бұдан басқа ауруды толық соматикалык тексеруден өткізу керек. Оның ішкі ағзаларын, нерв жүйесін тексеру кажет. Жан-жақты тексерулерді өткізу үшін психиатриялық ауруханаларда негізгі психиатр дәрігерінен басқа кеңесші (консультант) ретінде тера-певт, окулист, стоматолог, құлақ-тамақ дәрігері, невро-патолог, физиотерапевт, сексопатолог, педиатр болады. Ауру адамдарды зерттеуде психолог дәрігерге көп кө-мек көрсетеді. Қерек жағдайларда баска мамандағы дәрігерлер консультацияға шақырылады (жұкпалы, бүйрек, екпе ауруларының дәрігерлері).
Зәр мен қанның жалпы анализі, оларды биохимиялық түрде зерттеу, жұлын сұйығын зерттеу сияқты па-раклиникалық әдістер қолданылады. Бас сүйектің рен-гентографиясын, электроэнцефалограммасын (ЭЭГ) рео-энцефалограммасын (РЭГ), мидыц компьютерлік томо-графиясын, патанатомиялық зерттеулер жүргізіледі.
Ауруханадағы ауру тарихына не емхана картасына өмірлік анамнез мәліметтерінен кейін ауру адамның со-матикалық және неврологиялык жағдайын, лаборато-риялық зерттеулердіц қорытындысын көрсету керек. Аурудың психикалық жағдайын жазуда онымен дәрі-гердің әцгімесі, оның жүріс-тұрысын бақылау орталық орын алады. Ауру адамның психикалық жағдайын пси-хиатриялық арнайы атауларды қолданбай, дәрігер өз сөзімен жазуы керек. Психикалық жағдайды осылай етіп жазу өз мәнін бірнеше жыл жоғалтпайды және объективті түрде болады. Арнайы атаулар қолданылса, оларға түсінік беру керек (мысалы, «елестеушілік» атауы қодданылса, ауру адамныц не еститінін, не көре-тінін жазу керек).
Психикалық жағдайын жазғанда әрбір ауру адамда қандай негізгі бұзылушылық орын алатынын көрсету керек. Оларды зерттегенде ештеңе сырттай қалмау үшін жұмысты белгілі бір жүйемен жүргізген жөн.
Ауру адаммен кездескенде оның сыртқы пішініне, қозғалуына, жүріс-тұрысына, санасыныц анық, анық еместігіне көңіл аудару қажет. Аурудың жағдайын то-лығырақ білу үшін сұрақтар қойылады, уақытты (қай күн, ай, маусым), тұрған жерін, айналадағылар кім, өзі-нің кім екенін (фамилиясы мен аты, неше жаста) сұрау қажет.
Ауру адамның эмоциональдық жағдайын оның сырт-қы пішінінен, көзқарасынан, позасынан, қозғалысынан білуге болады. Егер оныц кеціл-күйі төмен болса, беті қайғыны, зарығуды керсетеді. Қабақтары жабыңқы, мацдайында ұзын әжім, ауыз бұрыштары салбыраған болады. Ауру өзініц көціл-күйініц нашар екенін айтпай, жасыруы мүмкін. Мұндай жағдайда ауруды бақылау-дың маңызы зор. Егер оның көңіл-күйі көтеріңкі болса, ол күліп, көп сөйлейді. Көціл-күйі нашар болған ауру адаммен сөйлесу өте қиын. Ол жай, ақырын сөйлейді.
Сезім мен қабылдаудыц бұзылуын білу оңайға түс-пейді. Ауру адам тың тыңдайды, қарайды, тамақты иіс-кейді, өзінен бірдеңені лақтырғандай болады. Ыңғайын тауып сұрасацыз ол көргенін, қандай иісті сезетінін, де-несінде не сезетінін айтады. Ойлаудыц бұзылуы — кейде бірден, бақылаудың ба-сында білінеді. Бұл бұзылудыц белгісі сөйлеудің жыл-дамдауы не босеңдеуі. Ойлауы қисынсыз болғанда ауру адамныц сөйлегенін түсіну мүмкін емес. Оның сейлемі байланыссыз, жекеленген сөздерден құралады. Ауру жа-бысқақ құбылыстар туралы айтып, олардың аурумен байланысты екенін түсінеді. Егер ауру адамның ізге түсу ойлары болса (қарым-қатынас, қызғану, әрекет жасау сияқты сандырақ ойлар), оны анықтау оңайға түспейді. Себебі ол ондай ойларын жасырады. Сол се-бептен ауру адамның жүріс-тұрысын бақылаудың, мән-жайын шебер түрде сұраудыц маңызы зор. Ауруда маз-мұны депрессивті сандырақ ойлар болса (өзін-езі жоққа шығару, кінәлау сандырағы, ипохоцдриялық сандырақ), ол өз ойын бірден айтпайды. Мүндай жағдайда ауру адамныц жүріс-тұрысын, ас пен дәрі қабылдауын бақы-лаған жен. Қейбір жағдайда ауру адамдар тамақ пен дәрі қабылдаудан бас тартады. Ұлылық, байлык санды-рағы болған ауру адамдарды тануда қиындық болмай-ды, себебі олар өз байлығы мен ұлылығы туралы қинал-май айтады және олардың көңіл-күйі көтеріңкі болады.
Назар, ес, ойлау, интеллекті зерттегенде психология тәсілдері қолданылады.
Аурудың жеке басыныц мінез-құлқының, темпера-ментінің ерекшеліктері туралы біз оның әмірбаянынан, анамнез мәліметтерінен жанама түрде білуімізге бола-ды. Жеке адамның ерекшеліктерін психологтар арнайы психологиялық тәсілдер арқылы зерттейді. Психология-лық тексерулердің мәліметтерін психиатр-дәрігер ауру-дыц диагнозын қоюда пайдаланады.
Клиникалық-психологиялық зерттеулерде аурудыц күнделігіне жазылған езін-езі бақылау мәліметтері де пайдаланылады. Аурудыц психикалық жағдайын түсіну үшін оныц суреттері және баска творчествосымен таны-судың мацызы зор (кестелі тоқылған заттары, өлеңдері, хаттары).
Тэжірибелік психиологиялық зерттеу
Жеке психикалық процестердің сапасын бағалау және жеке адамның ерекшеліктерін анықтау үшін пси-хологиялық есептер мен сынақтар қолданылады. Психо-логиялық көрсеткіштер қортындысының клиникалық тәжірибеде қосымша мацызы бар. Бұл қорытындыны бакылау әдістері арқылы жүргізілген клиникалық пси-хологиялық тексерулердің, бағытталған психологиялық әңгшенщ, өмір мен ауру туралы анамнезшің мәлшет-терімен салыстыру керек. Жеке алынған психологиялық тест жетілмегендіктен, жауап кездейсоқ болғандықтан, эксперимент жағдайының ерекшелігінен, тексерілушінің тексеру кезіндегі психикалық және физикалық ерекше-лігінен қате болуы мүмкін. Сондықтан тексерулерді қай-талап, алынған мәліметтерді салыстыру керек.
Тәжірибелік психологиялық тексерулер жеке адам туралы қосымша, құнды мәліметтер алуға мүмкіндік жасайды.
Төменде кейбір әдістердің жалпы және қысқа мінез-демесі берілген.
Зейінді зерттеу^ Біркелкі бейнелері бар кестелер ар-қылы жүргізіледі. Мысалы қолдың қатысуынсыз кезек-пен түсі бірдей суреттерді санау. Түзету (корректуралык) әдісі бойынша бірдей әріптер мен цифрларды сызу. Жа-уапты бағалаған кезде тапсырманың орындалуының ұқыптьілығы, жылдамдығы, пациенттің қажуы еске алы-нады. Бұл әдістер назар белсенділігін, алаңсыз ойлау реакциясын тексеруге қолданылады.
Суреттердегі жоқ беліктерді анықтау әдісі де қолда-нылады. Тексерілушіге суретті керсетіп, жетпейтін бөлік туралы айтқызады.
Біртіндеп қиындатылған сандарды (цифрларды) шығару, ай мен күндердің аттарын айту әдісі де қолда-нылады. Мысалы, тексерілушіге 100-ден бір санды алып тастау, ай мен апта күндерін керісінше атау сияқты тап-сырмалар беріледі.
Есті зерттеу. Тексерілушіге 10 секунд ішінде кесте-дегі фигураларды көрсетіп, оларды есінде сақтау жүк-теледі. Қалыпты жағдайда 5—6 фигура есте сақталады. Бұл әдіс арқылы керу есінің ерекшелігі анықталады. Естіген сандарды, сөздер мен сөйлемдерді сақтау — бұл есітуді тексеру. Анық және жай айтылған сандарды, сөздерді, сөйлемдерді ұқыпты тыңдап, есте сақтауын сұрайды. Сау адамдар 10 сәздің 5—9-ын есте қалдыра-тыны анықталады. Есі жақсы адам үш-төрт қайталаған соң жаттап алады.
Пиктограмма (профессор А. Р. Лурия ұсынған). Жа-нама түрдегі еске сақтауды тексеру үшін пайдаланыла-тын әдіс. Есте сақтау үшін сайланып алынған сөздер алынады. Тексерілушіге таза қағаз, қарындаш пен нұс-кау беріледі: «Енді сіздің есіңізді басқа әдіспен тексе-реміз. Сіз айтылған сөздер мен сөйлемдерді есте сақта-ңыз. Есте қалдыруға қиын әрбір сөздің орнына сурет салу керек. Бұл сурет сізге есте қалдыруға көмектесуі керек. Әріпті де, сөзді де жазбаңыз». Бұл нұскау бірақ рет керсетіледі. Ауру адамның сұрауы бойынша қайта-ланады.
Үлгі ретінде төмендегі сездер (түсініктер) жиынты-ғын береміз:
1. Көңілді мейрам; 2. Ауыр жұмыс; 3. Дәмді кешкі ас; 4. Ауру; 5. Қайғы; 6. Бақыт; 7. Махаббат; 8. Даму; 9. Айырылу; 10. Алдау; Ц. Жеңіс; 12. Ерлік; 13. Дұшпан-дық; 14. Әділеттік; 15. Қүмән; 16. Достық.
Жылжымалы талдау үшін маңызы бар осы көрсетіл-ген сездердің кезегін сақтау керек. Тексеруден жарты сағат өткен соң тексерілушіден суреттер бойынша сөз-дерді айтып беруді етіну керек.
Пиктограмма әдісі жеке адамның есін ғана емес, оның ойлау, қабылдау, эмоция ерёкшеліктерін анық-тауға қолданылады. Эксперименттік тексерудің алғаш-кы кезінде тексеруші тексерілушінің түсіндірмесін және кысқаша пікірін, тапсырма орындау уақыты мен үзіліс-терін белгілеп отырады. Тексерілуші тапсырманы орын-даған соң, тексеруші оны сұрай отырып, оңай және киындықпен келген түсіндірмелерін белгілейді. Сұрау кезінде тексерілушінің абстракты бейне деңгейі және осы бейненің тексерілуші үшін маңызы анықталады.
Пиктограмма мәліметтерінің сапасы жіктеліп, пик-тограмманың әр бейнесі формальды түрде бағаланады. Әр түрлі типті бейнелердің саны да бағаланады. Пикто-грамманың формальды түрге жатпайтын ерекше сурет-тері белініп алынады (мысалы, психикалық аурулардың суреттері).
Ассоциацияны зерттеу. Ассоциативті (сөздік) тэжірибе. Ассоциативті тәжірибенің классикалық нұсқасы-ның алдында инструкция жасалынып, ол бойынша тек-серілуші экспериментатор айтқан сөзге езінің ойына келген бір сөзбен жауап беруі керек. Тексерілуші нұс-қауды жақсы ұғуы керек: ол тәжірибе кезінде қозғал-мауы және қайталап сұрамауы керек. Тексеру кезінде хатнама жазылып, оған айтылған сездер, жауаптың ла-тентті мерзімі (айтылған сөзге берілген жауап арасын-дағы уақыт) көрсетілуі керек. Жауап толығынан жа-зылады. Сау адамның латентті мерзімі 0,5—2 секунд. Қейбір реакциялардағы латентті мерзімнің ұзаруы қол-данылған сездің ерекшелігіне байланысты (мысалы, «ауруына қатысы» бар сөз). Жауабы бір сөзді не көп сөзді болуы мүмкін (көп сөзді болуы белсенді тежелу дің нашарлауын көрсетеді). Жауап сапасына байланыс-ты барлық сөз реакциялары жоғары, төмен, атактика-лык болып бөлінеді.
Жоғары реакциялар жалпы нақтылы (үстел — ағаш; жаз — ыссы), абстракциялы (бұлбұл — кұс, керосин — сұйық), төменгі сөз реакциялары шамамен айтылады (жауаптың орнына тексерілуші «қайда», «қандай» де-ген сұрақ қояды), қабыл алмау («білмеймін», «ойыма түспейді», «істей алмаймын»), одағай сөздер («ох», «ой») персервациялар ретінде (2—3 сөзге бірдей жауап), эхолалия (жаңғырық) ретінде қолданылған сөзді қай-талау («үй»—«үй»\ «бақыт»—«бақыт»). Атактикалык реакцияларда жауап қолданылған сөздердің мағына-сымен байланыспайды («қияр»—«керосин», «дәрігер»— «сандық»).
Тәжірибе аяқталған соң жоғары, төменгі, атактика-лық, көп сөзді реакциялар, олардың латентті мерзімі анықталады. Мимикалык, вегетативтік-қан тамырлық және басқа реакциялардың айкын көрінісі тіркеледі.
Ойлау процестерін зерттеу. Жалпылау. Тексерілуші ұсынылған суреттін жалпы түсінігін және заттардың атын атауы керек.
Түсініктердің топтастырылуы (классификациясы)
Зерттеуші тексерілушіге киімнің, жануарлардын, көкөністердің және басқа заттардың суреттері бар кар-тшкелер ұсынады. Кейбір картшкелерде зат суретінің орнына оның аты жазылуы мүмкін. Бұл жағдайда тап-сырма күрделі болады (әсіресе балалар үшін). Тексері-луші картшкелердегі заттардың ұйқастығын айтып және топқа бөлуі керек. Сау адамдар заттарды топқа бөлу кезінде өмірлік тәжірибеде қалыптасқан шартты рефлекстік байланыстарды пайдаланады.
Түсініктерді бөлу. Тексерілуші өзіне белгілі үй мен жабайы жануарлардың, ағаштардың атын айтуы керек.
Артық түсінікті шығару — бір топ ұқсас заттаодан бұл түсінікке жатпайтын затты бөлу. Тексерілуші төрт заттан оларға ұқсамайтынкн ашып тастау керек.
Мақалдар мен астарлы сөздердің ауыспалы мәнін түсіну. Тексерілуші мақал мен мәтелдердің ауыспалы мәнін түсіндіру керек («Темірді қызған кезде сок», «Жылтырағанның бәрі алтын емес»). Ойлау бұзылған кезде сөздің ауыспалы түсінігінің орңына дәл түсінік беріледі. Ұғынуды зерттеу үшін келесі әдістер ұсынылады: суреттің мағынасын түсіну, біртіндеп суреттер бойынша оның мәнін (әңгімені ұғынуды тексеру А. Н. Бернштейн усынған), мағынасыз суреттер мен тексті ұғынуды тек-серу.
Қиыстыру дағдылары мен әрекеттерін тексеру. «Кон-струкциялық әрекет» және «конструкциялық ойлау» де-ген ұғым бар. «Конструкциялық ойлау»— есепті қиын-дықсыз ойында шығару. «Конструкциялық әрекет»— есептерді әрекет арқылы шығару.
Келесі әдістер қолданылады: әріптерден мағыналы сөздерді құрау, сөздерді қалып қойған әріптермен тол-тыру, суретті жеке бәліктерден кұрау (А. Н. Бернштейн ұсынған), суреттегі жетіспеген бөліктерді толтыру (Ра-вен ұсынған).
Адамның жеке басының ерекшеліктерін тексеру.
Жоғары нерв процестерінің күшіне, тепе-теңдігіне және жылжымалылығына (қозу мен тежелудің) қарай белі-ніп, арнайы лабораториялық тексерулерде анықталады.
Пациенттің ауырғанға дейінгі (преморбидті) жағ-дайын шамалап түсіну үшін дәрігер нерв жүйесінің ти-пологиялық қасиеттерімен байланысты жеке адамның кейбір қасиеттерімен (мінез, темперамент) танысады. Бұл туралы мәлімет «Жеке адам» деген тарауда жазыл-ған. Адамның жеке басының ерекшеліктерін бағыттал-ған психологиялық әңгімеден, жақын туысқандарымен сөйлесуден байқауға болады.
Жеке бастың ерекшеліктерін тексергенде әр түрлі авторлап ұсынған сұраулар қолданылады (Айзенк, Векс-лер, А. Е. Личко, Л. А. Булахова). Мысал ретінде адам-дарды мінез ерекшеліктері бойынша (Юнг ұсынған) экстраверт және интравертке бөледі. Біріншілер — көп-шіл, кайырымды, еркін, шат. өзіне сенімді, басшы болу-ға тырысады. Олардың достары кәп, оптимист, ақкеңіл, кейде ашушаң, ұстамсыз болады. Екіншілер — тыныш, салмақты, ақылды, сақ, бейбітшіл, өз әрекеттерін ойлап жасау, рационализм, өз тәртібін бақылау, кеп емес, бі-рақ тұрақты жолдастары бар, этикалық нормасы жоға-ры, оқуды жаксы көреді.
Талаптану деңгейін тексеру (Хоппе ұсынған, Б. Е. Бежанишвили өзгерткен, 1967). Талаптанудың объек-тивті — принциптік және субъективті — жекеленген түр-лері болады (В. Н. Мясищев, 1935). Талаптанудың субъективті,— жекеленген түрі өзін жоғары бағалау, езін макұлдау, езінін жақсы-жаман жағын көрсетумен ерекшелінеді.
Тексерілушіге сұрақтары біртіндеп қиындайтын, жү-йелі нөмірленген 12 жұп картшке берөді. Кезекпен кез-келген картшканы алыіі, жауап беруі керек. Мұнда жа-уап беру уақыты есептеледі (Тексеруші уақытты ұзар-туы не кысқартуы мүмкін). Тексерілушінің табысты не табыссыз болуы осы уақытқа байланысты. Жауапты бағалаған кезде тексерілушінің тәртіп ерекшеліктері, тапсырманы қиындатудың керектігі не керек еместігі еске алынады.
Алынған мәліметтер бойынша адамның жеке басы-ның намысы, езін-өзі бағалауы, талаптану деңгейі, реак-цияларының табысты не табыссыз болуынан бара-бар не бара-бар емес сияқты кейбір ерекшеліктерді анык-тауға болады.
Өзін-өзі бағалауды тексеру (Т. В. Дембо мен С. Я. Рубинштейн бойынша). Тексерілуші ұсынылған төрт тік сызықтан («баоқыштар») денсаулығы, мінезі, бақыты, акылы жағынан ез орнын көрсетуі тиіс. Кейін әңгіме кезінде тексерілушінің денсаулық пен ауру, бақыт пен бақытсыздык, жақсы не жаман мінез, ақылды не ақы-мақ адам туралы түсінігін анықтайды. Дені сау адамдар өзін-өзі бағалауға қарамай, өмірлік объективті жағдайға байланысты «өз орнын» сызықтың ортасынан көрсетеді. Олар өздерін орташа денсаулықты, орташа ақылды, ор-таша мінезді және орташа бақытты деп көрсетуге ты-рысады.
Психологтар тәжірибелік-психологиялық тексеру әдіс-терін қолданады, олар жоғары мамандандырылған тә-сілдерді керек етеді.
10-лекция.
Психикалық аурулар түрлері.
(1 сағат)
Жоспары:
-
Шизофрения (белгілері мен ағымы).
-
Шизофрения түрлері және сипаттамалары.
3. Шизофрения ауруларын емдеу жолдары.
Пайдаланатын әдебиеттер:
Негізгі:
-
Илешева Р.Г. Психические болезни. Казахская ССР. Краткая энциклопедия, Алматы.
-
Илешева Р.Г. Аффективные психозы в позднем возрасте. Алматы, 1981.
Қосымша:
Руководство по психиатрии ( ред. А.В. Снежневский). Москва, Медицина, 1983.
Лекцияның мәтіні:
Шизофрения тек психиатриядағы маңызды пробле-малық ауру емес жалпы медициналық сырқат. Шизоф-рения ауруымен кебінесе жас адамдар ауырады. Сол себептен бұл ауруды айқындап танудың тәжірибелік маңызы зор. Шизофренияның басталу мерзімінің шегі жоқ. Ол бала кезде де, ересек кезде де болуы мүмкін. Сол себептен балалық және пубертаттық, онан соң кә-рілік кездегі шизофрения туралы айтылады.
Шизофрения ұзақ мерзімді ауру. Көп уақытқа созыл-ған аурулардың жартынан көбі шизофрения. Шизофре-ния жиі ақылдың кемістігімен аяқталатындықтан бұл қауіпті дерт болып саналады.
Осы уақытка дейін шизофренияның пайда болу се-бептері анық емес. Психиатриядағы кәптеген өткір тео-риялық және тәжірибелік сұрақтар шизофрениямен байланысты.
Шизофрения ауруының клиникасы жан-жақты. Онда болатын барлық белгілерді атап өту мүмкін емес. Ши-зофренияда болмайтын белгілерді айту оңай. О. В. Кер-биковтың айтуы бойынша шизофренияда ешқашанда Корсаков белгілері тәрізді, сананың делириозды бұзыл-уы болмайды. Бірақ балалар шизофрениямен ауырған-да делирийдің кейбір белгілері көру елестеушілігі ре-тінде кездеседі. Қалғанның барлығы да әр түрлі вариа-ция ретінде шизофренияда кездесуі мүмкін. )
Жалпы клиникалық көрінісін жазу оңаи мәселе емес. Шизофрения клиникасында әр түрлі формаларды жал-пы байланыстырып тұратын бірнеше психикалық бел-гілер бар. Аурудың пайда болу тегі, оның бірнеше түр-ге бөлінуі жағынан кептеген пікірлер бар. Бірақ бар-лык психиатрлар шизофрениядағы негізгі клиникалық белгі ретінде бөлшектену (расщепление) бар екеніне күмәнданбайды («Шизо»— бөлшектену, осыдан ауру-дың аты пайда болады). Бұл аурудың атын швейцар психиатры Э. Блейлер қойды.
Белшектену белгісі төмендегідей болады. Қалыпты жағдайда барлық психикалық процестер өзара байла-нысты. Сезіну, қабылдау, ойлау, жүріс-тұрыс психика-ның әр түрлі жақтары болып саналады. ІІІизофренияда осы керсетілген біртұтастық бұзылады, яғни психика-лық қызметін тұтастығы, бірлігі бұзылады. Бұл әрине ауру адамның жүріс-тұрысынан білінеді. Басқаша айт-қанда айналадағы шындықпен байланыстан білінеді. Ескі психиатрлар шизофренияны беттері ауыстырылған кітаппен, дирижерсыз оркестрмен салыстырған. Психи-калық қызметтің барлық жақтарының бұзылуы айна-ладағы жағдайға сәйкес емес кылықтарды тудырады. Мысалы, медицинаға қатысы жоқ адамның рак ауруы-ның себебін табуы. Ауру әйел үйіндегі электр сымын айналадағылардың әсерінен сақтану үшін балық майы-мен майлайды. Троллейбус жүргізуші жолаушылардың паспортын көрсетуін талап етеді. Осындай ауру адам-дардың айналадағы ортаға сәйкес емес таңыркарлык мінез- кұлықтары болады. Ауру адамдар ынтасы аз, әрекетсіз және тұйык болады және жасырынып айнала-дағы ортадан алшактайды, мұндай адамдардың субъек-тивті әлемін ескі авторлар Қытайдағы орта ғасыр ка-малының кабырғасымен салыстырады.
Тұтастықтың бұзылуы аурудың ойлауынан, сөйлеуі-нен айқын білінеді. Логикалық байланыс жоғалып, үзілді-кесілді болып, оның сөйлемі тек жекеленген сөз-дерден кұралады. Мысалы, «Мен колжуғышта отыруым керек, себебі бірнеще архимандриттер мұра қалдырды».
Психикалық қьгзмет тұтастығының және онын ай-наламен байланысының бұзылуын аурудың эмоциясы-нан айқын көруге болады. Олар айналадағы шындыкка сәйкес болмайды. Мысалы, жас әйел езінің сәбиіне мейірімсіз болып, оны тамақтандырмауы да мүмкін. Келген жақын туыстарымен жолықкысы келмей, тек әкелген заттарына назарын аударуы мүмкін. Бір ауру адамның кезінше әкесі қайтыс болады. Ол әкесіне қа-рамай оның әкелген жүзім шырынын орі қарай іше берген. Психиатриялық ауруханаға жатқызған кезде мұндай аурулар бұған назарын аудармайды.
Бірте-бірте ауру адамдар босаңсып, ынтасыз бола бастайды. Олар ездерінің әр түрлі әрекеттері басқа біреудің ыкпалымен болатынын, айтады (кинестетика-лық автоматизм).
/Ауру адамдарға символдық ойлау өте тән нәрсе. Мы-салы, ауру өзін бір шеңбердің ішіне сурет кылып салып, «өзім жасаған шеңбер ішінде қауіп мүлде жок» деп түеіндіреді. Егер ауру өзінің салған суретін жазбаша түсіндірмесе, оның не салғаны түсініксіз болар еді. Бұл шизофрениядағы символды суреттер. Кейде ауру адам-ды көрмей, оның салған суреттері бойынша диагноз қоюға мүмкін. Шизофрениямен ауырған балалардың суреті қызық болады. Оларда сөйлеу нашар дамыған-дықтан суреттерінде символизм мен белшектену білі-неді.
Кейде аурулар өз ойларын кәдімгі сөздер арқылы бере алмай, жаңа сөздерді ойлап табады (токистер, ішексіздер, интерма, амбурга, эхологика және т. б.).
Сонымен, жоғарыда айтылғандарды қорыта келе, шизофрениямен ауырған кезде ойлау мен эмоция бұзы-лып, психикалық қызметтің тұтастығы бөлшектенеді. Әуелгі кезде интеллект кызметінің бұзылуы формальды түрде дұрыс болады. Ауру адам өз жұмысын одан әрі атқара береді. Бірақ туыстары мен қызметтес адам-дардың бақылауы және айтуы бойынша, психиканың бұзылуы нақтылы болғандыктан аурудың диагнозын қоюға болады.
Шизофрениядағы керсетілген жалпы белгілер бала-ларға да тән, бірак балалар психикасының ерекшелік-теріне байланысты бұл белгілер езгеше болуы мүмкін. |
Психиатриялық қызметте бөлшектену белгісі осы жастағы сау балалармен салыстырғанда ауру баланың көңілінің ерекшелігінен білінеді. Мысалы, кішкене ба-ланың ықыласы балалар ойындарында емес, ойынға қатынасы жок баока затта болады. Ботинканы алып, бала күні бойы отыруы мүмкін. 7 жастағы баланың үш жыл бойы бала-бақшаға барып, әзін үлкен деп санап, аты-жөнімен атауды талап еткен. Үйіне келгеннен соң ата-анасына өзінің Марья Ивановнамен бірге істейтінін айткан. Артынан бұл «әйелдің» пластмассадан жасаған ойыншық үйрек екені белгілі болды. Бұл жәйт ата-анасы мен дәрігерлерге бала психиатриялық аурухана-ға түскеннен кейін белгілі болды. Баланың эмоциональ-дық салқындығы ата-анасына деген жеккөрушіліктен, жауласудан және агрессивті болуынан білінеді. Әуес-тенуі бұзылғандықтан ертерек мастурбация болып, са-дистік ойлар мен әрекеттері байқалады. Кішкене бала-лар өздерін өлтіруші ретінде сезініп, дар ағашты, өлті-ру суреттерін, қаңқа мен табыттарды салады. Шизоф-рениялық процесс білінбей, жай басталады.
Е. Крепелиннің жіктеуін осы уақытқа шейін жеке-ленген психиатрлар мен психиатриялық мектептер пай-даланады. Ол бұл ауруды төрт топқа бөлген қарапайым, гебефрениялық, кататониялық параноидтық.
Жас өспірім кезінде басталатын аурудың қарапайым турінде алдынғы қатарға эмоциялардың кедейленуі, ынта жоғалып, әлсіреу мен интеллектуальды өнімсіздік байіқалады. Аурудың гебефрениялық түрінде (гебеос — грекше бала) баланың мінез-қүлқында есерлік, мәнер-лік, бет аузын тыжырайту, қылымсу басым болады.
Кататониялық түрінде кататониялық ступор мен козуы бар кататониялық синдром басым болады. Па-раноидтық түрінде алдыңғы қатарға елестеушілігі (жиі жалған елестеушілігі) бар сандырақ ойлар шығады.
Келтірілген Е. Крепелиннің жіктеуінің кемшілігі, оның статикаға негізделуінде. Мұнан баоқа Е. Крепелин жазғандай аурудын барлық түрлері ақылдың ке-містігімен аяқталмайды.
Біздің елде шизофренияның түрлерге бөлінуі ауру-дың клиникалык ерекшеліктері мен өтуіне байланысты. Аурудың үш негізгі түрт бар: үнемі болатын, ұстамалы-прогредиентті және рекурентті.
Үнемі ағымды (непрерывная) шизофрения
Аурудың бұл түрінде дерт қозбай үнемі ағымды болады.
Белгілерінің ерекшеліктеріне байланысты қатерлі (злокачественная), параноидты және жай ағымды (вя-лотекущая) түрлері болады.
Шизофренияның қатерлі түрі жасөспірім кезінде басталып, үш негізгі бөліктен құралады. Олар: психи-калық өнімділіктің төмендеуі (энергия потенциялының төмендеуі), эмоциональдық өзгерістердің пайда болуы және бұрмаланған пубертатты дағдарыстың құбылыс-тары. Мұнан басқа мезгіл-мезгіл рудиментті сандырақ ойлар (қарым-қатынастық, улану, әрекет жасау), же-келенген елестеушіліктер пақда болады. Ойлаудың бұзылуы, қиындауы, оқу үлгерімінің нашарлағаны бай-қалады. Ауру білінбей, жайлап дамиды. Сабақ окудың орнына ауру назарын басқа мәселелерге аударады. Мы-салы, астрономия мен философияның күрделі мәселе-лерін шешуге әрекет жасайды. Бұл белгі «философия-лық улану» деген ат алды. Күрделі мәселелерге көңіл аударуына, ғылыми әдебиетті оқуына қарамастан олар-дың білімдері үстіртін, жұмыстағы енімділігі нашар болады (мұны «энергия потенциалының төмендеуі» дейді). Психиканың бөлшектенуіне байланысты жоға-рыдағы көрсетілген белгілерден басқа шизофренияның бұл түрінде эмоциялар айтарлықтай өзгереді. Олар туыстары мен жақындарына дөрекілік көрсетеді. Сырт-тан қарағанда шизофренияның айтылған түрі пубертат-ты құбылыстарға ұқсас. 8—9 кластарда көптеген оку-шылардың оқу үлгерімі төмендейді. Физиологиялық пубертатты жылжуда эмоциональдық өзгерулер ашу-ланшақтық, дөрекілік, тұйықтық ретінде боладьк)
Айырмасы неде? Ауру балалардың сабақпен шұғыл-данғанына қарамастан оқуы төмендеп, әнімділігінң нашарлауы шизофренияның негізгі белгілерінің бірі болып саналады. Олар көп отырғанына қарамастан ештеңе өндіре алмайды, ыкыластары нашар, жүйесіз болады. Білімдерін іс жүзіне асыруға тырыспайды. Шұғылданған істері нәтижесіз болады. Шын мәнінде оларда білім болмайды. Бұған қарамастан олардың өз ойлары бойынша білімдері ерекше жоғары. Олардың жүріс-тұрыстары да ерекше. Олар ұсқыны кетіп ешкімге жақыңдамайды.
Эмоцкялар. Қалыпты жағдайда пубертаттық жаста ауру бала өздерінің жақындарына дөрекілік керсетеді. Мүның себебі «мен» деген сезімінің күшеюінен, қалып-ты жағдайда сау балалар дерекілік керсеткенімен кө-біне мейірімді, өте сезімтал болады. Мұндай балаларға әке-шешесі беделді болмаса да, баска біреу, мысалы, оқытушы беделді болады.
Шизофренияда мүлде басқаша. Мұнда эмоцияның төмендеуі жақындарына бағытталған суық дөрекілік, мейірімсіздік ретінде болады. Отбасының қуанышы мен қайғысы ауру адамнан тыс өтеді. «Басқалардың ата анасы» деген сандырақ, дисморфофобия, психикалық анорексия болуы мүмкін.
Бұл түрдің ішінде аурудың жағымды және жағым-сыз ағымы болады. Осы айтылған бұзылушылықтар аурудың алғашқы мерзімінде болады. Біраз уакыттан соң (бірнеше айдан, жылдан соң) психоздың манифес-тациялық мерзімі білінеді. Бұл эмоцияның бұзылуы (депрессия не маниялар), жүйеленбеген сандырақ ой-лар (ізіне түсу, уландыру, физикалық әрекет), елестеу-шіліктер, (жиі жалған елестеушілік), психикалық авто-матизм үлкен психоз ретінде білінеді. Герефреникалық белгілер (ақымақтық қозу суреттері), ступор мен қозу сияқты кататониялық кәріністер жоғарыдағы айтыл-ғандарға қосылады. Емдеудің арқасында белгілердің қарқыны төмендейді, бірақ біржола аурудан айығып кетпейді. Бір-бір жарым жылдан соң процесс калыпта-сып, ақырғы жағдай болып, кейбір психикалық бұзы-лулар сақталып (жекеленген сандырақ ойлар, елестеу-шіліктер), ақылдың кемістігі дамиды. Емдеу жаксы нәтиже бермейді.
Параноидты шизофрения
Аурудың бұл түрі үнемі ағымды, 25-тен кейін, кейде 30—35 жастағы және одан да үлкенірек адамдарда бо-лады. Бұл жағдайда шизофренияның нақты белгілерінің бірі сандырақ аурудың барлық мерзімдерінде басым болады.
Параноидты шизофрения жайлап басталады. Ауру-дың алғашқы кезеңінде жабысқақтық (невроз тәрізді) және психопатия тәрізді патологиялық бұзылу орын алады. Бұл мезгілде ауру адамдар ешкімге сенбейтін, жабырқаңқы, айналадағыға назары тарылып, ойлауы-ныц бір ойдан екінші ойға ауысуы қиындайды (ригидті болады). Аурулар өздерімен өздері болып, эмоциялары нашарлайды. Невроз тәрізді бастауда жабысқақ құбы-лыстар болуы мүмкін. Психопатия тәрізді басталуда отбасы мен жұмыста сиыспаушылық, ұрысқақтық пай-да болады. Олар бір жұмыста тұрақтамай, семьялары-нан ажырасады. Осы кезде қарым-қатынастық, қызға-нушылық сандырақ ойлар білінеді.
Бастапқы кезеннің ұзақтығы 5—6 жылдан 20 жылға дейін. Бұл кезде ауру адамдар психиатр көзіне туспей-Ді.
Аурудың манифестациясы сандырақ қайғылар ре-тінде білінеді. Алдымен паранойяльды кезецде парано-йяльды белгі дамып, елестеушіліксіз жүйеленген түсін-дірмелі сандырақ болып, психикалық автоматизм құбы-лыстары болмайды. Маңызы жағынан сандырақтар ізіне түсу, қызғаншақтық, ойлап тапқыштық, реформа-торлық, махаббаттық және делсалдық болады. Мүндай сандырақ ойлар кейде шын болып көрінуі мүмкін («әйелім опасыз», «жұмыста одан құтылғыеы келеді», «көршілер қуып шыққысы келеді», «ол — ерекше өнер-тапқыш»). Сандырақ ойлар абсурдты болмай, өмір жағдайлары мен дауды бұрмаланған түрінде бейнелей-ді. Психоздың дамуы біртіндеп, бірнеше жылға созы-лады. Ауру адам өте белсенді болып, көптеген газеттер мен үкімет орындарына хаттар арқылы хабарласып, олардың алдына талап қояды. Кәптеген жылдар еткен соң бұл белсенділік тәмендейді.
Егер ауру кептеген жылдар бойы бір деңгейде бол-са, онда аурудың ерекше түрі паранойяльды шизофре-ния туралы айтады. Бірақ прогредиентті параноидты шизофренияға қысқа мерзімді паранойяльды кезең тән. Мәні жағынан ізіне түсу, қарым-қатынас пен улану сандырағы жиі болады. Кейінірек (бірнеше аптадан, айдан, жылдан кейін) паранойяльды белгінің орнына параноидты белгі келеді. Бұл жағдайда жалған елес-теушілігі, психикалық автоматизм құбылыстары бар физикалық және психикалық әрекеттердің сандырағы пайда болады. Басқаша айтқанда Кандинский — Кле-рамбо белгісі дамиды. Ауру адамдар олардың ойлары сезімдері басқаның әрекетімен баскарылады дейді. Олар бастарында дыбыстарды естиді. Бұл кезде адамның жеке басы тұрпайы түрде езге-ріп, әлеуметтік жағдайға бейімсіздегі айқын білінеді.
Паранойяльды параноидты кезеңдерден кейін пара-ноидты шизофренияныц парафренді кезеңі болады. Мұнда сандырақ қияли түрде өзгереді. Ауру адамдар өздерін кәдімгідей емес, барлық әлемге әсер ететін құ-діретті, сиқырлы қабілеті бар ұлы адамдардай санайды. Бұл кезде жалған елестеушілік пен психикалық авто-матизмніц басқа белгілері сақталады. Аурудыц көріні-сінде елестеушілік пен жалған елестеушілік басым бол-ғанда параноидты шизофренияның елестеушілік түрі туралы айтады. Ауру адамдар дауыстарды басында және сырттан естиді, олар осы дауыстармен және өзде-рімен әздері сөйлеседі, дауыстардың болуын басқалар-дан жасырады. Қазіргі кезде емдеудің арқасында ауру
/ Баяу ағымды (аз прогредиентті) шизофренияда нев-
роз және психопатия тәрізді бұзылулар аурудыц көрі-нісінде басым болып, біртіндеп дамиды. Аурудың бұл түрінде жеке адамда шизофрениялық өзгерістер бол-ғанымен, олар біртіндеп дамып, үнемі ағымды қатерлі прогредиентті (параноидты) шизофренияға тән терең дәрежелерге жетпейді. Сандырақ ойлар мен елестеуші-ліктер не мүлде болмайды, не жұрнақ түрінде білінеді. Невроз тәрізді шизофренияның баяу түріндегі ауру-дың көрінісіцде жабысқақ үрейлер, құшта,рлык, ойлар мен әрекеттер, ырымдар (ритуал) басым болады. Ырым-дар біртекті, ұзақ және өзгермейтін болады. Мұнан басқа жеке адамныц шизофрениялық ерекшеліктері аутизм, боямалылық, эмоцияның солғындануы, ойлау-дың бұзылуы ретінде білінеді. Шизофренияның баяу ағымды түрінде истерия тәрізді және ипохондриялық көріністер болуы мүмкін. Аурудың ағымы солғын бол-ғандықтан шизофрениялық кемістік біртіндеп білінеді. Баяу ағымды шизофрения психопатия тәрізді бұзылу-лар ретінде өтеді. Шизофренияның бұл түрі жиі жас-өспірім кезінде басталып, алдымен мінез-қүлықтың бұзылуы ретінде білінеді. Мінез-құлықтағы қиыншы-лықтар алдыцғы қатарға шығады. Олардыц тәртібі нашар, тыңдамайтын, үйден және мектептен қацғырып кететін болады. Алдымен бұл сыртқы себептерге (жаза-лау, дау) байланысты болуы мүмкін. Артынан тәртіп-тіц ауытқуы шын себептермен байланысын жоғалтады. Отбасы мен мектепке бейімделмеу орын алады. Жас-еспірімдер үлкендердің бақылауынан шығады. Олар ерсі киініп, өмірін ойын-тоймен өткізеді. Әлеуметсіз қауымдарға тартылып, ұрлау және одан да ауыр (біреуді себепсіз өлтіруге дейін) қылмыстар жасайды. Жиі ток-симаниялық заттарды, алкогольды, наркотиктерді пай-далануға үйренеді.
Психопатия және басқа шекаралық бұзылулардап ерекше (жеке адамның патологиялық дамуы), оларда біртіндеп эмоцияның салқындығы, әлеуметтік бейім-делмеуге байланысты ойлаудың бұзылуы сияқты ши-зофрениялық өзгерістер болады.
Достарыңызбен бөлісу: |