Кредит саны 2 (1+1+0), ects бойынша кредит саны 3


Оқытудағы күтілетін нәтижелер



бет7/8
Дата10.06.2016
өлшемі0.56 Mb.
#126476
1   2   3   4   5   6   7   8

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: Тілдің синтаксистік жүйесінің құрылысын, бұл жүйенің коммуникация үстіндегі жұмсалысын танытуды міндет етеді.

Білуі: Құрмалас сөйлемді синтаксистік тұлға ретінде тани отырып, оның грамматикалық, семантикалық сипатын анықтау. Құрмалас сөйлем формасы мен грамматикалық түрлерін тану принципін білу. Құрмалас сөйлемдердің салалас, сабақтас болып топтасу принципіне теориялық тұрғыдан білімдерін жетілдіру. Құрмалас сөйлем жүйесі мен жай сөйлем жүйесінің құрылымдық, функционалдық қарым-қатынасын зерделеу.

Дағдысы: «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі» теориялық біліммен қатар практикалық дағдылар беруді де міндет етеді.

Құзіреттілігі: «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі» пәнінде тәжірибе жүзінде кең қолданылатын, әрі жан-жақты игерілген тілді талдаудың негізгі әдістерін білуі қажет.

Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к., доцент м.а. Жұмағұлова Ә.

70

KK(O)TKS 0309


Синтаксис жүйесі және қазақ тілінің құрмалас сөйлемі

Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.

Пререквизиті – «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы», «Тіл біліміне кіріспе», «Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлемі».

Постреквизиті – « Стилистика және тіл мәдениеті», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі».

Оқытудың мақсаты: Қазіргі қазақ тілі жүйесіндегі құрмалас сөйлемнің құрылымдық белгілерін танып, сол белгілеріне сай топтаудың методологиялық принциптерін біліп алуы тиіс.

Қысқаша мазмұны: Кіріспе. Пәннің нысаны, мазмұны.

Құрмалас сөйлемнің сипаты. Грамматикалық, семантикалық сипаты. Құрмалас сөйлемдерді грамматикалық түрлерін тану принципі. Құрмалас сөйлемдердің салалас, сабақтас болып топтасу принципі.

Салалас құрмалас сөйлем. Грамматикалық түрлері. Олардың түр-түрге топтасу принципі.

Сабақтас құрмалас сөйлем. Сабақатас құрмаслас сөйлемнің грамматикалық сипаты. Сабақтас құрмасла сөйлемдерді нақты танытатын белгілері.

Көп компонентті сөйлемдер. Грамматикалық, семантикалық түрлері.

Қазақ тіл білімінің синтаксис жүйесі мен құрмалас сөйлем синтаксисіне қатысты жаңа зерттеулер жалпы тіл біліміндегі теориялық тұжырымдар.



Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: Қазіргі қазақ тілі синтаксистік жүйесінің құрылысын, бұл жүйенің коммуникация үстіндегі жұмсалысын танытуды міндет етеді.

Білуі: Қазіргі қазақ тілі синтаксис жүйесіндегі құрмалас сөйлемдерді синтаксистік тұлға ретінде тани отырып, оның грамматикалық, семантикалық сипатын анықтау. Құрмалас сөйлем формасы мен грамматикалық түрлерін тану принципін білу. Құрмалас сөйлемдердің салалас, сабақтас болып топтасу принципіне теориялық тұрғыдан білімдерін жетілдіру. Синтаксис жүйесіндегі жай сөйлем жүйесі мен құрмалас сөйлем жүйесінің құрылымдық, функционалдық қарым-қатынасын зерделеу.

Дағдысы: «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлем синтаксисі» теориялық біліммен қатар практикалық дағдылар беруді де міндет етеді.

Құзіреттілігі: «Қазіргі қазақ тілінің құрмалас сөйлемі» пәнінде синтаксис жүйесіндегі мәселелермен таныс бола отырып, тәжірибе жүзінде кең қолданылатын, әрі жан-жақты игерілген тілді талдаудың негізгі әдістерін білуі қажет.

Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к., доцент м.а. Жұмағұлова Ә.

71

KK(O)TKS 0310


Құрмалас сөйлем синтаксисінің өзекті мәселелері

Кредит көлемі – 3 (2+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 5.

Пререквизиті – «Қазіргі қазақ тілінің лексикологиясы мен фразеологиясы», «Тіл біліміне кіріспе», «Қазіргі қазақ тілінің жай сөйлемі».

Постреквизиті – « Стилистика және тіл мәдениеті», «Қазақ тілін оқыту әдістемесі»

Оқытудың мақсаты: Бүгінгі тілтанымдағы синтаксис мәселелелері мен құрмалас сөйлемнің құрылымдық белгілерін тану.

Қысқаша мазмұны: Кіріспе. Пәннің нысаны, мазмұны.

Құрмалас сөйлемнің сипаты. Грамматикалық, семантикалық сипаты. Құрмалас сөйлемдерді грамматикалық түрлерін тану принципі. Құрмалас сөйлемдердің салалас, сабақтас болып топтасу принципі.

Салалас құрмалас сөйлем. Грамматикалық түрлері. Олардың түр-түрге топтасу принципі.

Сабақтас құрмалас сөйлем. Сабақатас құрмаслас сөйлемнің грамматикалық сипаты. Сабақтас құрмасла сөйлемдерді нақты танытатын белгілері.



Көп компонентті сөйлемдер. Грамматикалық, семантикалық түрлері.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: Синтаксистік жүйесінің құрылысы мен құрмалас сөйлем жүйесінің өзекті мәселелерін, бұл жүйенің коммуникация үстіндегі жұмсалысын танытуды міндет етеді.

Білуі: Қазіргі қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемді синтаксистік тұлға ретінде тани отырып, оның грамматикалық, семантикалық сипатын анықтау. Құрмалас сөйлем формасы мен грамматикалық түрлерін тану принципін білу. Құрмалас сөйлемдердің салалас, сабақтас болып топтасу принципіне теориялық тұрғыдан білімдерін жетілдіру. Құрмалас сөйлем жүйесі мен жай сөйлем жүйесінің құрылымдық, функционалдық қарым-қатынасын зерделеу.

Дағдысы: Қазақ тілі синтаксистік жүйесіндегі теориялық біліммен қатар практикалық дағдылар ескерілуі тиіс.

Құзіреттілігі: Бүгінде тәжірибе жүзінде кең қолданылатын, әрі жан-жақты игерілген тілді талдаудың негізгі әдістерін білуі құзіреттелігі.

Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к., доцент м.а. Жұмағұлова Ә.

72

K(O)TOA 0311

Қазақ тілін оқытудың әдістемесі

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS кредит бойынша саны – 3.

Пререквизиті – «Қазіргі қазақ тілі»

Постреквизиті – «Қазіргі қазақ тілінің (фонетика, лексикология, морфология, синтаксис)», «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»

Оқытудың мақсаты: Қазақ тілін оқыту әдістемесі бакалаврда тілдік категорияларды, қандай әдіс-тәсілдер арқылы үйретуге болады деген мәселелерді қарастырады. Әдіскер оқытушылар оларға педагогикалық қыр-сырымен жете таныстырып қана қоймайды, қазақ тілін тиімді оқыта отырып, өзінің мамандығын құрметтеуге тәрбиелейді.

Қысқаша мазмұны: «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» пәні бойынша студенттер сабақты ұйымдастыру жолдарын меңгеріп, мазмұныны айқындап, сабақ өткізу әдістемелерін меңгереді. «Қазақ тілін оқыту әдістемесі» жоғары оқу орындарына қойылатын талаптар тұрғысынан ғылыми негізде және жылдар бойғы жинақталған бай іс-тәжірибелік нәтижелер мен әдістемелік тұжырымдар ескеріле отырып оқытылады. Сонымен қатар, қазақ тілінің оқытылу жүйесі, ерекшелік сипаттары көрсетіледі. Қазақ тілі әдістемесінің курсы қвазіргі әдістеме, лингвистика, халықтық педагогика және психология ғылымдарының жетістіктеріне негізделеді.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: Теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді;

Білуі:

  • Қазақ тілі әдістемесінің қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады;

  • Күнтізбелік жоспар жасай білуге төселеді;

  • Сабақтық жоспар жасау тәжірибесін меңгереді;

  • Жазу жұмыстарын ұйымдастырып жүргізуді игереді.

  • Теориялық білімді практикада қолдана білуді үйренеді;

Дағдысы: Зерттеу жұмысына икем-дағдысы қалыптасады;

Кәсіби қарым-қатынас жағдайларын меңгереді.



Құзіреттілігі: қазақ тілін оқытуда оқытудың жаңа технологияларын білуі құзіреттелігі.

Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к., доцент м.а. Кеңесбаева Ш.С.

73

KTOM 0312

Қазақ тілін оқытудың мәселелері

Кредит көлемі – 2(1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.

Пререквизиті – «Қазіргі қазақ тілі»

Постреквизиті – «Қазіргі қазақ тілінің (фонетика, лексикология, морфология, синтаксис), «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі»

Оқытудың мақсаты: Студенттерге мектепте қазақ тілін оқыту процесінің ерекшеліктерін теориялық және практикалық тұрғыдан меңгеру.

Қысқаша мазмұны: Қазақ тілін оқыту әдістемесі пәнінің мақсат, міндеттері. Көрнекті әдіскерлердің іс-тәжірибесі. Фонетиканы оқыту әдістемесі. Лексиканы оқыту әдістемесі. Сөз таптарын оқыту әдістемесі. Сөз тіркесін оқыту. Синтаксисті оқыту. Орфографияны оқыту әдістемес. Тіл ұстарту жұмыстары. Мазмұндама және шығарма жұмыстары. Тіл мәдениеті мен стилистика. Қазақ тілін оқыту құралдары. Қазақ тілі кабинеті.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: қазақ тілін оқыту әдістемесіне үлес қосушы әдіскерлер іс-тәжірибелерін жинақтау негізінде тәжірибе алмасу.

Білуі: қазақ тілінен меңгерген теориялық білімдерін қазақ тілін оқыту әдістемесінде қолдану.

Дағдысы: сыныптан тыс жұмыстарды ұйымдастыру мен жүргізу әдістемесін меңгеру.

Құзіреттілігі: студенттер ғылыми-әдістемелік шығармашылығына жол ашып, өздерінің педагогикалық білімдерін үнемі жетілдіріп отырады.

Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к., доцент м.а. Кеңесбаева Ш.С.

74

KTOA 0313

Қазақ тілін оқытуда жаңа технологияларды пайдалану

Кредит көлемі – 2(1+1+0), ECTS бойынша кредит саны – 3.

Пререквизиті – «Қазіргі қазақ тілі».

Постреквизиті – «Қазіргі қазақ тілінің (фонетика, лексикология, морфология, синтаксис)», «Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі».

Оқытудың мақсаты: қазақ тілін оқытудың әдістемелерін жаңа технологиялар негізінде оқыту

Қысқаша мазмұны: Деңгейлеп оқыту технологиясы. кешенді сатылай оқыту. Сын тұрғысынан ойлау т.б. технологиялар бойынша сабақ үлгілерін талдау. Көрнекті әдіскерлердің іс-тәжірибелерін қарастыру.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: қазақ тілін оқыту әдістемесіне үлес қосушы бүгінгі әдіскерлер іс-тәжірибелерін жинақтау негізінде тәжірибе алмасу.

Білуі: қазақ тілінен меңгерген теориялық білімдерін қазақ тілін оқыту әдістемесінде қолдану.

Дағдысы: Оқытудың жаңа технологияларын меңгере отырып іс-тәжірибеде қолдану дағдыларын ұйымдастыру.

Құзіреттілігі: студенттер ғылыми-әдістемелік шығармашылығына жол ашып, өздерінің педагогикалық білімдерін жаңа технологияларды қолдану арқылы үнемі жетілдіріп отырады.

Бағдарламының жетекшісі: ф.ғ.к., доцент м.а. Кеңесбаева Ш.С.

75

K(O)AOA 0314


Қазақ әдебиетін оқытудың әдістемесі

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS кредит бойынша саны – 3.

Пререквизиті Әдебиеттануға кіріспе; Қазақ халық ауыз әдебиеті; Ежелгі дәуір әдебиеті

Постреквизиті – Әдебиет теориясы; Қазақ әдебиетінің сынының тарихы.

Оқытудың мақсаты: Жалпы білім беретін орта оқу орындарындағы (мектеп, лицей, гимназия) өзге пәндер арасындағы әдебиет пәнінің алатын орны мен әдебиетті оқыту әдістемесі жөніндегі ілімнің мән-мазмұнын әрі қазақ әдебиетінің оқыту әдістемесінің қалыптасу кезеңдерін меңгерту бағытын ұстанады.

Қысқаша мазмұны: Әдебиетті оқыту әдістемесі – ғылыми пән. Әдебиет пәнін оқытудың тарихы мен теориялық бастау көздері. Әдебиетті оқытудың жаңа кезеңі. Қазіргі жалпы білім беретін орта мектептегі қазақ әдебиеті пәні. Әдебиетті оқыту барысындағы амал-тәсілдер. Әдебиет пәнін оқытуда қолданылытын әдістер. Көркем шығарманы жанрлық ерекшеліктеріне қарай оқыту. Әдебиет пәні мұғалімінің жұмыс жоспарлары. Мектептің оқу-тәрбие ісіндегі әдебиет кабинетінің орны және жабдықтау мәселесі.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: Студенттерге жан-жақты тарихи-әдеби, теориялық толық мәліметтер мен практикалық дағдылар туралы түсінік беріледі.

Білуі: Қазақ әдебиеті әдістемесінің қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады.

Дағдысы: Әр жылдарда құнды-құнды пікірлер айтқан ағартушылық-демократттық бағыттағы педагог-әдіскерлердің, көрнекті әдебиетшілердің еңбектерімен танысып, олардың идеялық-эстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады.

Құзіреттілігі: Көркем әдебиеттің оқытылу тарихының жүйесі, ерекшелік сипаттары көрсетіледі.

Бағдарламының жетекшісі: Секей Ж.

76

AOKA 0315


Әдебиетті оқытудың қазіргі әдістері

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS кредит бойынша саны – 3.

Пререквизиті – Әдебиеттануға кіріспе; Қазақ халық ауыз әдебиеті; Ежелгі дәуір әдебиеті

Постреквизиті – Әдебиет теориясы; Қазақ әдебиетінің сынының тарихы.

Оқытудың мақсаты: Қазіргі білім беру жүйесіндегі инновациялар мен технологиялар туралы білім беру, әдістемелік-зерттеу еңбектерімен таныстыру, әдістемелік шеберліктерін қалыптастыру.

Қысқаша мазмұны: Қазіргі білім беру жүйесіндегі инновациялар мен технологиялар. Дистанциялық оқыту және сын тұрғысынан ойлауды дамыту технологиясы. Өзіндік реттеу тәсілімен оқыту (жобалау) және конструкциялау технологиясы. Деңгейлеп оқыту, модульдік оқыту технологиясы және ақпараттық технологиялар арқылы оқыту. Тестік бақылау жүйесі, әдістемесі. Интерактивті тақтаның қазақ әдебиетін оқытудағы тиімділігі.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: Студенттерге жан-жақты тарихи-әдеби, теориялық толық мәліметтер мен практикалық дағдылар туралы түсінік беріледі.

Білуі: Дистанциялық оқыту және сын тұрғысынан ойлауды

дамыту технологиясын үйрету, зерттеу-әдістемелік еңбектерді таныстыру,

ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Дағдысы: Өзіндік реттеу тәсілімен оқыту (жобалау) және

конструкциялау технологиясын әдебиет сабақтарында қолдану, пайдалану



жолдарын, әдіс-тәсілдерін меңгереді.

Құзіреттілігі: Көркем әдебиеттің оқытылу тарихының жүйесі, ерекшелік сипаттары көрсетіледі.

Бағдарламының жетекшісі: Секей Ж.

77

AOM 0316


Әдебиетті оқыту мәселелері

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS кредит бойынша саны – 3.

Пререквизиті – Әдебиеттануға кіріспе; Қазақ халық ауыз әдебиеті; Ежелгі дәуір әдебиеті

Постреквизиті – Әдебиет теориясы; Қазақ әдебиетінің сынының тарихы.

Оқытудың мақсаты: Жалпы білім беретін орта оқу орындарындағы (мектеп, лицей, гимназия) өзге пәндер арасындағы әдебиет пәнінің алатын орны мен әдебиетті оқыту әдістемесі жөніндегі ілімнің мән-мазмұнын әрі қазақ әдебиетінің оқыту әдістемесінің қалыптасу кезеңдерін меңгерту бағытын ұстанады.

Қысқаша мазмұны: Оқыту үдерісінде сын тұрғысынан ойлау технологиясын қолданудың ғылыми-теориялық негізі. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының ерекшелігі. Сын тұрғысынан ойлау технологиясының стратегияларына шолу. Сын тұрғысынан ойлау жобасын қолданып қазақ әдебиеті сабағын өткізу үлгілері.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: Студенттерге жан-жақты тарихи-әдеби, теориялық толық мәліметтер мен практикалық дағдылар туралы түсінік беріледі.

Білуі: Қазақ әдебиеті әдістемесінің қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады.

Дағдысы: Әр жылдарда құнды-құнды пікірлер айтқан ағартушылық-демократттық бағыттағы педагог-әдіскерлердің, көрнекті әдебиетшілердің еңбектерімен танысып, олардың идеялық-эстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады.

Құзіреттілігі: Көркем әдебиеттің оқытылу тарихының жүйесі, ерекшелік сипаттары көрсетіледі.

Бағдарламының жетекшісі: Секей Ж.

78

K(O)AST 0317


Қазақ әдебиеті сынының тарихы

Кредит көлемі –2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны –3.

Пререквизиті – ХХ ғасырдың алғашқы кезеңіндегі қазақ әдебиетінің дамуы (1900-1940)

Постреквизиті – ХХ ғасырдың 60-жылдарынан кейінгі әдебиет (1960-2000)

Оқытудың мақсаты: Қазақ әдебиті сынының тарихының әдеби даму жолдарының қыр-сырын аңғару, талдау процесімен тікелей байланысты болғандықтан сынның туу және қалыптасу кезеңдерін әдебиет тарихына жанастыра көрсету. Қазақ әдебиеті сынының жеткізген бүгінгі табыстары негізінде студенттерге барынша толық, тиянақты білім беру.

Қысқаша мазмұны: Сыни ой-пікірлердің тууы мен дамуы. Сын арналары. Баспасөз және сын. Заман және көркемдік мұрат. Дарындар сын додасында. Заман және көркемдік мұрат. Өркендеу өзегі - көркемдік әдіс. Дәйектеме сын. Әдеби өркендеудегі тарихи сабақтастық. 70-80 жылдардағы сын мәселелері. Қазіргі қазақ әдебиеті сынының жай-күйі.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: Әдебиеттің дамуын сын тарихымен бірлікте талдаудың ғылыми принциптерін игереді.

Білуі: Әдебиет сынының тағылымдық, көркемдік-эстетикалық және ұлттық мәнін ұғынады.

Дағдысы: Әдебиеттану ғылымын құрайтын ұғымдармен, категориялармен танысып, олардың сыншы ғалымдардың еңбектерінде қолданылу ерекшелігін түсінеді.

Құзіреттілігі: Қазақ әдебиеті сынының әр кезеңіндегі дамуымен танысады.

Бағдарламаның жетекшісі: ф.ғ.к., доцент м.а. Аитова Ж.Ж.

79

ASM 0318


Әдеби сын мәселелері

Кредит көлемі –2 (1+1+0), ECTS бойынша кредит саны –3.

Пререквизиті – ХХ ғасырдың алғашқы кезеңіндегі қазақ әдебиетінің дамуы (1900-1940)

Постреквизиті – ХХ ғасырдың 60-жылдарынан кейінгі әдебиет (1960-2000)

Оқытудың мақсаты: Қазақ әдебиті сынының тарихының әдеби даму жолдарының қыр-сырын аңғару, талдау процесімен тікелей байланысты болғандықтан сынның туу және қалыптасу кезеңдерін әдебиет тарихына жанастыра көрсету. Қазақ әдебиеті сынының жеткізген бүгінгі табыстары негізінде студенттерге барынша толық, тиянақты білім беру.

Қысқаша мазмұны: Сыни ой-пікірлердің тууы мен дамуы. Сын арналары. Баспасөз және сын. Заман және көркемдік мұрат. Дарындар сын додасында. Заман және көркемдік мұрат. Өркендеу өзегі - көркемдік әдіс.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: Әдебиет жанрлар мен тарихи проза, поэма, т.б. түрлерінің көркемдік өсу жолын меңгереді

Білуі: Осы кезең әдебиеті сыны өкілдерінің шығармаларын оқып, біледі.

Дағдысы: Әдебиеттің дамуы сыншыл ой-пікірлердің дамуына қатыстылығын аңғарту.

Құзіреттілігі: Қазақстан тәуелсіздігі және әдеби үрдістердегі жаңашылдықтың мәнін ұғынады.

Бағдарламаның жетекшісі: ф.ғ.к., доцент м.а. Аитова Ж.Ж.

80

KK(O)A 0319



Қазіргі қазақ әдебиеті

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS кредит бойынша саны – 3.

Пререквизиті – Әдебиеттануға кіріспе; Қазақ халық ауыз әдебиеті; Ежелгі дәуір әдебиеті

Постреквизиті – Әдебиет теориясы; Қазақ әдебиетінің сынының тарихы.

Оқытудың мақсаты: Әдеби процесс пен көркем шығарманы ғылыми-теориялық тұрғыдан саралап, түсіну және оның көркемдік-эстетикалық даму жолдарын пайымдау мақсатында бұл пәннің маңызы айтарлықтай. Көркемдік жүйе дамуындағы дәстүрлілік пен жаңашылдықты түбірлей тексеріп, суреттегіш-бейнелегіш құралдарды шеберлікпен түсіндіру – студенттердің ғылыми шығармашылық қабілетін арттырады.

Қысқаша мазмұны: Қазақтың тарихи прозасы. Лирикалық проза. Қазіргі қазақ сатирасы. Қазіргі қазақ романдары. Қазіргі қазақ повестері. Қазіргі қазақ әңгімелері. Деректі проза. Қазіргі қазақ драмматургиясы. Қазіргі қазақ лирикасы. Қазақтың философиялық лирикасы. Қазіргі қазақ поэмалары. Қазіргі қазақ сыны.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: Қазіргі қазақ әдебиетінің өзіндік табиғатын меңгереді.

Білуі: Қазіргі қазақ әдебиетінің қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады.

Дағдысы: Қазіргі қазақ әдебиеті өкілдерінің мұраларының мәтінімен танысып, олардың идеялық-эстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады Құзіреттілігі: Қазіргі қазақ әдебиетінің өзіндік ерекшеліктері, жанрлары туралы терең білім алады. Бағдарламының жетекшісі: Ж.Секей

81

KK(O)A 0320


Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті және қазіргі әдеби үдеріс

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS кредит бойынша саны – 3.

Пререквизиті – Әдебиеттануға кіріспе; Қазақ халық ауыз әдебиеті; Ежелгі дәуір әдебиеті

Постреквизиті – Әдебиет теориясы; Қазақ әдебиетінің сынының тарихы.

Оқытудың мақсаты: Әдеби үдеріс пен көркем шығарманы ғылыми-теориялық тұрғыдан саралап, түсіну және оның көркемдік-эстетикалық даму жолдарын пайымдау мақсатында бұл пәннің маңызы айтарлықтай. Көркемдік жүйе дамуындағы дәстүрлілік пен жаңашылдықты түбірлей тексеріп, суреттегіш-бейнелегіш құралдарды шеберлікпен түсіндіру – студенттердің ғылыми шығармашылық қабілетін арттырады.

Қысқаша мазмұны: Қазақ әдебиеті тәуелсіздік кезеңінде. Проза. Повесть, хикаяттар. Әңгіме. Деректі әдебиет. Сатира. Фантастика. Лирика. Поэма. Драматургия. Қазақстан халықтарының әдебиеті. Әдебиеттану. Әдеби-көркем сын. Қазақ әдебиетінің халықаралық байланыстары.

Оқытудағы күтілетін нәтижелер:

Білімі: Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті және қазіргі әдеби үдерістің ерекшеліктері мен өзіндік табиғатын меңгереді.

Білуі: Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті және қазіргі әдеби үдерістің қалыптасу, даму кезеңдері жайлы мағлұмат алады.

Дағдысы: Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті өкілдерінің мұраларының мәтінімен танысып, олардың идеялық-эстетикалық құндылықтары туралы өзіндік пікір қалыптастырады

Құзіреттілігі: Тәуелсіздік кезеңіндегі қазақ әдебиеті және қазіргі әдеби үдерістің өзіндік ерекшеліктері, жанрлары туралы терең білім алады.

Бағдарламының жетекшісі: Ж.Секей

82

KK(O)A 0321


ХХІ ғасырдағы қазақ әдебиеті

Кредит көлемі – 2 (1+1+0), ECTS кредит бойынша саны – 3.

Пререквизиті – Әдебиеттануға кіріспе; Қазақ халық ауыз әдебиеті; Ежелгі дәуір әдебиеті

Постреквизиті – Әдебиет теориясы; Қазақ әдебиетінің сынының тарихы.

Оқытудың мақсаты: Әдеби процесс пен көркем шығарманы ғылыми-теориялық тұрғыдан саралап, түсіну және оның көркемдік-эстетикалық даму жолдарын пайымдау мақсатында бұл пәннің маңызы айтарлықтай. Көркемдік жүйе дамуындағы дәстүрлілік пен жаңашылдықты түбірлей тексеріп, суреттегіш-бейнелегіш құралдарды шеберлікпен түсіндіру – студенттердің ғылыми шығармашылық қабілетін арттырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет