Л. Я. Гуревич Халықаралық Бизнес академиясының жоғары оқудан кейінгі ғылыми- методологиялық орталығының директоры, т.ғ. д., социология ғылымының профессоры


Заманауи компанияны басқарудың тәуекелдері



Pdf көрінісі
бет31/193
Дата05.10.2022
өлшемі2.37 Mb.
#462018
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   193
Корпоративті-басқару-Қазақстандық-мазмұн-под-редакцией-С.Филина-книга

 
Заманауи компанияны басқарудың тәуекелдері 
 
Акционерлік қоғамда туындайтын проблемалар мен қарама-қайшылықтан 
басқа, тәуекел туралы да айтуға болады, олар тек қана бұл проблемалардың 
кесірінен ғана болмайды.
• 
Менеджерлерге меншік үлестеріне негізделген өтемақы. Мұндай өтемақы 
акция мен опцион түрінде беріледі. Алайда әдебиетте тек мұндай өтемақылар
шынымен де менеджменттің жұмысының тиімділігін арттырады дегенге анық 
дәлел жоқ деп көрсетілген. Басқа жағынан алғанда, компанияда иелігінде 
акциялары жоқ менеджер-меншік иелерінің болуы қоғамдағы билік тепе-теңдігін 
өзгертеді. Анығында, менеджер-меншік иелерінің басқару шешімдерінің 
қабылдауға күшті ықпал етіп көбірек билікке ие болуы көп жағдайда кездесуде. 
Оған қоса, меншіктегі үлеске негізделген өтемақы капиталдың шоғырлануын 
азайтады, сондай-ақ қоғамды басқаруға ықпал етеді.
• 
Қызметкерлердің әртараптанбаған портфелі. Қызметтік міндеттерді 
атқарумен байланысты емес, денсаулық жағдайы, жасы, жыныс, ұлт және басқа да 
белгілер бойынша кемсітушілікке Қазақстан Республикасының «Еңбек туралы 
кодексінде» тікелей тыйым салынған. Алайда бұл мұндай бөлушілік шындық 
күнделікті тіршілікте кездеспейді дегенді білдірмейді. Бұл қоғамға кем дегенде екі 
жолмен әсер етуі мүмкін. Бірінші, қоғамға пайда әкелуі мүмкін кәсіби мамандар 
мен мамандардың жетіспеуі, бірақ олар жазылмаған ережелер бойынша оларға 
жұмыс істеуге тосқауыл қойылды. Екіншіден, мекемедегі ахуалдың бұзылуы
бұның кесірінен қызметкерлердің белгілі-бір тобы қолайсыздыққа тап болып, яғни, 
олардың еңбек өнімділігі төмендеп, олар мекемеден кетуге мәжбүр болады.  
• 
Директорлардың шағын кеңестері. Қазақстанда үш адамнан тұратын 
директорлар кеңесі жиі кездеседі. Кеңеске жүктелетін жұмыс көлемі өте ауқымды 
екенімен келісейік, мұндай шағын кеңестің бұл көлеммен жұмыс істеуге шамасы 
келмейді. Шағын кеңес жеткілікті талдау қуатына иеленбейді. Мұндай кеңестер 
номиналды болып табылады. Мажоритарлы акционерлер көп болатын капитал 
46 


жоғары шоғырланған қоғамдарда, директорлар кеңесін қажет етпеуі де мүмкін, 
өйткені мұндай акционерлер олардың рөлін өздері орындайды. Дегенмен, мұндай 
жағдай қоғамдар үшін қауіпті көбейтеді, акционерлер және номиналды 
директорлар кеңесі кей кездері басқаруға ие бола алмайды.  
• 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   193




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет