73
Ұсақ фасондық құймаларды нұсқа бойынша жасайды (4.45-сурет), онда мысалы, құм
қалыбын
1 пайдаланады, оны айналатын үстелге
5 орнатады. Қажет болғанда өзектерді
4
қолданады. Қалыптың
2 жұмыстық қуыстары қалыпты теңгеруді қамтамасыз ету үшін айналу
осіне қатысты симметриялы орналасуы тиіс. Балқытпаны орталық тіреу
3 арқылы құяды, одан
ол радиал арналар бойымен қалыптың қуысына түседі.
Центрден тепкіш құю кезінде әдетте металл қалыптарды пайдаланады, оларды алдын ала
қыздырады, сонан соң қалыптың жұмыстық бетіне жабын салады.
Жабындарды қолдану
қалыптардың төзімділігін арттырады, құймаларды салқындату жылдамдығын төмендетеді, бұл
шойын құймалардағы ағартылмамен күресу үшін өте маңызды, құймаларда дәнекерлер мен
жарықшақтардың түзілу ықтималдығын азайтады. Жабындар ретінде бояуларды немесе
сусымалы материалдардан қаптамаларды пайдаланады.
Металл қалыптан басқа, құмды,
қабықшалы, балқытылатын модельдер бойынша және аралас қалыптарды пайдаланады.
Достарыңызбен бөлісу: