Îльга Õабижановна Àéìаганбåòова


Психиканың пісіп жетілуі –



Pdf көрінісі
бет65/97
Дата09.10.2023
өлшемі4.35 Mb.
#480176
түріОқулық
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   97
Психология негіздері

Психиканың пісіп жетілуі – бұл адам психикасының іштей өз бетін-
ше (спонтанное) өзгерістерге түсуі.
Психиканың қалыптасуыбұл психиканың сыртқы ықпалдарға 
және ең алдымен әлеуметтік әсерлерге тәуелді дамып, белгілі нәтижеге 
келуі.
Жалпы генетикалық жағдаяттардың әсері себебінен болатын тек 
өкілінің барша морфологиялық, физиологиялық және психикалық 
ерекшеліктердің бірлігі – адам құрылымын (конституциясын) түзеді.
Биологиялық және әлеуметтік жағдаяттардың өзара ықпалдастық 
проблемасы психология тарихында психологиялық дамудың бірнеше 
теорияларының пайда болуына негіз қалады.
Биологиялық пісіп жетілу теориясы адамның психикалық 
қызметтері нәсілдікпен анықталатынын, оның қоршаған ортаға 
тәуелсіздігін, ағзаның биологиялық пісіп жетілуі барысында дамитыны 
жөнінде тұжырым жасайды. Әрбір тек өкілінің дамуы бүкіл адамзат 
тегінің дамуын қайталап отырады (биогенетикалық заң).


67
Қоршаған ортаның жетекшілік ролі теориясы бойынша – адамның 
психикалық дамуындағы шешуші жағдаят – бұл қоршаған орта. Бұл 
теорияны қолдаушылар психикалық дамудағы сапалық өзгерістерді 
жастық кезеңдермен байланыстырмай, олардың бәрі білім, ептілік және 
дағдылардың топталуынан деп түсіндіреді.
Қазіргі заман ғылым деректері белгілі биологиялық жағдаяттардың 
адамның қандай да психикалық сапаларының қалыптасуын қиындататын 
не жеңілдететін шарттар ретінде қызмет ететінін айғақтайды.
Генетикамен сыбайлас психология саласы – психогенетика – тек 
өкілінің әрекет-қылық ерекшеліктерінде көрінетін генотип пен орта 
жағдайларының өзара байланысын зерттейді.
35. Тұлға теориясына байланысты тұжырымдамаларға шолу
Тұлға проблемасына орасан көп зерттеулер арналған. Олардың бәрін 
үш үлкен топқа бөліп, қарастыруға болады: 
.Тұлға проблемасының әдіснамалық және жалпы теориялық


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   61   62   63   64   65   66   67   68   ...   97




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет