Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры


  Кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатындар



Pdf көрінісі
бет15/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

6. 
Кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатындар. ҚР АК сүйенсек (10-
бап) «Кәсіпкерлік – мемлекеттік кәсіпорындар шаруашылығын жүргізу құқығы 
бойынша немесе жекеменшікке (жеке кәсіпкерлік) негізделген, тауарға (жұмыс, 
қызмет) деген сұраныспен қамтамасыз етуге бағытталған, кез-келген меншік 
формасындағы азаматтар мен заңды тұлғалардың бастама қызметі».
Яғни, ұсақ-тұйек бөліктерді есепке алмағанда, 
инвестиция дегеніміз –
заттар, ақша, оның ішінде шетелдік валюта, қаржылық құралдар, жұмыс, 
қызметтер, шығармашылық интеллектуалды қызметтің нақтыланған 
нәтижелері, фирмалық атаулар, тауарлық белгілер және бұйымдарды 
жекешелендірудың басқа құралдары, мүліктік құқықтар (меншіктер, 
қолдану, бұйыру және т.б.) және инвестор заңды тұлғаның жарғылық 
капиталына (жарғымен анықталған және осы тұлғаның жарғысы және ҚР 
заңнамасына сәйкес осы тұлғаның құрылтайшылары (қатысушылары) 
арқылы құрылған) салатын басқа заттар немесе Салық кодексі белгілеген, 
осы заңды тұлға бақылайтын, өткен оқиғалардың нәтижесінде алынған, 
олардан болашақ экономикалық пайда күтілетін қорлар.  
Яғни, компанияға салынғанның барлығы емес, бірақ оның көпшілігі 
инвестиция.
ҚР-да инвестициялар халықаралық құқық деңгейінде қорғалады. Мысалы, 
Қазақстан қол қойды және/немесе бекітті және/немесе Қазақстан Республикасы 
мен төмендегі елдер арасындағы инвестициялардың сыйға берілуі, жәрдем және 
өзара қорғалуы туралы келесі конвенцияларды қабылдауға дайындалуда: 
• 
Вьетнам Социалистік Республикасы (Астана, 15- қыркүйек 2009 жыл); 
• 
Нидерланды Королдігі ( Гаага қ., 27 қараша 2002 ж.); 
• 
Кувейт мемлекеті ( Эль-Кувейт қ., 31- тамыз 1997 ж); 
• 
Чех Республикасы ( Прага қ., 8-қараша 1996 ж); 
• 
Түркия Республикасы (Алма-Ата, 1 мамыр 1992 жыл); 
• 
Катар мемлекеті (Астана қ, 4 наурыз 2008 жыл); 
• 
Еуразиялық экономикалық қауымдастыққа мүше-мемлекеттер (2008 жыл 
23 
қаңтар); 
• 
Словакия Республикасы ( Братислава қ., 21 қараша 2007 жыл); 
• 
Финляндия Республикасы (Астана қ., 9 қаңтар 2007 жыл); 
23 


• 
Иордан Хашимит Королдігі (Амман қ., 29 қараша 2006 жыл); 
• 
Армения Республикасы (Астана қ., 6 қараша 2006 жыл); 
• 
Хорватия Республикасы (11 шілде 2006 жыл); 
• 
Швеция Королдігі (Стокгольм қ., 25 қазан 2004 жыл); 
• 
Латвия Республикасы (Астана қ., 8 қазан 2004 жыл); 
• 
Пәкістан Ислам Республикасы (Исламабад қ., 8 желтоқсан 2003 жыл); 
• 
Грекия Республикасы ( Алматы қ., 26 маусым 2002 жыл); 
• 
Тәжікстан Республикасы (Душанбе қ., 16 желтоқсан 1999 ж.); 
• 
Болгария Республикасы (София қ., 15 қыркүйек 1999 жыл); 
• 
Ресей Федерациясы (Мәскеу, 6 шілде 1998 жыл); 
• 
Бельгиялық-Люксембургтық Экономикалық кеңес (Алматы қ, 16 сәуір 
1998 
ж.); 
• 
Франция Республикасы ( Париж қ., 3 ақпан 1998 жыл); 
• 
Өзбекстан Республикасы ( Алматы қ., 2 маусым 1997 жыл); 
• 
Қырғыз Республикасы (Алматы қ., 8 сәуір 1997 жыл); 
• 
Үндістан Республикасы (Дели қ., 9 желтоқсан 1996 жыл); 
• 
Грузия ( Тбилиси қ., 17 қыркүйек 1996 ж.); 
• 
Әзербайжан Республикасы (Баку қ., 16 қыркүйек 1996 жыл); 
• 
Малайзия ( Куала-Лумпур қ., 27 мамыр 1996 жыл); 
• 
Румыния (Бухарест қ., 25 сәуір 1996 ж.); 
• 
Корея Республикасы (Алматы қ., 20 наурыз 1996 ж.); 
• 
Иран Ислам Республикасы (Алматы қ., 16 қаңтар 1996 ж.); 
• 
Израиль мемлекеті (Иерусалим қ., 27 желтоқсан 1995 жыл); 
• 
Ұлыбритания мен Солтүстік Ирландия Біріккен Королдігі (Лондон, 23 
қараша 1995 жыл); 
• 
Венгрия Республикасы (Будапешт қ., 7 желтоқсан 1994 ж.); 
• 
Моңғолия (Алматы, 2 желтоқсан 1994 ж.); 
• 
Біріккен Араб Әмірлігі (Джидда қ., 27 қыркүйек 1994 жыл); 
• 
Польша Республикасы ( Алматы қ., 21 қыркүйек 1994 жыл); 
• 
Украина (Алматы қ., 17 қыркүйек 1994 жыл); 
• 
Литва Республикасы ( Алматы қ., 15 қыркүйек 1994 ж.); 
• 
Швейцария Федералды кеңесі (Алматы қ., 12 мамыр 1994 жыл); 
• 
Египет Араб Республикасы ( Каир қ., 14 ақпан 1993 ж.); 
• 
Қытай Халық Республикасы (Бейжің қ., 10 тамыз 1992 жыл); 
• 
Румыния; 
• 
Филиппин Республикасы; 
• 
Канада; 
• 
Испания (Мадрид қ., 23 наурыз 1994 ж.). 
Ратифицияланған және жүзеге асуда: 
24 


• 
Инвестициялық қызмет саласындағы ықнтамақтастық туралы келісім 
(Ашғабад, 24 желтоқсан 1993 ж.) 
• 
Инвестиция кепілдемесі бойынша көпқырлы агенттікті құру жөнінде 
конвенция (Сеул, 11 қазан 1985 ж.) 
• 
Мемлекеттер мен басқа мемлекеттердің жеке немесе заңды тұлғалары 
арасындағы инвестициялық дау-дамайды реттеу туралы конвенция (ICSID) 
(Вашингтон, 18 наурыз 1965 ж.) 
Біртұтас экономикалық кеңістігі жасақтау туралы (2006 жыл, 22 тамыз) 
қатысушы мемлекеттер территориясында капиталдың еркін қозғалысы мен 
инвестициялық қызметі туралы келісімнің жобалары Америка Құрама 
Штаттарының Үкіметі және Қазақстан Республикасы Үкіметі, Қырғыз 
Республикасы Үкіметі, Тәжікістан Республикасы Үкіметі, Түркіменстан 
Республикасы Үкіметі және Өзбекстан Республикасы Үкіметі арасында сауда 
мен инвестиция саласындағы қарым-қатынасты дамыту бойынша келісімшарт 
жобасы дайындалу үстінде. (1 маусым 2004 жыл). 
Алайда, қазіргі халықаралық келісімдермен жұмыс істеген кезде 
«инвестиция» термині түсінігінің көптүрлілігіне көңіл бөлінуі тиіс, өйткені олар 
ұқсас болғанмен, бірдей емес. Халықаралқ келісімдердің мемлекет алдында 
артықшылығы бар екенін еске салған жөн және олармен немесе оның 
тұрғындарымен халықаралық келісім жасалған мемлекетпен жұмыс істегелі 
отырсаңыз, тұжырымға көңіл бөлген жөн. Яғни,
 
халықаралық құқықтың 
нормаларын қолданудың әрбір жағдайында егер бар болса нақты 
конвенцияларға жүгіну қажет. Олар болмаған жағдайда «инвестиция» терминіне 
қатыстылардың барлығы қазақстандық құқықтың нормаларына бағынады.
"
Инвестор" термині кез-келген келісетін 
тараптарға қатысты білдіреді:
Келісім
а) Испан тарапынан болған жеке тұлға ұлттық 
заңға сәйкес резидент, ал қазақстандық тараптан 
болса, Қазақстан Республикасының азаматы болып 
есептелінеді.
б) компаниялар, компаниялар ассоциациалары, 
сауда ұжымдық объектілері және басқа да сәйкес 
келісетін тараптартың заңдары мен нормаларына 
сәйкес тағайындаған және шын мәнінде осы 
келісетін тараптардың аумағынан басқарылатын 
жағдайда 
корпорация 
ретінде 
тіркелген 
мекемелерді қосқанда кез-келген заңды тұлғалар.
Қазақстан 
Республикасы 
мен 
Испания 
Корольдігі 
арасындағы 
инвестицияны 
ынталандыру және өзара 
қорғау туралы келісім 
(Мадрид, 23 наурыз
1994 
ж.) 
1995 
жылдың 22 
маусымынан 
бастап 
күшіне енді. Қазақстан 
Республикасында 1995 
25 


жылдың 26 сәуірінде N 
2240 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 
Жарлығына 
сәйкес 
бекітілді.
«Инвестор» термині уәделескен тараптардың 
әрқайсысына қатыстылығын білдіреді:

Заңнамаға сәйкес осы уәделескен тараптардың 
азаматтары болып табылатын жеке тұлғалар,

сонымен қатар, мемлекет аумағында тұрақты 
өмір сүретін азаматтығы жоқ тұлғалар;

Уәделескен тараптардың аумағындағы 
заңнамаға сәйкес бекітілген заңды тұлғалар;

осы жеке және заңды тұлғалар осы уәделескен 
тараптардың 
заңына 
сәйкес 
уәделескен 
Тараптардың аумағында инвестиция жүргізуге 
құқығы бар болған жағдайда.
Қазақсатн 
Республикасы 
мен 
Египет 
Араб 
Республикасы арасында 
инвестицияның 
ынталандыру мен өзара 
қорғау туралы келісімі
(Каир қ, 14 ақпан 1993 
ж.) 
Келісім 
Қазақстан 
Республикасы 
Президентінің 
Жарлығымен 1995 ж. 15 
қыркүйек 
N 2460 
бекітілді, 1997 жылдың 
28 
наурызында күшіне 
енді.
1. "
Инвестор" термині уәделескен тараптардың 
әрқайсысына қатысты:
а) Уәделескен тараптардың заңына сәйкес оның 
азаматы болып табылатын жеке тұлға;
б) компаниялар, корпорациялар, кәсіпкерлік 
бірлестіктер және басқа ұйымдық құрылымдар 
Уәделескен тараптардың заңына сәйкес бекітілген 
және ұйымдастырылған және сол уәделескен тарап 
аумағында тұрақты болатын және кәсіпкерлік 
қызметті шын мәнінде жүргізетін басқа да 
мекемелік құрылымдар;
в) Кез-келген мемлекеттің заңына сәйкес 
құрылған заңды тұлға, ол уәделескен тараптардың 
бірінің азаматтары немесе осы уәделескен 
тараптардың бірінің мемлекетінің аумағында 
тұрақты болатын және шын мәнінде кәсіпкерлік 
қызметті жүргізетін заңды тұлғаларының тікелей 
немесе жанама бақылауында болады.
Қазақстан 
Республикасы 
Үкіметі 
мен 
Швейцария 
Федералды 
Кеңесі 
арасындағы 
инвестицияның 
ынталандыруы 
және 
өзара 
қорғалуы 
жөніндегі 
келісім. 
(Алматы, 12 мамыр 1994 
жыл) 
18 
мамыр 1998 жылы 
ҚР 
N 228-
Заңымен 
бекітілді, 1998 жылдың 
13-
мамырында күшіне 
енді.
"Инвестор" термині мынаны білдіреді:
Қазақстан 
26 


а) Заңнамаға сәйкес уәделескен тараптарының 
бірінің азаматы болып табылатын жеке тұлға;
б) Уәделескен тараптардың бірінің заңына 
сәйкес белгіленген заңды тұлға;
в) Уәделескен тараптардың бірінің заңына 
сәйкес бекітілмеген заңды тұлға, бірақ осы 
уәделескен тараптардың жеке немесе заңды 
тұлғалары тура немесе жанама бақылауында 
болады, өз қызметінде осы екіжақты келісімнің 
ережелеріне бағынады.
Республиксы 
Үкіметі 
мен 
Польша 
Республикасы 
Үкіметі 
арасындағы 
инвестициялардың 
ынталандырылуы және 
өзара қорғалуы туралы 
келісім ( Алматы қ., 21 
қыркүйек 1994 жыл) 
Келісім 
ҚР 
Президентінің 12.05.1995 
ж. N 2277 Жарлығымен 
бекітілген.
25 мамыр 1995 жылы 
күшіне енді.
«
Инвестиция»: термині 
"инвестиция" термині 
келісім 
Қазіргі заңнамаға сәйкес Уәделескен тараптар өзге 
Уәделескен тараптардың территориясында инвесторлардың 
экономикалық қызметіне байланысты активтердің кез-
келген түрін қамтиды:
а) жылжитын және жылжымайтын мүлік, басқа мүлік, 
мазмұн құқығы, қарызды қамтамасыз ету және басқа да 
құқықтар сияқты кез-келген басқа да құқықтар;
б) акциялар, бағалы қағаздар және заңды тұлғалардың 
несие міндеттемелері немесе осы заңды тұлғалардың 
мүліктік бөлігі;
в) қарыз, несие, мақсатты банкітік және қаржылық 
үлестер және инвестиция жүргізумен байланысты басқа 
қаржылық талаптары;
г) инвестициямен байланысты авторлық құқықтар, 
тауарлық белгілер, патенттер, өндірістік үлгілер, 
технологиялық 
процестер, 
ноу-хау, 
коммерциялық 
құпиялар, фирмалық атаулар және гудвил қосқанда 
интеллектуалдық меншік құқықтары;
д) табиғи қорлардың барлау, өндіру, өңдеу және 
пайдаға асыруға концессияны қоса алғанда, сәйкес құқықты 
лицензиялау және рұқсат беру;
е) несие келісімшарты бойынша кірісті және негізгі 
қарыз төлемдерін және пайыздарды қайта инвестициялау.
Активтер инвестицияланған форманың кез-келген 
Қазақстан 
Үкіметі 
мен 
Қазақстан 
Республикасының 
арасында 
инвестицияның 
ынталандырылуы 
және 
өзара 
қорғалуы туралы 
келісім (Алматы 
қ., 17 қыркүйек 
1994 
жыл) 
Келісім 1995 
жылдың 

тамызында күшіне 
енді. 
ҚР 
Президентінің 20 
сәуір 1995 жылдан 
N 2218 
Жарлығымен 
бекітілді.
27 


өзгерісі инвестициялар сияқты олардың қалпына әсер 
етпейді.
"
инвестициялар" термині Заңға сәйкес инвестиция 
қабылдайтын Уәделескен Тараптың аумағына алынған 
мүліктік құндылықтың барлық түрін білдіреді, оның 
ішінде:
а/ жылжитын және жылжымайтын мүліктер және 
олармен байланысты кез-келген мүліктік құқықтар;
б/ акциялар және кәсіпорындар мен компанияларға 
қатысудың басқа түрлері;
в/ экономикалық құндылығы бар қаржы құралдары 
және кез-келген міндеттер бойынша талаптар құқықтары;
г/ өндірістік меншік объектілері, тауарлық белгілері, 
фирмалық атаулар, тауардың шығу орындарының 
атаулары, коммерциялық құпиялар, сонымен қатар «ноу-
хау» және технологияларға авторлық құқықтарды қоса 
алғанда интеллектуалдық меншік құқықтары.
д/ заң немесе келісімшартқа сәйкес берілетін 
экономикалық қызметті жүргізу құқықтары,
табиғи қорлардың барлауы мен қолданысын жүзеге 
асыру құқығын қоса алғанда.
Қазақстан 
Республикасы 
Үкіметі 
мен 
Қытай 
Халық 
Республикасының 
Үкіметі 
арасындағы 
инвестицияның 
ынталандырылуы 
және 
өзара 
қорғалуы туралы 
келісім (Бейжің қ. 
10 
тамыз 1992 
жыл) 
Қазақсатн 
Республикасының 
Жоғарғы 
Кеңесінің 
1994 
жылы 
8-
маусымындағы 
қаулысымен 
бекітілген, 18 
тамыз 1994 жылы 
күшіне енді.
а) "инвестиция" термині активтердің кез-келген түрін 
білдіреді және жеке алғанда ішіне төмендегілер кіреді:
1. 
жылжитын және жылжымайтын мүліктер және 
мүліктік, қарызгердің мүлкіне тыйым салу құқығы, кепілдік 
сияқты басқа кез-келген меншік құқығы;
2. акциялар, бағалы қағаздар, кез-келген компанияның 
қарыз міндеттемелері, сонымен қатар компанияға 
қатысудың кез-келген басқа формасы;
3. 
қаржылық құндылығы бар келісім-шартқа сәйкес 
қаржы 
міндеттемелері 
немесе 
кез-келген 
басқа 
міндеттемелер;
4. 
Интелектуалды меншік құқықтары, гудвилл, 
технологиялық процестер және ноу-хау;
5. 
Табиғи қорларды іздеу, өңдеу немесе қолдану 
жеңілдіктерін қоса алғанда, заң мен келісімшартқа сай 
Қазақстан 
Республикасы 
және 
Ұлыбритания 
және 
Солтүстік 
Ирландия Біріккен 
Корольдігі 
арасындағы 
инвестицияның 
ынталандырылуы 
және 
өзара 
қорғалуы туралы 
келісім (Лондон 
қ., 23 қараша 1995 
28 


кәсіпорынға берілетін жеңілдіктер.
Активтерді инвестициялаудың формасының өзгеруі 
инвестиция ретінде оның сипатына әсер етпейді, ал 
«инвестиция» терминіне осы келісімнің күшіне енген 
мерзімінен кейін немесе оған дейін жүзеге асырылған 
инвестициялардың барлық түрі енеді;
жыл) 
Қазақстан 
Республикасының 
22 
қараша 1996 ж 
N 44-I 
Заңына 
сәйкес бекітілді, 9 
қаңтар 1997 жылы 
күшіне енді.
"
инвестициялар" термині инвестиция жүргізілетін 
аумақтың Уәделескен Тараптың заңдары мен ережелеріне 
сәйкес тартылатын қаржының кез-келген түрін білдіреді, 
жеке алғанда келесілерді құрайды: 
а) жылжитын және жылжымайтын мүлік, сонымен 
қатар мүлік бар аймақтағы Уәделескен Тараптың заңы мен 
нормативті актілеріне сәйкес анықталған, ипотека, мүлікке 
тыйым салу құқығы, кепілдер және кез-келген басқа ұқсас 
құқықтар сияқты басқа мүліктік құқықтар;
б) акциялардан, облигациялардан және компаниядағы 
қатысудың басқа фрмаларынан шығатын құқықтар;
в) қаржы құнына талап, гудвил, басқа активтер және 
экономикалық құндылықты ұсынатын, кез-келген басқа 
талаптар;
г) интеллектуалды меншік құқығы, технологиялық 
процестер және «ноу-хау»;
д) табиғи қорларды барлау, өндіру немесе пайдалануға 
концессияларды қоса алғанда, заң немесе келісім-шарт 
арқылы қарастырылған коммерциялық концессиялар.
Қазақстан 
Республикасы 
Үкіметі 
мен 
Израиль 
Мемлекеті Үкіметі 
арасындағы 
инвестициялардың 
ынталандырылуы 
және 
өзара 
қорғалуы жқнінде 
келісім. 
(Иерусалим, 
27 
желтоқсан 
1995 
жыл) 
12.07.1996 
ж. 

22-1,
ҚР 
Заңымен 
бекітілген, 
19 
ақпан 1997 жылы 
күшіне енді.
Заңда кітаптың соңындағы глоссарийде берілген түсініктер де 
кездесетіндігіне назар аудару керек.
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 маусымдағы № 57-III Заңының 
21-
бабына сәйкес «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы», 
«
Қазақстан Республикасына резидент еместердің және резиденттердің тікелей 
инвестициялары шетелге тіркелу тәртібінде жүзеге асады», қалған жағдайларда
««
резиденттер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бағалы қағаздарды 
алу, жарғылық капиталға қатысуды қамтамасыз ету мақсатындағы валюталық 
операциялар туралы , сонымен қатар, туынды қаржылық құралдармен 
байланысты валюталық операциялар туралы ескертулері керек. ( 22-
бап). 
29 


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басқармасының 2006 жылғы 11 
желтоқсандағы № 129 Қаулысына сәйкес «Қазақстан Республикасында 
валюталық операцияларды жүргізу ережелерін бекіту туралы», (37), «Ұллтық 
Банк 29, 40 тармақтарда көрсетілген жағдайлардан басқа Заңның 20, 21, 23, 24 
баптарымен анықталған валюталық операциялардың тіркелуін жүзеге асырады., 
бұл келесі шартттар болған жағлдайда жүзеге асады: 
1) 
Қазақстан Республикасына мүліктің (қаржы) келуін және резиденттің 
мүлікті резидент емеске қайтару міндеті пайда болуын қарастыратын валюталық 
операциялардың құны үш жүз мың АҚШ долларынан асады; 
2) 
Қазақстан Республикасынан қаржы аударуды және резиденттің резидент 
еместен мүлікті қайтару жөнінде талаптарының пайда болуын қарастыратын 
валюталық операция құны бес жүз мың АҚШ долларынан асады». 
Ережелерге сүйенсек, (50 тарау), «резиденттер төмендегі шарттар бар болған 
жағдайда, 29 тармақта көрсетілген жағдайлардан басқа, бағалы қағаздар, 
инвестициялық қорлар пайлары, сондай-ақ қаржылық құралдармен байланысты 
операциялар туралы 29 заң баптары анықтаған валюталық операциялар жөнінде 
ескертеді: 
1) 
Қазақстан Республикасына мүліктің (қаржы) келуін және резиденттің 
мүлікті резидент емеске қайтару міндеті пайда болуын қарастыратын валюталық 
операциялардың құны үш жүз мың АҚШ долларынан асады.
2) 
Қазақстан Республикасынан қаржы аударуды және резиденттің резидент 
еместен мүлікті қайтару жөнінде талаптарының пайда болуын қарастыратын 
валюталық операция құны 50 мың АҚШ долларынан асады; 
3) 
төлем мен (немесе) аударым қаржы құралдарының операциялары 
бойынша, сонымен қатар жұмыс, қызметтің экспортымен (импорт) байланысты 
есепті жүргізген кезде резиденттің резидент емеске, резидент еместің резидентке 
төлем мен (немесе) аударым құны 50 мың АҚШ долларынан асады». 
Жоғарыда Қазақстандағы немесе Қазақстанға инвестициялаудың заңды 
аспектілері берілген. Алайда, инвестиция аспектілерінің экономикалық және 
мәртебелік аспектілері де бар.
Қазақстан инвестицияларға мүдделі және сондықтанда, мемлекеттің 
инвестициялық климатының жақсаруы бағытында жұмыс істейді. Жоғарыда 
көрсетілген заңды аспектілер, әрине инвестиция үшін негіз қалайды. Бірақ бұл . 
аздық етеді. Шетелдік инвесторларды тарту үшін және оларды сақтап қалу үшін 
бизнес пен мемлекеттің диалогы үшін тиімді алаң болып табылатын, Қазақстан 
Республикасы Президенті жанынан Шетелдік инвесторлар кеңесі құрылған. 
Өндіру салаларының қызметінің Британдық айқындылық бастамасы жүзеге 
асуда. Бұл бастамаға 46 компания, 52 үкіметтік емес ұйымдар және мыңнан аса 
Қазақстанның қоғамдық ұйымдардың мүдделерін білдіретін үкіметтік емес 
ұйымдардың қауымдастығы қосылды. … Шетелдік инвесторлардың қызметі 
үшін қолайлы жағдай құру мақсатында тәуелсіз сот жүйесінің жаңа 
институттары пайда болады. Мәселен, Алматы қаласында жақында құрылған 
30 


Аймақтық Қаржы орталығында осы қаржылық орталықтың қатысушыларының 
қызметімен байланысты барлық дауларды қарастыру құқығы берілген 
мамандырылған сот құрылды…. Елде бұрынғы кеңестік елдердің бірінде
ұқсастығы жоқ тағы екі жаңа құрылым пайда болды. Олардың бірі – отандық 
барлық даму институттарын біріктірген Қазақстанның «Қазына» тұрақты даму 
қоры. Олардың ішінде – Инновациялық қор, Инвестициялық қор, Қазақстанның 
Даму Банкі және басқалары бар. Жаңа құрылған құрылымның міндеті – даму 
институттарының экономиканың түрлі салаларында инвестициялық және 
инновациялық белсенділікті ынталандыру үшін бірлесіп басқару жүйесін 
жетілдіру.
Келесі маңызды қадам «Самұрық» мемлекеттік холдингтік компанияның 
құрылуы болды. Оның құрамына «ҚазМұнайГаз» ды қосқанда, басты ұлттық 
қазақстандық компаниялардың мемлекеттік активтері кірді, «ҚазМұнай Газдың» 
еншілес компаниясының акциялары осы жылдың қазан айынан бастап, Лондон 
Қор биржасында бағалануда. «Самұрық» холдингінің басты мақсаты Қазақстан 
Президенті алға қойған – ұлттық компанияларды бірлесіп басқарудың тиімділік 
дәрежесі мен деңгейін көтеру.
5
Қазіргі кезде Тұрақты даму қоры мен 
мемлекеттік холдинг компаниясы біріктірілген.
6
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә. Назарбаевтың инвестициямен 
байланысты айтқан пікірлерінен тағы бірнеше цитаталарды мысалға келтіріп 
көрейік.
«
Қазіргі таңда біздің еліміз әлемнің анағұрлым қарқынды түрде дамып келе 
жатқан мемлекеті ретінде сипатталады. Қазақстан аймақтағы инвестиция үшін 
анағұрлым тартымды елге айналды. Халықаралық сараптамашылардың 
бағалауынша, Орталық Азияға тартылған барлық шетелдік инвестициялардың 
80-
нен аса пайызы Қазақстанда.
Қазақстан әр тұрғынға тартылған тікелей шетел инвестициясының көлемі 
бойынша ТМД елдері арасында көшбасшы болып қалуда, сонымен қатар, ТМД 
елдері арасында инвестициялық кластың халықаралық рейтингісін бірінші 
болып алды».
7
1993 жылдан бастап тікелей инвестициялардың барлық көлемі 50 
миллиард долларға жуықтады. Шетелдік инвестициялар көлемі жүйелі түрде 
көбеюде. Егер 2003 жылы 5 миллиард АҚШ доллары тартылса, 2005 жылы оның 
ауқымы 1,5 есе өсіп, 6,4 миллиард долларға жетті.
Президенттің сөздерінен біздің еліміздің инвестиция мәселелеріне (тек қана 
шетелдік емес) көп көңіл бөлетінін көруге болады.
Дегенмен, бәрі қалағандай жақсы емес. Егер заңнаманы бүгінгі күнге 
инвестицияларды ынталандыру ретінде қарастырсақ, біз көптеген шектеулерді 
көреміз. Салық Кодексі инвесторларға жеңілдікті шектеді немесе алып тастады. 
Соңғы екі жылдағы заң бұрынғыдай инвестициялауды ынталандырмайды.
Президент Н.А.Назарбаев шетелдік инвестицияларға көп көңіл аударады, 
Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетел инвесторлары 
31 


кеңесінің 18-пленарлық отырысында (Астана, 7 желтоқсан 2007 жыл) 
инвесторлар алдына бірнеше маңызды мәселелерді қойды, яғни, инвестиция құю 
кезінде олар экология, еңбек қауіпсіздігіне және т..б. халықаралық талаптарды 
сақтауы керек.
Алайда, IV қазақстандық инвестициялық саммитте ҚР Ұлттық Банкінің 
басқарма төрағасы Григорий Марченко былай деді: «Қазақстанға шетелдік 
инвестиция құю тенденциясы қаржылық салада да, жалпы алғанда экономикада 
да болашақта сақталып қала бермек. Тікелей шетелдік инвестициялар ең 
алдымен белсенді түрде мұнай-газ саласына, тау-кен өнеркәсібіне және 
металлургияға тартылады. Сондай-ақ, ішкі тұтынуға жұмыс істейтін салалар, 
шағын және орта бизнес, ауыл шаруашылық негізінде банктер арқылы 
қаржыландырылады». 
Инвестициямен байланысты заңдардың дамуы, бірлесіп басқару 
принциптерін билік органдары мен мемлекеттік меншік формасы бар 
кәсіпорындарға енгізуді тек қошеметпен қабылдауға болады. Бұл әрекеттер шын 
мәнінде елдегі инвестициялық ахуалды жақсартып, Қазақстанды инвесторлар 
үшін тартымды етеді. Бірақ бұл әрине аздық етеді. Мемлекеттің инвестициялық 
тартымдылығы жеке бизнестің әрекетіне де тәуелді. Бірлесіп басқару 
принциптерін Қазақстаннның барлық АҚ-на енгізу, әрине, мемлекеттің 
инвестициялық тартымдылығын да, нақты акционерлік қоғамдардың 
инвестициялық тартымдылығын да одан әрі жақсарта түседі. Ал бұл өз 
кезегінде мемлекеттің де, мемлекеттегі бизнестің де дамуы мен ахуалына жол 
ашады.
Талдауға арналған сұрақтар: 
1. 
Неліктен Қазақстан инвестиция үшін тартымды мемлекет болып 
табылады?
2. 
Қазақстанның инвестициялық тартымдылығын арттыру үшін мемлекет 
қандай жұмыстар жасауда?
3. 
Инвестиция дегеніміз не? 
4. 
Инвестор дегеніміз кім?
5. 
Корпоративтік басқару принциптерін қазақстандық компанияларға енгізу 
неліктен 
мемлекеттің 
инвестициялық 
тартымдылығын 
арттырады?
Пайдаланған әдебиеттер тізімі: 
1
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Лондондағы «Қазақстан – келешекке жол» 
конференциясындағы сөйлеген сөзі. «Мэншн Хаус, Лондон, 22 қараша, 2006 жыл». 
2
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Шетелдік инвесторлар кеңесінің 17-ші 
пленарлық отырысында сөйлеген сөзі. Өскемен қаласы, 15 маусым, 2007 жыл. 
3
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің №32 21 қазан, 2008 жылғы «Қаржы рыногындағы жағдайлар 
туралы баспасөз мәлімдемесі.
4
Қазақстан Республикасының «Инвестициялар туралы» Заңы, (1-бап). № 373-II 8 қаңтар, 2003 жыл. 
5
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Лондондағы «Қазақстан – келешекке жол» 
конференциясындағы сөйлеген сөзі. «Мэншн Хаус, Лондон, 22 қараша, 2006 жыл». 
6
http://www.titus.kz/?type=ekon&previd=8182 
7
Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 3–ші Қазақстандық инвестициялық саммитте 
сөйлеген сөзі. Алматы қ., 8 маусым, 2006 жыл.
32 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет