Сезімталдық (сенсибилизация) – ішкі (психикалық) жағдаяттардың
ықпалымен талдағыштар сезімталдығының көтерілуі.
Толықтырушы сезімталдық – қандай да бір сезім түрінің жетіспеуі-
нен басқа сезім ағзалары сезімталдығының күшеюі (мысалы, зағиптердің
есіту, иіс сезу қабілеттерінің артуы).
Қосарлы түйсіну (синестезия) – белгілі заттың нақты өзіне тән
сезімдік түйсігіне оның қандай да бір қасиетіне байланыстыра екінші
бір сезімді ойдан қосу (тәтті лимонның сарғылт түрі ауызда қышқылт
дәм пайда етеді; гүлдің хош иісі, көрмей тұрып-ақ оның сұлу бейнесін
түйсіндіреді).
Шұғыл айырма (контраст) – кейбір қасиеттерге болған
сезімталдықтың екінші бір қарама-қарсы болмыс белгілерінің әсерінен
көтерілуі. Мысалы, бір түсті фигура ашық фонда қарауытып көрінсе,
қара фонда ағараңдайды.
Сезімталдықтың кемуі (десенсибилизация) – бір талдағыштар
күшті қозуынан басқа сезім, түйсіктердің төмендеуі.
Көру түйсігі. Көру түйсігінің пайда болуы үшін көру рецепторлары
– көз торына электромагнитті толқындар әсер етуі қажет. Адам
айыратын түр-түстер хроматикалық (грек.хрома-түр-түс) және
ахроматикалық (түссіз – ақ, қара және сұр түстің әрқилы реңктері)
болып ажыралады.
Түр-түс – әрқилы толқынды электромагниттік сәулелердің әсерінен
болатын психикалық құбылыс. Адам көзі 300-ден 700нм (нанометр)
қабілетіне ие.
Есіту түйсігі. Есіту ағзасы секундына 16-дан 20 мың толқындар
шегіндегі дыбыстарды сезе алады. Дегенмен, есітудің ең тиімді
сезімталдығы 2000-3000 герц аралығында (бұл аса қорыққан әйелдің
жан айғайына сәйкес дыбыс биіктігі).
3
Адам өте төмен жиіліктегі (инфрадыбыстар) дыбысты сезбейді.
Табалдырық асты төмен жиіліктегі 6 герц дыбыстар адам психика-
сына кері ықпал жасап, бас ауыртады, шаршатады, көңіл күйзелісіне
тап қылады, ал 7 герц дыбыстар тіпті жүрек қызметінің тоқтауына
соқтыруы мүмкін.
Достарыңызбен бөлісу: |